Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі

Орындаған: Қажғалиева А.С.
Жетекші: Калмурзина Р.С.

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Балабақшада өткізілетін спорттық ойындар
1.1. Спорттық ойын түрлері және оның тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Баланың денесін
жаттықтыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...9
1.3. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 бөлім. Мектепке дейінгі балаларға арналған спорттық ойындар түрлері және
олардың өткізілуі
2.1. Спорттық ойындар өткізудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың дене
тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .19
3 бөлім. Практикалық бөлім.
3.1. Доп беру техникасын
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22
3.2. Балаларға шаңғы, велосипед, шана, коньки тебуді
үйрету ... ... ... ... ... ... 26
3.3. Спорттық ойындар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға
сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру
мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен
білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада
тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып
тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты – бала организмін
шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы
ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде
сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның
ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін
қалыптастырады.
Спорттық ойындарға спорттың барлың белгілері бар ойын дар жатады:
ойнаушылардан спорттың іскерлікті, дайындықты талап етеді.
Спорттық ойындар топтың немесе жеке адамдардың жеңіске, нөтижеге
жетуімен аяқталады. Спорттық ойындар қимыл-қозғалыс ойындарынан орындалу
техникасы, ереженің күрделілігі, ойын жағдайының нақтылығымен ерекшеленеді.
Балаларды жөне жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде спорттық ойындар
ерекше орын алады, ойын құрамына күнделікті өмірге қажетті табиғи қимылдар
кіреді (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, қарсы түру т.б.). Сондай-
ақ, ойын барысында жоғарыда аталған қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі
кездесіп отырады. Балалармен жасөспірімдерді дене тәрбиесі үрдісіне
тәрбиелеуде ойындарды жүйелі түрде өткізу негізгі қимыл-дағдыларын,
жылдамдық, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық қасиеттерін, ағза қызметінің
жұмысын күшейтеді.
Зерттеудің өзектілігі: Спорттық ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны
шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына,
есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру
ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем
ететін нәрсе
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтыру
сабағындағы спорттық жаттығулар.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі спорттық
жаттығулардың орны.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық
жаттығуларды үйрету арқылы денесін шынықтыру, спорттық жаттығулардағы
қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бала өсуіндегі біртұтас жолын теориялық-
әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1.Спорттық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дене
шынықтыру қабілетін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.
2.Балабақшада дене шынықтыру сабағында спорттық жаттығулар түрлерін
қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
3.Спорттық жаттығулар түрлерін басқа дене шынықтыру жаттығуларымен
ұштастыра қолдану жолдарын көрсету.
4.Спорттық жаттығулар арқылы, соның ішінде ұлттық спорт түрлері
арқылы балабақша жасындағы балаларға қоршаған ортаны тану,, ұлттық салт-
дәстүрлерді білуді іске асыруға болатындығын анықтау.
Зерттеу мәселесі – отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда бала
тәрбиесін нәтижелі қарастыру, балаларға дене тәрбиесінің маңызын көрсету
және спорттық ойындарды өткізу.
Зерттеу пәні – спорттық ойындар және олардың өткізілуі.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зертеудің кезеңдері – мектепке дейінгі балалар ( орта және ересек
топтағы балалар).
Зерттеу көздері – мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
2. спорттық ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы
тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
3. бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың денсаулығын
нығайтуда үйретілген спорттық ойындарды пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Әдетте, ол кіріспеден, теориялық, практикалық
бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 бөлім. Балабақшада өткізілетін спорттық ойындар
1.1. Спорттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні
Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның
алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек
түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы
адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде
ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-
білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың
айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып
жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын
үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар
И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және
тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар
жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп
дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов
ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі
барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі
деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой
дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау
операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп
тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде
Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін),
Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын
зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в
детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай
өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық
баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің
дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде
халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми
теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқитын балаларды тәрбиелеу
құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік
негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.
Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде
тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының
лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің
қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге
түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан
басқа ешкім қалмайды. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың
ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе,
сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ
лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
1.2. Баланың денесін жаттықтыру
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы – мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына
дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн
режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк
бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес
бос уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке
дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi дене тәрбиесiн беру
мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға
тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және
қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi
балалардың қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне
жәрдемдеседi.
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық ойындар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Жаттығулар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiктен кейін
гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау
болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы
айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы
шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс
жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің
қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Организмнің
қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның
қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі
мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына
табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді
қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен
ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі
ықпал жасау керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл-
дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік
сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-
әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса
назар аударылады.
Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене
мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің
белсенділігін арттырады .Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе
дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын
нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден
тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін
шынықтыруға көп көңіл бөлінеді.Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н.Г.Хольнова
мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын-
алу жаттығуларын жасатамыз.Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан
тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады.
1.3. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі
Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл - өмір
заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру
барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән
ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал балалар ойын үстінде
көрсетеді.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы
әр ойыншының жеке әректтерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске
жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне
деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар, баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал ақыл – ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде балабақшаларда пайдаланатын ойын,
ойын жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сезім
ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар баланы
жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол –
дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта- ықыласын
есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім, білік дағдыны
қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – баланың танымдық
әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б)білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың
қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білі, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі;
Сонымен бірге балалардың назарын аударатын ойын түрлерінің бірі -
спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар
баланың денсаулығын нығайтып т.б көптеген қасиеттерін дамытады.
Балалардың негізгі әрекеті – оқу, қарым – қатынас, ойын және еңбек
болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.
Оқу – білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым – қатынас – бұл
балалардың бірін – бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай
білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық
кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге
белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
2 бөлім. Мектепке дейінгі балаларға арналған спорттық ойындар түрлері және
олардың өткізілуі
2.1. Спорттық ойындар өткізудің маңызы
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылып,
мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Таңертеңгі жаттығулар.
2. Қимыл – қозғалыс ойындары, спорттық ойындар
3. Спорттық жаттығулар
Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша
сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері,
серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын
– сауықтар) өткіземіз. Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға
үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2
рет өткізіледі. Оқу іс - әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде
жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру,
жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3- 4 минут. Негізгі бөлімде жалпы
жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы
жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады.оның 2 –уі бұрынғы жаттығулар
қайталанса, 1 – жаттығулар жауадан жоспарланады. Дене шынықтыру негізгі оқу
іс - әректі болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру
өткізілетін орын ауа – райы жылы кезде аулада, қыс мезгілдерінде залда
өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал –
жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын.
Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы
жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек.
Егер өзгерпей көбіне тіке тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді
мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын
жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар,
доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен
қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқай гимнастикалық орындықтар
пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, Жаттығулардың
жасалу техникасын дұрыс сақтаулары керек, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап,
барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Балаларға таныс жаттығуларды
тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға болады, ал қимылдау жаттығуларды
тәрбиеші көрсетеді, сосын балалар жасайды. Оқу іс -әрекет қызықтырақ өтсін
десе жаттығуды жақсы орындайтын бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау
беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі
ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын
кезінде рольдерге бөліседі, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс
кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты
бір – біріне лақтыру, ұзындыққа секіру , гимнастикалық қабырғаға өрмелеп
мініп түсу; гимнастикалық скамейка үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге
үйретеміз. Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде,
спорттық шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде
балалардың қулап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала
организміндегі мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін таза ауадағы дене
шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене тәрбиесінің құрамы
бағдарламалық материалдардан құралады. Таза ауадағы дене шынықтыру 5 –
бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше
қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл
– қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда
балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп
ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене
шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік
мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау,
ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы
балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық
жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге
арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы
дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті
балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері
қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып,
жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып,
тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің
қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға
көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп –
тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық
киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі
балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы
дене шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға
болмайды, себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан
мұрынмен демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек –
бөлек дәптер бастап, балалардың өсіп – жетілуіне, олардың денсаулығы жазып
өт-з шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж.ж.жаттығуларды таза
ауада өткізуден басталады. Киімдерін де бірте – бірте жеңілдетіп, жаз
айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ
табалдылықты болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар,
тікенек жаймалар үстімен жалау аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне
кіргенде сумен шынықтыру жүргізіледі. Су температурасын бірте – бірте
төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю, тізеден төмен қарай жуудан соң
құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2
апта құрғақ ысқылау таза фланельматадан аяқ – қол дене мүшелерін қызарғанша
ысқылауға көшеміз. Ылғалды ысқылау 1-2 мин.созылады.
Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны
айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты
ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылайды.
Бұдан соң құрғақ оралмалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін
жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың
қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі
ойын, жаттығу өткізіледі. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар
ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға
үнемі қатыстырып отыруы тиіс.
Денсаулық білім саласының біріндегі – Валеологиядан біз балалардың
өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеналық талапты
орындауға (шашы, тісіне күтім жасау) дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әсері
туралы түсінік береміз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты
байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Дұрыс
тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру.
Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір
салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың
тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу
балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр
баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата –анамен тығыз
қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз
нәтижесін береді.
Отбасында тәрбие міндеттеріне. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай
жасау, балаларды өзіне - өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету,
баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жан –
жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші,
ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз.
Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл
мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды
әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі
спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын
ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Тобымызда
Әкем, шешем, мен спорттық сайыс өткізіліп, ата – аналармен бірге ойындар
ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалысады. Балабақшаның
ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі,
эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен
таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау
естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп
беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан,
көңіл – күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата – ана,
тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты. Іс әрекеті, технологияны ертеңгілі
бойжазу.
2.2. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың дене тәрбиесі
Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай
кезінде қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қараапйым дене
шынықтыру жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру
шараларын қабылдауды үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып
табылатын күнделікті дене шынықтыруда дағдыланады. Бұл жастағы балалардың
дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру ойын түрінде, әдетте, ашық аспан
астында өткізуді, және солардың мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет
етеді. Дене шынықтыру жаттығулары негізін балалардың қызметтік
мүмкіндіктерін арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын
жан-жақты дене шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру
және спорт саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап
аптасына кемінде 10 – 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.

Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15
адамнан асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында өткізуге
арнап Ксил балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы – Сәби
қайырымыдылық қоры);
- мекемелерде мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру
тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын әзірлеу және ендіру
(орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы);
Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің
арасында салауатты өмір салтының бекуі.
2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер
санының көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.
3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.
4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР
ұлттық құрама командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың
спорттық резервінің көбеюі.
Дене шынықтыру пәнін оқыту бағдарламасының негізін құрайтын жеке
тұлғаға бағытталған ерекшеліктерге мынадай әдістемелік тәсілдер жатады:
- дене жаттығуларымен айналысуға балалардың қызығушылығын
қалыптастырудың жекелеген ерекшеліктерін қарастыратын жеке тұлғаға қатысты
себептер;
- дене жаттығуларының әр түрі бойынша сараланған тапсырмаларды іріктеп
алу жүйесін біріктіретін мазмұнды тәсілдер;
- дене жаттығуларының жекелеген бөліктерін дербес игеру біліктілігін
қалыптастыруды қарастыратын технологиялық тәсілдер (оқу бағдарламасының
негізінде);
- бағдарламаның талаптарына сәйкес практикалық іскерліктер мен
дағдыларды, теориялық білімдерді есепке алу мен бағалауды, бақылау
құралдарын біріктіретін бақылау-бағалау тәсілдері;
''Дене шынықтыру" пәні бойынша оқыту мазмұнына жеке тұлғаға
бағытталған тұрғыда келу мыналарды қарастырады:
- пән бойынша бағдарламаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқы спорттық ойындар
Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Дене жаттығуларының сипаттамасы
САЛТЫН ОҚЬПУ
Қимыл-қозғалыс ойын түрлері арқылы балалардың ерік-жігері қасиеттерін тәрбиелеу
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Негізгі қимыл-қозғалыстар жалпы сипаттамасы мен түрлері
Денешынықтырудан дәрістер
Пәндер