Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері



Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Экономика және
биотехнология бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері

Орындаған: Жанабева Э.
Тексерген: Қайрошева Н.А.

Орал 2010

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғи территорияларды
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
2.2. Ерекше қорғалатын
территориялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-
11
2.3. Экологиялық туризмнің географиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ..12-16
2.4 Қорықтарды және табиғат ескерткіштерін
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... .17-18
2.5. Орманды алқаптарды қорғаудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..19-23
2.6.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...24-26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27-28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-
30
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі табиғи
экожүйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен
оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі
дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен
жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай
кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі
деп ғалымдар бекерден – бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар
қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-
өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде
қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы
бағыттағы шаралардың бірі – Жер жанатты деп орынды аталып кеткен небір
тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін
өмір көрсетіп отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми –
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің
биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты
шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен
табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР
мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген
құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен
міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.
Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды
ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.
Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн
деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Экология пәнінен алған білімдерімізді тереңдету;
2. Табиғи территорияларды қорғаудың ерекшеліктерімен танысу.
3. Ерекше қорғалатын аймақтармен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Табиғи территорияларды қорғау туралы түсінік беру, солардың
ішінде
a. Ерекше қорғалатын территориялар туралы;
b. Қорықтарды қорғау туралы
c. Табиғат ескерткіштері
d. Орманды алқаптарды қорғаудың ерекшеліктері туралы түсінік
беру.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Табиғи территорияларды қорғау
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ,
болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы
шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды
пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік,
экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын
қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және
Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи
ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер
қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің
орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау
прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы
заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар
торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар
үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар -
қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар.
Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп
есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл
табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі
көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген
елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң
(аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи
ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану
республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан
республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары
температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан
жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік
Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі топырақты
шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді
жыртқан кезде топырақтың жыртылатын құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді.
Атап айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда топырақ өңдеудің эрозияға
қарсы топырақ қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап, кеңінен
пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес жырту кезінде топырақ қабатын аудармай,
арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез) арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5
см тереңдіктегі тамырын қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында кесілген
сабақтар тік қалпында қалады. Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да, шаңға
айналмайды. Топырақты осылай өңдеген кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы
технологияның арқасында Қазақстан жыртылатын жерді сақтап, Қазақстанның
солтүстігінде астықтан жоғары түсім алуға қол жеткізді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық
географиялық аймақтардың табиғи кешендердiң репрезентативтiк өкiлдiгiн
қамтамасыз ететiн санаттары мен түрлерi саналуан ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) -
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттiң алдын алу,
байқау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-
шаралар кешенi болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) -
судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау,
жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi
мүмкiн iс-шаралар кешенi.
Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен
реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру,
туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-
мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк қорғауға алынған
қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы.
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық,
ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық,
гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафтық
объектiлер мен олардың кешендерi, жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген
түрлерi (таралымдары) (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қызыл
кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және
жойылып кету қаупi бар түрлерi).
Рекреациялық жүктеме - есептiк кезеңде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс
түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы
демалушылардың бiр мезгiлдегi саны.
Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық
табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк
табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының
экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме
бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы.
2.2. Ерекше қорғалатын территориялар
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң
күшеюiмен байланысты жабайы табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде
тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас
табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып
бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты.
Экологтар әрбiр Ресей тұрғыны жылына шамамен 58-65 сағатын
табиғатта өткiзетiнiн есептедi. Халқы көп европалық мемлекетте орманның
әрбiр гектарында адам жылына орта шамамен 44 сағат болады. Үлкен қала
маңында орманда демалушылар концентрациясы жоғары. Бұл қоршаған ортаға
жоғары антропогендi күшi туралы айтады, соның iшiнде табиғаттың
қолтигiзбеген жерлерiне де, әрине Жер биосферасының қалыпты қызметi
қатысуынсыз жүрмейтiн, ландшафтар, кейбiр табиғи территорияларды ерекше
қорғаудың маңыздылығын да көрсетедi.
Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты –
қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе – теңдiктi
сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи
ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы
табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера
аудандары – ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөнiнде айтып отырмыз.
Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың
көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық
паркi, ол Гренландия аралының солтустiк – шығыс бөлiгiнде орналасқан.
Ауданы 7 млн.га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар –
бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды
қорғалады.
Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық – Калахер резерваты –
5,3 млн.га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы – 4,3 млн.га. және Канададағы
Вуд – Баффало ұлттық паркi – 4,5 млн.га.
Тек құрлық бөлiктерi емес, акваториялар да қорғалады – 200 ден
астам акваториальдi (сулы) табиғи комплекстер. Мысал ретiнде ресей
қорықтары – Астрахань (Волга дельтасында), Қиыр Шығыс теңiздi (Приморы
аймағы), Кивач (Карелиядағы Суна өзенiндегi сарқырамамен бiрге).
Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес
категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi
парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4)
табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени –
тарихи және археологиялық заказниктер.
Ұлттық парктер – негiзгi мiндеттерi – табиғи комплекстердi
қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи
ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық
парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын
пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км
алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.
Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық
жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл
территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген
саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер
жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен
бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени
ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер
жүргiзiледi.
Дүниежүзiндегi тұңғыш ұлттық парк – 1872 жылы, АҚШ – да, Вайоминг,
Монтана және Айдахо штаттарының территориясында құрылған Йеллоустан паркi.
Оның ауданы – шамамен 900 мың.га. Ол жер шарындағы ең үлкен гейзерлi аудан:
бұл жерде 3000 гейзерлер, көптеген ыстық көздерi бар. Ол жерде шыршалы
ормандар, альпiлiк шалғындар, прериялар бар. Бизондар, вапиттер, аюлар
(қара және қоңыр), құстардың 200 түрi және басқалар қорғалады.
Ресей федерациясында мұндай парктер аз. 1993 ж басында жалпы
ауданы 3,6 млн.га болатын, 17 парк бар. Олар тек 1980 жылдардан бастап
құрала бастады. 1991 жылы 5 парк ұйымдастырылды. Олардың территориясы
негiзiнен орман және су объектiлерден құралған. Жердi пайдалану белгiсi
бойынша, провинциальдiге ұқсас, олар орталық емес, жергiлiктi әкiмшiлiк
орындарға бағынады. Толық резерват және бағытты тәртiбiнiң резерваттарға
келсек, Қазақстанда оларға қорықтар - бiздiң елiмiздегi ұйымдасу түрi
сәйкес келедi.
Қорықтар – табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн,
жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн
кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын
кеңiстiк. Оның бiр түрi – биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта
биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық
процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң
қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың
дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген.
1999 жылдың соңына қарай Қазақстанда 9, ал Ресейде 75 қорық қызмет
жасады (оның iшiнде 16 биосфералы) жалпы ауданы 20 млн.га, олардың 4-нiң
ауданы 500 мың.га, олар 1991 жылы ашылды. Сонымен бiрге халықаралық ресей-
фин қорығы Дружба - 2 қызмет жасай бастады; шекаралық аудандарда жаңа
халықаралық қорықтар ұйымдастырылды: ресей – норвегия, ресей – монгол,
ресей – қытай – монгол.
Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың.га.),
ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ – шөлдi далалар, батпақтанған
Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған.
Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық – Үстiрт, ол жерде Тұран
ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және
сайғақ қорғалады.
Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады.
Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар
мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi
толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық.
Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi
– бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе
акваториялар). Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық
қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi
болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады.
Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи
объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп
аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы,
Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б.
Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған.
Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау.
Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және
дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және
Атырау қаласында ұйымдастырылады
2.3. Экологиялық туризмнің географиялық мәселелері
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек
экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi
жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк
тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына
тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк
туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық
туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы
болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны
айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның
экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн
Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген
табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы
экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi
ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2007 жылы 491,6 мың туристке қызмет
көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2007 жылы 12,1 млн.
теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи
ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне
қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол
рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде
болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан
мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына
сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған
табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс
дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі
үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден
принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы,
табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм
дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын
болдырмау.
Бірінші кезекті экологиялық мәселелерді шешуде маңыздысы болып
саналатын бұл туризм саласындағы мәселелер. Дамуға бел байлағаннан кейін,
яғни дамыған елдер қатарына кіруді мақсат қылғаннан кейін бірінші орында
қоршаған ортаны дамыту, көркейту мәселелерін шешіп, содан кейін туристік
саладағы табиғи қорғайтын туризм, соның ішінде экологиялық дамуына аса
көңіл бөлу керек.
Экологиялық туризм бүгінде – соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең
тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады.
Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни
экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық
ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік
жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат
ресурстары.
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай
барлық жерде конференциялар, конгресстер, кеңестер, симпозиумдар
(халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар
туризмнің ішінен экотуризмге баса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі
2004 жылы басталған Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі
бастама ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты - ауылды
өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары
арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болып табылады. 2009
жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың
көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Көптеген елдер
тәжірибесі дәлелдегендей туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды
бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын
құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
- аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және
коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;
- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар
өткізу;
- табиғи ландшафтыладың әралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына
жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
- мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі;
- еркін еңбек ресурстарының болуы.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген
мәселелері бар.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі
туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ.
Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын
қалайды.
Ең маңызды және комплекстік мәселе экологиялық туризм мен туристік
қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына,
сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты.
Осыдан келесі мәселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың
жоқтығы.
Экологиялық туризм сияқты географиялық мәселелер бүтіндей туризм екеуі
өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап етеді.
Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де дамуы қонақ үйлер
құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама
өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-
техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты.

