Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері, конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және Ғылым Министірлігі
Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: "Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері,
конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары"

Тексерген:
Орындаған:
Насенова Л.

Орал 2013
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері
1.1. Стенография ұғымы және оның
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Аударма жазбасы және
стенография ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ тарау. Конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары
2.1. Аудармашылық шапшаң жазудағы ақпаратты қысқартып жазудың бір тәсілі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Аудармада стенографияның кем және артық
жерлері ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Кіріспе

Стенография (гр. stenos - орыс. узкий, тесный - енсіз, тар, графия -
жазу) — ауызекі айтылып отырған сөйлемдерді үздіксіз, синхронды түрде,
ілеспе жазу тәсілі (жай жазу түрінен 4-7 есе жылдам) арнайы белгілерге, сөз
және сөз тіркестерінің қысқартуларын қолдануға негізделген.
Кез-келген фирманың басқару аппаратының тиімді қызметі құжаттармен
жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздеріне,
шешімдер дайындау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық
басқару функциясы құжаттарды жасау, орындау және рәсімдеу процесі -
құжаттаусыз іске асырылмайды.
Техникалық орындаушылардан бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі
басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты.
Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін
қамтамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың
негізінде шешімдер қабылдайды.
Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық. қаржылық
және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалады. Ол
бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісімшарттар, хаттамалар,
өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т.б. Касіпорындарда жасалатын
құжаттар әдетте хат-хабар деп аталады.
Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына,
есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын
жүргізу деп аталады.
Қазақ КСР-дағы іс жургізу жүйесі барлық шаруашылық субъектілерінің
ортақ біртектес әдістер негізінде құрылып, мемлекеттік стандарттар мен
ережелерге сәйкес реттелетін. Жаңа экономикалық қатынастарға көшу
кезеңінде, әр түрлі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жаппай
сахнаға шығу жағдайларында бұл ережелер ұмыт болған, және де мемлекеттік
ұйымдарда бұл мәселені шешудің қандай да болмасын талпынысы байқалғанымен,
әрбір жеке меншік фирма құжаттарды рәсімдеуде, дайындауда және есебін
жүргізуде өз тәртібін орнатуда. Бұл жағдай Тіл туралы 11.07.97 ж. № 151-1
ҚР Заңының іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне аудару талабымен күрделене
түседі.
Қазақ тілін іс қағаздарын жүргізуге ендіру тәжірибе жүзінде ойдағыға
қарағанда анағұрлым күрделі процесс болып шықты.
Қазақстандағы бүкіл іс жүргізу жүйесі орыс тіліне негізделген, ал хат-
хабарды қазақ тілінде рәсімдеу сауатты аудармашыларды, кеңсе техникасын,
қажетті сөздіктерді анықтамалықтарды, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік
құрылымдарда құжаттарды жасаудың ортақ біртектес әдістерін қолдануды талап
етеді. Тілден тілге көшу процесін тер-миндерге әр түрлі тусінік беру және
әсіресе нарықтық өзгерістерге байланысты лексиконда пайда болған қазақ
тіліндегі ұқсас сөздерді іздестіру сияқты тіл мәселелері де тежейді.
Әрине, бундай жағдайда құжаттаманы ең алдымен орыс тілінде бірыңғайлау
қажет, сосын ғана оны, ең болмағанда қарапайым және барынша кеңінен тараған
құжаттар мен жүйелерді қазақ тіліне аударған жөн.

І тарау. Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері
1.1. Стенография ұғымы және оның принциптері
Ұйым немесе оның бөлімшелері басшысының жұмысын қамтамасыз ету және
қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Бөлімшелерден
немесе орындаушылардан басшыға қажетті ақпараттарды алады, оның тапсырмасы
бойынша жұмысшыларды шақырады. Басшының телефон арқылы жүргізілетін
келіссөздерін ұйымдастырады, телефонограммаларды қабылдайды және береді,
басшы болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазып алады және олардың
мазмұнын басшыға жеткізеді. Басшы өткізетін отырыстарды және мәжілістерді
дайындау бойынша (қажетті материалдарды, қатысушыларды отырыстардың және
мәжілістердің өтетін уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар етеді,
қатысушыларды тіркейді) жұмыстарды жүргізеді, хаттамаларды жүргізеді және
ресімдейді. Басшының жұмыс орнын кеңсе құралдарымен, ұйымдастырушылық
техника құралдарымен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмыс істеуіне ықпал
ететін жағдайларды жасайды. Басшы даярлайтын бұйрықтарды, өкімдерді,
хаттарды және ұйымдық-өкімдік құжаттарды стенографиялайды, одан кейін
олардың мағынасын ашады және жазба машинкасында басады немесе ақпараттар
банкіне енгізеді. Қабылдау-беру құралдары (телекс, факс, телефакс) бойынша
ақпараттарды береді және қабылдайды. Шешімдерді дайындау және қабылдау
кезінде ақпаратты алу, өңдеу және беруге арналған компьютерлік техниканы
пайдалана отырып түрлі операцияларды орындайды. Іс жүргізуді жүзеге
асырады, басшының атына келген хат-хабарды қабылдайды, белгіленген тәртіп
бойынша оны жүйелейді және басшының қарауынан кейін олардың жұмыс барысында
пайдалануы немесе жауап беруі үшін бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға
береді. Бақылау-тіркеу картотекасын жүргізеді, бақылауға алынған басшының
тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды. Басшының қол қоюына құжаттарды
қабылдайды. Қарым-қатынас әдебін сақтай отырып, келушілерді қабылдауды
ұйымдастырады, жұмысшылардың сұрауларын және ұсыныстарын жедел қарастыруына
жәрдемдеседі. Белгіленген номенклатура бойынша істерді қалыптастырады,
олардың сақталуын ұйымдастырады және белгіленген мерзімде мұрағатқа
тапсырады. Көбейту техникасында тираждау үшін құжаттарды дайындайды, сондай-
ақ ксерокспен құжаттардың көшірмесін жасайды.
Білуге тиіс. Іс жүргізу бойынша ережелер, нұсқаулар, басқа
басшылық материалдар мен нормативтік құжаттар, ұйымның құрылымы мен
басшылық құрамы және бөлімшелері, стенография, машинамен басу, орфография
мен пунктуация ережелері, түрлі құжаттарды басу кезінде материалдың
орналасу тәртібі, үлгі нысандарды пайдалана отырып іскерлік хаттарды басу
ережесі, жазба машиналары, диктофондар, үнтаспаларды және қолданылатын
басқа техникалық құралдарды пайдалану ережелері, қабылдау-сөйлесу
құрылғыларын пайдалану ережелері, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың
бірізділенген жүйесінің стандарттары, этика мен эстетика негіздері,
іскерлік қарым-қатынас негіздері, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек
заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік)
бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі
және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және
белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс
стажына талап қойылмайды.
Баяндамалардың, дәрістердің, конференцияда, семинарларда және тағы
басқа сөз сөйлеулердің, отырыс пен мәжілістің хаттамаларын (хабарлама,
ұсыныстар және шешімдер) стенографиялық жазбасын жүргізеді. Ұйым
басшыларының және мамандардың айтып жаздырумен іскер хаттардың мәтінін,
бұйрықтарды, қорытындыларды, нұсқаулықтарды, баяндама жазбаларын және
телефон арқылы берілетін мәліметтерді басқа да қызметтік құжаттарды
стенографиялайды, сонымен қатар үн жазба тасығышысынан (диктофон және үн
жазба қолданумен) сөз жазады. Стенографиялық жазбаларды түсіндіреді, оларды
жазатын машиналарда басады немесе машинка басушыға айтып жаздырады немесе
деректер банкіне ақпараттарды кіргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де
нормативтік құқықтық актілері, стенография, орфография мен тыныс белгілері
ережесі, әр-түрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру
тәртібі, жазба машинкасын, компьютерді, диктофонды және үн жазбасын
пайдалану ережесі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын
пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт
қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына
талап қойылмайды, минутына 110 сөзден кем емес жылдамдықпен
стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы
болуы тиіс;
ІІ санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына
талап қойылмайды, минутына 85-90 сөзден кем емес жылдамдықпен
стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы
болуы тиіс.
1.2. Аударма жазбасы және стенография
Ауызша және жазбаша аударма арасында уақыт басты рөл атқарады. Жазба
аудармасында аударма үрдісі қатаң қарқындық шектеулермен шектелмеген.
Аудармашы кез келген уақытта аударманы тоқтата алады, аударылған бөлімшеге
қайта орала алады, аударманың әр бөліміне ойлануға қосалқы уақыт жұмсай
алады, сөздіктер мен сұрау анықтамаларға жүгіне алады және мамандардан
көмек, кеңес ала алады және т.б. Бұл күрделі аудармалы проблемаларды шешуге
мүмкіндік жасайды, кез келген әдеби және ақпарат мәтіннің аудармасын
табысты шешуге мүмкіндік береді. Жазба аудармасына деңгейдің эквивалентісі
қажет. Ал ауызша аудармасында аудармашаның іс-әрекеті шешен сөзінің
жылдамдығымен, қатаң тәртіппен сақталады немесе ол тоқтағаннан кейін
оратормен біруақытта аударма беруін қажет етеді. Сонымен бірге,
аудармашының ойлануға уақыты қалмайды, тәсілдердің көбеюіне және
анықтамалық әдебиетке аударуға уақыты да жетпейді. кейде аудармашыға
трансляциялық бейімдендіруіне элементтерін кіргізуге тура
келеді.Жартыавтоматтық дағдылардың, тұрақты сәйкестік білімнің және
дағдылардың рөлі артады,ПЯ тез және нақты сөйлеген сөзді тез арада
артикуляция жасауда іскерліктері дамиды.Сонымен қоса, кейде аудармашыға өз
элементтерін қосады, аударған хабарнаманың кейбір бөлімшелерін алып
тастайды, мәтіннің аудармасын қысқартады және қысады, аудармасымен және
эквиваленттің төменгі деңгейімен қанағаттандырады. Әсіресе, аз уақыт
ішіндегі тез сөз сөйдеу іс-әрекеті синхрон үрдісінде көптеген физикалық
және психологиялық жүктерді қажет етеді. Сондай-ақ, тікелей-аудармашы өз
борышын толығымен тек 20-30 минут ішінде орындай алады. Сондықтан,
синхрондық аударма жүзінде әр бөлмені бірнеше аудармашы кезектен-кезек
аудару қызметін атқарады.
Егер жазбаша, ауызша аударма ерекшеліктерін қарастырсақ, екі түрлі
аудармаларды іске сырғанда, аудармашы түпнұсқаның екі бірдей емес
бөлімдерімен жұмыс істейді.” Жазба аудармасында аудармашы түпнұсқаның
сөйлеген сөзін бірінен кейін бірі аударады, аудармашыда түпнұсқаның толық
мәтіні болады және әрбір аударған сөз мәтіннің бірлігі болып саналады.”
Аудармашы бөлек айтқан сөзді мәтіннің мазмұнына сай аударады, ол ,сонымен
бірге, мәтіннің бастапқы, соңғы бөлімдерінен қажетті қосымша ақпаратты
іздей алады және ой-логикасының дамуын қадағалайды, жеке бөлімінің дұрыс
байланысын зерттейді және т.б. “Ауызша аудармасында аудармашы түпнұсқаның
мәтінін амалсыздан қабылдауға мәжбүр және оны сегменттің кішігірім
өлшемдерімен аудару керек, түпнұсқаның басқа бөлігін аудару үрдісіне бет
бұру керек.” Келесі аудармада аудармашы түпнұсқаның бір немесе бірнеше
бөлігімен операция жасайды.
Сонымен қоса, ауызша және жазбаша аудармалар қатысушылардың тіларалық
мінез-құлқы байланысына қатысты бөлінеді. Ереже бойынша, жазба аудармасында
аудару үрдісі “кабинеттік талаптарда” өтеді және аудармашының
қатынасушылармен тікелей және кері байланысы болмайды. Аудармашы аудару
үрдісінің некесіз шегінде түпнұсқаның авторымен немесе аударманың қарауыту
рецепторларымен танысуы мүмкін. Бұл жерде тұлғааралық қатынастар рөл
атқармайды, ал аудармашының дара объектісі аударылатын мәтін болып
табылады. Ал тіларалық қатынас үрдісінің аяқталуынан кейін аударма сапасына
баға беріледі.
Ал ауызша аудармасында аудармашы қатынасушылардың түйісу сөйлеу
барысында жұмыс істейді, әсіресе, кері байланыстағы тіларалық қатынастағы
бір адаммен немесе бірнешеқатысушылармен тығыз жұмыс істей алады. Аудармашы
амалсыздан ауыз-екі сөйлеуді дұрысына қарай, шапшаңдығына, оратордың
сөйлеген сөзіне қарай, оның айту мәдениетіне, үлгісіне қарай қабылдауы
керек және ұсынушы мен тыңдаушы арасындағы бір-бірін түсіну қатынасын
қамтамасыз ету керек. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін: түпнұсқаның мәтінін
жарыққа шығару барысында пәннің білімі негізінде және әңгіменің мақсатын
білуде, алдыңғы кезеңін талқылауда аудармашының қатысумен байланысты.. Оның
рецепторымен таныс болуына, олардың сұрақты түсінушілігімен,өздеріне
үйреншікті дәлелдеуі мен ойларын тұжырымды етіп дәлелдеуі керек. Кейде
оратормен бұрыс қатынаста одан керекті жерді сұрап алуға болады, айтқан
сөзді сұрап ала алады, таныс емес атаудың мағынасын анықтай ала алады. Ал
тыңдаушымен бұрыс қатынасында, олардың немесе кейде оратордың қабылдау
реакцияларын қадағалау мүмкіндіктері туындайды, аударманың айқын
түсінушілігін, аудармашы сөзінің шапшаңдығын тәртіпке саладыжәне т.б.
Қатынасушылар мен оратордың тығыз байланысы негізінде ол бас изеу
қимылдарынан, көрнекті демонстрациялардан, қосымша анықтамалардан көмек ала
алады.Бұл жағдайларда аударманың бейімдендіру трансляциялаумен толықтыруы
сирек кездеспейді, кейде аудармашы бір немесе бірнеше қатынасушының
сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштерін орындап, қосымша рөлге ие
болады. Егер ақпарат алу көздерінен рецепторға дейін болса, кез келген
сөйлеу қатынас жолы (тіларалық) ақпаратты тасу барысында бір бағытта жүзеге
асады.Сондықтан, аудару үрдісінде рецепторға арналған түпнұсқаның мәтіні
және аударылған мәтінге дейін ақпарат алу көзі пайда болады.Аудармашы
түпнұсқаның тілінен аударылған тіліне аударады. Жазба аудармада тіларалық
қатынас барысында тіл тұрақты болады,сондықтан аудармашы жиі ұсынылған
тілден келесі тілге аударылуға мамандандырылады.
Бірден аударудың ережелері:
Аударатын адам танымайтын мәтінді алады, кейде оған мәтінмен танысуға
бірнеше минут беріледі. Кейін ол дауыстап оны аударады.
