Дифференциалды психология


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТАНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Г. У. ТУРАРОВА

жалпы психология кафедрасының

аға оқытушысы

Дифференциалды психология

Юнита

Өскемен, 2007

Электронды юнита дифференциалды психология

Курстың мақсаты:

Дифференциалды психология курсында алынған білімдерді және зерттеу дағдылары негізінде студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарасының ғылыми методологиялық принциптерін және индивидуалды психика жағдайын жүйелі талдауға ептілік пен дағдыларды қалыптастыру.

Курстың міндеттері :

  • Студенттерді дифференциалды психологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру және ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз ету;
  • ғылымдар жүйесіндегі индивидуалды айырмашылықтар психологиясының алатын орнын анықтау;
  • «дифференциалды психология» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы және ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше пайдалана алу.
  • болашақ психолог педагогтардың кәсіби шеберлік қабілеттерін дамыту;
  • студенттерді өзіндік іс-әрекеттің тәсілдеріне үйрету.

«Дифференциалды психология» курсының алдында жалпы психология, тұлға психологиясы, психофизиология сияқты ғылыми пәндер оқытылады.

Дифференциалды психология жалпы психология, физиология, медицина, клиникалық психология пәндерімен тығыз байланысты.

Студент дифференциалды психология курсынан алған білімдерді практикада, білім беру салаларында, балаларды оқыту және тәрбиелеуде, ата-аналармен және оқушылармен жұмыс істеуде пайдалана алады.

Оқу материалы «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған.

Юнита 1

Электронды оқулықта дифференциалды психологияның қалыптасуы, даму тарихы және индивидуалды айырмашылық жайлы білімдер беріледі. Оқулық «педагогика және психология» мамандығының студенттеріне, педагогтерге, магистранттарға, психология ғылымының даму тарихымен қызығушыларға арналады.

Дидактикалық жоспар

Әдебиеттер тізімі

1. Дифференциалды психология ғылым ретінде

1. 1 Индивидуалды айырмашылық психологиясы

1. 2 Дифференциалды психология түсінігі

1. 3 Дифференциалды психология психологияның даму кезеңдері

2. Психологиядағы индивидуалдылықты интегралды зерттеу мәселесі

2. 1 Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде

2. 2 Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі

3. Индивидуалды айырмашылық фактолары

  1. Орта мен тұқымқуалаушылықтың байланысы
  2. Тұқымқуалаушылық пен ортаның қазіргі кездегі түсінігі

4. Индивид, тұлға, даралық

4. 1 Индивид, тұлға, даралық түсініктері

4. 2 Дифференциалды психофизиология индивидуалды айырмашылықтар психологиясының ғылыми базасы ретінде

  1. Индивидуалдылықтың арнайы теориясы

Глоссарий

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар

Білімді тексеруге арналған сұрақтар

Тест

Әдебиеттер тізімі

Н егізгі әдебиеттер

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индувидуальные и групповые различия в пщведении. М. :Апрель Пресс, Изд-во “ЭКСМО Пресс”, 2001. - 752 с. (Серия “Кафедра психологии”)
  2. Анастази А. Дифференциальная психология- М. : Апрель-Пресс, 2001-745с.
  3. Ананьев Б. Г. Избранные психологические произведение. В2 - х т. М. :Педагогика, 1980.
  4. Ахвердова О. А., Волоскова Н. Н., Белых Т. В. Дифференциальная психология- СП., 2004-168с.
  5. Нартова-Бочавер С. К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.
  6. Лазурский А. Ф. Классификация личности // Психология индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982
  7. Мерлин В. С. Отличительные признаки темперамента // Психология индивидуальных различий. Тексты. -М., 1982.
  8. Теплов Б. М. Типологические свойства нервной системы и их значение для психологии //Психология индивидуальных различий Тексты. М., 1982.
  9. Штерн В. Дифференциальная психология и ее методические основы. - М. : Наука, 1998. -335с.
  10. Юнг К. Г. Психологические типы. -СПб. : Ювента; М., Прогресс, 1995. -711с.
  11. Леонгард К. Акцентуированные личности. Киев: Высшая школа 1981.
  12. Личко А. Е. Психопатии и акцентуации характера у подросков. Л. : Медицина, 1983.
  13. Мерлин В. С. Очерк интергального исследования индивидуальности. М. :Педагогика, 1986.
  14. Небылицын В. Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. М. :Наука, 1976.
  15. Психология индивидуальных различий. Тексты //Под ред. Ю. Б. Гиппенрейтер, В. Я. Романова. М. : МГУ, 1982.
  16. Психология личности. Тексты //Под реч. Б. Ю. Гиппенрейтер А. А. Пузырея. М. : МГУ, 1982.
  17. Русалов В. М. Биологические основы индивидуально-психологических различий. М. : Наука, 1979.
  18. Теплов Б. М. Избранные психологические произведения. В2-х т. М. : Педагогика, 1989.

Қосымша әдебиеттер

  1. Немов Р. С. Психология. Книга 1. Москва, 2003.
  2. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
  3. Столяренко Л. Д. Основы психологии. Р. н/Д. 1999.
  4. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М., 1999. Дифференциалды психология ғылым ретінде

Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология - бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады. Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.

Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды.

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес.

Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның зерттеу обьектісі болып табылады.

Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі ұлы ғалымдардың фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды

Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі.

Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В. В. Белоус, А. И. Крупнов, И. В. Равич-Щербо, В. М. Русалов, О. А. Ахвердова, И. В. Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда.

Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ. Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.

Дифференциалды психология түсінігі

Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) - бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім. Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.

«Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В. Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды.

Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.

Дифференциалды психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады. Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады.

Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді. Дифференциалды психофизиология адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады.

Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша - тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі. Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын, өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.

  1. Дифференциалды психология психологияның даму кезеңдері

Психологияның бұл аймағы В. Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады. Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А. Бине мен В. Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды.

Жиі жағдайда Ф. Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына, қазіргі заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В. Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті.

Ол өзіне адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде тек индивидуалдылықты зерттеу ғана қарастырылған жоқ, сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды.

Дифференциалды психологияның сәттіліктерінсіз нақты жеке тұлғаның сипаттамасын зерттейтін аймақ психодиагностикасы да дамымай, жеке өзіндік пәнге де айналмас еді. Дифференциалды психология психологияның жаңа пәндік аймағы «Индивидуалды психологияны» ашып берді.

Л. Сэв дәстүрлі дифференциалды психология пәнін сипаттай отырып, дифференциалды психологияның мазмұны таза прагматикалық және капиталистік қоғамда адам тұрғысын консерватизмнің эпистемологиялық формасы болатындығын көрсетті.

Б. М. Тепловтің пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді, яғни қабілеттер мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды.

Э. А. Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді .

Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады.

Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы 1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б. М. Тепловтың басшылығымен ашылған. Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И. П. Павловтың типологиялық концепциясы құрайды.

1972 жылдан бастап лабароторияны Небылицин басқарып, математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты.

1993 жылдан бастап «Дифференциалды психофизиология және психология» лабароториясын Э. А. Голубева өз басшылығына алды. Зерттеудің басты мәселесі қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б. М. Тепловтың болжамы болды.

Психологиялық функцияларды анықтау үшін психодиагностикалық әдістемелер, тестер, ал кейбір қабілеттерді диагностикалау үшін лабаротория қызметкерлері оригиналды авторлық әдістемелерді өңдеп шығарды. Бұл жерде ортақ (мнемикалық, интеллекттік) және арнайы (музыкалық, математикалық, тілдік) қабілеттер мен олардың нышандарын қарастырады.

Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:

  • Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;
  • Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т. б. себептер әлеуметтік - экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда.

Индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес.

Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес болып табылады.

2. 1 Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу объектісі ретінде

Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды.

Ф. Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін, яғни факторлық анализ негізін ұсынды.

1900 жылы В. Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.

В. М. Бехтерев және Л. Франкпен қызметтестік әсерінен А. Ф. Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.

Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В. М. Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т. б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы - биохимиялық, вегетативті және бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.

В. М. Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды.

Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В. С. Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:

  1. биохимиялық;
  2. соматикалық;
  3. нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті) ;
  4. психодинамикалық (темперамент) ;
  5. тұлға қасиеттері;
  6. әлеуметтік рөлі.

Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С. Л. Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:

  • жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;
  • тұлға бағдары;
  • адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;
  • адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.

С. Л. Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады. (С. Л. Рубинштейн, 2000, б. 511. )

С. Л. Рубинштейн индивидуалдылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды.

С. Л. Рубинштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егертұлға- адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал, индивидуалдылық -тұлға мен іс-әрекет субьектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше, индивидуалдылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие :

І деңгей- индивид деңгейі; оған енеді:

  • жыныс, жас, конституция, нейродинамикалық қасиеттер;
  • психофизиологиялық қасиеттер және органикалық қажеттіліктер;
  • нышан және темперамент.

ІІ деңгей- іс-әрекет субьектісі деңгейі:

  • когнетивті сипаттар, коммуникативті қасиеттер, еңбекке қабілеттілік іс-әрекет ерекшелігі ретінде;
  • қабілеттер.

ІІІ деңгей- тұлғалық деңгей:

  • статус, әлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы;
  • жүріс-тұрыс мотивациясы;
  • мінез және бейімділік.

А. Н. Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) - бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. Леонтьев бойынша, тұлға, индивидуалдылық - арнайы адамдық пайда болу, қоғамдық қарым-қатынас негізінде туындайды.

В. С. Мерлиннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы тәртіптелген қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық, тұлғалық қасиеттер, және т. б.

Қазіргі кезде Ресейде және шет елдерде бірнеше индивидуалдылықты зерттеу орталықтары бар.

Пятигорск психологиялық мектебінде В. В. Белоус басшылығымен индивидуалдылықтың полиморфты мәселесі зерттелуде. Онда қазіргі кезеңде индивидуалдылықтың интегралдылығы жайлы теориялар қарқынды дамуда.

Пермь қаласындығы ғылыми орталық индивидуалдылықты зерттеудің маңызды орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы- психология ғылымының докторы, профессор В. С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы индивидуалдылық мәселесімен айналысушы зерттеушілер Л. Я. Дорфман, Б. А. Вяткин, А. И. Щебетенко.

Ұжымның зейін орталығында- интегралды индивидуалдылықтың әртүрлі деңгейлі қасиеттерін, интегралды индивидуалдылықтың құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Л. Я. Дорфман интегралды индивидуалдылықтың ерекшеліктеріне ұйымдасудың иерархиялы тәсілін, көп деңгейлілік, интеграция мен дифференцация процестерінің бірлігін, индивидуалды жүйелер арасындағы көп мәнділік байланыс майыспалығын және бір мәнділік байланыс қатаңдығын жатқызады. Ол метаиндивидуалдылық және интраиндивидуалдылық сұрақтарын қарастырады. Олар интегралды индивидуалдылықтың әр түрлі иерархиялы деңгейлеріне жатады және олардың арасындағы байланыс тікелей сипатқа ие. Осындай байланыстың болуының шарты индивидуалды іс-әрекет стилі болып табылады.

Индивидуалдылықты зерттеу психология ғылымының докторы В. М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты - индивидуалды-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы қасиеттерінің концепциясының дамуы. Адамның индивидуалды қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді - динамикалық сипаттарға, яғни темпераментті зерттеуге бағытталған. Темпераменттің адам индивидуалдылық құрылымындағы орнын зертеу мақсатында және оның жалпы қабілеттердің дамуына әсерін анықтауға байланысты темпераментті бағалаудың психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В. М. Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды:

  • дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады;
  • дифференциялды-психофизиологиялық (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік, және басқа әлеуметтік- мәдени құрылымдардан тұрады.

Психологиялық институтта, психофизиологиялық қабілеттер зертханасында психология ғылымының докторы Э. А. Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Э. А. Голубева индивидуалдылық құрылымындағы организм және тұлға деңгейлерін бөліп көрсетті. Жүйе құрайтын қасиеттерге эмоционалдылық, белсенділік, өзіндік реттелуді жатқызды.

Сонымен, қазіргі кезеңде индивидуалдылықты зерттеу болашақтағы зерттеу және ғылыми ізденушілік жұмыстарында шешімін табатын көптеген сұрақтарды қарастырады. Әр түрлі көзқарастағы авторларды индивидуалдылықты зерттеудің толықтығы, интегративтілігі, индивидуалдылықтың даму және өзіндік даму механизмдерін іздестіру біріктіреді.

2. 2 Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дифференциалды психология түсінігі
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Дифференциалды психологияның пәнаралық байланыстары, жалпы ғылыми зерттеу әдістері
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
В. М. Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы
Интеллект дамуы
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Г. Тардтың еліктеу теориясы мен Г. Эдвин Сазерпандтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеялары
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz