Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
1.1. Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы және жөнделетін узелдін
техникалық
сиппатамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5
1.2. Автомобиль тежеуіштерінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2 тарау. Автомобильдің тежеуіш жүйесі қызметі және оларға техникалық қызмет
көрсету
2.1. Автомобильдің тежеуіш жүйелері және ақауларын ағымды жөндеу ... .16
2.2. Тежеуіш жүйелерінің ақаулары және ағымды
жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе

Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады.
Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық
клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына
тынымсыз қызмет етеді. Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында
80%-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-
дан астам жолаушы тасымалданады.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің
пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу бір
автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен
қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану
әдістерін жетілдіру болады. Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап
тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен
жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді
жақсартуды талап етеді.
Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да
қасиеттері төмендейді. Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар
пайда болады. Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және
жөндеу кезінде шегертеді.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі
техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады. Бұл жағдайда
автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.
Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы
айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы
бойынша мәліметтерден тұрады.
Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік
құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды. Осыған байланысты металл мен
энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.
Тежегіш механизм - автокөліктің жылдамдығын тежеуші, немесе оны
қозғалтпай орнында ұстап тұратын механизм.
Тежегіштер ерекше көңіл аударуды талап етеді. Әдетте тежегіш
қалыптарының дұрыс реттелмеуінен, яғни олардың қозғалыс кезінде үйкелуінен
тежегіш барабандары шамадан тыс қызыл кетеді. Мұндай жағдайда доңғалақты
бөлек алып, қалыптарды қарал шығу керек. Егер олардың аздаған жері ғана
барабанға тиетін болса, онда оның түйісетін аумағын көбейту үшін деңес
жерін егел тастаған жөн.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттер: Тежегіш жүйелерін және узелдерді
жөндеу ағымы туралы түсінік алу. Осы мақсатта келесі міндеттер орындалды:
1. Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы және жөнделетін узелдін
техникалық сиппатамасы;
2. Автомобильдің тежеуіш жүйесі қызметі және оларға техникалық
қызмет көрсету туралы түсінік беру.

1 тарау. Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
1.1. Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы және жөнделетін узелдін
техникалық сиппатамасы

Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және
коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, межаникалық,
тоттану зақымдарынан болады. Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық
ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта
колдануға болады. Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың
бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген.
Алғашқы жол жүргенде бұрапдалық қосылыстардың бекіткіштерін тексеру
және автомобильдің негізгі тораптарының атқаратын жұмысына зер салып
қадағалау керек.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына
технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен
гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекетттік стандарт талаптарын дұрыс
орындау керек.
Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдық техникалық қызмет көрсету
(ТҚК) кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді
пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету
бөлімшелерінде жүргізіп байқайды.
Автомобильдер мен тіркемелерге ТҚ-1 және ТҚ-2 техникалық қызмет
көрсету ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады, отын және
жағармай құю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне
шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің
картерінен алынған майларды, гидравликалық жүйенің сұйықтарын, техникалық
қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа
жинап, есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге
болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында ТҚ-2 техникалық қызмет
жүргізбей, диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға немесе жөндеуге
қойылатыны анықталады.
Күрделі және ағымды жөндеу сипатына және міндетіне сөйкес күрделі және
ағымдағы болып бөлінеді. Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу,
ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта
жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі және
негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-
ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын
жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.
Негізгі бөлшектер агрегаттың жұмыс істеу қабілетін орындауын
қамтамасыз етеді және оның пайдалану сенімділігін анықтайды. Сондықтан
негізгі бөлшектерін күрделі жөндеумен қалпына келтіргенде оның сапалық
деңгейін қамтамасыз ету немесе жаңа жасалымның сапалылығына жақындату
қажет.
Күрделі жөндеумен сондай-ақ, жаңа жасалымның деңгейін немесе соған
жуық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді: саңылауларды және бекітулерді,
бөлшектердің өзара орналасуын (жазықтықта, ось бойында, т.с.с), жұмыс
беттерінің микро және макрогеометриясын металдың құрылымы мен қаттылығын,
жасалымды құраушы бөліктерінің пошымы мен сыртқы көріністерін. Күрделі
жөндеу басым көпшілігінде арнайландырылған автожөндеу мекемелерінде
жүргізіледі. Қозғалыс құрамын және агрегаттарды күрделі жөндеуге жіберу
диагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, оның техникалық жағдайын талдау
қорытындысымен және жүрген жолын, сонымен бірге ТҚ-пен жөндеу шығындарын
ескеріп жүргізіледі.
1.2. Автомобиль тежеуіштерінің түрлері
Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға және тегіс емес жерде
бір орнында ұстап тұруға арналған. Олардың түрлері:
1. Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі,
барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға
арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяқ тежеуіші деп атайды;
2. Түру тежеуі. Көбінде түру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін
қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл
жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу
арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеу
жүйесі деп те атайды;
3. Қосымша тежеу жүйесі. Басты тежеу жүйе істен шыққанда автомобильді
тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған
жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігін (бірінші немесе екінші контур) немесе түру
тежеу жүйесін пайдаланады;
4. Көмекші тежеу жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ ылди бөлігімен
жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектегіш тежеуіш трансмиссия
білігіне әсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан және таулы жерде тез істен
шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші
125 рет тежеу жүйесін іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-
ға жетеді;
5. Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме доңғалақтарына жүріс кезінде,
тоқтағанда және тіркеменің жүріп келе жатқан автомобильден ажырап
кеткенінде тежеуге арналған.
Жұмыстық, тұру және қосымша тежеу жүйелері барлық автомобильдерде
қолданылады, ал көмекші - толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк
автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда,
тіркемелік тежеу жүйесі автопойыз тіркемелерінде пайдаланылады.

1-сурет. Барабанды тежеуіш

1-ось;
2,6-колодкалар;
3-диск;
4-жұдырықша;
5-барабан.

Әр тежеу жүйесі бір немесе бірнеше тежеу механизмдерінен
(тормоздардан) және тежеу жетектерінен тұрады.
Тежеуіш жетектері басқарушы педаль немесе рычагты тежеуіш механизмімен
жалғастырады.

2-сурет. Гидравикалық жетекші

1-итергі;
2,7-поршеньдер;
3,6-бас және доңғалақты тежеуіш цилиндрлері;
4,11-серіппелер;
5,10-шығару және енгізу клапандары
Автомобильдерде атқаратын қызметтеріне және қолданатын типтеріне
байланысты әр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық,
гидравликалық, пневматикалық және аралас (механикалы-гидравликалық, пневмо-
гидравликалық, пневмо-механикалық) типті жетектер.
Механикалық тежеуіш жетектері рычагтар, тростар, тартқыштар (тягалар)
арқылы педальдан немесе рычагтан жүргізушінің басқарушы күшін тежеуіш
механизмге жеткізеді. Автомобильдерде механикалық тежеуіш жетектерін түру
тежеуіштерінде қолданады. Оның құрылысы қарапайым. Кемшілігі — пайдалы өсер
коэффициенті төмен, шамасы 0,4 жөне жиі реттеуді қажет етеді.
Түру тежеуіші. Автомобильде барабан типтес түру тежеуіші орнатылады.
Тежеуіштің қозғалмайтын дискісі беріліс қорабының корпусына бекітілген.
Дискіде бірдей етіліп екі тежеуіш колодкасы орнатылған, ол барабанның ішіне
орналасқан. Тежеуіш барабаны беріліс қорабының жетекші білігіне (екінші)
бекітілген.
Тежеуіш колодкасының сыртына фрикциялық жапсырма бекітілген. Реттеуіш
құрылғысы корпусында орналасқан колодканың төменгі шетінің саусақтары
арқылы реттеуіш винттің конусты қалпақшасына тіреледі. Колодканың жоғарғы
бөлігі ажырату құрылғысына тіреледі. Ажырату құрылғысы стерженьнен және екі
шариктен тұрады. Стержень жетек рычагы мен орталық түру тежеуіші рычагының
тартқышы арқылы қосылған.
Автомобильді тежеу үшін тежеуішті қолмен ығыстырады. Бұл кезде
рычагтың төменгі шеті, тартқыш пен жетек рычагы арқылы ілгері ығысып,
шарикті ажырату стерженіне әсер етеді. Шариктің әсерінен колодканың жоғарғы
шеті жылжып, оның фрикциялық жапсырмасы тежеуіш барабанына қысылады, ол
тежеліп, өзімен қосылған трансмиссияның кардан білігінің айналуына бөгет
жасайды.
Тежеуіш рычагы тежелген қалыпта тұрған кезде сектордағы ілгешекпен
бекітіледі. Түру тежеуішін ажырату үшін түймешені басып, ілгешекті шығару
керек, сөйтіп тежеуіштің рычагын ілгері ысырады. Қатайту серіппесінің
әсерінен колодка кері кетіп, бастапқы қалпына келеді. Колодканың фрикциялық
жапсырмасы мен барабан арасындағы қажетті саңылау реттеуіш винтпен
реттелінеді.

3-сурет. Гидрожетекті тежеуіш сызбасы.
a-бөлінбейтін;
б-бөлінетін жетек;
1,5-алдыңғы және артқы тежеу механизмдері;
2,6,7-толық бірінші және екінші контурлар;
3-бас тежеу цилиндрі;
4-тежеу педалі.

Гидравликалық тежеуіш жетектерінде сығылмайтын сұйық пайдаланылады.
Бұл жетектер жеңіл, кіші және орта салмақты жүк автомобильдерінде
қолданылады. Гидравликалық жетекке тежеу сұйығы (тормозная жидкость)
толтырылады. Педальмен басқанда, онымен байланысқан итергі сұйықты
ығыстырып, поршень арқылы колодканы айналып тұрған барабанға тірейді.
Үйкелістен барабан және онымен байланысқан автомобиль дөңгелегі айналу
жылдамдығын азайтады, қажет болса тоқтатады. Педальді босатқаннан кейін
және серіппелердің есерінен сұйық бас цилиндрге қайтарылады, ал колодкалар
барабаннан ажырайды. Гидравликалық тежеуіш жетектері бір және екі контурлы
болады. Бір контурлы гидравликалық тежеуіш жетектерінде бір бас тежеуіш
цилиндрмен барлық доңғалақтың тежеуіш механизмдері басқарылады. Бұл
жетектің кемшілігі, бір жерің зақымынан тежелу, жүйе толық істен шығады.
Бөлек контурлы гидравликалық жетектерінде тежеуіштің сенімді жұмыс істеуі
және автомобильдің жүру қауіпсіздігі артады. Бөлек контурлы жетек екі
контурдан тұрады. Бір педальмен байланысқан екі секциялы бас тежеу
цилиндрі бірінші жөне екінші контурлар арқылы жұмыс істейді. Бірінші контур
алдыңғы, ал екінші контур артқы доңғалақтардың жылдамдығын тежеу
механизмдері арқылы басқарады. Бір контурда зақым пайда болып тежеу сұйығы
ағып кетсе де, бірінші контур істен шыққанда, екінші контур арқылы
автомобильді тежеуге болады.
Жеңіл автомобильдерде гидравликалық жетектер күшейткішсіз және
вакуумдық күшейткішті болады. Жүк автомобильдерінің гидравликалық
жетектерінде вакуумды, гидровакуумды және пневматикалық күшейткіштер
қолданылады. Бұл күшейткіштер жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді. Педальді
басу күші 250...300 Н шамасында болады. Күшейткіштері жоқ автомобильдерді
шұғыл тоқтату үшін педальға жүргізушінің 800... 1000Н аяқ күші әсер етуі
қажет. Гидравликалық жетектер шағын, салмағы аз және барлық доңғалақтарға
бірдей тез әсер етеді. Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) 0,95ке жетеді.
Кемшілігі - минус 30° және одан төмен температурада ПӘК төмендейді.
Пневматикалық тежеу жетегі. Пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесі
автомобильдердің бірқатарында қолданылады. Ол доңғалақ тежеуіші
механизмдерінен (тежеуіштер) және пневматикалық жетектен тұрады.

4-сурет. Автомобиль тежеуішінің пневматикалық жетегінің сызбасы

1-компрессор
2-монометр
3-ауа баллоны
4-артқы тежеуін камерасы
5-қосқыш қалпақшасы
6-ажырату краны
7-қосқыш шлангасы
8-тежеуіш кран
9-алдыңғы тежеуіш камерасы

Автомобильдің пневматикалық жетегінің құрамды бөліктерінің орналасуы 4-
суретте көрсетілген. Пневматикалық жетек тек қана доңғалақ тежеуіші ғана
емес, басқада автомобильдің ауамен істейтін құрылғылардың жұмысын
қамтамасыз етеді. Ауа баллондары сығылған ауа запасын сақтау үшін
пайдаланылады. Тежеу кезінде ауа баллоннан камераларға өтеді де,
дөңгелекті тежейді. Доңғалақты пневматикалық жетек іліністі ажырату
механизмінің қосымша жұмысын қамтамасыз етеді, ауаны шинаға жел айдау және
отын багына май құю үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Пневматикалық жетекті тежеуіш механизмдері. Пневматикалық жетекті
тежеуіш жүйесі тракторлар мен автомобильдердің бірқатарында қолданылады. Ол
доңғалақ тежеуіші механизмдерінен (тежеуіштер) және пневматикалық жетектен
тұрады.
Айналып кетуден гайкалар мен рычагқа монтаждалған реттеуіш құрылғысы
ұстап тұр.
Реттеуіш құрылғысы құрамына червяк және червякті шестерня кіреді.
Червяктің шаршы қалпақшасын бұрағанда червякты шестерня ажырату жұдырығымен
бірге жылжиды, соның нәтижесінде колодка мен барабан ара сындағы саңылау да
өзгереді. Червяктің өздігінен айналмауын бекіткіш ұстап тұрады.
Пневматикалық жетек. Пневматикалық жетек доңғалақ тежеуіші мен әйнек
тазалауыштың жұмысын қамтамасыз етеді. Сығылған ауа қорын жасау үшін ауа
баллондары пайдаланылады. Тежеу кезінде ауа баллоннан камераларға өтеді де,
доңғалақты тежейді. Доңғалақты тракторларда пневматикалық жетек іліністі
ажырату механизмінің қосымша жұмысын қамтамасыз етеді, ауаны шинаға жел
айдау және отын багына май құю үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

5-сурет. Тежеуіш краны.
1-корпус рычагы
2-қосарланған рычаг
3-болт
4-жұдырықша
5-тартқыш
6-бағыттаушы
7-тіркемені тежеуіш секциясының штогы
8-диаграмма
9,12-клапан ершігі
10-енгізу кланы
11-шығару клапаны
13-тоқтату сигналын қосқыш
14-тоқтату сигналының диаграммасы
15-трактордың тежеуіш секциясының штогы тысына су қозғалтқыштың
сылқындату жүйесіненкеліп түседі.

Тежеуіш краны автомобиль мен тіркеменің доңғалақ тежеуішін басқару
үшін қызмет етеді. Тежеуіш кранының жалпы корпусында екі секция бар.
Төменгі секциямен автомобильдің тежеуішін, ал жоғарғысымен тіркеме
тежеуішін басқарады.
Әрбір кран секциясында корпус пен қақпақтың аралығында енгізу
клапанының үясы бар иілгіш резеңке маталы диафрагма бекітілген. Секцияның
өр қақпағы бір стерженьде монтаждалған және жалпы серіппесі бар енгізу жөне
шығару клапандарынан тұратын қосарланған клапанмен жабдықталған. Тежеуіш
краны корпусында серіппелі екі шток орналасқан. Төменгі секцияның
диафрагмасына бір мезгілде екеуі: диафрагма жөне шток серіппелері әсер
етеді.
Тежеуіш корпусына рычагтар корпусы бекітілген, онда қосарланған рычаг
және аяқ жетегінің тартқышы бар. Рычаг жүрісі реттеуіш болттармен
шектелген. Егер тежеуіш педалын басатын болса, онда тартқыш сол жаққа
жылжып, өзімен бірге рычагтың жоғарғы шетін ала кетеді. Рычаг айналып,
штоктың жоғарғы секциясын солға жылжытады. Шток шектеуіш болтына тірелген
кезде рычагтың төменгі жартысы астыңғы секцияның штогымен бірге кейін
кетеді. Сөйтіп, қосарланған рычаг тіркеме тежеуішін автомобиль тежеуішіне
қарағанда, едәуір ерте қосуға мүмкіндік береді, мұның өзі тіркеменің
автомобильге қарай жүріп кетуін болдырмайды.
Түру тежеуіші. Түру тежеуіш жүйесі тежеуіш механизмінен жөне оның
жетегінен тұрады. Көбінде түру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін
қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл
жүйе автомобильдік жетекші доңғалақтарын немесе осы доңғалақтармен
байланысты трансмиссияның білігін тежеу арқылы өсер етеді. Бұл жүйе қолмен
басқарылады, сондықтан оны қол тежеу жүйесі деп те атайды.
Қол тежеу жүйесінде фрикциялық тежеуіш кеңінен қолданылады, ол
қозғалмайтын және айналып тұратын бөлшектер аралығындағы үйкеліс күші
есебінен жасалады. Фрикциялық тежеуіш барабанды, шкивті жөне дискілі болып
бөлінеді. Барабанды тежеуішінде үйкеліс күші айналыстың ішкі цилиндр
бетінде, шкивтіде сыртқы, ал дискіліде айналмалы дискінің бүйір бетінде
пайда болады.

6-сурет. ГАЗ 3102 автомобилінің түру тежеуіші.
1-тежеу рычагі
2-қақпақ
3,7-гайкалар
4- контрогайка
5,13- тросс
6,9- артқы тежеу механизмі
8- реттеу эксцентригі
10- тросс тысы
11- тіреуші кронштейі
12- чехол
14- теңестіргіш
15- теңестіргіш жетегі
16- рычаг
17- рычаг жетегі
18-кронштейн

Оның біріншісі доңғалақтың күпшегіне, ал екіншісі трансмиссияның
біліктерінің біріне әсер етеді. Доңғалақ тежеуіші жұмыстық тежеуіш
жүйесінде, ал орталық - түру тежеуішінде қолданылады.
Қолмен тежеу жүйесі жетегі жұмыс істеу принципі бойынша көбінде
механикалық болады, сирек пневматикалық, гидравликалық және электрлі болып
бөлінеді.
Түру тежеуішінің механикалық жетегі көп автомобильдерде қолданылады.
Мысалы, ГАЗ-3102 автомобилінде барабан типтес түру тежеуіші
қолданылады. Тежеуіш қозғалмайтын дискіден тұрады. Дискіде бірдей етіліп
екі тежеуіш колодкасы орнатылған, ол барабанның ішіне орналасқан.
Түру тежеуішін іске қосу үшін рычаг қолмен ығыстырылады. Бұл кезде
тростардың әсерінен колодканың жоғарғы шеті жылжып, оның фрикциялық
жапсырмасы тежеуіш барабанына қысылады, ол тежеліп, езімен қосылған
дөңгелектің айналуына бөгет жасайды.
Түру тежеуішін ажырату үшін кнопканы басып, ілгешекті шығару керек,
сөйтіп тежеуіштің рычагын ілгері ысырады. Қатайту серіппесінің әсерінен
колодка кері кетіп, бастапқы қалпына келеді.
2 тарау. Автомобильдің тежеуіш жүйесі қызметі және оларға техникалық қызмет
көрсету
2.1. Автомобильдің тежеуіш жүйелері және ақауларын ағымды жөндеу

Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар мотормен тежеуді,
аэродинамикалық тежеуді пайдаланады.
Мотормен тежеуді автомобиль ылдимен төмен түсіп келе жатқанда
қолданады. Мұны мотордың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүзеге асырады.
Аэродинамикалық тежеуді (парашют, арнайы қалақша, т.б.) спорттың
автомобильдерде жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданады.
Бұл құрылғыларды іске қосқанда автомобильдің ауа кедергісі ұлғайып,
жылдамдығы азаяды.
Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі - механикалық тежеуіштер.
Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды. Фрикционды тежеуіш
механизмдер дискілі жөне барабанды болып бөлінеді.

7-сурет. Дискілі тежеуші.
1-диск;
2,3-колодкалар.
Барабанды тежеу механизмінде тежеу барабаны білікпен (доңғалақпен)
жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педальмен (рычагпен) жалғасқан жұдырықша
бұрылған кезде айналмайтын колодкалар барабанмен үйкеліске түсіп, оны
тежейді. Барабанды тежеу механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары
мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің
артқы доңғалақтарында қолданылады. Дискілі тежеуіште диск доңғалақпен бірге
айналады, колодкалар айналмайды. Тежеу кезінде колодкалар дискіні екі
жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғарғы класты жеңіл
автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта
класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.
Жүрістің қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін автомобильде тежеуіш жүйе
орнатылған. Тежеуіш автомобильді тіпті жылдам жүріспен келе жатқанның
өзінде де, ілгері қарай көп ұзатпай тоқтата алады. Мейлінше сенімді болу
үшін автомобильдер тәуелсіз қызмет атқаратын екі түрлі тежеуіш жүйемен
жабдықталады.
Тежеуіштердің негізгі күтімі - оның бөлімдерін зауыттың нұсқауы
бойынша уақытында майлап, оны дұрыс реттеп отыру.
Дұрыс жұмыс істейтін тежеуіш автомобиль жүрісінің қауіпсіз болуын
қамтамасыз етеді. Бірақ жүріс кезінде тежеуіш мүмкіндігінше сирек
пайдаланылуы керек. Автомобильдің тіркестіру механизмдері ағытулы болуына
байланысты, жүру шапшаңдығы тежелгеннің өзінде де үздіксіз кеміп
отыратынын, бара-бара тоқтап та қалатындығын ұмытпау керек.
Жүріс шапшаңдығын кемітуге ықпал ететін күштер:
1) автомобиль доңғалақтарының жол бойынан алатын қарсылық күштері;
2) ауаның соғатын қарсылығы
3) беріліс механизмдеріндегі үйкеліс күштер.
Ілініс муфтасы ағытылмаған жағдайда және дроссель жапқышы жабық болса,
жоғарыда көрсетілген күштерге, мотордың тежеуіші де қосылады.
Жүрісте өте сақ болу және тежеуіштерді дұрыс пайдалану, тежеуіш
барабаны мен тежеуіш беттемелерінің (облицовкаларының) жұмыс істеу мерзімін
едәуір ұзартады. Жол бойында болатын кедергілерге, болмаса тоқтайтын
жерлерге жылдам жүріспен келіп, шұғыл тежеуге болмайды. Ылдиға қарай ұзақ
жүруге тура келсе, тежеуіштің орнына мотордың өзін пайдаланған дұрыс, олай
ету үшін оталу мен тіркестіруді ағытпай-ақ дроссель қақпағын жабыңқырай
отырып түсу керек. Тежелген уақытта ілініс муфтасын ағытпаған дұрыс,
өйткені тежеуіштің орнына моторды пайдаланған кезде тежеуіші жайлы - бір
қалыпты болу нәтижесінде, тежеуіштер уақытынан бұрын, тез тозудан
сақталады.
Артқы тежеуіштер дұрыс реттелген болса, басқыш мөлшері 25 мм
басылғаннан кейін барып тежеуге бастайды. Басқыш 12 мм шамасына тағы да
басыла түскен кезде, тежеуіштердің қосылуы, шегіне жетіп қалады.
Автомобильді гараждан шығарарда әрдайым алдын-ала тежеуіштің
дұрыстығын байқау керек. Жолда келе жатып тежеген уақытта тежеуіш жұмысының
түзу еместігі байқалса жүргізуші дереу сақтық шарасын қолдануға міндетті:
жүріс шапшаңдығын кемітіп, қол тежеуішін пайдалану керек.
Тежеуіштің мынадай ақауларының болуы мүмкін:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҚК және автомобиль жөндеу
Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу
Физика - техникалық факультеті
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі
Майлау жүйесіне ағымды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
ЗИЛ – 130 автомобилінің су сорғысын жөндеу
Автокөліктің қысқаша сипаттамасы
Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу
Жөндеу жұмыстардың міндеттері
Пәндер