Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау. Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды
жөндеу
1.1. Трансмиссия түсінігі және
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Автотрактордың өткізгіштігін арттыру құралдарын
пайдалану ... ... ... ...11
2 тарау. Автомобиль трансмиссиясының түрлері және оларға техникалық қызмет
көрсету.
2.1. Транмиссияның классификациясы және атқаратын
қызметтері ... ... ... ...13
2.2. Беріліс қорабына және артқы белдікке техникалық қызмет
көрсету ... ... 20
2.3. Ілініс ақауы және оны
жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады. Адам баласы өз жұмысын
жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің
нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде
– бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр
жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны
ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда
пайдаланады. Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды
тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.
Жөндеу ағымды, орташа және күрделі болып үшке бөлінеді. Ағымды
жөндеудің мақсаты машиналар мен жабдықтардың жұмыс кезіндегі пайда болатын
тоқыраулығы мен бұзылу себептерін жою; орташа және күрделі жөндеулердің
мақсаттары машиналар мен жабдықтардың жарым-жарты немесе толық біткен жұмыс
қорларын қалпына келтіру.
Жөндеу – техникалық қондырғының істен шыққан тетіктері мен бөлшектерін
жөндеуден өткізіп, қайтадан іске қосу мақсатында жүзеге асырылатын
ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың жиынтығы.
Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және
коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, механикалық,
тоттану зақымдарынан болады. Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық
ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта
колдануға болады.
Трансмиссия (күштік беріліс) — машина жасауда көлік құралының
(автомобильдің) жетекші дөңгелектерімен немесе станоктардың жұмыстық
органдарымен қозғалтқышты (моторды) жалғайтын механизмдер мен тораптардың
жиынтығы, сонымен қатар трансмиссияның жұмысын қамтамасыз ететін жүйелер.
Жалпы жағдайда трансмиссия дөңгелектерге (жұмыстық органға) қозғалтқыштан
айналдыру моментін беруге, тарту күштерін, жылдамдықты және бағытты
өзгертуге арналған. Трансмиссия күштік агрегаттар құрамына кіреді
Трансмиссия автомобильдің жетекші доңғалақтарына мотордан айналу
моментін жеткізу қызметін атқарады. Айналу моментін жеткізу барысында оның
өзгеруі мен жетекші доңғалақтарға таралуы болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Трансмиссияға техникалық қызмет көрсету
және ағымды жөндеу ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті: Автомобиль трансмиссиясының түрлері және
оларға техникалық қызмет көрсету туралы түсінік беру.

1 тарау. Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын
пайдалану және ағымды жөндеу
1.1. Трансмиссия түсінігі және қызметі

