Спорттық ойындар және олардың өткізілуі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Спорттық ойындар және олардың өткізілуі»

Орындаған: Қажғалиева А. С.

Тексерген: Калмурзина Р. С.

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Балаларға арналған спорттық ойындар және оларды өткізу

1. 1. Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні . . . 5

1. 2. Баланың денесін жаттықтыру . . . 8

1. 3. Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі . . . 12

2 бөлім. Балабақшадағы дене шынықтыру сабағы

2. 1. Қимыл - қозғалыс ойындары, спорттық ойындар . . . 15

2. 2. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы

балалардың дене тәрбиесі . . . 21

2. 3. Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы . . . 24

3 бөлім. Спорттық ойындар түрлері және оларды өткізу

3. 1. Дене жаттығуларының сипаттамасы . . . 26

3. 2. Балаларға шаңғы, велосипед, шана, коньки тебуді үйрету . . . 30

3. 3. Спорттық ойындар түрлері . . . 32

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39


Кіріспе

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е. Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.

Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.

Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.

Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.

«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»

Спорттық ойын дегеніміз - ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: спорттық ойындар түрлері және өткізілуі туралы түсінік беру.

Курстық жұмыстың міндеттері : мектепке дейінгі балаларға спорттық ойындар өткізу шаралары және спорттық ойын түрлері мен дене шынықтыру сабағы туралы толық мағлұмат беру.


1 бөлім. Балаларға арналған спорттық ойындар және оларды өткізу

1. 1. Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні

Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә. Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М. Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т. б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады.

Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А. Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді».

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И. Давыдов, Л. Былеева, В. Яковлев, Н. Поддьякова, Н. Михайленко, Д. Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И. Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И. Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.

Д. Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.

М. Контарович, Л. Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.

А. Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т. б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.

А. Құралбекұлы мен С. Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А. Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

1. 2. Баланың денесін жаттықтыру

Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.

Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.

Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас) . Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.

Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек. Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды «мысық», «құс», «паровоз» және т. б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

  • Таңертеңгілік жаттығу
  • Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
  • Спорттық жаттығулар.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн әртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар) .

Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады . Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н. Г. Хольнова мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын- алу жаттығуларын жасатамыз. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді. Балабақшамыздың медбикесі С. Еңсепова балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын -алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

1. 3. Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі

Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл - өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әректтерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар, баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сезім ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т. б. Бұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім, білік дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге

қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың

қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білі, білік,

дағдыларымен сәйкес келетіндігі;

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып т. б көптеген қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым - қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым - қатынас - бұл балалардың бірін - бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай - ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «Ойын» түрлерін пайдалану; біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

2 бөлім. Балабақшадағы дене шынықтыру сабағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Қысқы спорттық ойындар
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Дене жаттығуларының формалары мен мазмұны
Жарыс қызметінің құрылысы
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары
Дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz