Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері



Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен
жетістіктері
1.1. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мұрағат ісiнiң қазiргi жай-
күйi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ. Қазіргі кездегі мұрағат ісінің міндеттері мен қызметтерімен танысу
2.1. Қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа салалармен
байланысы ... ... ... ... ... ..14
2.2. Ұлттық мұрағат
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мұрағаттары өзінің қоймалары
қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке
ие қорларды сақтайды. Бұл құжаттар Қазақстан тарихын зерттеу үшін өте құнды
дереккөз материалдары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және
мұрағаттар коитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама
мұрағаты Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жыл 7 ақпандағы № 50
қаулысымен республиканың халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы
аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық
құжаттамаларды мемлекеттік сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз
етуді орталықтандыру мақсатында құрылды. Мұрағат өз қызметін 1974 жылдың 1
наурызынан бастады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама мұрағаты ХІХ ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі
Қазақстанның ғылымы мен техникасының қалыптасуы және дамуы тарихы бойынша
құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы
қаласының аумағына орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық
бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық
ұйымдар мен мекемелердің қызметі нәтижесінде құрылған ғылыми-технгикалық
және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған.
Мұрағатта бүгінгі күні мемлекеттік сақтауда 184621 сақтау бірлігі бар.
Оның ішінде ғылыми-техникалық құжаттама көлемі 105925 сақтау бірлігін
құрайды, олардың 18654 сақтау бірлігі ғылыми-техникалық, 2265 сақтау
бірлігі – конструкторлық, 83005 сақтау бірлігі – жобалау, 2001 сақтау
бірлігі – патенттік құжаттар болып табылады. Басшылық құжаттамалар көлемі
59036, жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052 сақтау
бірліктерінен тұрады.Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады. Олардың
хронологиялық шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды.
Зерттеу мақсаты.
Осы курстық жұмысым тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылындағы мұрағат
ісінің қызметі мен жетістіктері тақырыбына арналады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Республикамыздың мұрағат құжаттары –баға
жетпес байлық, мемлекеттің, халықтың асыл қазынасы. Бүгін де,ертең де
,келер ғасырларда да толыға беретін, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі.
Мұрағат құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Мұрағат өмірі таусылмас,
қоймасы ортаймас, тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің
қатпар қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын,экономикасын,тыныс
тіршілігін кең түрде айқындайтын, тарихи, мәдени ескерткіштерін, жеке
тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.
Республиканың мұрағат қызметкерлері келешекте бұл байлықты өз
мемлекетінің, өз Отанының,елінің игілігіне айналдыруға аянбай еңбек
ететіндігі сөзсіз.
Зерттеудің міндеттері:
– Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылындағы мұрағат ісінің қызметі мен
жетістіктерін талдау;
– Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісін анықтау;
– Мұрағат ісiнiң қазiргi жай-күйiн сипаттау;
– мұрағат ісінің міндеттері мен қызметтерімен танысу;
– Ұлттық мұрағат ісі мен қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа
салалармен байланысын анықтау.
Зерттеу көздері. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет көздері.
Зерттеу әдістері. Ғылыми теориялық және практикалық әдістер.

І. Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен
жетістіктері
1.1. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі
КСРО-ның таратылуы және бұрынғы КСРО мемлекеттік мұрағаттарына қатысты
құқықтық мұрагерлікті иелену туралы келісімнің қабылдануы. Республиканың
тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы. Қазақстанның мемлекеттік
мәртебесінің өзгеруімен және саяси негізімен, экономикалық жағдайымен
байланысты мұрағат мекемелері жүйесіндегі өзгерістер. Бұрынғы одақтық
республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың жоғалуымен
байланысты орын алған қиындықтар. Құжаттамамен қамтамасыз ету саласында
Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша
талаптардың жасалуы және оның іс жүзіне енгізілуі. Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 1995 жылғы 19 қазандағы
Жарлығы бойынша (№2541) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті
жанындағы архивтер мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.1997
жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві деп
қайтадан аталды.Басқару жұмыс жаңа арнаға түсті. Мұрағат мекемелерінің
құрылымы,штат кестесі едәуір ықшамдалды. Мұрағат ісінде міндеттерді
атқарудың құқықтық негізін жасау. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22
желтоқсандағы Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы заңы.
Мұрағат түсінігі. Мұрағаттардың қазіргі жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар,
олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері. Мемлекеттік
мұрағаттардың түрлері. Орталық мемлекеттік мұрағаттар. Ұлттық мұрағаттық
қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар
жүйесінің құрылуы. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары.
Қалалық және аудандық мұрағаттар. Ведомстволық мұрағаттар. Арнайы
мемлекеттік мұрағаттар. Жеке мұрағаттар. Қолжазба бөлімдерінің,
кітапханалар мен мұражайлардың мұрағаттары. Құжаттық қор, мұрағаттық
қор түсініктері. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын мемлекеттік
мұрағаттар жүйесі бойынша бөлу. Қазақстан Республикасы мұрағатшыларының
қоғамының құрылуы. Қоғамның құрылымы және негізгі міндеттері. Уәкілетті
мемлекеттік орган және жергілікті уәкілетті орган түсініктері. Қазақстан
Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі Комитетінің құрылуы.
Комитеттің негізгі міндеттері және атқаратын қызметтері. Республикада
мұрағат ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. 2001-2005 жылдарға
арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасын жасау.
Республикада мұрағат ісінің дамуының негізгі бағаттары. Республикалық
жоғарға оқу орындарында тарихшы-мұрағатшы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
Мемлекет Басшысының 1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы
деп жариялау туралыЖарлығы,Қазақстан 2030 стратегиялық даму Бағдарламасы
және оның негізгі Ережелері оның ,оны іске асыруға байланысты республика
халқына арнаған Жолдауы еліміздің мұрағат жүйесіне деген халықтың
көзқарасын оятты.Бұқараның тарихи санасы,патриоттық сезімі дами түсті.
Мемлекеттік мұрағаттардың оқу залынан АҚШ,Ресей,Жапон,Қытай
Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен келген зерттеушілер жиі көріне
бастады.
Республиканың ақпарат құралдары арқылы 1998 жылдың тек алғашқы
жарты жылдығында 300–ден астам мақала ,400 шамасында теле радио хабарлары
таратылды.
Орталық мұрағаттың Егемен Қазақстан,Казахстанская правда,
Қазақ әдебиеті, Ана тілі, Ваше право, Заң,т.б газеттер мен
журналдардың беттерінде ашқан айдарымен Алашорда басшылары, Түркістан
тарихы туралы,қазақ халқының ұлт азаттық қозғалыстары, ашаршылық ,т.б
тақырыптар бойынша материалдары жарияланды.
Қазақстан 1, Хабар, КТК, Таң, Рахат АТВ телеарнналарында
ұлттық тарихымыздың маңызды мәселелері жайында хабарлар берілді.
Халықаралық ынтымақтастық жыл санап дами түсуде. Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекет басшыларының Минскі шарты көлемінде және
ТМД мемлекеттері мұрағат қызметінің өзара ынтымақтастық келісімі бойынша
Ресей Федерациясы мұрағат қызметі және Өзбекстан Республикасы мемлекеттік
мұрағатымен бірлесіп Түркістан қаласы тарихына қатысты құжаттарды табу
жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздің тарих ғылымының базалық көзін кеңейту мақсатында Омбы
облыстық мемлекеттік мұрағатымен мұрағат құжаттарының көшірмелерін
алмасу жөнінде келісім шарт жасалды.
Республиканың мұрағат жүйелерінің материалдық техникалық базасын
нығайту,мұрағат ісін дамыту,келешекте реформалау мәселесі Мемлекет
Басшысына,ҚР Премьер Министріне баяндалды.Осы мәселе ҚР Қаржы,Әділет және
Білім ,мәдениет,денсаулық министрліктері мен Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігі мен облыс әкімдері алдына да қойылды.
Соның арқасында жоғары және жергілікті өкімет органдарының
мұрағат ісінің маңызын түсінуі және олардың көмегі мұрағаттың нәтижелі
жұмыс жасауына елеулі әсері тиді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылдың заң жобаларының жоспарына Ұлттық мұрағат қоры мұрағат туралы заң
жобосының қосымша енгізілуі , бұрын жобалап қалған Ақмола облысы мен
Жезқазған қаласында мұрағат ісі басқармасының қалпына келтірілуі ,ең
бастысы –Астана қаласында Орталық мемлекеттік мұрағат үйінің құрылысын
жобалау және құрылыстың биылғы жылы басталу мәселесінің нәтижелі шешілуі
–соның айғағы .Қанша дегенмен күні кеше тәуелсіздік алған Қазақстан
мемлекетінің мұрағат жүйесі өркениетті елдер мұрағат дәрежесіне көтеру ,
мұрағат құжаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,мемлекеттік
мұрағаттарды компьютермен жабдықтау міндеті тұр.
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің
мұрағат органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді.КСРО өз
өмірінде 350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң
қабылдамаған .
Бұрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан
Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап
үлгірді.Ал бізде бұл мәселе кешеуілдеп келеді.Бұл мұрағат ісін ұйымдастыру
,дамытуға елеулі қиындық туғызуда.
Ең бастысы мемлекеттік мұрағат пен республика тарихының бірден бір
көзі –ведомстолық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаудың тиімді
жолын айқындайтын заң ауадай қажет.
Екіншіден, шет мемлекеттердегі Қазақстан тарихына қажетті
құжаттарды айтпағанда ,ТМД мемлекет басшыларының жылғы келісімі бойынша
Қазақстан аймағындағы космосты игеру ,геологиялық ресурстар, табиғи ортаны
қорғау ,геодезия ,картография,киномотография саласындағы құжаттар мен
негізгі өнімдер бұрынғы Одақтық ведомтволық мұрағаттарда қалды.Бұл
заңды.Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізге алу мәселесі қүн тәртібінен
түспейтін күрделі іс.
Ұлттық мұрағатты ұйымдастыру ,дамыту және пайдалануды жақсарту
мәселесі халықаралық,мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені
сөзсіз.
Өркениетті елдерде мұрағат ісі ,барлық мұрағат қоры және
құжаттама басқару аспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып
табылады.
Ал ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін
Орталық атқарушы орган болғандықтан әрі мұрағат туралы заңның болмауы
ЮНЕСКО ның мүшесі деп танылған халықаралық мұрағаттар Кеңесіне қатысуы
,шет елдердегі құнды құжаттарды халықаралық дәрежеде іздестіру мәселелері
қиындай түседі.
Республика мұрағат ісін дамытуға қойылған тосқауылдың ең бастысы
қаржы тапшылығы.
ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатқа 1998жылға бөлінген қаржы 21млн.
871мың теңге.Ол мұрағат қызметкерлерінің еңбек ақысынан және коммуналдық
қызмет көрсетуге төленетін қаржыдан артылмайды.
Ең бастысы мұрағатты өркениетті ел дәрежесіне жеткізетін алғы шарт
республикалық мемлекеттік мұрағаттарды компьютер мен және басқа да
мұрағаттық техникалармен жабдықтауға ,мұрағат қоймаларын өрт апатынан
қорғауға ауа,жылу,ылғалдық режимдерін сақтауға қаржының бөлінбеуі
мемлекеттік байлықты қолдан жою деген сөз.Бұл мұқтаждықты шешу үшін 101
миллион теңге,облыстық әкішіліктер қарауындағы мемлекеттік мұрағаттарға
385млн.теңге қажет.
Қаржы тапшылығынан Қазақстан тарихына қатысты шет жұрттағы құнды
архив деректерін іздестіруге,кері қайтарып алуға мүмкіндік тумай отыр.
Оның үстіне мерзімі өткендіктен және ауа ,ылғал,жылу режимдерін
сақтауға мүмкіндік жоқтықтың бүлінген,өшуге айналған құжаттар аз емес.ҚР
Орталық мемлекеттік мұрағат пайдалануға берілген 1963 жылдан бері күрделі
жөндеудеy өткізілген жоқ.Кондиционерлер,желдеткіштер,реж имдік приборлар
істен шыққан .Ал оларды тезірек жөндеуден өткізбесе республика тарихының
мол құнды деректерінің өмірден өшетінін айтып жеткізу қиын.
Еңбекақы мөлшерінің аздығы мұрағаттарды қажетті кәсіби білімді
мамандармен қамтамасыз етуге елеулі қиындық туғызуда.
Мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қамқорлыққа
алынбауы,жеңілдіктерге ие болмауы қынжыларлық.Мұның келешекте мұрағат ісін
дамытуға елеулі кесірі тиетіні сөзсіз.Қазіргі мұрағат қызметкерлерінің
көпшілігі гуманитарлық білім саласындағы мамандар және егде тартқан
адамдар.Оларды кәсіби мамандықтары жоқтығынан шет елдердегі құжаттар былай
тұрсын,республиканың мұрағат қоймаларында жатқан қытай, монғол
,манжур,түрік,парсы,араб,т.б шет ел тілдеріндегі көне заман құжаттары
игерусіз жатыр.
Ондай мамандарға мұқтаждықтың басты себебі,біріншіден,мұрағат
мамандарын санаулы ғана оқу орындары аз мөлшерде
дайындайды.Екіншіден,арнаулы кәсіби білім алған жастар еңбекақының
төмендігінен мұрағатта еңбек етуге келмейді.Отанымыздың мұрағат ісін
әлемдік дәрежеге көтеру үшін мұрағат құжаттарын зерттейтін ,құжаттау ісіне
ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беретін ,озат тәжірибені насихаттайтын Орталық
құру,Қазақстан мұрағаты журналын шығару ,баспахана ашу өмірдің өзі туғызып
отырған мәселелер.Мемлекет тарапынан қажетті қамқорлық жасалса,құнды
құжаттарды ел игілігіне айналдырып ,қаржы тапшылығынан құтылуға мүмкіндік
туар еді.
Бұлардың барлығы бір күнде,не бір жылда шешілетін мәселе
емес.Экономика,қаржы мәселесі әркімнің талабы бойынша шешілмейтіні белгілі
.Бірақ ең бастысы мұрағатқа деген мемлекеттік бетбұрыс,дұрыс
шешім,мемлекеттік заң болуы шарт .
Республикамыздың мұрағат құжаттары –баға жетпес байлық,
мемлекеттің, халықтың асыл қазынасы. Бүгін де,ертең де ,келер ғасырларда да
толыға беретін, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі. Мұрағат құжатынсыз
тарихтың жазылуы мүмкін емес. Мұрағат өмірі таусылмас, қоймасы ортаймас,
тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар қатпар
кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын,экономикасын,тыныс тіршілігін кең
түрде айқындайтын,тарихи,мәдени ескерткіштерін,жеке тұлғалардың өмірін
мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.
Республиканың мұрағат қызметкерлері келешекте бұл байлықты өз
мемлекетінің,өз Отанының,елінің игілігіне айналдыруға аянбай еңбек
ететіндігі сөзсіз.

1.2. Мұрағат ісiнiң қазiргi жай-күйi
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін
дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -
Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008
жылдарға арналған бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік
кестесінің 147-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N
146, 2001 жылғы 11 маусымдағы N 797 қаулыларымен бекітілген Қазақстан
Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
тұжырымдамасы мен бағдарламасын орындау мұрағат саласындағы ұйымдық және
құқықтық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-
техникалық базасын жаңғыртуға, Қазақстанның халықаралық мұрағат
ұйымдарындағы бейнесін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін
дамыту бағдарламасын қабылдау әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясына жауап беретін мемлекеттің мұрағат ісі мен
құжаттама жүйесі моделін дамыту және одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар
кешенін болжайды.
Қазақстанның мұрағат жүйесiне нарықтық қатынасқа көшу, мұрағат iсiнiң
заңдық негiзiнiң болмауы, бюджеттен қаржының болмашы бөлiнуi ауыр тидi.
Мемлекеттiк мұрағат мекемелерi қызметкерлерiнiң саны екi еседей азайды,
ведомстволық сақтауды ұйымдастыруда, іс жүргiзу қызметiнiң жұмысында
қолайсыз ағымдар орын ала бастады. Олардың жағдайы мен әлеуметтiк мәртебесi
бiршама төмендедi.
Саланың материалдық-техникалық базасы моральдық және физикалық
тұрғыдан ескiрдi, қазiргi стандарттар мен талаптарға сай келмейдi. Жоғары
және орталық мемлекеттiк органдардың құжаттарын сақтау үшiн мұрағат
қоймаларында бос орындар да, жағдай да жоқ. Алматы қаласындағы Қазақстан
Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты, Кинофотоқұжаттар және дыбыс
жазбалар орталық мемлекеттiк мұрағаты, Ғылыми-техникалық құжаттама орталық
мемлекеттiк мұрағаты, Мұрағаттық материалдарды ықшам фильмдерге түсiру және
қайта қалпына келтiру орталық лабораториясы, Қазақстан Республикасы
құжаттану және мұрағат ісi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
орналасқан ғимаратқа 30 жылдан астам берi күрделi жөндеу жүргiзiлмеген.
Облыстарда мемлекеттiк мұрағаттар ғимараттарын салу 20 жылдан берi қолға
алынбаған, Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағат ғимараты апатты жағдайда,
Алматы облысы мен Астана қаласы мемлекеттiк мұрағаттарының өз үй-жайлары
жоқ. Іс жүзiнде барлық дерлiк аудандық және қалалық мұрағаттар бейiмделген
жайларда немесе басқа ұйымдардың үй-жайларында орналасқан.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының
ғимаратын салу мәселесi өз шешiмiн таппай отыр.
Мұрағат қоймаларын жабдықтау қазiргi қағидалар мен талаптарға
сәйкес келмейдi. Олардың көпшiлiгiнде қазiргi заманғы өрт сөндiру, күзет
және өртке қарсы белгi беретiн құралдар жоқ, құжаттарды сақтаудың қолайлы
температуралық-ылғалдық режимiн ұстауға, олардың физикалық-химиялық
сақталуын қамтамасыз етуге барлық уақытта мүмкiндiк бола бермейдi.
Түпнұсқалардың жоғалу немесе бүлiну жағдайынан ақпаратты сақтап қалу
мақсатында құжаттарды басқа материалға көшiру арқылы Ұлттық мұрағат қорының
аса құнды бөлiгiн сақтауды қамтамасыз ету жұмысы тоқтап тұр.
90-шы жылдар ішiнде негiзгi құралдар, оның ішiнде компьютерлiк
техника алуға қаржы бөлiнбедi. Орталық және облыстық мемлекеттiк
мұрағаттардағы аздаған компьютерлiк және көбейткiш техника әкiмшiлiктер мен
демеушiлердiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Уақыт және тарих
1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Қазақстандағы мұрағат ісі
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Пәндер