Күзетілетін табиғи аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі
уақытта олар қаржылық және материалдық көмекке зар.
Республикамызда экологиялық туризмді дамытуға арналған ғылыми
негізделген бағдарлама осы саланы мемлекеттердің әлеуметтік экономика
саясаты төңірегінде қарастырып, іске асыруы қажет.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне
келесілерді жатқызуға болады:
- экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
- экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі
статистикалық есептің болмауы;
- салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке
шетел туритерін қабылдайтын және отандық туритерді шетелге жіберілуін
жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20 % көлемінде
қосымша құнға салық салынады;
- ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық
туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет
көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
- магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан
экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
- экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және
экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халыаралық тәжірибенің болмауы.
Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде
туристік қызметті мемлекттік деңгейде қабылданған стратегиялармен,
бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету
мүмкіндігін ескерту қажет. Экологиялық туризмнің обьектісі болып табылатын
табиғи су қоймалардың ластануында үлкен рольді мыналар атқарады: туризмнің
моторизациясы; тазарту құрылғалары жоқ туристік базалардың коммуникалды
кәсіпорындарының шығаратын қоқыстары. Әрине, экологиялық туризнің дамуы
секілді сәйкес инфроқұрылымсыз болмайды. Ең бірінші, көрсетілетін
обькетілер оптималды үйлестірілген орындарда, яғни көлікке қол
жеткізімділіктің коммуникациондық құрылыстың, материалдық-техникалық
базаның даму деңгейі мен тамақтану базаларын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің
болуын ескере отырып туристік қызметті дамыту қажет. Өйткені экологиялық
туризмнің обьектісі жаратушы табиғат болғандықтан, инфрақұрылымды табиғат
ландшафтары аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындай етіп дамыту қажет. Ереже
бойынша, негізінен алғашқы ландшафтың өзгеру қауіпі тау және таулы аймаққа
жақын аудандарға төнеді. Туристік жылжулардың көптілігіне байланысты
ертеден шағын туристік базалар және аңшылық үйшіктер енді ірі қонақ үй
кешендері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм және табиғатты қорғау
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Топырақтың адамның денсаулығына әcepiнiң ерекшеліктері
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Экологиялық туризм географиясы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Тұрғын территорияларды жоспарлау және салу әдістері
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Пәндер