Қиындайтын жағдай туғызатын фактілері(бұрыс фактісі):
- тең сөйлеу қарқыны мен ритм сақтауын қажет етеді, артық үзілісті
жасамау, қайталаулар мен түзеулерді қолданбау, әсіресе, мөңіреуді;
- оқу жылдамдығын арттыруын қажет етеді(1минутта 200 сөзге жуық, сөйлеу
сөзінің орташа жылдамдығы минутына 100 сөз);
- бір уақытта оқып, аударып және аударманы ұсыну қажет етіледі;
- мәтінді бөлшектеуге жәнефразаларды біріктіруге мүмкіндік
туғызады.Жағдайды жеңілдейтін фактілері( дұрыс фактісі):
- дайындалуға арналған бірнеше мүмкіндіктер алу мүмкіндігі;
- көру тірегі түпнұсқаның келесі бөлімшесін қабылдауға мүмкіндік
туғызады, өздігінше оның көлемін анықтайды,
- көрерменнің аударылған ақпараттың қабылдауы, яғни жеңілдетілген
аударма;
- өздігінше аударма шапшандығын анықтау мүмкіндігі.
Қажетті дағдылар мен іскерліктер:
- біруақытта аударма ұсынысымен келесі түпнұсқаның бөлімшесін оқу
сыйыстыру іскерлігі;
- өз ішінен тез арада оқып және көз қырымен келесі сөзді қарау
іскерлігі;
- тез аудару тіліне аусу, күрделі дайын байланыстарды кеңірек пайдалану
кезіндегі іскерлік.
ІІ тарау. Конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары
2.1. Аудармашылық шапшаң жазудағы ақпаратты қысқартып жазудың бір тәсілі
ретінде
Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық
органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы
туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан
хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сойлеген
сөздердің мазмұны жазылмаған ықіпамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа
хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөилеген сөздердің
тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық
мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөилеген сөздердің барлыгы
көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айкындайды. Бүл
жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылыгын қамтамасыз ету қажст. Құжаттын
заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс
толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімеп
аныкталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол
қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Хаттаманын деректемелері: мекеменің атауы; құжаттын атауы; мәжілістің
өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет
болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін.
Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі
бөлігінде тыңдалган мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы
көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.
Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтің барлығы мүқият
тексерілуі керек. Іс қағаздарында ақиқаттығы күмән тудыратын мәлімет
қолданылмағын жөн, қүжаттардағы шындыққа жанаспайтын қате мәлімет қай кезде
жіберіледі:
- дайындалған құжаттың мазмұны мен сапасына немқұрайды
бақылау жасалғанда;
құжатты дайындаушыньщ білім мен тәжірибе деңгейі төмен болғанда;
жүктелген тапсырма олардың біліктілігімен сәйкес келмеген жағдайда;
- құжатты дайындаушы өз ісіне немқүрайды, салақ қараған
жағдайда;
- құжатты дайындау барысында дүрыс мәлімет қолданбаған
жағдайда;
- құжаттарды дайындау барысында бағдарламалық-техникалық
қүралдарды дүрыс пайдаланбаған жағдайда;
- құжаттарды дайындау тәртібі бүзылған жағдайда.
Құжат дайындаған жағдайда іскерлік, қатынас жасап отырған мекеменің
аты, реквизиттері, мекеме басшысының аты- жөні, лауазымы анық, сауатты
жазылуы керек. Құжаттағы сандық мөліметтер, уақыт көрсеткіштері, цифрлар
қайта бір тексеріліп барып жіберілуі керек.
Егер құжатта қосымша (приложение) болатын болса ол жолдама хатта
көрсетілуі керек, я болмаса құжаттың соңында ескерілуі тиіс. Мысалы, Көлемі
5 беттен тұратын қосымша бөлек дайындалған немесе бүл құжаттан бөлек, 10
беттік қосымшаны коса жіберіп отырмыз т.с.с,
Құжаттағы бүкіл ақпарат мұқият текесерілуі керек. Қүжаттағы
ақпартты тексеруді бірнеше түрде жүргізуге болады. Олар мыналар:
1. Техникалық. Мұнда қате жазылған сөздер, дұрыс қойылмаған тыныс
белгілері, дұрыс түспеген әріптер т.б. басты назарда ұсталады.
2. Заңдық. Мұнда құжат мазмүнының қазіргі күші бар заңдарға және құқық
нормаларына сәйкестігі тексеріледі.
3. Қаржы-экономикалық. Мұнда құжатта шығарылған қаржы-
экономикалы шешімдердің үйлесімділік, тиімділік дәрежесіне
баға беріледі.
4. Статистикалық. Мүнда құжаттағы статистикалық мәліметтердің
актуалъдылығы мен ақиқаттығы, дәлдігі тексеріледі.
5. Жариясыздық. Мұнда құжат мазмұнында жариялылығы шектеулі
мағлұматтың немесе мемлекеттік құпия болып саналатын я қызметтік,
коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтің жіберілмеу
жағы тексеріледі.
6. Ақпараттық. Мұнда құжатты алушының мекен-жайы,
реквизиттері сияқты мәліметтердің дүрыстығы тексеріледі.
Құжаттағы мәліметтердің дәлдігі, оның мерзімінде дүрыс жасалу
жауапкершілігі құжат дайындаушы адамға жүктеледі. Егер құжат дайындаушы
адам бірнешеу болса жауапты орьгадаушы белгіленеді.
Құжатты дұрыс дайындап, уақытылы жіберу секретариат қызметкеріне
немесе іс жүргізушіге жүктеледі.
Аударма түрліше тұрғыдан мынандай түрлі бөлінеді:
1) аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге
аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма
барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені,
аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана
тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан да екі тілге бірдей жетік аудара
білу әрқандай аудармашы қолжеткізуге құлшынатын биік нысана болып
есептеледі.
2) аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша аударма мен жазбаша аударманың
екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ екеуінің аудармашыға
қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың өзіне
тән жеңілдіктері мен қиыншылықтары бар. Ауызша аудармада - аудармашыдан тез
түсініп, қолма-қол аудару талап етіледі. Бірақ, сөйлеушінің стилін
сақтауға, нақтылыққа, жинақтылыққа ерекше жоғары шарт қойылмайды. Бейнелеу
жағында көп еркіндікке ие болады. Бір сөзді, бір мазмұнды бірнеше түрлі
синонимдермен ауыстырып аудара алады. Оның есесіне оларды түсінбей қалған
сөздерді біреуден сұрауға сөздіктерді пайдалануға мүмкіндігі болмайды. Ал
жазбаша аудару - аудармашыдан мол білімді, қалам қуатының күшті болуын,
мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып толғануды қажет етеді.
Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне
бойсынуға міндетті болады. Сөз сөйлемге, грамматикаға, нақтылыққа,
логикаға, емлеге баса көңіл бөлінеді. Ауызша аудармаға қарағанда сөздік
пайдалану, қайта-қайта қарап тексеріп шығу, өзгерту мүмкіндігі мол болады.
3) аударма материалдық өзгешеліктерге қарай саяси теориялық шығармалар
аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми техникалық шығарма аудармасы
және іс қағаздар аудармасы деп бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай
оларға қойылатын талап та өзгеше болады.қытай тілінде әр саланың өте күшті
ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аудармашы ең алдымен өзі
аударатын материалға қанық болуы, кәсіптік білім деңгейінің жоғары болуы,
түпнұсқаның мазмұнына, ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.
4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы
толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару деп тағы
да төртке бөлінеді. Бастан-аяқ Бастан аяқ түгел аударуды толық аудару
дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп
аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп
аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін
өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару,мазмұндап
аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетке қарай болады.
2.2. Аудармада стенографияның кем және артық жерлері
Қазақ тілінде ісжүргізу әрекеті бір бүгін қолға алынып отырған жоқ.
Алғаш 1921 жылы қазақ тілінде ісжүргізу міндеттеліп, құжаттарды алдымен
қазақ тілінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Аударманың жасалу түрлері
Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері
Ілеспе аударманың қолданылуы
Педагогика ғылымның әдіснамасы түсінігі
Сатылай кешенді талдау технологиясына анықтама
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Жалау Мыңбаев - қоғам қайраткері
Пәндер