Си бағдарламалау тілінде сызықтық тізімдерді таңдау және іздеу



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Си бағдарламалау тілінде сызықтық тізімдерді таңдау және іздеу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Си бағдарламалау тілі және оның мүмкіндіктері
1.1. С++ бағдарламалау
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.2 Динамикалық
құрылымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .7
1.3. Си тілінің
алфавиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
2 бөлім. Си бағдарламау тілінде сызықтық тізімдерді таңдау
және іздеу
2.1. Си тілінде тізімдермен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.2. Си тілінде сызықтық тізімдерді іздеу және
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Кіріспе

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – С++
тілі. Американың Borland корпорациясының қызметкері Андерсон Хайлсбергтің
жетекшілігімен құрастырылған. С++-тың түп нұсқасы Швейцария ғалымы
Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда
Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал
болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А.Хайлсбергтің үлкен
еңбегінің нәтижесінде С++ қазіргі заман талабына сай, қуатты
программалау жүйесіне айналды. С++ - жоғарғы деңгейлі программалау
жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге
көмегін тигізеді. Сондықтан , оқушылар мен студенттерге
программалаудың негізін С++ тілін оқытып үйретуден бастап,
программалаудың қыр-сырын меңгертудің маңызы зор.
Динамикалық құрылымдардан бағдарламада сызықтық тізімдер жиі
қолданылады. Кез келген деректердің динамикалық құрылымы ең болмағанда екі
өрістен тұратын, құрылымды (struct) құрайды. Олар деректерді сақтауға және
көрсеткішке арналған өрістер. Деректер өрісі және көрсеткіштер бірнеше
болуы мүмкін. Деректер өрісі кез келген типте болуы мүмкін: негізгі,
құрамды және көрсеткіш типті.
1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (Си) программалау
тілін дайындап шыкты. Ол — құрылымдық және алгоритмдерді басшылықка алып
дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере
алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар
үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Тізімнің әрбір элементі кілттен тұрады. Кілт әдетте не бүтін сан, не
қатар болады және деректер өрісінің бөлігі болып табылады. Тізіммен жұмыс
кезінде кілт ретінде деректер өрісінің әр түрлі бөліктері алынуы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты: Си бағдарламалау тілінде тізімдермен жұмыс
жасау ерекшеліктер, сызықтық тізімдерді таңдау және іздеу жұмыстарымен
танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Си тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Си
тіліндегі тізімдердің ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерінен тұрады.

1 бөлім. Си бағдарламалау тілі және оның мүмкіндіктері
1.1. С++ бағдарламалау тілі
Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар
да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде
жинақтауыштарды және т.б. аппаратттық кұралдарды басқаруға мүмкіндік
жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық
кұралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жумыс істейтін
төменгі деңгейлі ассамблер тілі ғана болатын.
Си тілі бірте-бірте дамытылып, қазіргі кезде пайдаланылып келе жаткан,
1983 жылы дүние жүзі елдері басшылықка алған ANSI C нұсқасы да жарыққа
шықты (ANSI - стандарттардың Америкалық ұлттық институты). ANSI C тілінің
түрлі нұсқаларына енгізілген стандартты кітапханалар да бар. Тілдің
кемшілігі де жоқ емес, ол жүйелік және қолданбалы программаларды дайындауға
бейім, бірақ айнымалыларға рұқсат етілмеген қол жеткізу механизмін
қамтамасыз етпейді және құрьшатын класты баска кластың ішкі класы (мұрагер)
ретінде жариялау мүмкін емес. Мұндай объектілі - бағдарлы программалау
(ОБП) тілдеріне енетін ерекшеліктерді ескеріп, Borland International Inc
фирмасы C тілінің дамытылған жаңа Turbo C (Турбо Си) нұскасын 1980
жылдардың басында жарықка шығарды. Кейіннең Turbo C++ 2.0, Turbo C++ 3.0
және олардың кеңейтілген Borland C++ нұсқалары да пайда болды: Borland C++
2.0, Borland C++ 3.0, Borland C++ 3.1, Borland C++ 4.0 және т.б.
Олардың MS DOS, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеу
мүмкіндіктері жеткілікті.
C++ тілі де процедуралық тіл, бірақ онда ОБП тілінің ерекшеліктері кең
түрде қарастырылған. ОБП тілінде қолданылатын негізгі ұйымдар: класс,
объект, оқиға, қасиеттер мен әдістер. Бұл ұғымдар:
➢ объект - құрылымы класс типі арқылы сипатталатын айнымалы;
➢ оқиға - объект жағдайының өзгеруі; қасиеттер - объект
сипаттамалары (параметрлері); әдіс - класс элементтерін іздейтін
команда не процедура, функция.
➢ класс - пайдаланушы анықтайтын тип. Тип қасиеттер мен әдістерді
бірге қосып сипаттайды. Программада осы кластың жеке даналары
дайындалады. ОБП-да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және
полиморфизм принциптері енгізілген. Мұрагерлік — программада
негізгі класс типінің туынды иерархиялық класта сақталуы, т.б.
Тілде жадпен жұмыс істеуге арналған арнайы конструктор, деструктор
функциялары да бар. Конструктор класс типті айнымалы үшін жадтан арнайы
орын бөледі, деструктор бөлінген жадты тазалайды.
Мысал үшін фигуралық объектілерді қарастырайық. Мұндағы класс –
геометриялық фигуралар типі. Класс жазық және кеңістіктегі у фигуралар
болып екі ішкі класқа бөлінеді (C тілінде оларды мұрагер типтер деп
атайды).
1.2 Динамикалық құрылымдар
Динамикалық құрылымдар анықтамасы бойынша жадыда құрылым
элментттерінің физикалық шектестігінің болмауымен, оны өңдеу процесі
кезінде құрылым өлшемінің тұрақсыздығымен сипатталады.
Динамикалық құрылымның элементтері жадының алдын-ала айта алмайтын адрсетер
бойынша орналасатындықтан, мұндай құрылымның элементінің адресі бастапқы
немесе алдыңғы элементтен алынбайды. Динамикалық құрылымның элементтерінің
арасында байланыс орнату үшін көрсеткіштер қолданылады, олар арқылы
элементтер арасында анық байланыстар орнатылады. Деректерді жадыда бұлай
көрсету байланысты деп аталады. Динамикалық құрылымның элементі екі өрістен
тұрады:
Ақпараттық өріс немесе деректер өрісі, мұнда құрылым құрылған деректер
сақталады; жалпы жағдайда ақпараттық өрістің өзі жинақталған құрылым –
вектор, массив, не басқа динамикалық құрылым болып табылады;
Байланысу өрісі, берілген элементті құрылымның басқа элементтерімен
байланыстыратын бір немесе бірнеше көрсеткіштерден тұрады.
Деректерді байланысты көрсетудің артықшылығы – құрылымның едәуір
өзгеруін қамтамасыз ету мүмкіндігі;
Құрылымның өлшемі машиналық жадының қол жетерлік көлемімен ғана
шектеледі;
Құрылым элементтерінің логикалық тізбегін өзгерту кезінде жадыда
деректерді орналастыру емес, көрсеткіштерді түзету ғана талап етіледі;
Құрылымның иілгіштігі.Сонымен бірге, байланысты көрсетудің
кемшіліктері де жоқ емес:
Байланыс өрістеріне қосымша жады шығындалады;
Байланысқан құрылым элементтеріне қатынас уақыт бойынша тиімсіздеу
болуы мүмкін.
Соңғы кемшілігі едәуір қиындықтар туғызатындықтан, деректерді
байланысты көрсетуге соған бола шектеу қойылады. Егер деректерді аралас
көрсетуде кез келген элементтің адресін есептеу үшін бізге барлық жағдайда
элементтің нөмірі және құрылымның дескрипторындағы ақпарат жеткілікті
болса, онда байланысты көрсету үшін элементтердің адресі бастапқы
деректерден есептелінбейді. Байланысты құрылымның дескрипторы құрылымға
кіруге мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше көрсеткіштен тұрады, әрі қарай
қажетті элементті іздеу элементтен элементке тізбек бойынша орындалады.
Сондықтан байланысты көрсету деректердің логикалық құрылымы элемент нөмірі
бойынша қатынас жасайтын вектор немесе массив түріндегі есептерде ешқашан
қолданылмайды, бірақ логикалық құрылымы басқа бастапқы ақпараттарды
(кестені, тізімді, ағашты және басқа) қажет ететін есептерде жиі
қолданылады.
1.3. Си тілінің алфавиті
Латын алфавитінің әріптері.
1.А,В...Z,a,b,c...z;
2.0...9;
3.”, , {}, (), [], +,-,,%,\,,’,.,:,=,=,,,=,-,!,&, *,#,∼∧,
4. Өрнектеуге болмайтын символдар: бос орын: табуляция, жаңа жолға
көшу.
5. Коментария жазу үшін орыс альфавиті қолданылады.
Идентификаторлар. Тілдің ең негізгі түсіністерінің бірі-
идентификатор. Ол объектінің атауы ретінде қолданылады. (функцияның,
айнымалының, константалардың)
Идентифатор төмендегі ережеге сай таңдалуы қажет:
1. Олар латын әріптерінің х немесе астын сызу басталуы қажет .
2. Оның ішінде латын әрпі және астын сызу белгілері қолданылуы мүмкін.
Бөтен таңбаларды қолдануға болмайды.
3. Си тілінде кіші және үлкен латын әріптері өзгеше деп саналады.
4. Идентификатордың ұзындығы әр программаның жүйесінде әр түрлі ANSI
стандарты бойынша 32 таңбадан аспауы керек . Си ++ те шектеуі жоқ.
5. Объектілердің идентификаторы тілдің, түйінді сөздерінің стандартты
функциядан және библиотека аттарынан өзгеше болуы қажет.
Си программалау тілінде түсініктемеге көп көңіл қойылады. Ол
программаны теруді жеңілдетеді. Каментарий мына * және таңбалармен
шектеледі. *Бұл түсініктеме * Си++те мынадай тәсілі бар мына таңбадан
кейін тұрған символдың бәрін сол қатер аяғына дейін түсініктеме деп
түсінеді.
Программалау ортасы – IDE–біріктірілген программалау ортасы – құралдар
жиынтығынан тұрады. Ол құралдар: программаны жазуға, өңдеуге,
компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған.

Сонымен қатар, ортада мынадай қосымша мүмкіндіктері арастырылған:
Монитор экранында бірнеше терезені бейнелеп және оның өлшемін
қажетінше өзгертіп, орнынан жылжытып қарауға болады;
1. − Мышь манипуляторын қолдану;
2. −Диалогтар блогы бар;
3. −Текст фрагментін өшіру және орналастыру мүмкіндігі бар;
4. −Басқа программаларды шақырып қолдану мүмкіндігі;
5. −Редакторда макро тіл қолданылады.
IDE ортасының негізгі 3 компоненті бар: СС ++тілдерінің кең тарағаны
turbo C++ (Borland фирмасынан шыққан) ортасына қатысты сипаттау беріледі:
- Экранның жоғарғы бөліміндегі менюлер жолы;
- Экранның ортасындағы жұмысшы алаңы;
- Экранның төменгі бөлігінде қалыпты-күй жолы.
Менюлер жолы:
Менюден кейбір элементті таңдағанда диалогты блоктар экранға
шығарылады. Менюлер жолы менюдегі барлық командаларды қолдану жолын алады.
Ондағы қажетті менюді мышпен шерту немесе F10 тетігін басып қажетіне жылжып
бару арқылы екпінді етуге болады. Екпінді менюден басқару тетіктері мен
Enter пернесін басу арқылы команда таңдалады.
Команда таңдалғанда ішкі меню (команда қасында үшбұрышты символ болса)
немесе диалогты блок (команда қасында көп нүкте тұрса) ашылуы мүмкін, ал
команда қасында ештеңе болмаса ол тікелей орындала бастайды.
Диалогты блокта параметрлерді анықтау мынадай негізгі басқару
құралдарының: таңдау көрсеткіштері, күйін ауыстырғыштар, әрекеттер түймесі,
енгізу блогы, тізімдер блогы арқылы жүзеге асырылады.
Жүйеде меню екі түрде қатысуы мүмкін: толық немесе азайтылған. Мұның
қажетін орындау үшін:
Options\Full Menus командасы қолданылады, сәйкесінше OFF немесе ON
күйлері орнатылады.
Жүйеде кез-келген әрекет нақты бір терезеде орындалады. Бір уақытта
бір терезе екпінді бола алады, бірақ бірнеше терезе ашық болуы мүмкін.
Терезенің бірнеше түрі бар, оның әрқайсысының мынадай элементтері болады:
- тақырыптар жолы;
- терезені жабу маркері;
- айналдырғыш сызғыш;
- терезе өлшемін өзгерту бұрышы;
- экранға терезені толығымен ашу маркері;
- терезе мөлшері (1-ден 9-ға дейін).
Қалыпты күй жолы:Экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Төмендегідей
функцияларды атқарады:
−Екпінді терезедегі орындалып отырған әрекетке байланысты қолдануға
болатын негізгі пернелер туралы мәлімет беріп отырады;
−Нақты көрсетіліп тұрған әрекетті орындау үшін менюден команданы
таңдаудың орнына перне белгісіне тышқан сілтеуішін қойып, сосын шерту
арқылы жеңілдету мүмкіндігі бар.
−Программада қандай әрекет орындалып отырғандын хабарлайды.
−Менюден таңдалған команда немесе диалогты блок элементтері туралы
қосымша бір жолдық кеңестер мен ұсыныстар береді.
Терезенің жүйелік менюі:
ALT – пробел пернелер комбинациясын басу арқылы терезенің сол жақ
жоғарғы бұрышында орналасқан жүйелік меню ашылады. Мұнда төмендегідей
командалар орналасқан:
About - бұл команда таңдалғанда диалогты блок ашылады, мұнда TURBO
C++ версиясы туралы және авторлық құқығы жайында информация беріледі. Бұл
терезе ESC немесе ENTER пернелерін басу арқылы жабылады.
Clear Desktop - командасы арқылы ашық терезелердің бәрі жабылып,
тізімдегі барлық анықтама өшіріледі. Жаңа проект құру барысында қолданған
тиімді.
Repaint Desktop - экрандағы бейнені регенерациялауды жүзеге асырады.
Transfer ішкі менюінің элементтері:
OptionsTransfer командасының көмегімен шақырылып ашылған диалогты
терезеден анықталып, орнатылған барлық прграммалардың аттары көрсетіледі.
Қажет программаның атын жүйелік менюден таңдап жүктеу керек.

File(ALT F) менюі терезелерге программаларды ашуға, енгізуге және
өңдеп сақтауға, сонымен қатар файлдарға әрекет қолдануға және DOS
операциялық жүйесі ортасына уақытша көшіп жұмыс жасауға, TURBO C++
ортасының жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді.
FILE\OPEN командасын таңдағанда диалогта блок ашылады да, мұнда
ашылатын файл көрсетіледі.
Ашу үшін мынадай әрекеттің бірі орындалады:
1) Файлдың толық атын көрсетіп, REPLACE немесе OPEN түймесінің бірін
басу керек.
Open түймесі басылса, онда файл Edit редакторының жаңа терезесінде
ашылады, ал Replace түймесін басу үшін екпінді терезе болуы тиіс және
нәтижесінде таңдалған файл сол терезедегі программа орынына ашылады.
2) Файл аттарын метасимволдармен беру. Бұл жағдайда файлдар тізімін
спецификациясына байланысты елеп алуға болады.
Бұған дейін енгізілген файлдар спецификациясы тізімінен таңдау үшін ?
таңбасын қолдану керек.
3) Басқа файлдар мазмұнын қарауға болады, ол үшін файлдар тізімінен
басқа каталог атын таңдау қажет.
Енгізу блогында файл атын нақты немесе шаблондар арқылы енгізуге
болады, нәтижесінде файл бар болса ашады, әйтпесе сол атпен жаңа файл
құрады. Курсор енгізу блогында тұрған сәтте ? пернесі басылса, онда бұған
дейін қолданылған сегіз файлдың тізімі беріледі.
File\ New командасы NONAMExx. С (хх дегеніміз 00 -ден 99-ға дейінгі
сан). NONAME атауымен аталған файл редакциялауға арналған уақытша буфер
болып табылады, файлды сақтарда файлға нақты атау беріледі.
File\ Save командасы редактордың екпінді терезесіндегі файлды дискіге
жазады. Егер нақты атауы болмаса (NONAMEOO.Cжәне т.с.с.) TurboC++ Save
Editor File диалогты блогын ашады да, сол блокта атауы мен сақталатын орыны
көрсетілуі тиіс.
File\Save As... екпінді терезедегі файлды басқа атпен сақтауға
мүмкіндік береді.
File\Change Dir жұмысшы каталогты өзгерту, яғни атауы мен жолын
көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмысшы каталог дегеніміз - Turbo C++ файлды
сақтағанда немесе іздегенде қарайтын каталогы.
File\Print Turbo C++ - дегі екпінді терезенің мазмұнын баспаға
шығарады. Текстің тек белгіленген бөлігін Ctrl-K P пернелер комбинациясын
басу арқылы баспаға шығаруға болады.
File\Get Info командасы ағымдағы каталог туралы информация блогынан
тұрады.
Last step time - Өңдеу барысындағы соңғы қадамның орындалған уақыты
File\ DOS Shell Turbo C++ ортасынан уақытша шығып DOS командаларын
орындауға мүміндік береді. Turbo C++ ортасына оралу үшін клавиатурадан EXIT
командасын енгізіп Enter басу керек.
Берілген команданы орындау барысында жады мөлшері жетпей қалса, онда
Run\Program Reset (Ctrl-F2) командасының көмегімен өңдеуді тоқтату қажет.
File\Quit командасы Turbo C++ жүйесінен шығып, оны жадыдан өшіріп,
басқару билігін DOS ОЖ-не береді. Егер терезелерде сақталмаған өзгертулер
жасалған болса, оларды сақтау туралы сұранымдар жасалады.
Edit(Alt-E) менюі:
Редактор терезелеріндегі текстке өзгертулер, енгізулер, өшірулер
жүргізеді. Сонымен қатар текстік буфер мазмұнын қарауға да болады. Тексті
белгілеу дегеніміз - оны өзге түске бояу. Ол үшін:
1) Shift пернесін стрелкалармен бірге басу;
2) Ctrl-K B пернелерін қатар басу арқылы белгіленетін текст блогының
басын көрсету, сосын курсорды белгіленетін блок соңына қойып Ctrl-K K басу
керек.
3)Жолды белгілеу үшін Ctrl-K L басу қажет.
Фрагмент белгіленген соң ғана Edit менюіндегі командалар қолданылады
және Clipboard буферін пайдаланады.
Restore Line командасы соңғы орындалған команданы кері қайтарады.
Cut (Shift-Del) командасы белгіленген фрагментті құжат текстінен
өшіреді де оны буферге орналастырады.
Copy (Ctrl-Ins) командасы белгіленген фрагменттің көшірмесін буферге
орналастырады. Оны Paste командасының көмегімен басқа текстке қоюға
болады. Сол секілді Help терезесінен фрагмент алуға болады.
Paste (Shift-Ins) командасы буфердегі тексті жұмысшы терезенің
курсоры тұрған жеріне орналастырады.
Show Clipboard командасы басқа терезелерден көшірілген және
өшірілген текст фрагменттері орналасқан Clipboard терезесін ашады.
Clear (Ctrl-Del) командасы тексттегі белгіленген фрагментті өшіреді.
Search (Alt-S) менюі:
Search менюі тексті іздеу, функцияны сипаттау және файлдағы қате
жіберілген орында іздеу әрекеттерін орындайды.
Search\Find (Ctrl Q F) командасы Find диалогты блогын ашады, мұнда
іздеу үлгілерін және параметрлерін беруге болады.
Replace (Ctrl Q A):
Search Replace командасы текстегі ізделінді фрагментті және оның
орынына қойылуға тиіс фрагментті көрсетуге мүмкіндік беретін диалогты
терезені ашады.
Search\Again (Ctrl L) командасы Find немесе Replace командаларының
соңғы әрекетін қайталайды. Мұнда соңғы орнатылған параметрлері қолданылады.

Run (Alt-R) менюі:
Бұл меню командалары программаны орындайды және өңдеу сеансын
инициялизациялайды, аяқтайды.
Run(Ctrl-F9)
Run командасы Run Arguments командасы көмегімен берілген аргументтерді
пайдаланып программаны орындайды.
Тrace Into(F7) командасы программаны операторлап орындайды. Және
функция шақырылса, оны толығымен бірден орындаудың орынына оның да
операторларын біртіндеп орындайды.
Run\Program Reset(Ctrl-F2) командасы программаның ағымды өңдеу
сеансын тоқтатады, программа жадысын тазалайды және программада қолданылған
барлық файлдарды жабады.
Run\Step Over командасы ағымды функциядағы келесі операторды
орындайды, Step Over командасын функцияны операторлап орындату барысында
басқа қолданылатын функцияларға кірмей орындату керек болған жағдайда
пайдаланыңыз.
Run\Arguments командасы орындалатын программада командалық жол
аргументтерін DOS ОЖ-де қандай түрде берілсе, сондай түрде анықтауға
мүмкіндік береді. Мұнда DOS енгізу-алу командалары қарастырылмайды.
Compile (C) менюі командалары екпінді терезедегі программаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Динамикалық тізімдермен жұмыс
Python программалау тілін 6-сыныпта оқыту
Python бағдарламалау тілін оңай үйрен
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРОЛОГ - БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИНТАКСИСІ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАСЫ
Интернет желісінің қызметтері мен хаттамалары
Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар
Мәліметтердің динамикалық құрылымы
STRUCT операторын қолдана отырып тестілеуші программа құру
Информатика ( лекциялар )
Пәндер