Трансмиссия – двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне
жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны
машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға
жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе
керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай
жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп
трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.
Алдыңғы және артқы белдемелер – негізінен автомобильдің салмғын
дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол
белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.Мысалы артқы жетекші
белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал
алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша
бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 – суреттерде белгіленген.
Машина тұғыры – автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен
қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы.Ол өздерінің
құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып,
көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге
(жеңіл машиналарда) жасалады.Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі
автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып
табылады.
Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына
бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту
қызметін атқарады.Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан
кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол
тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе,
машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады.Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері
әсерін тигізеді.
Басқару жүйесі көптеген механизмдерден құралады.Олардың негізгісі –
машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм
арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.
Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып,тіпті тоқтату
қызметін атқарады.Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық
жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да
жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Трансмиссияда айналу моментінің өзгеруін ондағы беріліс санымен
бағалауға болады, ал мотордың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші
доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең. Доңғалақтарға жеткізілген
айналу моментін, доңғалақтың радиусына бөлсек, тарту күшін Рт аламыз, яғни
доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің
қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші қозғалысқа кедергі күштерді
жеңуге жұмсалады: доңғалақ айналуына кедергі күш, ауа кедергі күші, биікке
көтерілу кедергі күші және екпін алу кедергі күші. Қозғалыс жағдайына
байланысты қозғалысқа кедергі күш қосындылары үлкен шамада өзгеріп отыруы
мүмкін. Соған сәйкес трансмиссиядағы айналу моментінің өзгеруіне байланысты
жетекші доңғалақтарда тарту күші де өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күш жетекші
доңғалақтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Максималды тарту күш
доңғалақтың жолмен үйкеліс коэффициенті мен үйкеліс салмағының
көбейтіндісіне тең, яғни үйкеліс салмағы автомобильдің жетекші
доңғалақтарға түсетін салмақ бөлігі. Ең жоғарғы тарту күші автомобильдің
барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда
жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Автомобиль шассиіне трансмиссия, жүріс бөлігі және басқару механизмі
жатады.
Трансмиссия, бұраушы моментті мотордан жетекші доңғалаққа беретін және
осы моментті, доңғалақтың айналыс жиілігін, шамасы мен бағытына қарай
өзгертетін агрегаттан тұрады.
Ілініс мотор мен трансмиссияны уақытша ажыратуға және берілісті
қайтадан қосқанда автомобиль орнынан қозғалғанда оларды жайлап қосуға
мүмкіндік береді.
Трансмиссия мотор мен жетекші доңғалақтар арасындағы байланыс сипатына
қарай механикалық, гидрокөлемдік, электрлік және құрамалы
(гидромеханикалық, электромеханикалық) болып бөлінеді.
Қазіргі автомобильдерде механикалық трансмиссия көп тараған, ол
автомобильдің қызметіне, ондағы мотордың және жетекші доңғалақтардың
орналасуына байланысты әр түрлі сызбада орындалуы мүмкін. Трансмиссияны
бағалау және автомобильдің сипаттамасы үшін доңғалақ формуласы қолданылады.
Механикалық трансмиссия. Доңғалаң формуласы 4x2 автомобильдер үшін жиі
қолданылатыны - моторы алдында орналасқан, артқы доңғалақтары жетекші және
орталық бойлық оське қатысты негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастыру
сызбасы (ВАЗ-2105 "Жигули", ГАЗ-24 "Волга", ГАЗ-53, МАЗ-5335 және
басқалар).
Доңғалақ формуласы 4x2 болатын жеңіл автомобильдердің механикалық
трансмиссиясы көбіне басқа схемада орындалады: мотор, ілінісу жөне беріліс
қорабының тікелей жетекші белдікте орналасуы: артқы доңғалағы жетекші және
мотор артында, ЗАЗ-968 М "Запорожец" автомобилі тәрізді немесе алдыңғы
жетекші доңғалақ және мотор алдында, автомобиль ВАЗ-2108 "Спутник" секілді.
Мұндай трансмиссия карданды беріліс қорабы мен жетекші белдік арасында
