Темперамент туралы түсінік Темперамент туралы теориялар



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І тарау. Темперамент туралы түсінік
1.1. Темперамент туралы теориялар
1.2. Дарынды оқушылар темпераменті
1.3. Тұлғаның типтері
ІІ тарау. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы және мінез-құлық
ерекшеліктері
2.1. Темпераменттердің сипаттамасы
2.2. Мінез-құлық ерекшеліктері
2.3. Сәйкессіз мінез құлық түрлеріне сипаттама және оны анықтау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер
жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-
құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-
құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен
екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне
қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа
психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір –
бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің
белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық
әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің
жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның
мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді.
Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін
өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында
алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана
отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын
адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:

І тарау. Темперамент туралы түсінік
1.1. Темперамент туралы теориялар

Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытай (б.э.д. VIII ғ.)
емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді
олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсін-дірген. Яғни, адами ерекшеліктер
айырмашылығы денедегі элементтерге байланысты дейді. Темперамент жөніндегі
ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның
тұжырымы бойынша, адамдар төрт дене шырындарының - қан, шырыш, өт,
запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау
ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент
түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған
шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:
сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole -
өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық
кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын
тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және
физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет –
қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің
көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип –
адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне
негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр
адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.
1. 2. Дарынды оқушылар темпераменті

Дарынды оқушылардың мұғалімдерінің мінез-құлық ерекшеліктері:
Кісілік мінез-құлықтары. Олардың мендік сезімдері өте күшті. Намысқой,
арлы, қажырлы, күш-жігерлі келеді;
Өз-өздерін бағалай біледі, өз-өздеріне сенімді. Өздерін қаншалықты
бағаласа, басқаларды да соншалықты бағалай біледі. Оларды құрметтеп,
қолдайды, сенім артады.
➢ Қалыптан тыс жоғары ақылға ие
➢ Барынша жұмсақ, жаңа пікірлерге құмар келеді;
➢ Интеллектуалды, әдеби әрі мәдени тақырыптарға қызығады;
➢ Білімдерін арттырып, жаңалап отырады, ізденгіш келеді,
табыстарға жетуге құмар;
➢ Ынта-құлшыныстары мол;
➢ Өте сезімтал әрі түсінігі терең;
➢ Қашанда ең жақсысын іздейді, өздерін соған арнайды;
➢ Саналы әрекет етеді, жауапкершілікті сезінеді.
Мамандыққа икемдігі
➢ Қысым жасап, қинаудан гөрі жол көрсеткіш келеді;
➢ Беделге сүйеп іс жасағаннан гөрі демократияшыл болуды
таңдайды;
➢ Нәтижелерді күткеннен гөрі жұмысты істеуге көбірек үңіледі;
➢ Ереже-қағидалардан шықпаудан гөрі жаңашыл, тәжірибе жасап
көргіш келеді;
➢ Белгілі нәтижелерге қол жеткізуде жылдам қимылдап мәселелерді
шеше алады;
Сұрақтарға жауап берудің орнына басқалардың жауап беруіне жағдай
туғызатындай әдістерге жүгінеді.

Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да,
үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың
активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш,
сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың
эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды,
баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде
көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән
бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ
бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын
сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл
айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін
көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер.
Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты
бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс-
әрекеті де әртүрлі болады.
Мұғалімдік іс-әрекеттері.
➢ Өздеріне тән, икемді әрі адам қалауын алдыңғы орынға қоятын
бағдарламалар жетілдіріп, соны іске асырады;
➢ Барынша жанға жылы, көңілге жұмсақ, төзімді орта
қалыптастырады;
➢ Адамға қарай әр түрлі стратегиялар қолданады;
➢ Кісілердің түсініктеріне құрметпен қарайды, дұрыс іс-
әрекеттерге қолдау білдіреді, олардың наным-сенім құндылықтарына
құрмет көрсетеді;
➢ Қиялдау еркіндігі мен жасампаздыққа құрметпен қарайды;
➢ Сабақтың интеллектуалды деңгейін жоғары ұстайды;
➢ Жеке адамдардың іс-әрекеттері мен кісіліктеріне құрмет
көрсетеді;
➢ Тақырыпты жақсы меңгеруімен қатар үнемі өздерін жаңалап
отыруды, білім көкжиектерін кеңейтіп отыруды үнемі ескереді;
➢ Оқушыларға сенеді, сенім артады, ұжыммен жұмыс жасай алады.
Жоғарыда атап өтілген қасиеттердің барлығы бір мұғалімнің бойында
кездеспесе де бұл уақыт өте келе тәжірибемен қалыптасатын жайттар. АҚШ-та
жүргізілген жұмыстарда ерекше дарынды балаларға арналған білім
мекемелерінде жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін докторлық атақ пен екі жылдық
мамандыққа сай тәжірибенің болуы шарт көрінеді.

1.3. Тұлғаның типтері

У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында
корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-
қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және
нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз кеде агрессивті мінез-құлық
байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары
ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және
өмірдің қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында
негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын
көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында
қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға
алды.
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі
болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1. Күшті қозуы тежелуінен басым
2. Күшті қозуы мен тежелуі тең
3. Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер,
жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді
басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті
адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу,
не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен
әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі
типке бөлді:
1. Күшті, ұстамсыз
2. Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен
салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.
19 ғасырдың аяғында темперамент туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт
алды. Неміс анатомы Гейне темпе-раменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің
тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми
қабықшасындаєы молекулярлық қозға-лыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне
байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-І909)
темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп
тұжырымдады.
Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзе-
лістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің
ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған.
Демек, жеке физикалық немесе психикалық қассиеттері бойынша өзара
ұқсас көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтірудің нәтижесінде
темпе-раменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты.
Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын
бақылау жағдайларында Э. Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын
психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден,
психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе
төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңілкөтеруге немесе
қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің
тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе
психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе
тежелуі).
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар
және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне
байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын,
кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке
ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе
қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және
быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері
мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма
жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен
сипатталады.
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық
ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі
лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен
ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен
конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э.
Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың
бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құры-
лымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша
түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар.
Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі
ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін
ажыратады:
1) Шизотимик – дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық.
Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді,
көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик – дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда
маниакальді – депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған
адамдармен қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик – дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда
эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі
жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта
қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
Э. Кречмер конституциялық типо-логия теориясы Батыс Европада кең
қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-
жыл-дарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде
оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі
антро-поскопиялық әдісті қолданды.
ІІ тарау. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы және мінез-құлық
ерекшеліктері
2.1. Темпераменттердің сипаттамасы

Бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы
ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін
жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез
тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу
үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын
көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда
кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал
егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы
оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде,
оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген
белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен
бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық
байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті
тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта
достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп
отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық
әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген
жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын,
қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп
беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол
арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Флегматик. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып,
төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді
ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер
флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең
кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде
флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен
қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал
орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру
немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді,
оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс
тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз
жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен,
асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана
үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ
айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына
жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады,
ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық
және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик. Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен,
ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық
процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге
жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді.
Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді.
Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің
жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы
– ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге
түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен
энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,
кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді.
Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім
кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы
орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі
бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл
өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілет анықтамасы
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Әрекет темпераменттері
Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент
Темперамент түсінігі
Темперамент туралы жалпы ұғым
ТЕМПЕРАМЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Пәндер