Төл және төлеу сөздер тыныс белгілері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Төл және төлеу сөздер тыныс белгілері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Төл және төлеу сөзбен оның тыныс белгісі
1.1 Төл сөзді сөйлемдердің
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Төлеу сөздер және автор сөзі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Оқушылардың төл сөздің тыныс белгісін қоя біліп, дұрыс оқи
білуін
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2. Төл және төлеу сөздер тақырыбындағы сабақ үлгілері
2.1 Төл сөз, төлеу
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ПАЙДАЛАНАТЫН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Төл сөз тақырыбы таныстырыу мақсатында бастауыш
сыныпта өтіледі, бірақ онша төл сөзден жүйелі білім берілмейді. Оқушылар
8-сыныпқа жеткенге дейін төл сөзді сөйлемдерді мәтіннен кездестіріп
жүр, өздері қолданып, сөйлеп,жазады да. Сондықтан мұғалім төл сөз жайындағы
сабақты бастағанда, көркем шығармалардан алынған төл сөздері бір үзіндіні
оқудан не әңгімелеуден бастаған дұрыс. Үзінді оқушылар үшін тартымды,
тәрбиелі болуы керек. Үзінді арқылы мұғалім мәтіннің автор сөзі мен төл
сөзден тұратындығын жеткізеді.
Төл сөздің бір сөйлемнен де, бірнеше сөйлемнен де келетінін, автор
сөзінің де бір, бірнеше сөйлемнен не тұтас абзацтан тұратыны көрсетіледі.
Сол мәтінді төл сөздің не үшін қолданылатыны, яғни сөйлеуші өз ойын
біреудің сөзін сол қалпында өзгертпей, екінші адамға жеткізу үшін
айтылатыны дәлелденеді. Бұдан кейін оқушылардың өздеріне сұрақтар қойып
жетелеу арқылы төл сөзге мысалдар келтіргізеді, біреуінің сөзін екінші
біреуіне төл сөз түрінде жеткізу тапысырылады, бұдан бұрынғы тақырыптарда,
жаттығуларда және оқу материалдарында келтірілген ойшылдардың даналық
сөздері төл сөз бен автор сөзі формасына түсіріліп айтқызылады. Даналық
сөздер мен мақал-мәтелдері кіргізіп мәтін құрау тапсырылады, т.б. Қандай
жағдайда төл сөз тырнақшаға алынатыны, қандай жағдайда тырнақшаға
алынбайтыны жаттығу мәтіндермен дәлелденеді. Келесі сабақта төл сөзді
сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілері өтіледі. Төл сөзді сөйлемдердің
құрылысын меңгерту үшін, төл сөзі бар сөйлем төрт түрлі жағдайға
орналастырылып, қайта құрылады. Төрт түрлі тәсілмен берілген төл сөздің
айырым белгілері түсіндіріледі. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібін
сызба арқылы түсіндіру уақытты аз алады және жеңіл ұғынуға көмектеседі.
Оқушылар сызбаға және сөйлемдер жазылған кестеге қарап, төл сөздің
сөйлемдегі орнын, олардың тыныс белгілеріне байланысты ережелерді айтады.
Төл сөз бен оның тыныс белгілерін дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру
мақсатында жүргізілген практикалық жұмыстарда мұғалім мынаған көңіл бөлуі
керек: егер автор сөзін төл сөздің ортасында орналастырса, автор сөзі
көбіне бастауыштан соң берілгені жөн, ал төл сөздің басында қыстырма,
қаратпа сөздер келсе, автор сөзін сол қыстырма мен қаратпадан кейін қойып
жазуға да, айтуға да болады. Кейде автор сөзі толықтауыш, пысықтауыштан соң
да келе береді.
Зерттеу мақсаты: қазақ тіліндегі төл және төлеу сөздері туралы
мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері: Төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік беру; тыныс
белгілердің қойылуын оқыту әдістерімен таныстыру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Төл және төлеу сөзбен оның тыныс белгісі
1.1 Төл сөзді сөйлемдердің құрылысы
Қазақ тілнде төл сөздің ортасында келген автор сөзі ешқашан да
анықтауыштан соң айтылмайды. Тыныс белгілері оқулықта берілген ережеге
қарап қойылады. Автор сөзінің төл сөздің ортасында келген түрі – төл
сөздердің ең күрделі, қиын түрлерінің бірі, сондықтан оған уақытты
басқаларына қарағанда көбірек бөлу керек.
Төл сөз бен автор сөзінің араласып келуі көбіне қолданыла бермейді,
тек көркем шығармаларда ғана кездеседі. Төл сөз бен автор сөздерін
араластыра қолдану кей жағдайларда стильдік қатеге ұрындырады, ұғымды
ауырлатып, түсінуге қиындық келтіреді. Сондықтан төл сөздің мұндай түрі
көркем шығармалардан кездестіргенді айыру үшін оқытылады.
Оқушылардың үсінуіне қиындық келтіретін жайт – төл сөздің ішінде төл
сөздің келуі. Төл сөздің басқа түрлерін меңгерген оқушылар мұндағы қойылуға
тиіс тыныс белгілерді дұрыс тауып қоя алады. Оқушылар төл сөздің ішінде
келген төл сөз тек тырнақшаға алынып жазылатынын, басқа тыныс белгілер
қойылмайтынын білсе, соған жаттықса болғаны. Мұны пысықтағанда, мысалды
көркем әдебиеттен теріп алуға болады, сөйлеу тілінде де қолданылады.
Оқулықта мынадай мысал келтірілген: Кейде әжем маған: - Ақыл арымайды,
алтын шірімейдідеген, ақылды бол, балам, - дейді.Мұнда алғашқы сызықша төл
сөздің бәріне қатысты болса, тырнақша тек маақалға ғана қатысты. Осыдан
оқушы мына ережені шығарып айта алуы керек: Бір төл сөздің ішінде екінші
төл айтылса, алғашқысының алдынан сызықша қойылады да, соңғысы тырнақшаға
алынады.
Оқулықта дағды қалыптастыру үшін мынадай тапсырмалар берілген:
мәтіннің төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойп жазу; кейіпкердің сөзін
төл сөз етіп, автор сөзін оқушы өзі дайындау; берілген төл сөздің орын
тәртібін өзгертіп,тыныс белгілерін соған сәйкес дұрыс қоя алу, сұқбат алу;
төл сөзді төлеу сөзге айналдыдырып жазу, т.б.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары оқулықта арнайы тақырыппен
берілген.
Мұғалім сыныпта отырған оқушыларға, егер бөтен біреудің сөзі екінші
біреудің сөзінің ішінде өзгеріссіз қолданылса, ол төл сөз деп
аталатындығын, ал басқа біреудің сөзі өз сөзінде өзгеріске ұшырап, мазмұны
ғана берілетін болса, төлеу сөз деп аталатынды,ын айтады. Сонымен бірге төл
сөзді болсын, төлеу сөзді болсын, автор өз ойын дәлелдеу үшін, нақтылай
түсу үшін және басқа біреуге ғибрат ету үшін қолданылатындығына көңіл
бөледі. Автор төл сөзбен төлеу сөзді қолданғанда, оның өз сөзі әркелкі
дәрежеде қатынасады.
Егер автор басқа біреудің сөзін өзгеріске түсіріп, соның мазмұнын ғана
сақтап жұмсаса, онда автор сөзі басм болады.
Егер біреудің сөзі өзгеріссіз, сол қалпында жұмсалса, онда автор сөзі
сол төл сөздің бір сыңары болып қатысады. Төл сөз бен автор сөзін оқушылар
қай жағдайда ажырата алмай қалады, соған қарай мұғалім мына секілді
анықтама береді:
Төл сөз – хабарланатын басқа біреудің сөзі.
Автор сөзі – төл сөзді хаабарлаушы адамның сөзі.
Төл сөз автор сөзінің алдында, соңында және ортасында сонымен бірге
кезектесіп те келе береді.
Төлеу сөз автор сөзі мен төл сөзден құралады.
Енді осы айтылғандары көркем әдебиеттерден алынған мысалдардың
негізінде оқушыларды көбірек қатыстыра отырып пысықтап, тағы бір рет айтып
өтуге болады. Осыдан кейін төл сөзді сөйлемнің түрлері, төл сөздің тыныс
белгілері туралы оқулықта берілген мағлұматтарды түсіндіруге көшу керек.
Қазақ тілінде төл сөзді сөйлемнің төрт түрі бар:
✓ төл сөз автор сөзінің алдынан келеді;
✓ төл сөз автор сөзінің соңынан келеді;
✓ төл сөз автор сөзінің ортасынан келеді;
✓ төл сөз автор сөзінің екі жағынан келеді;
Төл сөздің бұл түрлерін оқытуда оларға мысалдар алып соларды талдап,
жинақтап түсіндіру, не алдын ала төл сөздің аталған түрлеріне сызба жасап
келіп, соны талдай отырып меңгерту керек. Берілген сызбадан төл сөз бен
автор сөзінің орнын айқындап алғаннан кейін, тыныс белгілерінің ережелерін
оқушыларды қатыстыра отырып, мұғалімнің өзі айтып береді.
Егер төл сөз автор сөзінен кейін келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте
қойылады да, төл сөз бас әріппен бастап жазылып, тырнақшаға алынады.
Егер төл сөз автор сөзінің алдына келсе, ол бас әріппен басталып,
тырнақшаға алынады да, одан кейін үтір мен сызықша қойылып, автор сөзі кіші
әріппен басталып жазылады.
Егер автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің бірінші
бөлігінен кейін қос нүкте қойылады да, төл сөз бен бас әріптен бастап
жазылып, тырнақшаға алынады, ал автор сөзінің соңғы бөлігі төл сөзден үтір
мен сызықша арқылы ажырайды. Мұнда автор сөзі кіші әріппен жазылады.
Егер төл автор сөзінің екі жағынан келсе, онда бүтіндей сөйлем
тырнақшаға алынып, автор сөзі төл сөздерден екі жағынан үтір мен сызықша
арқылы ажырайды. Мұнда автор сөзі кіші әріппен жазылады.
Сонымен бірге төл сөздің екі бөлігі екі түрлі сөйлем болып келуі
мүмкін. Мысалы: Не деген өнегелі бала едің! – деді жолаушы. – Есімде
жүрсін, - атың кім? (Ы.А.)Мұндай жағдайда да автор сөзі кіші әріппен бастап
жазылады. Сирек болса да, кейде төл сөз бен автор сөзі кезектесіп аралас
келетінін де мұғалім оқушыларға ескертіп, мына секілді мысалмен көрсетуіне
болады: Шешесі: Сол кісіні шақыр, - деді, - кетсін,- деп, - үйіміздің дәм-
тұз татып(Абай).Осы сөйлемнің сызбасын сыздырып, ереже шығаруға да
болады.6
Төл сөздің енді бірқатар түрі бар: бір төл сөздің ішінде екінші бір
төл сөздің келуі; біреудің айтқан сөзі мен ойлаған ойы немесе айтқан сөзі
мен айтылмақшы сөзі қатар келетін жағдай және т. б. Оқулықтағы берілген
кестелер мен сызбаларды оқушыларға талдату арқылы да төл сөз туралы олардың
білімдерін тереңдете түсуге болады.
Төл сөздің тағы бір ерекше түрі – драмалық шығармаларда кездесетіні.
Мұны оқушыларға меңгерту онша қиынға соқпайды, тыныс белгісінсіз жазыла
береді. Мұны оқушыларға ескертіп, түсіндіріп қою керек.
Мектеп оқушыларына қиындық келтіретіні - автор сөзіндегі де
етістігінен кейін қойылатын үтір. Бұл үшін деп, десе, дегенде, деді, дейді
етістіктеріне аяқталған төл сөзден кейін автор сөйлемі басталса, үтір
қойылатындығына ерекше назар аударту керек.

1.2 Төлеу сөздер және автор сөзі
Төлеу сөз- көркем шығармада кейіпкердің сөзін айтылған қалпын
сақтамай, тек мағынасын ғана жеткізетін сөздер. Мысалы, "Абай жолы"
романында М.Әуезов Самалбек тілмәштің Абайға айтқан сөзін былай жеткізеді:
"Оның жалғыз білгенім сол деп айтқаны: алысып жатқан екі жақ бірдей
Абайды тыңдау қажет десті, бірақ олардың ішінде, арғы ниетінде қандай
байлау бар екенін Самалбек білмейді. Оның ойынша, Абай не қыларын өзі жақсы
аңғаратын болар. Және сол өзіне лайық көрінген дағдылы жолмен куәлік
айтқаны Абай басына лайық болар" дегендей кеңес тәрізді сөз айтып бітірді".
Бұл жерде жазушының кейіпкер сөзін тікелей келтірмей, өзінше мазмұндап
беру тәсілі көңіл аудармақ. Көркем шығармада кейіпкердің ішкі монологі,
яғни іштей айтқан ойы, кейде төл сөз түрінде басталып кейіпкердің аузынан
шыққан қалпын сақтағандай көрініп, бара-бара төлеу сөз түріне ауысып,
автордың сөзі болып кетеді, ал кейде сол екеуінің жігін, шекарасын айыру
қиын болады. Осындай көркемдік тәсіл "Абай жолы" романында Абайды ойлану,
толғану үстінде бейнелейтін тұстарда ұтымды қолданылады. Төлеу сөз тәсілін
қолдану әдебиетте төл сөзге қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі. Бұдан
жазушының кейіпкер сөзін тікелей айтылған қалпын сақтап беруге көбірек мән
беретіні байқалады.[1]
Төл сөз - біреудің сөзінің автордың тарапынан өзгеріске ұшырап
берілуі.
Төл сөздің төлеу сөзге айналдыру жолдары:
1.Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу
сөзде сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған - дық, - дік жұрнағы, тәуелдік
жалғауы және табыс септігі жалғанады, толықтауыш болады. Мысалы: Мен бұдан
артық қуаныш бар демеймін, - деді қатты толқығанын жасырмаған Жазира.
Жазира қатты толқып тұрып, бұдан артық қуаныш бар деп білмейтіндігін
жеткізді.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде
ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы, болмаса
туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.Мысалы: Сен
осыны қорықпай айт, - деді де, кетуге рұқсат еткен ишарат білдірді. Ол
осыларды батыл жеткізуі қажеттігі жайында бұйырып, кетуіне рұқсат еткен
ишарасын да білдірді.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса,
төлеу сөзде ол сөзге тіркесіп екенін деген көмекші етістік айтылады.
Мысалы: - Естігендеріңіздің бәрі - шындық, - деді де, кетуге рұқсат еткен
ишарат білдірді. Сәт екілене сөйлеп, естігендерінің бәрі шындық екенін,
шындыққа әділ төрелік керек екенін де айтып өтті.
4.Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің
орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген айту, ойлау мәнді
етістіктерінің бірі айтылады. Мысалы. - Бірінші келген желаяққа заттай
сыйлық дайын, - деп сайыстың демеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырды.
Сайыс жемеушісі жарысқа қатысушыларды ынталандырып, бірінші келген
желаяқтарға заттай сыйлық дайын екенін ескертті.
5. Төл сөз құрамында сұрау есімдіктері бар сұраулы сөйлем болса, төлеу
сөзде сұрау есімдігі сол күйінде қалады. Мысалы: - Бұл мәтінді қалай
меңгердің? - дедім таңданған мен. Ол таңданыс білдіріп, бұл мәтінді қалай
меңгергенін сұрады.
6. Егер сұраулы сөйлем - ма, -ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу
сөзде шылаумен айтылған сөз болымды - болымсыз немесе антоним түрінде
қосарланып айтылады. Мысалы: - Сен осының бәрін түсіне алдың ба? - деп
сұрады сабырлы ұстаз. Ұстаз байсалды қалыпта, осының бәрін меңгере алған -
алмағанын сұсрады.
7. Төл сөзде белгілі бір жақта ( І не ІІ жақта) тұрған сөз төлеу сөзде
автор тарапынан айтылады. Мысалы: (І жақ) Мен келдім, - дедім күндегі
әдетіммен есікті ашып еркелей. (ІІ жақ) Ол күндегі әдетімен есікті ашып
еркелеп, өзінің келгенін хабарлайды.
Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі.
Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз.
Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған
тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің
грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің
тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни
бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті
толықтауышқа айналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың
орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп
қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады.
Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс
ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз
көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады (Т.Әлімқұлов).
Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік
беретін сөйлеушінің өз сөзі. [1]. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін,
кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады.
Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор
сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы
байланысады.

1.3 Оқушылардың төл сөздің тыныс белгісін қоя біліп, дұрыс оқи
білуін қадағалау
Мұғалімнің оқушыларға төл сөзден түсінік берудегі негізгі мақсаты –
төл сөздің тыныс белгісін қоя біліп, дұрыс оқи білуін қадағалау; төл сөзге
қатысты жазба жұмысын барынша мол жүргізу. Оқушылардың жіберген қателерін
өздеріне таптырып, кейде өзі де түсіндіріп отыру. Төлеу сөзді айтқанда
мұның өзі басқа біреудің сөзін автор тарапынан өзгертіп қолдану екендігіне
мұғалім оқушылардың көздерін жеткізуі керек. Төл сөздер өзінің алғашқ
сөйлемдік қасиетінен айырылып, автор сөзімен тұтасып бір бүтінге айналуының
бірнеше тәсілі бар.
Төл сөз төлеу сөзге айналуы үшін өзгеріс, негізінен, төл сөздердің
баяндауыштарына қатысты болады. Автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт,
сөйле, сұра, бұйыр стяқты етістіктердің бірі келіп, шақтық, жақтық, рай
формалары жағынан түрлі өзгерістерге түседі. Сондықтан төл сөзді төлеу
сөзге айналдырудың жолдарын үйретудің алдында етістікті қайталап келу
тапсырылғаны жөн.
Төл сөздің төлеу сөзге айналуының оқулықта жеті түрлі жолы
көрсетілген, оның әрқайсысына мысалдар келтірілген таблицалар берілген. Осы
таблицаның әр графасына, оқушыларды қатыстыра отырып, мұғалім өзі талдау
жасап, төл сөздің төлеу сөзге айналуының жолын меңгертуіне болады. Ол үшін
таблицаның екінші графасын жаба тұрып, бірінші графадағы төл сөзді
оқушыларға оқытып, оны төлеу сөзге айналдыру тапсырылады. Оқушылар айтқан
төлеу сөздері ішінен таблицаның екінші графасындағы төлеу сөзге сәйкес
келетінін ғана алып, грамматикалық талдау жасап, оқулықта көрсетілген жеті
түрлі жолдың әрқайсысын жүйемен меңгертуге болады. Төлеу сөздің тыныс
белгісі төл сөздегідей қиындыққ келтірмейді. Қайталау сабағында оқулықтың
63-беттеріндегі төл сөз бен төлеу сөзден өтілгендерді пысықтауға арналған
сұрауларға бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Мұғалімнің оқушыларға төл сөзден түсінік берудегі негізгі мақсаты –
төл сөздің тыныс белгісін дұрыс қоя біліп, дұрыс оқи білуін қадағалау; төл
сөзге қатысты жазба жұмысын барынша мол жүргізу. Оқушылардың жіберген
қателерін өздеріне таптырып, кейде өзі де түсіндіріп отыру. Төлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төл сөздің тыныс белгілері
Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика - интонациялық сипаты
Жалпы лингвистикадағы төл сөз бен төлеу сөздің негізгі функцияларын айқындай отырып, ағылшын тіліндегі олардың ерекшеліктерін айқындау, олардың ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда қолданылу өзгешеліктеріне зерттеу жүргізіп, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарына зерттеу жүргізу
Үй жұмысын орындауға көмек, көптеген мысалдар мен нақты ережелер (қазақ тілі)
Төлеу сөз
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Қазақ тілінің негізгі салалары
Қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика
Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Пәндер