Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру
Орындаған: Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу
мамандығының 2 курс студенті
Қайырғалиева А.С.
Тексерген: П.ғ.к. доцент
Джонисова Г.Қ.
Орал-2014ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруды сюжеттік ойындардың рөлі
1.1. Сюжеттік-рөлдік ойындарды тәрбие құралы ретінде
пайдалану ... ... ... ... 5
1.2. Сюжеттік-рөлдік ойындардағы адамгершілік
тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ..9
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалармен сюжеттік рөлдік ойындарды
ұйымдастыру әдістемесі
2.1. Сюжеттік рөлдік ойындарды жоспарлау және ұйымдастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2. Баланың адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған сюжетті-рольдік
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын – сауық;
- Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр баланың жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар балаларды жан-жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін
қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі.
Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен
бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді. Осы
мәселені шешу мақсатында, мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Мектепке
дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдары деп
алдым.
Зертеу өзектілігі: Ойын балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті
болады. Ойын балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға
үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне
қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа,
ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін балабақшада тиімді
пайдалана білу әдіскердің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап,
білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Зерттеу мәселесі: Мектепке дейінгі балалардың рөлді-сюжнтті ойын
әрекеті арқылы таным процесін дамыту ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы: Егер де, әдіскер балаларға оқу-тәрбие үрдісінде
дидактикалық дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың танымдық
белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың оқуға
деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін
дамытуға болар еді.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін
сюжетті-рөлді ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Балалардың тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-
педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
4. Сюжетті-рөлді ойындардың ерекшеліктеріг айқындау.
5. Балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп,
ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
өткізілетін іс-шараларды зерделеу, ойындар, табиғи эксперименттерді, тәрбие
сағаттары.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.

1.1. Сюжеттік-рөлдік ойындарды тәрбие құралы ретінде пайдалану
Балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Мектепке дейінгі жастағыларға
ойын ең басты қызмет 4 жастағы балаларға Теңіз саяхаты ойыны өте қызықты,
тартымды. Бұл ойында балалардың сюжеттік ойынды өз беттерінше ойнай
алатындықтарын, су көлігінде қызмет жасайтындар туралы көп мағлұмат алады.
Балалар кеменің қандай болатындықтарын, кеменің қайда жүзетіндіктерін, не
тасмалдайтындары туралы біледі.Балалар татулыққа, ұжымдылыққа тәрбиеленіп,
саяхат жасауға сүйіспеншіліктері артады. Сюжетті-рөлдік ойындардың негізгі
мәні балалардың айналамен қарым-қатынастары дамиды. Балалар сюжеттік-рөлдік
ойындар ойнағанда шынайы өмірге еліктейді, жаңа заттардың құрылымымен
танысада. Мысалы: капитанның немесе юнганың рөлін ойнағанда, бала тен қана
мамандық иесі болғысы келмейді, ол тұлға ретінде қалыптасқысы келеді.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала
балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы
жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып
тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын
әдісінің маңызы көп. Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің
мығым тірегі - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас
өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі мекемеден
бастау алады[1].
Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде
ойын технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру
балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс -
әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы
бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай
ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас
ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс.
Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз
ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында
сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар
пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және
балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының
жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар Почта, Дәріхана,
Дүкен, Аурухана, Кітапхана, Отбасы, Балалар бақшасы болып
ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын
балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып
отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі,
бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің екі
жартысында ойнатылады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін
көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің
көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді
әдістерінің бipi[2, 125б].
В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың
қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған
үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз
өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады[3].
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар
белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін
еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді
көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды
жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру
тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті.
Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік
сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек.
Тақырыптық рөлдік - ойындар, қимылды ойындар, дидактикалық ойындар
жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің
негізгі іс - әрекетін құрайды.
Ойын түрлері:
• Дидактикалық ойыны
• Шығармашылық ойыны
• Сюжеттік рөлдік ойыны
• Қимылды ойындар
• Ұлттық ойындар
• Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш
түрлі етіп өткізуіне болады.
Ойынның түрлері: Дәл осындайды тауып ал, Салыстыр да, атын ата,
Қай ағаштың жапырағы, Бірдей ойыншықты тап,Қайсысы көп, қайсысы аз,
Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, Қай сурет тығылды?, Бір
сөзбен ата, Кім байқағыш, Қиылған суреттер, Ұқсасын тап4 - ші не
артық?, Есіңде сақта, Сөз ойла, Сөз құра, Жұмбақ ойла, Жақсы -
жаман Жалғастыр,Үш сөз ата т.б. Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар
балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және
саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды
өткізу дайындығын көрсетеді. Ойындар: дидактикалық, қимылды, сергіту,
сюжетті - рөлдік, жарыс. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды
өткізу процесінде жас өспірімнің тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында
төмендегі тәсілдер ұсынылады:
Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, түрлі түсті қағаздар,
ойыншықтар,тәсілдер. Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай
рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала
сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Сюжеттік —
рөлдік ойын: Менің сүйікті кейіпкерім!. Баланың сүйікті кейіпкерлері
болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер
рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың
жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады,
эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері
дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді. Қазақтың халқы
мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер
қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Ұлттық ойындар атадан балаға,
үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері,
шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын
өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып
келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі. Баланың бойында ана тілін, ата
- баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде
ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Жас өспірім ойын арқылы
дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп
үйренеді, өз бойына қабылдайды. Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын
талаптар төмендегідей:
• Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.
• Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың
қызығушылығына сәйкес дайындау.
• Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.
• Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.
• Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне
көмек, жәрдем беру керек.
Балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік
меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп
қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің
кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы
өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет
жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.
Қорыта келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын,
өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу
материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге,
өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге
көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған
тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің
тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
1.2. Сюжеттік-рөлдік ойындардағы адамгершілік тәрбие
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақа та , қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар
бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп
жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті
мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана
оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды
бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың
сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын
сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі
кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын
сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы,
балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін
ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да
артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-
15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа,
мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше
күнге созыла береді.
Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да,
ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын
сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен
ойындардын ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке
дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан
түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан
көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының
түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері—
мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық
эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік
сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы
басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім
түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге
айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ
түрліше ойнайды.
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар
рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені
негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны. сол болып табылады. Әр
түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді.
Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре
отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет
қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету
мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады
.Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды
бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады.
Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына
қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар
жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен
көрсетіледі.
Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін
жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады.
Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда
ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын
заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде
екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі
тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші
затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады.
Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынның
мазмұны ретінде көбіне адамдар арасындағм қарым-қатынас көрінеді.
Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу
баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар
үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функңиясы
мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады.
Мектепке дейінгі ересектердің рольді ойынының мазмұны өзі қалаған
рольден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Бұл жастағы балалар
ережелерді орыңдауға төтенше міншіл келеді. Ойында қоғамдық мінез-құлық
ережелерін орындай отырып не болатынына? назар аударады. Сондықтан олар
ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: Аналар
бұлай істемейді, Дәрігер ауруларды осылай қарай ма? - және т. б. дейді.
Сонымен, рольді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы
үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек үғына түскендігін
бейнелейді.
Ойын жайындағы балалардың шынайы өзара қарым-қатынастары олар тек
өздері келіскенде ғана пайда болады, бірақ байқаусыз түрде ойын барысында
да өтуі мүмкін. Ойын жөнінде пайда болатын шынайы өзара қарым-қатынастар,
біраз кейінірек, ойын сюжетімен анықталатын өзара қарым-қатынастарға да
ауысады. Бұл жағдайда сюжетті қарым-қатынастар формаға айналады да одан
шынайы қарым-қатынастар байқалады.
Балалар арасындағы шынайы өзара қарым-қатынас сюжетті байланыстарды
мүмкін болатын логикасына сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, самолет және жол
жүрісі тәртібін реттеушісі ойынын бастаушы осы ойынды ұсына отырып, өзі жол
жүрісі тәртібін реттеуші болады. Бұл жағдайда ойын бастаушы өзіне тиісті
роль бойынша басқа балаларға жетекші болу мүмкіндігіне ие болады.
Балалар арасындағы шынайы қарым-қатынас сюжетті байланыстың логикасына
сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, ойын бастаушы өзіне бағыныңқы рольдің
бірін (ол бүкіл эскадрилья самолетінің бірін бейнелейді) алады да, жол
жүрісі тәртібін реттеушінің ролін алған балаға бағынады.
Егер бастаушы өзіне бағыныңқы рольді алса, бірақ ойынға нақтылы түрде
жетекшілік етіп отырса, онда ойындағы өзара қарым-қатынастар шынайы қарым-
қатынастар болып күрделенуі мүмкін.
Жайылған сюжетті түпкі ойын жасау бірлескен іс-әрекетті жоспарлау
шеберлігін дамытумен бала өзімен бірге ойнаушылар арасында тез орнын
табудың қажеттігін, олармен байланыс орнатуды, ойнаушылардың тілегін түсіне
білуді, өз тілегі мен мүмкіндіктерін салыстыра білудің қажеттігін ұғына
бастайды. Мұнда әр бала ойынның жалпы жағдайы мен осы топтағы балалардың
құрамына сәйкес өзін-өзі соларға икемдеуге үйренеді. Ойынға кіріскенде
балалар өздерінің жеке бастарының ерекшеліктерін көрсете бастайды. Біреуі
талап етіп айқай салады: Мен бастық боламын! Мен!. Балалардың бірәзы бұл
тілекті үн-түнсіз қабылдайды. Бірақ арасында оның мұндай мәлімдемесіне
келіспеушілердің табылуы ықтимал. Мұндайда дау-жанжал туады. Рольді
бөлісуге қанағаттанбаған бала ойынға қатысудан бас тартуы мүмкін:
Сендермен ойнамаймын. Бітті! Бірақ ол бірінші орынға ие болғысы келген
баланы ығыстыруы да мүмкін: Кәне бері келіңдер! Бұйрықты мен беремін!
Егер балалар өзара келіспесе, ойын бұзылады. Ойынға деген қызығу, оған
қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге де келтіреді.

2.1. Сюжеттік рөлдік ойындарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір
сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен
қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты
тілді біртіндеп меңгереді.
Е.С. Слеповичтің Сюжеттік-ойын әдістемесі.
Мақсаты: Баланың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуін анықтау.
Әдістеме арнайы іріктелген топта жүргізілген. Балаларды алдын-ала
дайындалған бөлмеге алып барған. Онда келесі тақырыптарға сай ойыншықтар
дайындалған: Емхана, Дүкен, Отбасы, Құрылыс. Әдістеме психикалық
дамуы тежелген балалармен жүргізілген.
Е.С.Слепович және оның шәкірттері жүргізген әдістемеде анықталғандай,
қарастырылып отырған топтағы балалар өздігінен ойын бастамайды. Олар кейде
ойыншықтарды алып, оларды қарап заттық-ойындық іс-әрекеттеттер жасаған. Не
істеп жатырсыңдар деген сұраққа, олар: машинаны жүргізіп жатырмын,
қуыршақты киіндіремін деп жауап берген. Тағы бір жағдайларда балалар іс-
әрекеттерді өздерінің қиялынан шығаратыны байқалған. Егер эксперимент
жүргізуші ойын шартын ұсынбай жатып, ойынды бастауға итермелесе бұрынғы
көрсеткіштер қайталанып отырды, яғни өздігінен ойын бастамады. Алайда,
уақыт өте келе ойынды ұйымдастыруға деген талап арта түсті. Сонымен бірге
топтың бір бөлігі ауыр түрдегі ПДТ балалар ойын бастауға ықыласы болмай,
бөлме ішінде жүгіріп жүрді немесе басқа іспен айналысты. Кейде үлкен адам
ойынның нақты тақырыбын берсе де, балалардың тек жартысы ғана ұсынылған
ойынның шарты бойынша ойынды бастаған. Сонымен қатар жан-жағына қарап
қасындағы баланың немен айналысып жатқанымен жұмысы болмады. Қарастырылып
отырған топтағы мектепке дейінгі балаларда ойыншықтарға деген көзқарасы
өзгеше. Эмоционалды қатынасының төмендігі сүйікті ойыншығының болмауынан
байқалады. Бұл жағдай зерттеу жүргізгеннен ғана емес, ата-аналарымен
сұхбаттан кейін де мәлім болды. Олардың айтуы бойынша, балаларының белгілі,
ұнататын ойыншығы жоқ.
Бұл әдістемені жүргізу барысында балалардың қоршаған орта туралы
білімін, үлкендердің іс-әрекеті туралы білімін, адамдар арасындағы қарым-
қатынасты түсінуін, жинаған білімін ойын шартында қолдана білуін, өз ролін
түсініп және басқалармен қатынас жасауын байқаған. Ойында сонымен қатар,
балалардың өз әрекеттеріне және құрбыларының әрекеттеріне эмоционалдық
қатынасы байқалған.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ойыны жайында жалпы айтсақ: оларға
бірқалыптылық, шығармашылықсыздық, жеткіліксіз эмоция тән. Қалыпты дамудағы
балаларда 6 жаста сюжеттік ойын өзінің даму шыңына қол жеткізеді. Ал,
қарастырылып отырған ПДТ балаларда ойыншылардың өз міндеттерін дұрыс
бөлмеуімен, ойын ережелерінің сақталмауымен ерекшеленеді. Мұндай
ерекшеліктер қалыпты дамудағы мектепке дейінгі жастағы балаларға тән.
Ойынды дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен
дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды
белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына
үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің
негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі
заттарды шегелеуді үлкен дәреже кореді. Баланың осы тілегін қолдау керек.
Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz