Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Сұрақтар ТОӘ 2013
ж.
1. Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері.
Әдістеме дегеніміз – методика. Методика сөзі ежелгі грек тілінен
аударғ дегеніміз – методика. Методика сөзі ежелгі грек тілінен
аударғанда – таным тәсілі, зерттеу жолы деген ұғымдарды береді. Әдіс
дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі.
Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты
оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық
ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында
тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады.
Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын
жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды
міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып
баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме
тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.
Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты
оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы – оқытудың
әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын
құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты –
оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың
оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі
қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар
жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің
арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-
үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам
алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға
қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану,
мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты
ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын
пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты
оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып
келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым
өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып,
шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете
алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз
пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін
өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи
материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің
әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін
оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес,
тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің
әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген
сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
2. Кеңестік кезең мен қазіргі кезеңдегі тарихты оқыту әдістемесінің
дамуы. Озық тәжірибелер.
3. Тарих сабағын жоспарлаудағы тақырыптық жоспарлау және оның маңызы.
Мемлекеттік базистік оқу жоспары арқылы білім берудің деңгейі мен
мазмұнының республикалық, ұлттық және мектептік құрауыштармен
айқындалады. әр мектеп өз оқу жоспарын мына жағдайларды ескеріп жасайды:
А) базистік оқу жоспарында міндетті білім берудің ең төменгі мазмұны
қандай; ә) оқушылардың ең көп апталық жүктемесін; б) республикалық және
облыстық құрауыштардың арақатынасы (оқу барғдарламасы бойынша); в) мектеп
құрауышының көлемі қамтылуы тиіс.
Мектептік құрауыш таңдауы бойынша білім алуды айқындап, оқу
мекемесінің, оның бағдарламасы мен оқу жоспарының ерекшеліктерін құрайды.
Оқу жоспарында оқылатын пән бірізділік сақтап, жылдарға бөлініп, әр жылға
тиесілі оқу сағаттары белгіленеді. Оқу жоспарына сәйкес мұғалім өз
жоспарын жасайды. Ол жоспар жалпы, тақырыптық, және сабаққа арналуы
мүмкін.
Тақырыпты және сабақты жоспарлау тақырыптық жоспарлауда кейде
күнтізбелік деп аталады уақытты белгілеу курсты уақытылы оқып-үйренуді
ғана емес, сонымен бірге оқып-үйренудің келешегін көре біліп, таяу және
алыс мақсаттарды, негізгі мәселелерді қайталау уақытын белгілеп, нәтижені
болжай білуге мүмкіндік береді. Бұл жерде қандай білім блоктарын
біріктіріп, қысқартып өткізуге болатындығы (жеке тақырыптарға маңызы
төмен ақпараттарды қысқарту арқылы қосымша сағат резервін ұстаудың маңызы
зор); қандай тақырыптар бойынша сынақ, семинар, саяхат ұйымдастыруға
болатындығы айқындалады. Дегенменде, тақырыптық жоспарлаудың негізгі
мақсаты – тақырып мазмұнын теориялық тұрғыда ой елегінен өткізу (басты
идеялар, маңызды ұғымдар, бұрынғы тақырыптармен байланыс). Сонымен бірге,
мемлекеттік стандартқа сүйеніп күшті, орташа және әлсіз дайындықтағы
оқушылар игеретін білім, дағды деңгейін анықтаудың да маңызы зор.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар мынадай бағандарды қамтуы мүмкін:
бөлімнің, тақырыптың аты, күнтізбелік мерзім, тақырыпқа бөлінген сағат
саны, сабақты аты, және рет саны; сыныптан тыс жұмыс, әдебиеттер.
Бұған қарағанда сабақ жоспары барынша нақты болады, сабақ тақырыбы,
типі, сағат саны, негізгі ұғымдар, идеялар және мәселелер, жеке тұлғалар;
байланыс түрлері, оқыту құралдары, құжаттар.
Осылайша жоспарлауды жаңа материалды игерудің іргетасы деп бағалауға
болады. Оқу бағдарламаларында тақырыпты игеруде бөлінген сағаттар саны
мөлшермен берілгендіктен, оқу уақытының нақты бөлінуі мұғалімнің
жоспарында көрініс табуы тиіс. Оның үстіне тарих курсының бағдарламалары
мен мемлекеттік стандарттан мектеп оқулығының өзіндік ерекшеліктері
болатындығы ескертілуі керек. Түрлі кемшіліктерге жол бермеу үшін мұғалім
тарихты оқытуды жоспарластыруды мемлекеттік талаптарға жауап беретіндей
етіп ұйымдастыруы орынды.
4. Тарихи байланыстар, оның түрлері, маңызы.
5. Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен іскерліктерін
дамыту.
Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқушылардың дербес жұмыс істеу
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқу дағдылары мен
ептіліктерінің болмауы оқушылардың өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алмауынан
тым жұмысбастылыққа апарып соғады. әдіскерлер мен дидактиктер арасында
іскерлік пен дағды туралы түрлі көзқарастар орын алған. Олар мыналар:
іскерлік – қандайда болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеру.
Автоматты деңгейге дейін жеткізілетін іскерлік – дағды болып
есептеледі.демек, іскерлік бірте-бірте дағдыға ұласады. Мысалы, әуелі
мәтінді оқу іскерлігі пайда болады, ол кейін жылдам оқу дағдысына айналады.
Іскерлікті меңгеру үшін әрекеттің тәсілін біліп, үнемі жаттығу қажет
болады. Енді бір авторлар іскерлікті әрекеттің тәсілі туралы білім, дағды
қалыптастырудың бастапқы сатысы деп еептейді. Іскерлікті саналы, тиянақты
әрекетке дайындық немес өзгермелі жағдайда мақсатқа саналы түрде жетуге
қажеттілік дейтіндер де бар .жалпы дағдыларды 4топқа бөлуге болады:
Оқу ұйымдастыру дағдысы (әрекетті жоспарластыру, тапсырманы тиімді
орындау, өзін өзі бағалау, күн тәртібін реттеу)
Сөздік дағдылар (ауызша және жазбаша, сұраққа жауап беру, мәтінді
баяндау, сынап талдау)
Оқу ақпараттық дағдылар (кітапен, оқулық хрестоматиямен, анықтама,
библиография, каталогпен жұмыс)
Оқу ақыл ой дағдылары (әрекетті дәлелдеу, ақпаратты қисындық тұрғыдан
қорыту және мазмұндау, мәселені шешу, қабылдау және еске түсіру, өзін-өзі
қадағалау. )
Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің
ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмүнын қалай меңгеріп
отырғандықтарын білудіңмаңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп
оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен
тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді
меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып,
теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи
процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек.
Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту. Оқушының
ойлау дағдысы бойынша 4 деңгейге бөлеміз.
Міндетті деңгей. Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы
қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи
факті, дата, тұлғаларды жаттап алады.
Алгоритмдік деңгей. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға ты-рысады.
Мүғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін
игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан.
Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиетді
пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық
ойлау қабілеті дамиды.
Шығармашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы
шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Ойлау
дағдысы жоғары денгейде қалыптасқан. Берілген тапсырмаға өз бетімен
мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін қазіргі оқытудың түрлері:
түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы жеке ізденіс,
зерттеушілік қолданылады. Осылар арқылы оқушының кызығушылығын ояту,
танымдық-логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
Тест әдісі - оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін
дамытады. Әр оқушы өз білім дәрежесін өзі бекітеді, өз бетімен жұмыс
істейді уақытты тиімді пайдаланады. Тестті әбден ойластырып жүйелі түрде
кұрылуы шарт. Төменгі деңгейдегі оқушының ойланбай белгілей салмауын
кадағалаймыз. Оқушының сұраққа түсіне, ойлана жауап беруін қадағалаймыз.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай
жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдык тарихи іс-әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда
көрінетін адамның жеке қасиеті - деп жазады Т.Тәжібаев.
6. Тарихи құжаттар, оның түрлері мен оқып-үйрену тәсілдері.
Тарихты оқытуда жазбаша құжаттарды қолданудың маңызы. Тарихи
дереккөздеріне адам қолымен жасалған – оның қоршаған ортамен байланысының
нәтижесі, материалдық мәдениет салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштері
жатады. Әдістеме пәнінде кеңі мағынада айтқанда , жазба ескерткіштерді
тарихи құжаттар деп атайды.
Құжаттар оқушылардың білімін тереңдетіп, нақтылап, сабақтың көрнекілігін
арттырады.
Сонымен, тарихи құжаттарды қолданудың маңызы неде? Құжат мұғалім
әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады.
Құжаттың маңыздылығының бір қыры – ол тарихи материалдарды нақтыландырып,
өткен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңы келтіріп, дәуір
тынысын сезуге көмектеседі. Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау
және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі
және тарихи сананың дамуы жемісті бола түседі. Оқушылардың мынадай дербес
жұмыс істеу дағдылары қалыптасады: құжатты оқу, талдау және қажетті
ақпаратты теріп алу, бұрынғы және қазіргі құжаттардың маңызын бағалап,
талқылау. Оқушылар сабақ барысында құжаттардың тарих ғылымы үшін маңызын
танып, олардың бір кездері өмір сүрген адамдардың ізін аңдай алады.
Тарихи құжаттардың түрі және оларды сабаққа таңдап алудың өлшемдері.
Тарихты оқытуда қолданылатын құжаттарды топтастыру тәсілі тарих ғылымында
қолданылатын зерттеу тәсілімен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Ол құжат
мәтінінің сипатына негізделеді. Ол сипат бойынша барлық құжаттар екі түрге
бөлінеді: бірінші – баяу суреттеу құжаттары; екінші - өз кезінде
практикалық маңызы болған актылық сипаттағаы құжаттар. Бұл құжаттар бірін
бірі толықтырып отырады. Ал көркем сөз ескерткіштерінің құжаттардың қосымша
тобын құрайды.
Актылық құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық құжаттарды
құрайды. (грамота, заң, жарғы. Келісім-шарт, статестикалық және тергеу
құжаттары, бағдарламалар, сөздер)
Баяндау-суреттеу құжаттары – жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат,
саяхат жазбалары құрайды.
Көркемсөз ескерткіштері – ежелгі және ортағасырлар тарихындағы ауызекі
шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,ғ жоқтау жырлары, эпос)
Сабақта қолдану үшін ғалымдардың пікірі бойынша, құжаттар мынадай болуы
керек:
-тарихты оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы;
- сол дәуірдің негізі, барынша тұрпаттық деректері мен оқиғаларын қамтуы
тийіс;
- бағдарламалық материалдмен тығыз байланыста болып, тарихи білімнің
өзектілігін арттыруға ықпал жасауы керек;
- мазмұны мен көлемі оқушыларға ауырлық түсірмеуі тиіс; тарихи құбылыс,
оқиға туралы оқушылардың білімін нақтылап тереңдететіндей құжат мазмұнында
тұрмыстық және сюжеттік нақтылық болуы; оқушыларға белгі бір сезімдік ықпал
жасауы тиіс.
Құжаттар мен жұмыс істеуге үйрету мынадай кезеңдерден тұрады:
1) мұғалім құжатты талдаудың үлгісін береді;
2) оқушылар мұғаліммін көмегімен құжатты талдайды
3) Мұғалім жетекшілігімен жеке, дербес жұмыс жүргізеді;
4) Құжатты сыныпта немес үйде оқып үйренеді.
7. Тарихты оқытудың әдістері мен тәсілдері, оның түрлері.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер қатарына: суреттеп-сипаттап
әңгімелеу, түсіндіру, деректермен өзіндік жұмыс ұйымдастыру, шапшаң,
мәнерлеп оқыту, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі
мәселені табу, берілген сұрақ бойынша басқа оқушының ойын тапқызу,
тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, туған өлке тарихының материалын
пайдалану, түрлі жазба жұмыстарын орындату т.б.
Оқыту әдістері дегеніміз оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара
байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұцымдастырудыі тәсілдері.
Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс дегеніміз –
мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке жетелейтін
жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. әдістер қалай оқыту керек деген
сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет жүйесінен,
оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің
субектісіде, обьектісі де оқушының өзі.
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. әдетте
мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал
жеке оқыту әдістері таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе
зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке
келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-
ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең
басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық
фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын
жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын
түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту
құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты
объектілер, өндіріс, құрылыс.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырған
8. Тарихты оқытудағы көркем әдебиет нұсқаларын пайдалану әдістері.
1.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану бәрінен бұрын оқушының
тарихи фактіні ойына ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдағы тап
тартысын нақты дерктермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі
кескінмен елестетеді. Әдебиет - сөзбен сурет салу емес. Ендеше тарихи
деректі оқушының жай бір өтіп кеткен іс, оқиға, факті ретінде емес, адам
тағдыры, оның басынан кешкен сан қилы оқиғалары ретінде түсініп, оған
тарихи мән бере, тебірене қарауына ықпал туғызады. Мысалы, XIX ғасырдың
екінші жартысындағы Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс-қазақ
жұмысшыларының езушілерге қарсы күрестерін көрсетуде Ғ. Мүсіреповтің
Оянған өлке романынан мысалдар келтірген жөн. Әсіресе, Оралдан азып-тозып
Қарағандыға қашқан жұмысшылардың аянышты халін, өндірістегі қазақ
жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушының есінде тарихи
оқиғаны мәңгілік бейнелеп тұрады.
2.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану оқушыны еңбектене білуге
үйретеді. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліс басшысы Амангелді тарихи тұлға.
Оқушы тарих сабағында Амангелді батыр бейнесімен тарихшы пайымдауы арқылы
танысады. Ал енді батырды жазушы немесе ақын қалай сомдайды, характерін
қалай ашып көрсеткен деген сұрақ бойынша оқушы ізденіс жұмыстарын
жүргізеді. Сөйтіп, М.Жұмағұловтың Қыран қазасы қияда романы, Омар Шипин,
Күдері Жолдыбаевтардың Амангелді туралы жырларымен танысып, оларды өзара
салыстырады, сөйтіп өз дүниетанымындағы өзінің Амангелдісін жасап шығарады,
ал бұл үлкен еңбекпен ғана келетін құбылыс.
3.Тарих сабағында көркем әдебиет жүйелі әрі үнемі пайдаланылса,
оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды да көркем тілмен,
көңілге қонымды баяндауына қолайлы жағдай туғызады. Оқушының сөздік қорын
дамытып, пікірін нәрлендіреді, ойын оралымды баяндауына көмектеседі.
9. Жалпы тарих курсы (жаңа заман). Негізгі ұғымдар мен жетекші пікірлерді
оқып-үйрену жүйесі.
10. Қазіргі заман тарихы. Оқу материалын проблемалық-тақырыптық топқа
бөлу.
11. Тарих сабағындағы танымдық тапсырмалар, оның түрлері мен маңызы.
Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға
бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік
өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі
болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып,
журнал-газет шығарады.
Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері,
көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу
үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер
құрастыруға машықтанады.
Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен
орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы
керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта
орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез
келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру
кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің
ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ
жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу
әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым
сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.
12. Мектептегі тарихты оқыту бағдарламасы, оның мұғалім жұмысындағы рөлі.
Стандарттар.
13. Тарихтан бейнелік көрнекі құралдар, оны қолдану тәсілдері мен оған
қойылатын талаптар.
14. Мектеп лекциясы, оған қойылатын талаптар.
Дәрістер – мұғалімдер соңғы уақытта жоғары сыныптарда дәріс оқуға
әуестеніп алды. Дегенмен, әдістеме ғылымм классиктерінің мектеп дәрісі –
мазмұндау нысаны емес, тарих сабағының бір түрі, оны жүргізудің ерекше
әдісі деген тұжырымы естен шықпауы керек. Сондықтан мектеп дәрісі ерекше
әдістемені қажет етеді. өйткені айтылғанды жазып отыру үшін дәріс тыңдау
нәтиже бермейді. Дәріс барысында кітап оқығанда және кітапты
конспектілегенде атқарылатын жұмыстар жасалуы тиіс. Дәрістің мақсаты –
тыңдау, талдау, басты мәселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту.
Сол үшін бастапқы кезде оқушыларды тарих оқулығын конспектілеуге үйрету
қажет.
Келесі кезде оқушыларды ауызша сөзді конспектілеуге үйретуге болады.
Түсіндірудің алдында мұғалім оқушыларға түсінікті және жазбаларының
бірізді болуы үшін қысқаша жоспарды айтып жаздырады. Материалдың белгі
бір бөлігін баяндаған мұғалім оқушылардың қатысуымен негізгі ойды
айқындайды, жазатын мәтіннің нобайын жасайды. Материалды баяндау
барысында оқушылардың жазу жылдамдығын қадағалау қажет.
Оқушылардың қалай жазып отырғанын да әркез қадағалау орынды, қажет болса
жазған мәтінін оқыту, қатесі болса түзету, тіпті ажазу барысында қандай
сөздерді қысқартуға болатындығы ескеріледі. Олар келесі сабақта өз
жазбаларын оқи отырып, басты мәселенің қайсысы назардан тыс қалғандығын,
екінші кезекте қандай деректі жазбай қоюға болатындығына көз жеткізеді.
Мазмұнына және дидактикалық міндетіне байланысты мектеп лекциясы мынадай
түрге бөлінеді: 1) курс бөлімінің негізгі мәселелерімен алғаш рет
таныстыратын кіріспе лекция; 2) теориялық материал және негізгі
деректерді қамтитын тақырыптық дәріс; 3) тарих курсы борйынша негізгі
мәселелерді оқушылардың жадында жаңтыртатын қайталау – жинақтау дәрісі.
15. Тарихи түсініктер, олардың түрлері мен тарихи білімдердің қалыптасу
процесіндегі рөлі.
Оқып үйренген деректердің негізіңде оқушы санасында белігілі бір
тарихи ұғымдар жүйесінің нақты түсінігі қалыптасады. К.Д.Ушинский
оқушыларды алаңдатуды емес, нақты бейнелікке, көрнекілікке негізделген
түсінік қалыптастыруды ұсынады. Оқушының санасында дұрыс, толық түсінік
қалыптастыру үшін бейне картинаны көрсетіп, оны ауызша түсіндіру
жеткіліксіз. Оған қоса ол ұғымды нақтылап, бекітуге көмектесетін әдістерді
қолдану керек. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу немесе
нысанды кескіндемелік тұрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады.
Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе орта буын оқушылары үшін аса
қажет. Бұл жерде тарихи картиналар мен образдар сияқты білім элементтері
негізінде пайда болған қиял тарихи ұғым қалыптастыруымызға ұласатын
болғандықтан оны түсінікті етіп, барынша тәптіштеуге тура келеді. Ондай
болмаған жағдайда оқушылар өткен шақты бүгінмен шатастырады да олардың
жауаптарында мынадай қате сөйлемдер кездесуі мүмкін: Түрік қағанатында
құлдардың жағдайы ауыр болды, олар жыртық джинсимен жүрді, нсмесе шет ел
елшілерін күткен Абылайханның дастарқаны молшылықтан майысып тұрды, онда
конфеттер мен шоколадтар өте көп болды.
Ғылымда тарихи түсініктің үш түрі белгілі. Олар өткен кезең туралы
түсініктер (материалдық, әлеуметгік-саяси, адамдардың тарихи-мәдени өмірі
және т.б.); тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғалар мен кұбылыстың ұзақтығы,
бірізділігі); тарихи кеңістік туралы. (оқиғаның нақты әрекет ету орнына
тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз
қалайды.
Егер оқушы оқу материалын нақты түсінікке негіздемей игеретін болса,
бұл оқытудағы вербализмге ("вербалис" (лат) – ауызша, ауыз екі) соқтырады.
Сөз жүзінде оқыту кезінде тарихи деректср, жалаң баяндалып, оның маңызы,
адамдардың тағдырына ықпалы назардан тыс қалып, оқушыны қызықтырмайды.
16. Тарихи карталар, оның түрлері мен маңызы. Картографиялық материалды
оқыту құралдары мен әдістемелік тәсілдері.
Тарихи карталар географиялық негізде жасалады және тарихи оқиға немес
дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі-шартты көрінісін танытады. Ол
көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масштабқа түсіріледі.
Карталарда тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың байланыстары мен
орналасуы шартты түрде беріледі. Ең ежелгі карталар б.д.д. ІІІ-І
мыңжылдықтарта Вавилон мен египетте жасалса, арнайы оқу карталары Ресейде
18 ғасырдың соңында дүниеге келді.
Тарихи және географиялық карталардың бір бірінен айырмашылықтары бар.
Георграфиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына
береді. Тарихи картаның тағы бір ерекшелігі – онда оқиғалар мен
процестердің қозғалысы ашылады. Картада тарихи қозғалыс мынадай шартты
белгілер тілінде сөйлейді: әскери соққы – жебе, шайқас алаңы – айқасқан
қылыш, көтеріліс ошақтары – алау.
Тарихи карталар аумақтарды қамтуы; мазмұны; масштабы бойынша
ерекшеленеді.
Оқу татарихи карталар мазмұны жағынан тақырыптық және жинақтаушы деп
бөлінеді. Жинақтаушы карталарда мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу
бағдарламасы бөлімінде қарастырылатын негізгі оқиғалар мен құбылыстар
белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. Жинақтаушы карталарды
тақырыптық карталар одан әрі нақтыландыра түседі. Оқу тақырыбының
оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан ол карталар тақырыптық деп
аталады. Ол карталарда тақырыпқа қатысы жоқ белгілер бейнеленбейді.
Картаграфиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болады. Сондықтан
тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы тар мақсат емес, тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды барынша терең ұғынудың құралы болуы керек. Ол үшін тарих
кабинетінде сонымен бірге дәлізде де тарихи картаның үнемі болуы шарт.
Сабақтан тыс уақытта да картаны пайдалана алу мүмкіндігі оқушылардың
ондағы белгілерді игеруіне көмектеседі. Сабақ үстіндегі мұғаліммің
әңгімесі немесе тарихи оқиғаны суреттеуі әркез картадан көрсетумен бірге
жүруі тиіс.
Бір картадан екінші картаға ауықанда сабақтастық болуы тиіс. Тарихи
картамен жұмыс істеген оқушы мынадай білімдер мен дағдыларды игеруі тиіс.
а) білуі тиіс – картаның аты, оның тақырыбын және негізгі мазмұнын
білдіретіндігін, тарихи карта белгілі бір хронология шегіндегі шындықты
бейнелейтіндігін; онда әртүрлі кезеңдердегі оқиғалар бейнеленуі
мүмкіндігін; картаның масштабы болатындығын; шартты белгілердің сыры
картаның аңызы бойынша шешілетіндігін.
ә) жасай алуы тиіс: картада бейнеленген географиялық кеңістікті танып
және атай алуы; картада бейнеленген оқиғаның уақытын және бірізділігін
анықтай алуы; картада бейнеленген ақиқатты дұрыс оқып, сөзбен айтып бере
алуы; т.б.
17. Тарихи факт, оның түрлері мен ерекшеліктері, тарихи материалды
игерудегі рөлі.
Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім. Білім адамзаттың
әлеуметтік тәжірбиесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан
құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи
шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды
негіздейді. Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан
басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материалмен
теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері,
құрылымының қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу
процесінде оқушылар дерек, құбылыс,оқиға, процес сияқты санаттарды қолдану
арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Тарихта дерек нақты жағдайдың,
тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасы ұлт- азатық қозғалыстың жеке дерегі. Тарихты тану
процесінде деректің маңызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау,
салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу –
тарихи танымның құралы. Нақты деректермен тарихи материалды баяндауда
бейнелікке қол жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады.
Мысалы, Ұлы Отан соғысы - негізгі, Курск шайқасы - қосалқы дерек. Сабақта
деректі қолдану үшін оның ғылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін,
эмоциялығын айқындап алған жөн. Орта сынып буындарында дерек бейнелі,
эмоциялы болса, жоғары сыныптарды ол құжатқа сүйенген, дәлелді болуы тиіс.
Тарихты оқытуда дерек пен жинақтаудың арақатынасының жігін білген жөн. Бір-
бірімен байланысы жоқ, жинақталмаған тарихи деректер басым болса, ол сабақ
деректер жинағына, ал нақты дерекке сүйенбей жинақтау мен қорытынды
пікірлерді негізге алған сабақ социологияға айналып кетеді.
Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады.
К.Д.Ушинский адам санасы біртіндеп көбейту, екіншіден оны өңдеу арқылы
байиды. Деректік білім неғұрлым парасатты болған сайын, ол шикі материал
неғұрлым жақсы өңделген сайын адам дами түседі, күшейе түседі,- деді.
Тарихи терминдермен жұмыс жасаудың оқыту процесіндегі маңызы ерекше.
Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрә
дәл айтып бере алуынан байқалады. Бұл жағдайда тарихи ұғымдар мен
заңдылықтарды өз атымен атау- ойдың жүйелілігін, білімнің нақтылығын
көрсетеді.
Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын
педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен
жұмыс жасауға баса мән беру тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстардың бір түрі-
оқушыларға тарихи терминдер сөздігін жасату. Күнделікті сабақ барысында
және сабақтан тыс шараларда жүргізілетін бұл жұмыс оқушылардың тарихи
білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды.
18. Мектептегі тарих курсының мазмұны, оның мақсаттары.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі
факторлары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына
байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде
оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың
түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтежиелерәмен айқындалады.
1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде
өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда
көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық
шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы
мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады.
Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер
коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән
ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих
пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік
идеяларға бағытталды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи
даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен
өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде
оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі
жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың
мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін
сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып,
оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға
бейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға
қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер
мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік
және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа
мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу
дағдысын қалыптастыру.
Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде
жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста
болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу
факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап,
оның сапасының жақсаруына жол ашады.
2. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында
өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары,
фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар
қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың
мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады.
Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу
түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы
меңгереді.
3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік,
баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты.
Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен
оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқандайды. Жақсы жолға қойылған
оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық
дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді
нәтиже береді.
Әдіс, тәсілдар мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес),
сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ),
сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз
байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге
керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм
т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.
Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы
және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде
оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.
4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған
сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты.
Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғанаң ойлауын, қиялын, ерік-жігерін
және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу
процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті
дамиды.
Қабілеттілік дененіміз не? Ол тарихты оқып игеруде табысқа жетуге
алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің
әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.
5. Оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей
байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың
интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін
дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы
байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді
қолдана алудан көрінеді.
Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір
сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы,
курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың
қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4)
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері
алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын
танытады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне
оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін
бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай
тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін
зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос
уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат,
ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.
19. Тарихи терминдер мен ұғымдарды оқыту әдістемесі, оларды оқытудың
дедуктивті және индуктивті жолы.
Ұғымдар сөз термин түрінде қалыптасады. Термин – белгілі бір сөздің
қандай мағына беретіндігін, оның бастапқы мәнін білдіреді. әрбір жаңа
термин мазмұнын ашуды қажет етеді. Оқушылардың санасында сөздер бірыңғ,ай
қабылданған жағдайда ғана оқып үйренген материалдың мазмұны да бірыңғай
болады. Сондықтан да терминдерді оқушының енжар сөздік қорынан белсенді
сөздік қорына ауыстыруға бағытталған арнайы жұмыс жүйесі керек.
Терминдер әртүрлі тәсілдермен түсіндіріледі. Егер ол заттық ұғымды
білдірсе мұғалім оның бейнесін макетін көрсетеді. Немесе суретті көрсете
отырып ,заттың, құралдың атауының пайда болуын түсіндіреді. Мысалы:
жетіген – жеті шекті музыкалық аспап.
Сол сияқты географиялық атауларды қазақ тіліне аудару арқылы да
терминдерді түсіндіруге болады. Мысалы Мавереннахр – қос өзен аралы;
прогресс – алға қарай даму;
Кейбер терминдерді заттың шыққан жерімен байланыстырып түсіндіруге
болады. Мысалы, пистолет – Пистоя қаласынан шыққан.
Сабақ барысында сол дәуірге тән емес терминдерді қолдануға болмайды.
20. Хронологияны оқыту құралдары мен әдістемелік тәсілдері.
Оқиғаның барысы мен бейнесін, олардың себептері мен салдарын
белгілейтін хронологияның тарих ғылымындағы маңызы ерекше. Оқиғаның
болған уақыты белгілі соң барып оның бұрынғы және кейінгі оқиғалармен
байланысын, сабақтастығын айқындауға болады. Хронология – халықтар мен
мемлекеттердің күнтізбесі мен жыл санау жүйесін зерттейтін қосалқы тарихи
пән. Ол тарихи оқиғалардың айы, күнін белгілеуге, қайсы оқиға бұрын,
қайсысы кейін болғанын анықтауға көмектеседі. Хронология тарихи
құбылыстардың ұзақтығын анықтап, тарихи процестерді, тарихи дерек
көздерінің қалыптасу уақытын жүйелейді. Ғылымның осы саласы мектеп
хронологиясының базалық негізін құрайды. Мектепте оқылатын тарих курсының
жүйесі ғылыми дәуірлерге сәйкес бөлімдерге, тарауларға, тақырыптарға
бөлінеді. Олар дәуірлердің негізгі мазмұнын ғана қамтиды. Тарихты оқыту
барысында оқушыларға хронологиялық кезеңдердегі шегі хабарланып, негізгі
оқиға, процесс құбылыстардың даталары беріледі.
Мектепте хронологияның оқытудың мақсаты – тарихи оқиғалар мен
құбылыстардың сабақтастығын, олардың ұзақтығын көрсету, оқушыларға уақыт
өлшемін түсіндіріп, оларды жыл санау жүйесімен таныстыру. Осы мақсаттан
мынадай міндеттер туындайды: оқушылардың санасында тарихи уақыттың дұрыс
бейнесін қалыптастыру, олардың уақыт туралы ұғымының дамуына ықпал жасау,
маңызды оқиғалардың датасы мен уақыт стандарттарын (жыл, ғасыр, дәуір)
игеруге көмектесу.
Мектепте тарихты оқыту маңызына қарай даталарды шартты түрде негізгі
және тірек даталары деп бөледі. Негізгі даталар басты деректерге
байланысты. Мысалы қазақ ордасының (1456) құрылуы негізгі дата болса,
Жәнібек ханның өлімі (1480) ТІРЕК ДАТАСЫ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Хронологияны түсіндіруде уақыт лентасын пайдаланып орындайтын
тапсырмалар беруге болады. Мысалы мұғалім тарихи оқиғаның датасын атайды,
оқушылар оқиға өткен ғасырды анықтап, уақыт лентасынан оның орнын табуы
керек.
Хронологиыны меңгеру бойынша берілетін тапсырмалар әртұрлі болып
келеді. Мысалы оқиғаның датасын көрсету немесе дата бойынша оқиғаны
анықтау, оқиға, датаның арақатынасын белгілеу; оқиғаның ұзақтығы,
хронологиялық сабақтастығын анықтау; даталардың арасынан белгілі бір
процеске қатысын табу, хронологиялық қатар, кесте түзу; оқиға дамуының
кезеңдерін анықтау; оқиғаның кезеңге қатыстылығын белгілеу, оқиғалардың
арасынан ең негізгісін табу; дәуірлердің өлшемдерін негіздеу.
21. Тарих сабағын жоспарлау, оның түрлері мен ғылыми әдістері.
22. Тарихи ұғымдар, оның қалыптасуының негізгі методикалық шарттары,
тәсілдері мен құралдары.
Ұғым. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде, басқа ұғымдарды
қорытуда аса қажет. Жетекші ұғымдардың мазмұнын нақтылап және кеңейту
нәтижесі біртіндеп іске асқаны орьнды. Бір сабақтан келесі сабаққа өткенде
ұғымдардың жаңа қыры ашылып, оның басқа ұғымдардан ерекшелігі, олармен
байланысы айқыңдала түседі.
Ұғамдар белгілі бір сабақтастықты сақтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz