СИ тіліндегі символдық функциялар мен процедуралар



Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

СИ тіліндегі символдық функциялар мен процедуралар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Си бағдарламалау тілі
1.1. Си тілінің пайда болу тарихы мен
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.2. СС++ тіліндегі программаның жалпы
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. СС++ тіліндегі
типтер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .11
2 бөлім. Си тіліндегі символдық функциялар мен процедулар
2.1. Си тіліндегі символдық функция
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...13
2.2. Си тіліндегі символдық функция және
процедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22

Кіріспе

Программалау тілін меңгеру дегеніміз оның мүмкіндіктерімен ғана танысу
емес. Шын мәнінде, түрлі тілдердің мумкіндіктерінің ұқсастығы алдамшы елес
сияқты болып келеді. Олар тек сырт қарағанда ғана ұқсас болғанымен, оларды
жеке-жеке зерттеу барысында олардың бағалануы түрліше болып шығуы мүмкін.
Мысалы, қарапайым қосу амалының өзі барлық тілдерде ең негізгі амал ретінде
қарастырылады, бірақ С++ тілдеріндегі оның бағалануы түрліше болып келеді.
70-жылдарда Ada, C, Pascal, Prolog, Smalltalk тілдері, 80-ші жылдары –C++,
ML, Postscrіpt, 90-шы жылдары Java программалау тілі, сондай-ақ
программалау жүйелері – Delphі, Vіsual Basіc, C++ Buіlder т.с.с. дүниеге
келді.
С++ тегі программа – бұл алдын ала анықталған мағынаға иеленген С++
тілінің синтаксистік құрылымының терминдеріндегі деректер өңдеудің кейбір
процестерін сипаттайтын жасанды тілдегі мәтін. С++ тілінің құрылу схемасы
жоғарғы деңгейдегі жасанды тілдер үшін ұқсас: Алфавит → Лексемалар →
Скалярлы типтер және өрнектер → Операторлар → Адрестер, көрсеткіштер,
массивтер, жад → Функциялар, кластар, объекттер.
С++ өзекті сөздері – бұл тілдегі ішкі қолданулар үшін сақталған
идентификаторлар. Барлығы 50 шақты сөз сақталған: char do long for class
const return void while және т.б. Программистке өзекті сөздерді көмекші
сөздер ретінде қолдануға тиым салынады. Бұдан басқа программистке бір
немесе екілік сызылған символдан басталатын идентификаторды таңдау
ұсынылмайды, себебі бұл символдар С++ нақтылануы және стандартты
кітапханалар үшін сақталған.
Си тілінде жазылған программаның архитиктуралары әр түрлі
компьютерлердің бірінен бірін ауыстыруға бір операциялық системаның екінші
операторлық системаға ауыстыруға жеңіл. Сонымен қатар Си тіліндегі
программалардың орындалу жылдамдығы ассемблер тіліндегі программалардан кем
емес. Си тілінің компиляторы қазіргі кездегі барлық операциялық жүйеде
жұмыс істей береді.
Курстық жұмыстың мақсаты: СИ бағдарламалау тілі және си тіліндегі
символдық функциялар мен процедуралар туралы түсінік алу. Алгоритмдеу және
программалау пәнінен алынған білімдерді қорытындылау.
Курстық жұмыстың міндеттері: СИ тілінің пайда болу тарихы және
мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, сонымен қатар символдық процедуралар мен
функциялар туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Си бағдарламалау тілі
1.1. Си тілінің пайда болу тарихы мен мүмкіндіктері

Ең алдымен 1960 жылы Аlgol тілі пайда болған. Содан кейін CPL-
(біріктірілген програмамлау тілі) 1963 жылы жазылған. Осы тілдер негізінде
іргелендіру арқылы Мартин Ричардс ВCPL(базалық біріккен программалау тілі)
тілін 1967 жылы дүниеге әкелген. Артынша 1970 жылы Кен Томпсон В тілін
ойластырған. Алғашқы Си тілі 1972 жылы Bell laboratiories лабораториясында
жазылған және оның авторы - Деннис М.Ритчи. 1983 жылы АNSI(Америка ұлттық
стандарттау институты) институты Си тілін стандарттау мақсатын қойды.
Себебі, Кен Томпсон В тілін жазып бітіргенде PDP – 11 компьютері пайда
болған. Сондықтан UNIX операциялық жүйесін және В тілінің компиляторын жаңа
машинаға сәйкестендіріп жөндеген. Бұл PDP-11 компьютерінің оперативті
жадысының көлемі -24 Кб, мұның 16 Кб орыны операциялық жүйеге қолданылған.
Сонымен қатар, дискідегі орыны – 512 Кб болған. UNІX–ті В тілінде қайта
жазу идеясы туындаған. Бірақ, В тілі жәй жұмыс жасаған және В сөздермен
жұмыс жасауға бағытталған. Жалпы BCPL және В тілдері – типсіз тілдерге
жатады. Сондықтан В тілінің өзін жетілдіру қажеттілігі туындаған. Ізінше
1971 жылы жаңа версиясын - Си тілін жаза бастаған. Деннис Ритчи тілдің
нақты бір құрылғыдан тәуелсіздігін қарастырады.
Программалау тілдерінің көбісін (C, Рascal, Lisp u APL) жеке авторлар
құрастырғандықтан біртұтастығымен ерекшеленеді, және көпшілік авторлар
жазған (Ada, PL1 u Algol60) тілдеріне қарағанда бір автордың жақсы білетін
сұрақтарын шешеуге мамандандырылған сипатта құрылады.
Деннис Ритчи жүйелік програмалау саласында мойындалған ең ірі маман
саналады.
С\С++ программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне шолу

Деннис Ритчи жазған Си тілінің таралу себебі: салыстырмалы түрде
төмен деңгейлі тіл, сондықтан алгоритм жұмысының әрбір бөлімін бақылау
мүмкіндігі бар және жоғары деңгейлі тілдер принцптері енгізілгендіктен,
нақты бір компьютердің архитиктурасы ерекшелітерінен тәуелсіздігін
қамтамасыз ету мүмкін болды.
Жоғарғы деңгейлі тілдерден Си тілінің ерекшелігі:
- операторлар түрі өзгеше;
- көрсеткіштер жиі қолданылады;
- басқа тілдерге қарағанда синтаксикалық ережелері аз, нәтижесінде
компилятор тиімді жұмыс жасау үшін 256 Кб оперативті жады жеткілікті;
- қызметші сөздерге қарағанда операторлар мен олардың комбинациялары
көп;
- алғашқыда Си тілінде 27 қызметші сөз ғана болған. Кейін ANSI Си
тіліне және Microsoft C тіліне қызметші сөз қосылды, жалпы саны шамамен 50;
- Көп программалау тілдерінде бар функциялар Си тілінде жоқ;
- Си тілінде қосалқы енгізу шығару функциялары, математикалық
функциялары және жолдармен жұмыс жасау функциялары жоқ, бірақ сол
функциялардан және басқа функциялардан тұратын жеке кітапханалардан алу
мүмкіндігі қарастырылған;
- мәліметтер типін бақылау жеңіл, яғни программаның бір жерінде
айнымалыны символ түрінде , екінші бір жерінде осы символдың ASCII коды
ретінде қарастыруға болады;
- Си тілінде қазіргі тілдері секілді барлық басқарушы конструкциялары
бар(For, if else,...);
- Cи тілінде модулдік программалауға болады, яғни программаның әртүрлі
бөлігін жеке копиляциялауға болады;
- Ассемблер тілінде жазылған ішкі программаларды шақыруға болады;
- көрсеткіштер яғни жады аймақтарынан берілген адрес бойынша қарау
программаны орындау жылдамдығын арттырады. Көрсеткіштер көп тілде
қолданылады, ал көрсеткіштерге арифметикалық амалдар тек Си тілінде
қолданылады.
- Си тілінде барлық массивтер бір өлшемді, бірақ Си тілінде бір
өлшемді массивтерден тұратын конструкциялар бар, яғни көп өлшемді массивтер
құрылады;
- тек қажетті кітапханалар шақырылатын болғандықтан жады тиімді
қолданылады;
- басқа тілдердегідей қосалқы функциялар;
- көптеге мамандандырылған функциялар кітапханаларының жинытығы бар.
Кемшілігі:
- Си тілінде мәліметтер типі қатаң қадағаланбайды, сондықтан Си
тілінде тәжірибелі программист байқағанмен жаңа үйренуші байқамайтын
айнымалы мәндеріне өзгерістер болуы мүмкін.
Мысалы, бір өрнекте (=) меншіктеу операторы бірнеше рет қолданылуы
мүмкін. Сондықтан нәтижесінің типі түсініксіз және қиын анықталады. Бірақ
оны қолдану арқылы тілдің қуаты арттырылған.
С++ тілі Си тілінің толықтырылған, яғни объектілі бағытталған
программалау(ОБП) құралдарымен толықтырылған жиыны деуге болады.
Си және С++ тілдерінің айырмашылығы:
-құрылымдар мен класстар аттары мәләметтер типтерінің аттары болып
табылады. С- де класс түсінігі жоқ.

1.2. СС++ тіліндегі программаның жалпы құрылысы
Си тіліндегі кез-келген программа main функциясынан тұрады. Мұның
орындалу барысында басқа функциялар шақырылады. Функциялар арасындағы
байланыс параметрлер арқылы беріліп функция мәнін қайтарып алу арқылы
жүзеге асады.
Сонымен қатар, Си тілінің компиляторында мәселені бірнеше бөлікке
-файлдарға бөліп, әрқайсысын жеке-жеке трансляциялап, сосын оларды жеке бір
орындалатын файлға, жинау мүмкіндігі бар. Жинақтау байланыс редакторының
көмегімен жүзеге асырылады.
Кез-келген программа комментарийден басталады. Комментарийді Си
тілінде * , * белгілеріне алынып жазылған блок түрінде беруге болады.
Содан кейін препроцессор дерективасы орналасады. Препроцессор
директивасы берілгенде кітапханалық файлда –тақырыптық файлда орналасқан
кодты программаға қою нұсқауын береді. Мұндағы .h кеңеймелі файлдар
тақырыптық файлдар деп аталады. Тақырыптық файлдарда әртүрлі тұрақты мен
таулар сипатталады. Функциялар прототиптері сақталады.
Препроцессор дерективасынан кейін main функциясы сипатталған бөлігі
орналасады. Main функциясы барлық программада міндетті түрде болуы тиіс,
одан программа орындалуы басталып, Return инструкциясы шақырылғанда
аяқталады. Main функциясының денесі фигуралық жақшада орналасады.
Си тілінде барлық айнымалы оған программаның қандайда бір бөлігінен
сілтеме жасалғанға дейін сипатталуы тиіс. Си тілінде жазылған программа
текстінде кездесетін инструкциялар (нұсқаулар) препроцессор директивасы
(ПД) деп аталады. Олар программа трансляцияланғанға дейін орындалады және
программаның текстін өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы текстегі кейбір
лексемдерді өзгерту, басқа файлдан мәтінді қосу, мәтіннің қандай да бір
бөлігін орындауға, трансляциялауға шектеу қою т.б. Барлық препроцессор
директивасы # таңбасымен басталады және соңынан нүктелі үтір (;)
қойылмайды.
Түрлері:
1) #include директивасы.
Бұл программаға көрсетілген файлдағы мәліметтерді қосады. Бұл
директиваның екі формасы бар:
#include “файл аты“
# include файл аты
Мұндағы, Файл аты операциялық жүйелер талабына сай көрсетіледі, яғни
тек файл атынан немесе оның маршрутымен алынған атауынан тұруы мүмкін. Егер
файл аты тырнақшада берілсе, онда файл сәйкес көрсетілген маршрутпен
анықталатын орыннан, ал ол көрсетілмесе жұмысшы каталогтан ізделеді. Егер
файл аты бұрыштама жақшада () берілсе, онда файл операциялық жүйенің PATH
командасы арқылы берілген, стандартты директориясынан ізделеді.
#include директивасы іштестірілген болуы мүмкін, яғни қосылатын файлда
тағы кездесуі мүмкін. Көбінесе бұл программаға тақырыптық файлдарды қосу
үшін қолданады, яғни стандартты кітапханалық функциялар прототиптерінен
тұратын файлдарды қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан С тіліндегі программа
осы директивадан басталады.
2) #define директивасы.
#define – директивасы жиі қолданылатын тұрақтыларды, қызметші
сөздерді, операторларды және өрнектерді кейбір идентификаторлармен
ауыстыруға мүмкіндік береді. Сандық немесе текстік тұрақтыларды ауыстыратын
идентификаторларды атаулы тұрақтылар (именованные константы) деп атайды.
Программа фрагменттерін алмастыратын идентификаторларды
(макроопределения) макроанықтамалар деп атайды.
#define екі формасы бар:
#define идентификатортекст
#define идентификатор (программалар тізімі тексті)
Мысалы, #define WIDTH 80
#define LENGTH (WIDTH+10)
бұл директивалар программа текстіндегі әрбір WIDTH сөзін 80 санына, ал
LENGTH сөзін (80+10) өрісіне ауыстырады.
Макроанықтамалардағы жақшалар олардағы алмастырудың орындалу ретін
анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, жақша болмаса мына өрнек: t=length+7
мынадай t=80+10*7 өрнекке ауыстырылады, ал қажетісі t=(80+10)*7 болатын,
сондықтан жақша қойған дұрыс.
2-ші формасында формалды параметрлер тізімі көрсетіледі, мұнда тізім
үтір арқылы ажыратылып көрсетіледі, және макроанықтама текстіндегі алатын
позициясын анықтайды.
Шақырғанда идентификатордан кейін формалды параметрлер санына сәйкес
нақты аргументтер көрсетілуі тиіс.
Мысалы,
#define MAX(x,y) ((x)(y))?(x):(y)
Бұл директива t=MAX(i,s[i]); фрагментін t=((i)(s[i])?(i):(s[i]);
фрагментіне ауыстырады.
3) #undef – директивасы
Бұл директива #define директивасы қызметін қайтаруға қолданылады.
Яғни, көрсетілген идентификаторларға қолданылатын #define анықтамасы
қызметін болдыдырмайды.
Мысалы,
#undef WIDTH
#undef MAX
Бұл директивалар WIDTH атаулы тұрақтысымен MAX макроанықтамасын
болдырмайды.
Тақырыптық файлдар атаулары төмендегідей:
assert.h, float.h, math.h, ctype.h,
limits.h, setjmp.h, errno.h, locale.h,
signal.h, stdarg.h, stddef.h, stdio.h,
stdlib.h, string.h, time.h.
1.3. СС++ тіліндегі типтер
С немесе С++ тілдерінде мәндер төмендегідей базалық типтер бірімен
бейнеленеді. Олар:
1. char - бірлік байт, қолданылатын литерлер жиынтығындағы бір литерді
меншітей алады.
2. int – бүтін.
3. float - 3.4E- 38 және 3.4E+38 аралығындағы нақты сандар.
4. double – 1.7E-308 –1.7E+308 аралығындағы жылжымалы нүктелі сандар.
5. Void типті, ешқандай мән қайтармайтын функцияларды қолданылады.
6. bool типті айнымалы С++-те true немесе false мәнін қабылдайды.
7. Санылымды тип.
8. Көрсеткіштер.
Саналымды типті айнымалы санап көрсетілген тұрақтыға оның атауы арқылы
сілтейді.
СС++ тілі машинадан тәуелді тіл болғандықтан аталған типтерге жадыдан
бөлінетін орындар көлемі нақты атап көрсетілмейді. Дегенмен, шамамен
сипаттау мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, базалық типтерге қолданылатын бірнеше квалификаторлар
бар.
Квалификаторлар
short (қысқа) және long (ұзын) квалификаторлары бүтін типтерге
қолданылады:
Short int sh;
Long int counter;
Бұндай сипаттауларда int сөзін жазбауға болады. Көбінесе short
квалификаторы арқылы сипатталған бүтінге 16 бит бөлінеді, long
квалификаторымен сипатталса – 32 бит, ал int типіне - не 16, не 32 бит
бөлінеді.
Signed (таңбалы) және unsigned (таңбасыз) квалификаторларын char
типіне және кез келген бүтін типке қолдануға болады.
Unsigned мәні әрқашан оң немесе нөлге тең және 2n модулі бойынша
арифметика заңына бағынады. Мұндағы, n- типті бейнелегендегі биттер санына
тең.
Мысалы, char мәніне 8 бит бөлінсе, онда unsigned char 0-ден 255-ке
дейінгі диапазондағы мәнге, ал signed char -128-ден 127-ге дейінгі мәнге
ие.
Барлық өлшемдегі атаулы тұрақтылар limits.h және float.h
стандартты тақырыптық файлдарында орналасады.
Сонымен қатар, С тілінде екі квалификатор бар: Const және Volatile.
Const – мәні өзгермейтін айнымалыларды, ал Volatile кез келген уақытта
мәні өзгеретін айнымалыларды белгілеу үшін қолданылады.
Const -программа орындалу барысында өзгермейтін айнымалылар –
тұрақтылар деп аталады.
Сипатталуы:
Мысалы, Const float pi=3014159;
Const int imin=1, isale=5;
Тұрақтыны сипаттаудың екі тәсілін білеміз, Const және define; көпшілік
жағдайда екеуі бірдей нәтиже береді, бірақ мынадай ерекшеліктері бар:
define – макротұрақты, ал Const арқылы айнымалы құрылады.
Volatile бұл айнымалының мәні сыртқы әрекеттер әсерінен өзгеруі мүмкін
екенін білдіреді.
Мысалы, Volatile int EV_time;
Бұл жағдайда EV_time айнымалысы таймер, яғни жүйелік құрылғы арқылы
өзгереді.
Бұл бұл квалификаторлар бір уақытта қолданылуы мүмкін, мысалы, Const
Volatile Const EV_time;
Мұнда Const EV_time айнымалысының мәні программасының денесінде
өзгертілменгенмен, оның мәні сырттай жанартылуы мүмкін.

2 бөлім. Си тіліндегі символдық функциялар мен процедулар
2.1. Си тіліндегі символдық функция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі бағдарламалар
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
С\С++ программалау тілдерінің тарихына қысқаша шолу
Бүтін сан түріндегі тип
СИ тіліндегі файлдар және мәтіндік файлдар
Алгоритмдерді құрылымын негізге ала отырып құрастыру
Бағдарламалау(программалау) технологиясы
Си және Паскаль тілдері
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Си бағдарламалау тілі
Пәндер