болмайды. Ал жетекші доңғалақтарға жартылай осьтер арқылы емес, карданды
беріліс арқылы жүргізіледі. Жетекші басқару үшін доңғалақтарға жетек тең
бұрыштың жылдамдықты карданды беріліс арқылы жеткізіледі.
Қазіргі тракторлар мен автомобильдерде фрикциялы ілініс пайдаланылады.
Мұндай іліністің жұмысы үйкеліс күшін пайдалануға негізделген. Үйкелуші
беттер негізінде дискілер пайдаланылады. Берілетін бұраушы моментінің
шамасына байланысты үйкелісетін элементтерінің саны әр түрлі болуы қажет,
сондықтан ілініс бір дискілі және екі дискілі болуы мүмкін.
Автомобиль тұрған не қозғалған кезде ілініс серіппе әсерімен қосулы
тұрады. Айналыс жетектегі дискіге маховик пен басқыш дискінің үйкеліс күші
өсерінен беріледі. Ал, басқышты басңанда ілініс ажыратылады.
Трактор мен автомобильдің ілініс өлшемі жетектегі дискінің сыртқы
диаметріне байланысты. Оны конструкторлар мотордың жұмысы кезіндегі
неғұрлым қатты айналу сәтіндегі қажеттілікті негізге ала отырып таңдайды.
Ілініс мотордан трансмиссияны бір сәтке ажыратып және оларды өзара жай
ырғақсыз қосу қызметін атқарады. Сонымен қоса ол трансмиссияда пайда
болатын динамикалық күшті шектейді.
Іліністің бұл түрінің ерекшелігі қысымдау серіппесінің диафрагма
түрінде қосу рычагімен бірге жасалғандығында. Қосу рычагы болат жұқа
қабырғалы, қима конусты, айнала орналасқан тармақты серіппелі болып келеді.
Маховикке болттармен ілініс қорабы бекітіледі, оған сатылы тойтармамен
(заклепками) қысңыш тежеуіш тірек - флянец бекітіледі. Олардың арасында
орналасқан диафрагмалы серіппе сыртқы қырымен қысқыш тегершікке бекітілген,
бекіткішпен байланысқан. Тармақты серіппе мен подшипник арасында тірек
флянеці қойылады, флянец осінде қозғалу үшін ол қорапшамен үш серпімді
пластинамен бекітіледі. Флянецке үйкеліс сақинасы бекітіледі, бұл олардың
арасы мен ажырату муфтасы подшипнигі арасындағы үйкелісті күшейту үшін
жасалады.
Кескінделген жетекші серпімді дискі жан-жағына тараған он екі жұп
бөліктерден құралған, оларға үйкеліс бастырма бекітіледі. Жетектелуші
тегершіктің мұндай құрастырмасы іліністің жайлы қосылуын жақсартады және
қызған кезінде қақырауға аз ұшырайды.
Серіппелі - үйкелісті бұраушы тербелісті сөндіргіш күшпен флянец
тесігіне орналасқан алты серіппеден және жетектелуші тегершікке бекітілген
екі өшіргіш тегершіктен тұрады. Күшпек флянеці мен тегершік арасына екі
үйкеліс сақинасы және өшіргіштің тұрақты үйкелісін қамтамасыз ететін
табақша серіппе қондырылған. Бұрау моменті қысқыш тегершікке және арткы
үйкелістік бастырмаға үш серпімді пластиналармен беріледі. Бұл пластиналар
қорапшамен қысқыш тегершікті жалғап және тегершікке оның ось бойымен шамалы
күштің әсерінен қозғалуға мүмкіндік береді, сөйтіп іліністі басқаруға
едәуір жеңілдік жасайды.
Диафрагмалың серіппелі іліністің артықшылығына, оның қарапайым
құрылымын, шағын өлшемдігін, салмағын және жеңіл басқарылатындығын
жатқызуға болады. Өйткені - күшті диафрагмалық серіппе іліністі азайтады.
Сонымен бірге диафрагмалық серіппе жоғарылаған бұрыштық жылдамдықты аз
сезінеді (әлсіз қабылдайды), бұл жағдайда қысымдық күш шамалы өзгереді.
Дегенмен, іліністің бұл түрі үлкен осьтік күшке есептелген диафрагмалық
серіппені жасаудың қиындығы себебінен көбіне жеңіл автомобильдер мен жеңіл
жүк автокөліктерде қолданып келеді.
Негізгі бөлшектерінің материалы. Іліністің жетектелуші тегершігі 85
немесе 50 болаттан, оның күшпегі -35 немесе 40х болаттан, ал қысқыш
тегершік С418-36 немесе басқа арнайы шойыннан жасалады. Іліністің серіппесі
60Г, 85 немесе 50хФА болаттан жасалған сымнан оралынады. Автомобильдік
ілініс үшін құрамында асбест толтырғышы негізіндегі асбесті-үйкелісті
бастырма қолданылады.
Сондай-ақ, мыс, жез, қалайы, алюминий, смола, синтетикалық каучук және
үйкелістік желініс төзімділігін, жылу төзімін жақсарту үшін олардың
қоспаларын қолдайады.
Қысқы жағдайда жұмыс істеу алдында іліністі, бұрылыс және тежеу
механизмін, жүріс бөлігі подшипниктерін, доңғалақтың ішіндегі ауа қысымын
тексеру қажет болса реттейді.
Сыртқы бұрандалы қосылыстардың тартылуын тексеріп, қардан біліктері
мен доңғалақтарды бекіту бұрандалықтардың тартылуына назар аударады.
Пневматикалық жүйенің сақтандырғыш клапанының жұмысын тексереді.
Пневматикалық доңғалақты автотракторлар тайғанамауы үшін олардың
шиналарындағы ішкі қысымды бірдей етіп сақтайды. Сонымен қатар, олардың
көлденең орнықтылығын жақсарту үшін автотрактордың із аралығын арттырды.
Покрышкалар жарылып, протектор жұлынбауы үшін төмен температура жағдайында
доңғалақты орнынан баяу қозғалтады.
Трансмиссия майының негізгі мақсаты мынадай: тісті іліністердің
(бөлшектердің) тозуын кеміту, үйкеліс күштерін жеңуге жұмсалатын энергия
шығынын азайту, үйкелетін бөлшектердің жылуын жою және оларды мүжілуден
сақтау.
К-700 және К-701 тракторларын жылдың жылы мезгілінде пайдалануда
берілістер қорабына, жетекші белдіктерге, аралық тірекке, қуат алу
білігінің редукторына, бұрылысты басқару мен аспалы құрылғының
гидравликалың жүйесіне М-10 Г, ал суық мезгілінде М-8Г майын құюға болады.

1.2. Автотрактордың өткізгіштігін арттыру
құралдарын пайдалану

Қалыңдығы 20 см-ден асатын қарлы жерде жұмыс істегенде кеңітілген
шынжыр табанды немесе арнайы кеңіткіштерді қолданады. Доңғалақты
автотракторларды жартылай шынжыр табанмен немесе тайғанамайтын шынжырмен
жабдықтайды. Жартылай шынжыр табан кергіш пневматикалық доңғалақтары бар
резеңке-металл шынжыр табан түрінде жасалған. Ал шынжыр табанның өзі
резеңкеден тоқылған лента, оған топыраққа тірелетін болат бұдыр (ілінгі)
бекітіледі. Шынжыр табанның ені - 460 мм. Жартылай шынжыр табанды пайдалану
процесінде резеңке белдіктер созылады. Олардың созылу шегі - кергіш
доңғалақтың жетекші доқғалақтан 200-250 мм қашықтауы. Шынжыр табанды
құрастыруда кергіш доңғалақты ол жетекші доңғалаққа жанасқанша көтеру
қажет. Егер шынжыр табанның соңғы буындарын жалғастыру үшін бұл жеткіліксіз
болса, кергіш доңғалақтың ауасын шығарып, шынжыр табанның үштарын жалғап,
доңғалаққа ауа үрлеп, шынжыр табанды керу керек. Жетекші доңғалақтар
ретінде арқа тәрізді шиналарды пайдалануға болады. Арқа төрізді шиналармен
және жартылай шынжыр табанмен жабдықталған автотрактордың әдеттегі шиналары
бар автотракторға қарағанда тарту-ілінісу қасиеттері едәуір жоғары болады.
Жартылай шынжыр табанмен жұмыс істеуде техникалық қызмет көрсетудің негізгі
ережелерін қатаң сақтау қажет: бекіту орындарын күнделікті тексеру,
шиналардағы ішкі ауа қысымын оңтын-оқтын тексеру, кергіш доңғалақтарын,
подшипниктерін күн аралатып майлау. Жетекші доңғалақтардың камераларына
хлорлы кальцийдің судағы ерітіндісін (кальцийдің 25 және 75 бөлігі)
толтырудан автотракторлардың өткізгіштігі мен тарту қасиеттері едәуір
артады.
Камераға ерітінді толтыру үшін ұшында шұрасы, шлангісі және қапсырмасы
бар арнайы ұштық болуы керек. Доңғалақтың шұрасын жоғары жағына келтіріп,
ішіне сұйығы (хлорлы кальцийдің судағы ерітіндісі) бар шелекті доңғалақтан
1,5 м биіктікке қояды. Камера көлемінің 50-70%-ын ғана, яғни доңғалақтың
осіне дейін берілген осы машинаға белгіленген қысымға дейін ауамен
толтырады.
Протектордың "қыстық" бедері бар және сырғанамайтын доңғалақтарды
қолдану жақсы нәтиже береді.
Кейбір жағдайда доңғалақты трактордың тарту қасиеттерін арттыру үшін
осьтерге қосымша доңғалақтар орнатады. Қосарланған доңғалақтар орнату
шиналардың жол бетімен жанасу ауданын ұлғайтады, сондай-ақ автотрактордың
көлденең орнықтылығын арттырады, мұның қыс мезгілінде өте зор маңызы бар.
Шиналардың ішіндегі ауа қысымын кеміту есебінен де доңғалақты
трактордың ілінісуі қасиеттерін арттыруға болады. Мәселен, "Кировец"
тракторы доңғалағындағы ішкі ауа қысымын ең аз мөлшерге дейін (0,11 МПа)
кеміткенде, ең жоғарғы тарту күшінің шамасы 20-30% -ға артады. Алайда,
доңғалақты трактордың ілініс қасиеттерін бұлайша арттыру әдісін сирек
жағдайларда ғана пайдалану керек, өйткені бұл жағдайда доңғалақтардың
майысуы күрт артып, қоршаған ортаның төмен температурасы жағдайында олардың
тез тозуына себепші болады.
2 тарау. Автомобиль трансмиссиясының түрлері және оларға техникалық қызмет
көрсету.
2.1. Транмиссияның классификациясы және атқаратын қызметтері

Автомобильдің жетекші дөңгелегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу
немесе одан да көп болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші дөңгелектерге
айналдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға қосымша, автомобиль
орнында тұрғанда оталып тұрған двигательден трансмиссия ажырап,
дөңгелектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трасмиссия двигательге тұрақты
жалғанып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.

1-сурет. Автомобильдің жетекші дөңгелегі

Сонымен автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру
моментін жетекші дөңгелектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс
кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны
двигательге баптап қөосу мен ажырату қызметін атқарады.
Жалпы қозғалатын машиналардың трансмиссияларын үш түрге бөледі. Олар
механикалық, электромеханикалық және гидромеханикалық.
Механикалық трансмиссияның барлық тораптары механикалық берілістерден,
яғни тісті берілістер, шынжырлы берілістер, белдікті берілістер, фрикционды
берілістерден құралады.
Электромеханикалық трансмиссияда жетекші дөңгелекке двигатель қуаты
электр өткізгіш сымдармен жеткізіледі. Ол үшін іштен жанатын двигательден
кейін механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератор
қойылады.
Осы электромеханикалық трансмиссия берілісті сатысыз өзгерткенменімен,
пайдалы әсер коэффициенті аз болады және құрылысы қымбат түсті металдардан
жасалатындықтан өзіндік құны артық болады. Сол себепті қазіргі
автомобильдерде қолданылмайды.
Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротроансформатор құрайды.
Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне
жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтанда онда
гидротрансформатормен қоса механикалық редуктор қолданылады. Бұл
трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен, ПӘК аз болады. Сондықтанда
онша көп қолдану тапқан жоқ.
Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияда
механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы ПӘК берілетін қуат
мөлшеріне тәуелді емес. Яғни автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да
трансмиссияның ПӘК тұрақты болады.
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы.Механикалық трансмиссияның
құрылысы автомобильдің дөһңгелек схемасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Оның үстіне двигатель мен жетекші дөңгелектің өзара орналасу жағдайы да
трансмиссияның құрылысына үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен осылардың
ішіндегі ең қарапайым, көп қолданылатын трансмиссияның схемасы 1 – суретте
көрсетілген.
Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы
мүмкін.Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту
болып табылады.
Трансмиссияға кіретіндер:
1-двигатель;
2-ілінісу муфтасы,
3-берліс қорабы,
4-карданды білік,
5-артқы белдеме,
6-басты беріліс,
7-дефферинциал,
8-жартылай ось
2-сурет. Автомобиль трансмиссиясының схемасы.

Трансмиссия схемасы:
а - 4X2 автомобилі,
б - 4X2 автомобилінің алды,
в - 4X4 автомобилі,
г - 6X4 автомобилі,

3-сурет. Трансмиссияның жалпы қызмет схемасы
1-двигатель; 2-ілінісу муфтасы, 3-берліс қорабы, 4-карданды білік, 5-артқы
белдеме, 6-басты беріліс, 7-дефферинциал, 8-жартылай ось

Бұл көрсетілгшен трансмиссия дөңгелек схемасы 4х2, двигателі алдында,
ал жетекші дөңгелектері артқы осьте орналасқан автомобильдер үшін. Сол
схемаға жүгінсек трансмиссия мынандай негізгі тораптардан құралған: ілінісу
муфтасы (2), беріліс қорабы (3), карданды беріліс (4), басты беріліс (6),
дифференциал (7). Сонда двигательдің (1) айналдыру моменті (Ме) жетекші
дөңгелектерге (8) осы тораптар арқылы көбейіп (Мп, Мл) жетеді. Сол
моменттің көбею схемасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
Ілініс ақауы
Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу
Беріліс қорабының қызметі
Автомобильдердің электр жабдықтарын жөндеу туралы
Автомобильдің тұтандыру жүйесі. Автомобильдің тұтандыру процесі
ТҚК және автомобиль жөндеу
Жөндеу жұмыстардың міндеттері
Автомобильді және оның электро техниканы жөңдеу
Басты беріліс және жетекші беріліс
Пәндер