Суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-4
ІІ. Негізгі бөлім. Суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері
2.1. Құстарды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5-6
2.2. Үйректерді
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .7-9
2.3. Қазды азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-
12
2.4. Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық
үлесі ... ... ... ... ... ... ... 13 -20
2.5. Азық сапасына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-23
2.6 Азықтарды азықтандыруға
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-27
ІІІ.Қортынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...28-29
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30-31
І. Кіріспе бөлім
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып
келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-
бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс
Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері
қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал
жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге
түседі.[1]
Үйрек пен қазда суда жүзетін құстарға жатады. Құс шаруашылығын
дамытудағы басты мақсат олардың жұмыртқасы мен етін алу.
Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3,
Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин,
пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға
кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай
витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана
емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған
нормаларға сәйкес рационға қосады. Сонымен бірге құс рационына азықты
қорытуға әсер ететін ферменттер, кейбір аурулардың алдын-ала стандарттарын
емдік препаратар, құстың стрессалық жағдайының бетін қайтаратын
транвилизвторлар, антибиотиктер қосылады. Кейде барлық қажетті
микроқосымшалар мелассасымен немесе басқадай заттармен араластырылады,
сөйтіп белгілі бір мөлшерде құс рационына енгізілетін премикстер деп
аталатын қоспа дайындалады. Қазіргі уақытта құрама жем өндіру кеңінен
дамыған, олардың рецептерін ғылыми-зерттеу институттары белгілейді. Құрама
жемді ұнтақталған немесе түйіршіктелген түрінде дайындайды.
Құстарды құрғақ құрама жеммен азықтандыру азықтарды дайындауды
толығымен механикаландырылып, автоматты азықтандырғыштарды қолдануға
мүмкіндік береді, мұның өзі еңбек шығынын едәуір қысқартады. Азықтандырудың
мұндай тәсілі кезінде құсты жоғары сапалы концентратты азықтармен,
микроэлементтермен, витаминді препараттармен және басқадай құрғақ
қосымшалармен толық қамтамасыз ету қажет. Құрама жем күніне бір рет немесе
2-4 күнде бір рет таратылады.
Құрғақ ұнтақталған және түйіршіктелген құрама жеммен азықтандыру
қоректік заттарды, микроэлементтер мен витаминдерді, жақсы пайдалануға,
сондай-ақ азықтандыру кезінде азық ысырабын айтуға игі ықпал етеді.
Құрғақ құрама жеммен және дәнмен азықтандыру шаруашыықта өндірілетін
дәнді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге протеин, минералды заттар
мен витаминдер мөлшері молайтылған құрама жем қолданылады. Өйткені
рационның дәнді бөлігінде олар жетіспейді.
Құрама жеммен азықтандыру: құрғақ құрама же автоазықтандырғыштарда
ұдайы тұрады, дәнді таңертең және түнде береді, сонымен бірге үгінді дымқыл
қоспалар (пісірілген картоппен, сақталған тамыр түйнектермен, көкшөппен,
қаймағы айырылмаған сүтпен және басқадай азықтармен араластырылған құрама
жем) қолданылады. Дымқыл қоспалармен күніне 1-3 рет құс оларды әр берген
сайын жарты – бір сағатта жей алатындай мөлшерде азықтандырылады. [1]
Курстық жұмыстың мақсаты: суда жүзетін құстарды азықтандыру
ерекшеліктеріен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: суда жүзетін құстар туралы, оларды
азықтандыру нормалары туралы және азықтандыру рациондарымен таныстыру.
Азықтандыру ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: 3 бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және
қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім. Суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері
2.1. Құстарды азықтандыру
Құс шаруашылығы — бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен
қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.
Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері
жылына 240—280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға— 1,5—1,7ц азық өлшемі
жұмсалады. Тор ішінде өсірілген ет бағытындағы балапандар 49—57 күнде
1,5—1,7 кг тірілей салмақ тартып, әр 1 кг қосымша салмаққа 1,9—2,4 кг
құрама жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50 күнінде
тауық және үйрек балапандары —40—45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары
30—35 есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.
Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны
азықтандыру деңгейіне байланысты.
Құстың тез-өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың
организмінде зат алмасуының жедел етуіне негізделеді. Басқа малмен
салыстырғанда олардың дене жылуы жоғары (40—42°С) тынысы мен тамыр соғысы
жиі, тірілей салмақ өлшеміне оттегін жұмсауы көбірек. Мұның бәрі ас қорыту
жедел жүргенде ғана орын алады. Өндірісте құрама жем құрамына кіретін дәнді
алдымен ұнтақтап, мұқият араластырады да, бидай дәнінің көлеміндей етіп
түйіршіктейді. Балапандарға ірі түйіршіктерді жарып береді.
Құс азығында олар нашар қорытатын шикі клетчатка мөлшерін шектейді.
Бірақ клетчаткасыз рационның да нашар қорытылып, ас қорыту барысын бұзып
құсты түрлі ауруға шалдықтыратынын да ескеру қажет.
Құс азығының жалпы (энергетикалық) қоректілігін тікелей алмасу
энергиясының деңгейімен өлшеп, белгілейді. Алмасу энергиясы организмде
тіршілікті қамтамасыз етуге және өнім өндіруге жұмсалады. Жалпы энергия
шығымының үштен екі бөлігі (75 проценті) дене бұлшық еттері қызметі мен
жылу өндіруге жұмсалады.
Құс азығындағы протеин мен алмасу энергиясының арақатынасын құс
түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, өнімділігіне, өнім
бағытына, өсірілу технологиясына байланысты энергия протеиндік қатынас
(ЭПҚ) арқылы бақылайды. ЭПҚ — 1 кг азықтағы шикі протеиннің әр 1
процентіне келетін алмасу энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оны қажетті
деңгейде сақтау арқылы құс өнімділігі мен балапан өсімталдығын қымбат
протеинді азықтарды "шығындамай-ақ қамтамасыз етуге болады.
Зат алмасуын жедел түрде жүретіндіктен, құс витаминдердің
жетіспеушілігіне тез шалдыққыш келеді. Сондықтан құрама жем витамин
қосындыларымен байытылады.
Құстың негізгі өнімінің бірі — жұмыртқамен денеден күнделікті көп
минералды заттар, әсіресе кальций мен фосфор шығарылатындықтан, оларды
міндетті түрде минералдық қосындылармен қамтамасыз ету қажет. Бұл мақсатпен
бор, әк, ұлу қабыршағын, сүйек ұнын, кальций фосфаттарды, фторсызданған
фосфаттарды құрама жемге қосып береді.
Толық рациондық құрама жемге косылатын премикстардағы
микроэлементтердің тұздары құсты қажетті биогендік микроэлементтермен
(темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, иод) қамтамасыз етеді.
2.2. Үйректерді азықтандыру
Үйрек азықтандыруды олардың көлшік, өзен секілді табиғи су
қоймаларында түрлі балдыр, ұсақ су жәндіктерін ұстап жейтінін ескере отырып
ұтымды ұйымдастыру қажет. Ертелі-кеш дәнді азықтармен қосымша азықтандырып
отырады. Қыста тәулігіне 4 рет азықтандырады. Айына 12—15 жұмыртқа салатын
тірілей салмағы 3 кг үйрек мекиеніне тәулігіне — 160-175 г дәнді азық
ұнтагын, 10-12 г күнжара, шрот, 6—8 г ет, балық қалдығын, 40 г шөп ұнын, 40
г пісірілген картоп, 110 г сәбіз, көк азық, 1,4—1,5 г сүйек ұнын, 8—9г ұлу
қабыршығын, бор, 1,4—1,5 г ас тұзын береді. Мекиеннің тірілей салмағы бұдан
100 грамға өзгерсе (көбейсе не азайса), дәнді азықтарды 6 грамға молайтып
не, тиісінше, азайтып отырады.
Осылайша азықтандырылған үйрек басына жылына 62 кг дәнді азық, 5 г
жануар тектес азық, 5 кг шөп ұны, 9 кг көк азық, 32 г тамыр-түйнек
жемістілер, 0,5 кг ашытқы, 8 кг көк сүт, 4 кг минералды қосындылар
жұмсалады. Үйрек құрғақ азыққа қақалып, жөнді жей алмайтындықтан, азықты
міндетті түрде ылғалдандырып, қажетті көлемде сумен шайып жұтуын
ұйымдастырады.
Дұрыс азықтандырған жағдайда әр үйрек мекиенінен жылына 200-ге дейін
жұмыртқа салып, одан шайқалып шығарылған балапандарынан 2— 2,5 ц үйрек етін
өндіруге болады. Ол үшін олардың жасына, тұқымына, тірілей салмағы мен
өнімділігіне байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығы жан-жақты және толық
қамтамасыз етілуі керек. Өйткені үйрек мекиенінің жұмыртқалағыштығы
азықтандыру деңгейі жөне сапасымен шектелетін тірілей салмағын сақтауына
тікелей байланысты келеді. Арықтап, тірілей салмағын жоғалтқан жағдайда
үйрек жұмыртқалағыштығы азайып, жұмыртқасының сапасы нашарлайтындықтан,
олардың тірілей салмағын ай сайын өлшеу арқылы азықтандыру деңгейін бақылау
қажет.
Үйрек балапанын азықтандыру. Үйрек балапанын ылғалдандырылған
қосындылармен, туралған көк шөп, су өсімдіктері мен балдырлар, тамыр
жемістілермен араластырып азықтандырады. Оларды өмірінің алғашқы күндері
тауық балапандары секілді азықтандырып, көкке шығып жайылмайтын жағдайда
ұсталса, 11 күннен кейін витаминдермен қамтамасыз ету үшін әр қайсысының
аузына 1 г балық майын тамызып тұрады. 15 күндігінен бастап суға жіберіп, 1
айлығына дейін тәулігіне — 3 рет, ал бір айдан кейін 2 рет дәнді азықпен
қосымша азықтандырып тұрады. Ертеңгісін жемді аз берсе, балапандар көлшік
өсімдіктерін жақсы жейді. Кешкісін жатарға тойындырып жатқызады.
Осылайша азықтандырғанда 56 тәулікте әр үйрек балапанының басына 7,5
кг дәнді азық, 0,8 кг жануар тектес азық, 0,3 кг шөп ұны, 3,5 кг көк азық,
2,6 кг шырынды азықтар, 2 кг көк ұны, 0,3 кг минералдық қосындылар
жұмсалады. Ыстық күнде балапандардың азыққа зауқы соқпайтындықтан, оларға
көл жағалауында ыстықтан саялайтын көлеңкелі бастырма тұрғызады.
Ас қорыту барысы дұрыс өту үшін 1—8 апталық етке өсірілетін үйрек
балапанының азығында - 6%-ға дейін, тұқымдық балапан мен үйрек
мекиеніндікінде — 7-10% шикі жасунық болуға тиіс. 20 күнге дейін үйрек
балапанын күнделікті қоректік қажеттілігіне сәйкес толық қамтамасыз ететін
құрамажем не құнарлы жем қосындысымен азықтандырып, одан кейінгі уақытта
олардың азығындағы қымбат белоктық, жануар тектес азықтарды біртіндеп
азайтып, 25-ші күннен бастап жем ұнтағын ертеңгілік жене кешке қарай
береді, табиғи өзен-көлдің балдыры мен басқа да азықтарын жегізеді.
Үйрек жемінің жеткілікті жағдайында балапандарды толық рациондық
түйіршіктелген құрамажеммен 10-15 күн бордақылап, 60-65 күндігінде тірілей
салмағын 2 кг-ға жеткізіп сояды. Түйіршіктелген азықты 1-20 күндік
балапанға — 2-4 мм, 25—56 күндігіне - 5-8 мм етіп ұнтақтап жегізеді.
Алғашқы 20 күнде жем құрамындағы шикі протеин көлемін 18% деңгейіне дейін
көтеріп, 100 грамындағы алмасу энергиясын 1150-1210 кДж деңгейінде сақтайды
да, 21-ші күннен бастап шикі протеин көлемін 16%-ға дейін төмендетіп, АЭ-
сын 1200—1260 кДж100 г көлеміне дейін көтереді. Бұл балапан денесіндегі
май байланымын ұлғайтып, ұшасының сыртқы тауарлық түрін жақсартады. Етке
өсірілетін үйрек балапанына азық шығынын көл мен көлшік балдыры мен көк
азықты кеңінен қолдану арқылы азайтады.
Тұқымдық үйрек балапанын 50-күндігіне дейін етке өсірілген балапан
азықтандыруымен бірдей азықтандырып, содан кейінгі уақытта биологиялық
тұрғыдан зиянды ерте жыныстық жетілуін шектеу үшін азығындағы шикі
протеин көлемін - 15%, ал АЭ - 1050-1090 кДж100 г деңгейінде ұстайды.
Үйрек етін жыл бойы өндіру үшін мекиен үйректерді жыл бойы 2—3 кезеңде
жұмыртқалайтындай етіп топтастырып, жұмыртқалай бастауына 2—3 апта
қалғанда, өнімдік кезеңдегі азықтандыру нормасымен азықтандыра бастайды.
Жемге қомағайлығын ескеріп, үйректі қойыртпақты жем қосындысымен
азықтандырып не жемді сумен жеткілікті шайып жұтатындай жағдай туғызады.
2.3. Қазды азықтандыру ерекшеліктері
Басқа құспен салыстырғанда қаз жайылым кегін мол жеп, оның жасунығын
жақсы (45—50%) қорытады. Олар түнде азықтанғанды жақсы көреді, сондықтан
қазды күндіз жайып, түнге қарай алдарына жеткілікті жем салып қойған дұрыс.
Жемшөп жасұнығының жақсы қорытылуы үшін бөлек ыдысқа қиыршық тас толтырып
қояды. Шаруашылықтың жемшөп қорына байланысты қазды құрғақ құрамажем мен
немесе аралас азықтармен азықтандырады. Қаз қүрама жеміне қоса бүтін дән,
ылғалдандырылған жем қосындысын, табиғи және екпе көк шөпті, құрама сүрлем
мен басқа да шырынды азықтарды кеңінен жұмсайды.
Жұмыртқалай бастаған кезеңде мекиенге тәулігіне 90 г дән, дән
ұнтақтарын, 50 г бидай кебегін, 100 г жоңышқа не беде пішенін, 200 г
тамыржемістілер, 1,5 г ұлу қабыршығы, бор, 2 г ас тұзын берсе, айлық
жұмыртқалағыштығы 6—12 жұмыртқаға жеткен уақытта берілетін пішенді 60 г-ға
дейін азайтып, орнына дөнді азық пен дән ұнтақтарын қосымша 110—170 г
көбейтіп, 5—10 г ет пен балық қалдығын, 6—12 г күнжара, шрот енгізеді.
Минералды қосындыларға сүйек ұнын қаз басына тәулігіне 1,5—3 г жегізеді.
Қаз жұмыртқасының инкубациялық қасиеттерін жоғарылату үшін жұмыртқалау
кезеңінде оларға витаминді пішен, себіз, құрамажем беріледі.
Осылайша азықтандырылған қаз басына жылына 48 кг денді азық, 1 кг
жануар тектес азық, 10 кг шөп ұны, 100 кг көк азық, 80 кг шырынды азық, 5
кг минералды қосындылар жұмсалады. Қаз азықтандыру шығынын үнемдеу үшін
оның жайылым көгіне жақсы жеп, жоғары қорытатындығын мейлінше молынан
пайдалану қажет. Шалғын жайылымда әр қаз тәулігіне 2 кг шамасында шалғын
көгін жеген қаз оның жасұнығын 40—50% қорытады.
Әдетте қазға азықты тәулігіне үш рет таратады. Таңертең құрамажемді не
ылғалдандырылған жем қосындысын жегізіп, күндіз көгалға жайып, шырынды азық
таратады да, кешкісін алдарына бүтін дәнді салып қояды.
Жұмыртқалай бастаған мекиенді тәулігіне төрт рет азықтандырады.
Желінген жемшөп жасұнығын жақсы қорытуына байланысты қаз құрамажеміне 15%-
ға дейін шөп ұнын енгізіп, оның тәуліктік жегізу мөлшерін қаз басына 300-
500 г-ға жеткізеді. Оған қоса қазға 100-150 г құрамасүрлем, 100-105 г
қайнатылған ботқа тәріздес жем қойыртпағын, 200-300 г буландырылып не
пісірілген картоп беріп, кешкісін 130-150 г бүтін дән салып қояды. Күні
бойы көгалда жайылған қаз 2 кг-дай балауса жейді. Соған сүйене отырып қазды
түнде де жайып, оған әрдайым жеке науаға жазда туралған көкшепті, ал қыста
сапалы жасыл, мол жапырақты пішен салып қойып, 2 айлығындағы балапандарының
тірілей салмағын 3-3,5 кг-ға жеткізеді.
Қаз балапанын азықтандыру. Қаз балапанын алғашқыда үйрек балапаны
тәріздес азықтандырады. Алдына арпа, сұлы ұнына араластырылған піскен
жұмыртқа ұнтағын, ірімшік, айранды жеткілікті, бірақ азық қоспасы қатты
суланып, түйіршіктері бір-біріне жабыспайтындай ылғалдандырып салады.
Балапан тұмсығына жабысқан азық қалдығы оның тынысын тарылтуы мүмкін. Олай
болмас үшін ылғаддандырылған жем қосындысын алақанға салып сыққанда суы
ақпай, қайта жазғанда түйіршіктері үгітіліп бөлшектенетіндей болуы қажет.
4-5 күндігінен бастап қаз балапанына жануар тектес азық (балық, ет
қалдықтары) беріп, 20 күндігінен жайылым кегіне шығарады. Ертелі-кеш жем
салып тұрады. Алғашқы күндері қаз балапандарына ұнтақталып, еленген астық
тұқымдастар дәнінің қосындысын, 10 күндігінен бастап ол ұнтақпен қоса
протеинді азық, минералды қосындыларды 2-5 мм көлемінде турап салады.
Жайылымға шығарғанға дейін балапан азығына балық майын тамызып, жастық
толтыруға бағалы шикізат болып табылатын қауырсыны жақсы жетілуі үшін
метионин аминқышқылын немесе қауырсын ұнын қосады.
120 күн өсіргенде балапан басына шамамен 6,5 кг дәнді азық, 0,3 кг
жануар тектес азық, 0,5 кг шөп ұнын, 20 кг көк азық, 5,5 кг шырынды азық,
0,5 кг көк сүт, 0,5 минералды қосындылар шығындайды. Өсімтал келетін қаз
балапаны дұрыс азықтанғанда денесіне шипалық қасиеті жоғары май байлап, 2-3
айдағы тірілей салмағы 3,5-4 кг тартады.
Етке есірілген қаз балапанын шалғын жайылым отымен, шырынды жемшөппен,
жем жармасы және қалдығымен жеделдете бордақылайды. Ұшасының сыртқы түсін
әдемілеп, тауарлық сапасын арттыру үшін оларға союдан он шақты күн бұрын
құрамажем не жем қосындысына жалпы қоректілігі бойынша 20% сары жүгері
дөнін немесе беде, жоңышқа ұнының түйіршіктерін қосады. Тұқымға қалдырылған
қаз балапанын 20 күндігіне дейін басқа балапанмен бірдей азықтандырып, одан
кейінгі 65-70 күндігіне дейін құрамажемінің жартысын дәнмен алмастырып, дән
үлесін біртіндеп ұлғайтады да, аналық үйірге қосқан кезде сақа қаз
құрамажемінің 20-30% үлесіне 70-80% дән қосады. Келетіндей рационмен немесе
тіпті 70-күндігінен бастап оларды жұмыртқаламаған мекиен рационына
көшіреді.
2.4.Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі

Құстың тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына
қажеттілігі, өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.
Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне,
жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей
қатысты. Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толывқ
қанағаттандыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның
қоректілік қабілетіне өте қатты көңіл бөліну керек.
Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне
– жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал,
екіншісіне – аздауын (2%) жатқызады.
Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен
дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді
дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері-бұршақ құрамам
жемінің 30-40% жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.
Бидайлық құрама жемнің 40% бидай және 10 %-дан артығы жүгері болып
келеді. Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын
ұлпасы көбірек қолданылады. Арпа құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10%
кейде жүгері болады, кейде болмайды. Протеин көзі ретінде әлгінде аталған
күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз
(2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады).
Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей
құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем
өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік
заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашара
қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.
Егер де өндіріс жағдайында құстың жем жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық
құрамының қоректілігін күшейту керек.
Құс жетпеген қоректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы
толықтырады - деген ұғым – теріс ұғым.
Оның үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10 %- дан артық көбейткен, өзін-өзі
ақтамай, өнімніің өзіндік құнын арттырды.
Құстың салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы
қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс
енгізіп отыруға мүмкіндік туады.
Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан кейін)
жұмыртқалауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың
тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай
белгіленеді.
Жан-жақты теңестірілген толық тәуліктік азық үлесінде (рацонында)
құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен
жобалап алған мөлшерлері кестеде берілген. [1]
Алмасу қуатын мөлшерлеую. Құсты дұрыс азықтандыру үшін және жем
мөлшерін есептегенде оның қоректілік қуатына қарау керек. Негізгі қуат көзі
– дәнді дақылдар мен майлар.
Жем құрамының қуаттылығын жеткілікті деңгейге апару үшін жоғары
калориялық азықтар (май, фосфат) пайдаланылады.
Жем құрамындағы қоректі заттар арқылы құс өз ағзасына қажет күш-қуат
ала алатын болуы керек. Ол құс ағзасының сіңіру қабілетіне және қоректілік
қуат беретін заттардың мөлшеріне байланысты болып келеді.
Жемнің қуаттылығы Джоульмен (Дж) өлшенеді. Бір термохимиялық калория
4,184 Дж-ға тең.
Біздің бұл еңбегімізде жемнің қуаттылық мөлшері және құсқа алмасу
қуатының қажеттілігі килоджоуль (КДж) менн килокалорияда (ккал) беріліп
отыр. Құстың қуатқа деген жалпы қажеттілік мөлшері, оның тіршілігіне,
қозғалысына, өнім беруіне шығындылатын қуаттардың қосындысынан шығады.
Құстың қуатқа қажеттілігін оның 1 кг тірілей салмағына есептеп шығару
қабылданған.
Теориялық және тәжірибелік есептерді құстың тірілей салмағын (ТС) 0,75
дәреже санына (кг 0,75) көбейтіп, зат алмасу шамасын табу арқылы шығарады.
Барлық жылы қанды жануарлардың өз тіршілігіне қажет қуат мөлшері 1 кг зат
алмасу шамасына орта есеппен 293 КДж (70 ккал) жұмасалатындығы дәлелденген.

Оны таза қуатқа (энергияға) жатқызып, мына формуламен анықтайды:
ТЭ = 293 КДж х ТС (кг 0,75)
Мұндағы: ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы.
Құс денесінде зат алмасу процесі тез жүретіндігіне және дене қызуының
сүтқоректілерге қарағанда жоғары екендігіне байланысты, олар тек тіршілік
етуінің өзіне алмасатын қуатты (энергияны) көбірек керек етеді.
Таза қуатқа қарағанда алмасатын қуат құсқа 18% артығырақ керек, яғни
таза қуат алмасатын қуаттың 82%-ын құрайды. Алмасатын қуаттың көлемі 1 кг
тірілей салмағына шаққанда құс жасына байланысты. Мысалы тауық балапанында
ол 30-35 КДж-ге (7-8 ккал) тең, л сақаларында 6-12 КДж-ден (1,5-3,0 ккал)
аспайды. 1 дана жұмыртқаға мекиен 360 КДж (86 ккал) жұмсайды.
Құс тіршілігіне қажет алмасатын қуатты Скот формуласымен есептеп
шығарады:
ТЭ = 347 КДж х ТС (кг 0,75)
Мұндағы: ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы.
Мысалы тірілей салмағы 1,75 кг (ауыспалы салмағы 1,52 кг) тауықтың
таза энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 527 КДж (347 КДж х 1,52)
немесе 126 ккалкүн керек.
Таза энергия алмасатын қуаттың 82%-ын құрайтын болғандықтан алмасатын
қуаттын өзі 644 КДж немесе 154 ккалкүн болады.
Тауықтың қозғалу мүмкіндігіне қарай торда бағылатынына алмасатын
қуатты 37%, ал жерде (еденде) бағылатынына – 50% өсіреді. Сондықтан торда
ұстайтын тауықтарға 882 КДж (221 ккал) жалпы алмасатын қуат, ал еденде
бағылатындарына – 996 КДж (230 ккал) керек.
Ал олардан өнім өндіру үшін тағы да қосымша қуат көзі керек болады. 1
дана жұмыртқа өндіру үшін тауыққа 360 КДж (86 ккал) қажет.
Қорыта айтқанда тауық тіршілігіне, жүріс-тұрысына және жұмыртқа
өндіруіне торда ұстаған тауықтың әр басына тәулігіне 1242 КДж (296 ккал),
ал еденде бағылғандарына – 1326 КДж (315 ккал) алмасатын қуат жұмсалады.
[1]
Амин қышқылдарын мөлшерлеу. Құсқа арналған тәуліктік азық үлесінің
құрамындағы алмасатын қуаттың тиімді деңгейі өте қажет көрсеткіш. Себебі
құстың протеин мен амин қышқылдарын қабылдап, түгел пайдалануы сол қуат
деңгейіне байланысты.
Құстың амин қышқылдарын пайдалануы, олардың жеммен келіп түсетін
құрамына байланысты. Негізінде құсқа керек амин қышқылдары мөлшерінің 40-
45%-ы ауыстырылмайтын, ал 55-60%-ы ауыстырылатындарымен қамтамасыз етіледі.

Амин қышқылдарымен қамтамасыз етілсе, протеин де жеткілікті болады.
Сондықтан протеиннің құралуы ауыспайтын аминқышқылдарының мөлшеріне
байланысты болады. Негізінде мал өнімдері қалдықтарынан дайындалған мал
азығы құрамында ауыспайтын амин қышқылдары көп болады, ал өсімдік
азықтарының кейбіреулерінде ғана кездеседі. Мал өнімдерінің қалдықтарынан
дайындалған жем бағаларының қымбаттауына қарай құсқа құрама жемді көбіне
өсімдік өнімдерінен дайындайды. Өсімдік өнімдері протеиннің сапасын
жоғарылату үшін синтетикалық амин қышқылдарымен толықтырылады.
Құстың жүгері және бұршақтұқымдас азықтардан тұратын тәуліктік азық
үлесінің құрамына метионин амин қышқылын қосады. Құстың бидай-арпа және
жүгері-күнбағыстан тұратын жем түрлерінде үнемі метионин мен лизин (сутегін
тотықтырады) жетіспейді. Лизин және метионин құстың өсуіне тікелей әсер
етеді. Оның үстіне лизин амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын бірнеше
гормондардың құрамына кіреді. Тез пайдаланылатын көмірсутектері жетіспеген
жағдайда глюкоза мен кетондық органикалық заттар алуға лизиннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемнің химиялық құрамын талдау
Құстардың өсіп - жетілуі
Құс фабрикасы
Жібітілген құс ұшасы
Құстарды бонитировкалау
Балапандарды өсіру
Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Жыртқыш құстардың сипаттамасы
Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі сапасына әсері
Ұша мен ағзаларын тексеру әдістері және оны ұйымдастыру. Құс және құс өндейтін кәсіпорындарына арналған талапттар
Пәндер