Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері»

Орындаған: Садуақас Айдана

Тексерген: Жараева А. Р.

Орал, 2015ж.

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Темекінің кері әсері

2. Темекінің жүрек, қан-тамырларына кері әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


І. Кіріспе

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Темекі тарту, яғни, никотинизм - зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы - никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.

Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.

Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Темекінің кері әсері

Темекі шегудің кең таралуы және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы - медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе бойынша санитарлық ағарту орнының ғылыми-зерттеу институтының жан-жақты ғылыми зерттеулері негізінде бірқатар заңдар мен ағарту сипатындағы шаралар өңделіп, шығарылған болатын. Сонымен қатар, Бүкілодақтық Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы темекі шегетіндердің жасы жылдан-жылға жасарып бара жатқанын көрсетті. Осыған орай, егер бүгінгі күні шылыммен танысу балаларда жасөспірім жаста ғана емес, 10-12 жаста, тіпті одан да ертерек басталатындықтан, балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің зиянды әсері жөнінен гигиеналық тәрбие беру - міндетті шара. Темекі түтінінің адам денсаулығына әсері туралы мәліметтермен өсіп келе жатқан ұрпақтар ғана емес, сонымен қатар ересек адамдардың өздері де толық хабардар емес.

Темекі түінінің адам денсаулығына зиянды әсерлері:

1. Темекі шегетіндер қан айналу жүйесінің ауруларымен (атерсклероз, стенокардия, гипертония, миокард инфаркті) темекі шекпейтіндерге қарағанда жиі зардап шегеді. Әрбір тартылған темекі қан тамырларының 20-30 минутқа дейін тарылуына әкеліп соғады;

2. Никотин адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Алғашқыда орталық ми қыртысын қоздырады, соңынан тежейді, әлсіретеді;

3. Темекі шегу зат алмасуды және организмдегі витаминдердің сіңуін бұзады. Темекі құмарлардың басым бөлігінде авитаминоз байқалады;

4. Никотин асқазанның кілегей қабатының қабыну процестерін шақырып, ас қорыту жолдарының қабынуына ықпал етеді. Асқазан жарасы ауыруының 98% темекі шегетіндер құрайды;

5. Никотин жыныс гармондарының өндірілуін және жыныстық белсенділікті төмендетеді;

6. Темекі түтінінде концерогенді заттар табылған. Өкпе және асқазан рагі темекі шегетіндерде темекі шекпейтіндерге қарағанда бірнеше есе жиі кездеседі;

Қазіргі кезде алкоголизм мәселесі де шындап көңіл бөлерлік мәселелердің бірі болып отыр. Алкогольдік ішімдіктерді нысапсыз пайдаланудың қауіптілігін ерте заманның өзінде-ақ түсінген, ал қазіргі кездері ол көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы дәлелденген. Алкоголь нәрестенің құрсақта жатқан кезінен бастап, оның даму жолдарының барлық кезеңдерінде организмге кері әсерін тигізеді:

1. Ақыл-ойының дамуы төмен 100 баланың ішінде 90-ны алькогольдік маскүнемдік жағдайында ұрықтанғандығы дәлелденген;

2. Жүкті әйелдердің алкогольді интоксикациясы, туа пайда болған ақаулар (жүректің туа пайда болған ақауы, аяқ-қолдардың анамалиясы, қылилық және т. с. с. ) санының өсуіне әкеліп соғады;

3. Алкоголь орталық жүйке жүйесін, бауырды, бүйректі, жүректі зақымдайды, дәрілердің әсерін бұрмалайды, қызмет қабілетін және ақыл-есін кемітіп, адамның жеке басын аздырады;

4. Автомобиль апатының 30% көбінің себебі алкогольдік маскүнемдік болып табылады;

5. Маскүнемдер арақ ішпейтіндерге қарағанда екі есе жиі ауырады. Бұрынғы кездерде де, қазіргі уақытта да маскүнемдікке қарсы әр түрлі шектеулер мен заңдылықтар қабылданған.

2. Темекінің жүрек, қан-тамырларына кері әсері

Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.

Заттардың ішіндегі бәріне белгілісі - никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин - у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.

Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.

Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.

Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.

Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар:

• Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады.

• Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.

• Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады.

• Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.

• 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.

• Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.

• Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.

Темекі - адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.

Егер темекіні тастасаңыз:

• 24 - сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

• 2 - күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.

• 3 - күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

• 3 - айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

• 1 - жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

• 10 - жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі

• 15 - жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі қағазы
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Темекінің организмге әсері
Темекінің қарынға әсері
Әйелдер арасындағы шылым шегу әлеуметтік және физиологиялық проблемалары
Денсаулық және темекі шегу
Темекінің адам денсаулығына әсері
Зиянды дағдылардан аулақ болу
Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
Темекіге қарсы күрес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz