Текені азықтандыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Текені азықтандыру ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2011ж.
Мазмұны
І. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5-6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Асыл тұқымды текелерді өсіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-12
2.2. Жас мөлшері әр түрлі текелер тобын азықтандыру ерекшеліктері ... ..11-
13
2.3. Текелерді жайып күту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 14- 18
ІІІ. Қорытынды

... ... ... ...19-20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-
22
І. Кіріспе бөлім
Дүние жүзінің әр түрлі аймағында ешкі өнімдерін өндіру бағытына қарай
оның таралуы да әр түрлі болып келеді. Тропикалық елдерде ешкі өнімдері —
адам үшін малдан алынатын белоктың басты көзі болып табылады. Осы түлікті
күтіп-бағу, азықтандыру мен есірудің интенсивті әдістері қолданылатын АҚШ,
Франция, ФРГ, тағы басқа да дамыған капиталистік елдерде ешкі шаруашылығы
айтарлықтай экономикалық тиімділік керсетуде.
1980 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, дүние жүзіндегі ешкінің саны
400 млн. бастан астам болды. Жыл сайын олардың саны 3—5 млн. басқа өседі.
Дүние жүзіндегі ешкілердің 34 жуығы Азия мен Африка елдерінде орналасқан.
Ешкі малының көпшілігі негізінен жаңа дамып келе жатқан тропикалық
елдерде болып отыр, кей елдерде олардың саны қойдан да көп. Мысалы, Индияда
ешкінің саны 70 млн. басқа жетеді.
Батыс Европаның кейбір елдері мен АҚШ-ты есептемегенде барлық
құрлықтарда ешкі шаруашылығы көпшілік жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерін
ендіретін малдың басқа түрлерін өсіруге тиімсіз аудандарда ғана дамып отыр.
Мысалы, Монғол Халық Республикасын алуға болады. Ол ешкі саны жөнінде дүние
жүзінде жетінші орында, ал жап басына шаққанда ешкі өнімдерін өндіруде
дүние жүзінде бірінші орында. Ешкінің 60 проценті мұнда биік таулы және
жартылай шөл далалы аймақтарда орналасқан.
Қазіргі кезде ешкі шаруашылығы негізінен жоғарғы сапалы түбіт, бір
келкі ангор типтес жүн, тері өндіру үшін дамытылып отыр. Ешкі азықтандыруды
олардың қоңдылығын сақтап, сүт, жүн, түбіт өнімділігін, лақтағыштығын
қамтамасыз етуге бағыттайды. Олар қоректік мұқтаждығын қамтамасыз ету
көзделеді.
Малды азықтандыру рационы - азықтаңдыру нормасының, яғни организмінің
мұқтаждығының көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін бір басына тәулігіне
(айына, жылына) берілетін (жегізілетін) жемшөп мөлшері. Малды азықтандыру
рационы малдың ас қорыту жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, олардың
сүйсініп жейтін жемшөбінен құрастырылады. Рациондағы ол жемшөптердің жалпы
қоректілігі (азық өлшеміне алмасу энергиясы) бойынша есептелінген ара
қатынасымен рацион құрылымын белгілейді. Көп қарыңды күйісті малды
азықтандыру рационы аумақты арзан азықтарға (көкшөп, сүрлем, пішен,
пішендеме, сабан ж.б.) негізделе отырып (жалпы қоректілігінің 40-60%)
құрастырылса, бір қарынды шошқанікі құнарлы жемге (дән мен жармаларға)
негізделіп (жалпы қоректілігінің 80-90%) құрастырылады.
Ешкінің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағына, өндірілетін
өнім түріне жөне оның мөлшеріне қарай өзгереді. Теке негізінен жайып
күтуге дағдыланған мал. Жайлымдарда оның организмдеріне аса қажетті
каротипге және басқа да керекті заттарға бай көк шөп жеткілікті. Текелер
әдетте дала жайылымы мен таулы өңірлерде, шөбі сіңімді табиғи
жайлымда бағылады. Оларды дұрыс пайдалану, суландырып өнімділігін арттыра
түсу жемшөп қорын молайтудың негізгі резерві болып табылады. Жайлымды
дұрыс пайдаланудың қарапайым да дұрыс, сенімді жолы — текелерді загонға,
бөлінген жайылымда бағу.
Курстық жұмыстың мақсаты: текелерді азықтандыру ерекшеліктерімен
танысу. Азықтандыру рациондарын құру.
Курстық жұмыстың міндеттер: текелерді азықтандыру нормалары туралы
және жайып күту ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
1.1. Әдебиетке шолу
1. Х.Х. Мусалаев (1972) пен С.Чагаровтардың (1979) айтуына қарағанда,
советтік жүндес ешкі тұқымымен жергілікті дағыстан және карачай
ешкілерін будандастырудан алынған осындай будан ешкілердің бірінші
ұрпағы жергілікті ешкілердің осы жастағыларынан 91,1 және 121, 0
процент жүн береді.
2. С.Чагаровтың (1979) Өзбекстандағы советтік жүндес текелер мен карачай
ешкілерін шағылыстырудан алынған буданның бірінші ұрпақтарының беретін
түбіті мен ауыспалы талшықтары жергілікті ешкілерге қарағанда 2,83 есе
көп болған.
3. В.И.Бойков (1940), П.Ф.Кияткин (1968), Е.В.Эйдригевич (1939),
А.И.Жандеркин (1946) тағы басқа да зерттеушілердің тқжырымдамалары
қазіргі кездегі ешкілердің шығу тегі түрлерінен тарады деген ортақ
пікір тудырып отыр.
4. К.Келлер (1971) ешкі тұқымының шығуына Гималай текелерінің, ал Громова
(1946) мәліметтетір бойынша басқа да авторларлың еңбектерінде айтылған
пікірлерде Альпі тау текесі мен Сібір тау текесінің қатысуы да мүмкін
деген жорамал жасайды.
5. А.И.Жандеркин (1941) мәліметі бойынша, текелерге сүрлемді бергенде
алғашында аз-аздап, сонсон, 7—10 күн ішінде нормада белгіленген
мөлшерге дейін жеткізу керек. Үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге
1,5 кг сүрлем берген жөн екендігін айтқан.
6. И.Г.Лебедев (1943) зерттеулерінде текелерге ас тұзын, бор (10—15 г),
сүйек ұнын (тәулігіне 50—60 г) беріп отыру керек екен. Жақсы, сапалы
жемшепте минералды заттар жеткілікті мөлшерде болады.
7. И.А.Чагиров (1954) мәліметтеріне қарарағанда текелер әдетте дала
жайылымы мен таулы өңірлерде, шөбі сіңімді табиғи жайлымда
бағылады екен. Оларды дұрыс пайдалану, суландырып өнімділігін арттыра
түсу жемшөп қорын молайтудың негізгі резерві болып табылады.
Жайлымды дұрыс пайдаланудың қарапайым да дұрыс, сенімді жолы —
текелерді загонға, бөлінген жайылымда бағу.
8. В.Н.Петелинаның (1952) дәлелдеулері бойынша көктемде және күзде
текелерді тек шық кеуіп кеткеннен кейін жайылымға шығару керек,
әйтпесе шықта жайылған малдық асқазаны бұзылып, тұяқтары шіруі мүмкін.
9. Х.Х.Мусалаевтың (1972) мәліметтері бойынша ешкілер мен текелер
шағылыстырудан алынған будан ешкілердің бірінші ұрпағында талшықтар
64,25процент болды, яғни жергілікті ешкілерге қарағанда оларда 2,82
есе жоғары болды.
10. А.И.Чикалев (2000) үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге 1,5 кг
сүрлем берген жөн. Сүрлем таза, бабына жеткізілген, сіңімді болуы
тиіс, әйтпесе қышқыл, бұзылып кеткен ешкінің ішек-қарнында жүретін
процестерді бұзып, іш ауруына соқтыруы мүмкін. Ондай жағдайда мал тез
әлсіреп, өлім-жітімге ұшырайды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Асыл тұқымды текелерді өсіру жолдары
Ешкі – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын
жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар
ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады.
Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы,
дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен
сүті пайдаланылады.
Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі),
түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек,
қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он
жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе
жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60
килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май,
жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына
450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің
майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см
болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек
айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады.
Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен
сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.[1]
Ешкі малынан жеңіл, жылы түбіт, емдік, диеталык қасиеттері мол сүт,
жеңіл қорытылатын ет және жұқа мықты былғарылық тері алынады. Ешкі түбіті -
жеңіл әрі жылы тоқыма өнімдерін дайындауға қажетті өте бағалы шикізат. Одан
жылы, әрі өрнекті бөкебай орамалдары тоқылады. Текелердің еті сапасы
жағынан қой етіне шамалас келеді, текенің майы емдік қасиеті жөнінен жоғары
бағаланады. Теке терісі жұқа әрі мықты болғандықтан, өте сапалы былғарылық
бұйымдар дайындалады.
Асыл тұқымды текелерді азықтандыру, күтіп өсіруді дұрыс ұйымдастыру —
олардың тұқымын асылдандырудың және өнімділігін арттырудың маңызды
шарттарының бірі болып табылады.
Ешкі қой мен ірі қара сияқты шөппен қоректенетін, күйіс қайыратын
малдар тобына жатады. Олар жай жемшөп, құнарлы және құрама жемдермен
азықтанады. Басқа малдарға қарағанда ешкі азық таңдамайды: жусан, көде,
түрлі-түрлі тікенді өсімдіктер, ағаш жапырақтары, бұталар — бәрі де ол үшін
жұғымды азық.
Дәмді де сіңімді азықтарға деген ешкі организмінің, қажеттілігі
жасына, жынысына, лақтайтын мерзіміне, сол сияқты тұқымының әр түрлігіне
байланысты. Ешкілердің жақсы өсіп жетілуі үшін қосымша азықтармен
азықтандырудың маңызы зор. Ол азықтардың бірнеше түрі бар.
Жай жемшөп. Мал қолда ұсталатын кезде текелерге берілетін азықтың
негізі—даладан шабылған әр түрлі шөптер және шабындықтардың сіңімді көк
шөбі. Табиғи шабындықтары аз шаруашылықтар текелерге беру үшін жоңышқа,
еркекшөп, күздік арпа егеді. Салмағы 40—43 килограмм тартатын ешкілерге
тәулігіне 2 кг дала шөптері беріледі. Егер шаруашылықта шөп жетіспесе
тиісті рационның 40—50 процентін сабанмен алмастыруға болады. Текелер
арпаның, тарының сабанын сүйсіне жейді, сол сияқты бидайдың, кекнайзаның
сабандарын да нәрлеп, дәмдеп берсе керегінше жей береді. Оларға ағаш
бұталары мен жапырақтарын да беруге болады, мұндай жағдайда бұталардың
сіңімділігінің нашарлығы ескеріліп, тәулігіне жұмсалатын шөптің жартысындай
мелшерде ғана беріледі. Мұндай азыққа ақ қайың, терек, т. б. ағаштардың
жапырағы жарайды.
Дәнді азықтар. Сұлы, арпа сияқты дәнді азықтар ешкілерге тәулігіне 1
кг, лақтарға 0,5 кг мөлшерінде беріледі. Олар азықтандырудан бұрын
ұсақталып, жармаланып, ұнтақталып пайдаланылуы қажет. Жас төлдер мен
текелердің рационына көбінесе сұлы қосқан жен, ол малдың тез өсуіне,
текелердің өнімділігінің артуына жағдай жасайды. Текелерді сұлымен
ешкілерді ұрықтандыру алдында және ұрықтандыру науқаны кезінде
азықтандырған дұрыс.
Арпа — текелерді тез семіртуге қолайлы азық. Тым семіріп кетпеуі үшін
текелерге оны басқа жемдермен араластырып береді. Текелерге жүгері жармасын
да беруге болады. Әдетте, жүгерімен қоса жемге белоктары мол бұршақ
тұқымдастардың шөбімен араластырады, ас бұршақ, соя атқонақ сияты жемді
ұнтақталған түрде жей береді.
Кебек — өсіп келе жатқан төлге, лақтарын емізетін ешкілерге берілетін
аса қажетті, сіңімді, белокты азық.
Ол малға құнарлы азықтармен араластырылып немесе суландырылып
беріледі.
Құнарлы азық. Текелер мал азығындық қарбызды, асқабақты, сәбізді,
шалқанды және сүрлемдік жүгеріні жақсы жейді. Сүрлемді бергенде алғашында
аз-аздап, сонсон, 7—10 күн ішінде нормада белгіленген мөлшерге дейін
жеткізу керек. Үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге 1,5 кг сүрлем берген
жөн. Сүрлем таза, бабына жеткізілген, сіңімді болуы тиіс, әйтпесе қышқыл,
бұзылып кеткен ешкінің ішек-қарнында жүретін процестерді бұзып, іш ауруына
соқтыруы мүмкін. Ондай жағдайда мал тез әлсіреп, өлім-жітімге ұшырайды.
Минералды қосымша азықтандыру. Текелерді минералды қосымша азықтандыру
аз мөлшерде ғана жүргізілуі керек. Текелердің рационында минералды заттар
жетіспесе, өнімділігі кеміп, тұқым сапасы нашарлайды.
Текелерге ас тұзын, бор (10—15 г), сүйек ұнын (тәулігіне 50—60 г)
беріп отыру қажет. Жақсы, сапалы жемшепте минералды заттар жеткілікті
мөлшерде болады.
Түйіршіктелген жем. Соңғы жылдары еліміздің көптеген шаруашылықтарында
қойларды, сол сияқты текелерді де түйіршіктелген жеммен азықтандыру
жүргізіле бастады. Жемді түйіршіктеу бағалы мал топтарының жынысы мен
жасына қарамай бәріне де жарамды аралас жем алуға мүмкіншілік берді. Ол
рационға керекті мөлшерде жай жемшөп араластыруға, жемді 100 процент толық
пайдалануға жағдай жасады. Түйіршік жасау егін, овощ, жүзімдік, бау-бақша
шаруашылықтарының қалдықтарын жемшөп қорын жасауға пайдалануға жол ашты.
Сонымен қатар жемді сақтау, бір орыннан екінші орынға тасу кезіндегі шығын
азайды.
Таудағы биік жайылымдықтарда, алыс мал отарларында бағылатын теке
отарларын жемшөппен қамтамасыз ету ісінде түйіршіктелген жемнің тасып
жеткізу жағынан да, құнарлығы жағынан да аса тиімді екендігі сөзсіз. Мұндай
мал азығының қойға арналған рецепті біздің елде жасалынған оны текелер үшін
де толық пайдалануға болады. Түйіршік жасау үшін елімізде жасалынған құрал-
жабдықтар пайдаланылады, оларды заводтарда жасалынғаннан кейін
Срюзгоскомсельхозтехника жүйесі арқылы шаруашылықтар жаздыртып алады.
Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез-келген орында
асырауға болады. Ең бастысы орны құрғақ, өкпек жел болмаса болғаны. Қораның
температурасы +5-10 градустан төмен болмасын. Қора ылғалды болатын болса,
онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Шөп салатын оттық жасалады. Суды екі
күнде бір рет ауыстырып отырады. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, құрғақ
шымтезек-көң немесе құрғақ жапырақтарды да қолдануға болалы.
Басты азығы шабынды шөп. 45 килә салмаққа дейінгі ешкілер тәулігіне 2
келіге жуық шөп жейді. Шөп құнарсыз болса сүттің майлылығы жылдам
төмендейді. Ол үшін ұнтақталған кебек немесе құрама жемді бұқтырылған түрде
беруге болады. Жаз мезгілінде ең басты азық табиғи жасыл шөп. Оларды тек
шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде екі рет суарады.
Құрсақтану ұзақтығы шамамен 150 күн. Кез келген үй жануарымен бірге
бір орында ұстауға болады. Дұрыс қоректендіріп, дұрыс қараған жағдайда
ешкілер мүлдем ауырмайды.
2.2. Жас мөлшері әр түрлі текелер тобын
азықтандыру ерекшеліктері
Жас мөлшері және жынысы әр түрлі ешкілер топтарын азықтандыру
әрқайсысын әр түрлі жолдармен керегінше жүргізілуі керек. Оларға тиісті
рацион жем-шөптің және жемнің сапасына қарай топтардың жас мөлшері және
жынысына байланысты жасалған азықтандыру таблицасы арқылы жасалынады.
Аға шопан сақман топтарын құрып, малды жайылымға шығарумен шұғылданған
шақта көмекшілері бір не екі күн болған төлдер мен олардың енелеріне шеп,
жем беріп, суғарып, күтімге алады. Қорадан жайылымға шығарылғанда текелер
суғарылады.
Кешкі сағат 5-тен бастап алғашында жас төлдер тобы, сонан соң
ересектер тобы қораға қайта бастайды. Мұнда оларды кезек-кезек суғарып,
қораға кіргізеді. Бұл кезде аға шопан малдың жай-күйін тағы да тексеріп
шығады.
Сағат кешкі сегіз кезінде біраз ешкілер жайлымдықтан келеді. Олар
базда не алаңда түнейді. Ал сақмандағы топтардағы мал тұратын үйшіктерге
сапалы шөп жеткілікті мөлшерде жеткізіледі. Сонымен қатар мұнда) тұз, бор
сүйек ұны керегінше қойылады.
Жас төл арнаулы бөлінген орындарда (асханаларда) аралас құрама жеммен
және минералды жемдермен қоректендіріледі.
Текелерді қолға ұстаған алғашқы екі аптада оларға сапасы жақсы шөп
беріп, сонан кейін бірте-бірте шабындықтардан шабылған табиғи жемшөпке
көшіріп, ал суық түскен кезде сабанмен азықтандыру керек. Шопандардың
көпшілігі ең таңдаулы, сапалы деген шөпті тел алу науқаны кезінде пайдалану
керек деп есептейді. Бұл дұрыс та, бірақ жақсы шөп қыс басында да, ерте
көктемде де қажеттілігі белгілі. Өйткені, ноябрь-декабрь айында ешкінің
түбіті есетін кез, январь-февральда ешкі организмінде төл өсіп, олардың
терісі және түбіт-жүндері қалыптаса бастайды. Олар нашар азықтандырылса,
бұл процестер дұрыс жүрмейді.
Текелерді алдын ала дайындалып бөлінген жерлерде азықтандырады.
Таңертең және күндізгі су ішер алдында олар сүрлем жейді де, құрама жеммен
су ішкеннен кейін азықтанады. Таңертең және күндіз сапасы төмендеу, ал
кешке қарай сапалы жай жемшөп беріледі.
Шөп және жем тиісті астаушаларға және ақырларға текелер жайылымда
жүргенде салынып, дайындалып қояды. Текелердің ара-арасының алшақ болуына,
сөйтіп жүндеріне шөп, сабан жабыспауына, малдың қысылмауына көңіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz