Түйеқұс шаруашылығы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
«» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Түйеқұс шаруашылығы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе
І. Түйеқұс - ұшпайтын ең ірі құс
1. 1. Эму түйеқұсы
1. 2. Эму түйеқұстарын өсіру
1. 3. «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-інде өсіріліп жатқан түйеқұстар
ІІ. Түйеқұс шаруашылығы
2. 1. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фауна» түйеқұс фермасы»
2. 2. Еуропадан әкелінген түйеқұстар
2. 3. Түйеқұстардың экономикада алатын орны
2. 4. Болжамды есептеулер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда. [1]
Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.
Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат - олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың - феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торла қолдан өсіріледі. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені - асыранды қаз.
Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс - африкалық түйеқұс. Оның еті, жүмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фермалар АҚШ-та, Қытайда, өзге де елдерде бар. Тіпті Қазақстанда (Қостанай өңіріндегі «Қарабатыр» шаруа қожалығында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында және т. б. өңірлерде де) африкалық түйеқұс өсірілуде.
Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор. Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Қазіргі кезде түйеқұс өсіруге ерекше назар аударылуда. Бөдене өсірумен шұғылданатын да шаруашылықтар бар. [2]
І. Түйеқұс - ұшпайтын ең ірі құс
1. 1. Эму түйеқұсы
Эму түйеқұсы тек Австралия құрлығын мекен ететін ерекше жануарлар екені рас. Көпшілік арасында тараған пікірлер бойынша, эму түйеқұсы артқа жүре алмайды, тек алға қарай қозғалады. Сол себепті бұл жануарлар Австралияның гербінде прогрестің символы ретінде бейнеленген. Ал жасыл құрлықта ғана мекен ететін түйеқұстың ғылымға белгілі 69 түрі бар екен.
Түйеқұс - ең ірі жақсы жүгіретін (ұшпайтын) құс, оның биіктігі 270см, ал салмағы 175кг дейін жетеді, жүгіргенде жылдамдығын сағатына 60-70 км дейін арттыра алады. Дүниедегі ең ауыр құс - түйеқұс. Салмағы өте ауыр, ұша алмайды. Жүгірген кезде атпен қуып жетудіің өзі қиын.
Оның грек тілінен аударғандағы ғылыми атауы «түйе-құс» дегенді білдіреді.
Экваторлық ормандардың солтүстік және оңтүстік аймақтарындағы ашық саваннаны және жартылай шөлейтті даланы мекендейді.
Негізгі қорегі өсімдіктер - өркендер, гүлдер, тұқымдар, жемістер болып табылады, бірақ кейбір кездерде олар жануарлар мен жәндіктерді (көкқасқа шегірткені), рептилияларды, кеміргіштерді және жыртқыштардың тамақтанғанынан қалған қалдықтарды жейді. Олар қоректенген өсімдіктерінен ылғалды жеткілікті мөлшерде алатындықтан, көп уақытқа дейін сусыз жүре алады.
Олардың тісі жоқ, сондықтан тамақ асқазанда қорытылу үшін олар: ұсақ тастарды, шегелерді, темірлерді, пластмассаларды, кесек ағаштарды және тағы басқаларды жұтып қояды.
Ұясын жерге салады. Ұясында 12-15 жұмыртқаға дейін болады.
Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус (нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус) . Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0, 5кг) . Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.
1. 2. Эму түйеқұстарын өсіру
Эму түйеқұстар тұқымдасына (ұшпайтын құстар), түйеқұс, киви және басқа да бірқатар құстар қатарына жатады. Бұл құстардың барлығының алдыңғы қанаттары жоқ. Эму Австралиядан шыққан. Ересек түрлерінің салмағы 75 кг және бойы 170-190 см. -ге жетеді. Ірі қара мал өсіргенге қарағанда эмуды өсірудің бірқатар артықшылықтары бар - олар қоршаған ортаға тез бейімделеді, тақыр жерлерде және басқа да аз пайдаланылатын жерлерде өмір сүре береді, ерекше күтімді қажет етпейді, сондықтан әбден жанама өндіріс көзі бола алады. Үшіншіден, эмуды өсіру арқылы өнімнің бірнеше түрлерін алуға болады.
Өздерін қоршауда да, қора-жайларда да емін еркін сезінуі үшін түйеқұстар өсірудегі міндетті элементтердің бірі топырақ болып табылады. Оларға кең жер керек. Түйеқұстарға арналып салынатын құрылыс алаңы құрғақ жерде болуы тиіс. Өйткені түйеқұстар құрғақ аудандарда тіршілік етуге үйренген, олар желдің өтіне өте шыдамды, суықты да жақсы көтереді, қар үстінде еш қиындықсыз жүре береді. Қораларда бағу үшін температураны +15 градуста ұстаса да жеткілікті.
Түйеқұстар негізінен шөпқоректілер және жайылымдардағы, бұталардағы шөп-шалаңмен, ағаш өскіндерімен қоректенеді. Азық ретінде жәндіктер мен ұсақ омыртқалыларды жиі пайдаланады. Түйеқұстарды асырау барысында жемі үшін қандай да бір экзотикалық тағам қажет етілмейді. Жемнің берілуіне қарай түйеқұстардың басқа үй құстарына қарағанда салмағы үлкен болады.
Бұл түйеқұстар үшін аналықтарының жұмыртқалар салып, төлдеулері арқылы топтық көбею тән. Бұл жағдайда жұмыртқаларын, жас төлдерін, өсіңкіреген және үлкен түрлерін сою үшін сатуға болады. Құс өсіруді жаңадан қолға ала бастағандар үшін инкубаторлық әдіс ұсынылады. Эмуды өсірушілер үшін олардың жұмыртқа басуын үнемі бақылап жұмыртқаларын жинау, оларды кірден тазартып инкубаторға орналастыру қажет. Эму бір маусымда 20-50 жұмыртқа салады. Нақты алғанда бұл құс әр үш күн сайын 1 жұмыртқа табады. Стандартты көрсеткіш бойынша балапандардың 85% пайызы жарып шығады. Сау түйеқұстар 25-35 жыл бойы өнім береді, яғни көбейту үшін сатып алынған түйеқұс жұптарын көпжылдық инвестиция ретінде қарастыруға болады. Ұрғашылары температура ауысуына өте төзімді - барлық климатта жақсы көбейеді.
Инкубатор балапандарды шығару процесінде температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ол ауа алмасуын және салынған жұмыртқалардың бірқалыпты аударылуын қамтамасыз етеді. Бұл факторлардың барлығы балапандардың сапа көрсеткіштеріне әсер етеді. Инкубациялық кезең 50-55 күнге созылады. Бұл кезеңдегі күтімге мыналар жатады: эмбрионның дамуын бақылау, өлі жұмыртқаларды алып тастау, санитарлық жағдайды қамтамсыз ету. Балапандарды өсіру дегеніміз - оларды жабынмен қамтамасыз ету мен серуендету және оларға жем беру. Балапандарға жылы, желдетілетін, гигиеналық нормаларға сай қора қажет. Оларды серуендеуге шығарып тұру денсаулықтарын нығайту және аяқтарының қисаймауы үшін қажет.
Эму түйеқұстарын өсіру арқылы мынадай өнімдер алуға болады: дәмі мен құрылымы бойынша сиыр етіне ұқсас майлы емес, түрі қызыл ет, жұмсақ, қауырсын құрылымына ұқсас мықты тері, құрамында олеин қышқылы бар, тері арқылы биоактивті элементтердің өтуін арттыратын өзіндік қасиетке ие май. Қауырсынын сән салондары бас киімдерді декоративті сәндеу үшін, балық аулауда қалтқы жасау үшін, ал өнеркәсіпте тазартқыш құралдарын әзірлеу үшін пайдаланады. Жұмыртқасының қабықшалары мен тырнақтарын зергерлік өнерде пайдаланады.
Эму еті және жұмыртқасын мейрамханалар, экзотиканы аңсайтын азаматтардың жекелеген санаттары аса қызығушылықпен сатып алады, өңделген етін салқын және ыстық тағамдар үшін пайдаланады.
1. 3. «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-інде өсіріліп жатқан түйеқұстар
Төлеби ауданына қарасты Сарқырама ауылындағы «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-інде өсіріліп жатқан түйеқұстарды бүгінгі таңда сырттағы торларда ұстайды. Себебі жылдың жауын-шашынды, суық күндерінде болмаса, басқа күндері түйеқұстарға табиғат аясында жүрген пайдалырақ. Түйеқұс балапандары 42 күнде жұмыртқаларды жарып шығады. Дегенмен балапандарға тез көз тиеді. Сондықтан әбден жетіліп кеткенге дейін оларды сырт көзге көрсетпеуге әрекет жасалынады. Жалпы, түйеқұс балапандары күркенің балапандарына өте ұқсас келеді екен. Тез көз тиетіні болмаса, жақсы жетілген балапандарының бойы күніне 1 сантиметрге өсіп отырады. Түйеқұстың салмағы 1200-1500грамм шығатын жұмыртқаларының дәмі де күрке жұмыртқаларының дәміне ұқсайды. Түйеқұстар да кәдімгі тауықтар секілді шілденің күнінде жұмыртқа табуды сиретеді. Түйеқұстар тікесінен-тік тұрып табатын жұмыртқалардың сыртына қайсы тордың ішінен алынғаны және қай күні туылғаны қарындашпен көрсетіледі екен. Сондай-ақ арнайы қондырғы арқылы жұмыртқалардың балапан аштыруға жарамды-жарамсыздығы анықталады. Себебі кей жұмыртқалар жердегі құм үстіне түскен кезде зақымданып қалатын көрінеді. Жұмыртқалар он күн ішінде инкубаторларға салынуы тиіс. Егер бұл мерзімнен асып кетсе, олар балапан аштыруға жарамсыз болып қалады. Ал жаңадан жұмыртқалап жүрген жас мекиендердің жұмыртқалары балапан аштыруға жарамайды, көбінен балапан шықпай қалса, көпшілігінен әлжуаз балапандар пайда болады. Сондықтан мамандар инкубаторға да мейлінше жілік майы толысқан, кексе түйеқұстардың жұмыртқаларын жібергенді жөн көреді. Олар кәдімгі тауықтар мен күркелер секілді шағылысады. Тек бір айырмашылығы, шағылысардан алдын тауықтардың әтештері қоқыраңдап, қыр көрсетсе, түйеқұстардың қоразы мекиенінің көңілінен шығу үшін оның алдында қанатын қомдап, билеп барып, әрекетіне кіріседі екен. Сондай-ақ қораздары мекиендерін бір-бірінен қызғанып, қыр көрсетіп те қояды. Ал мекиенмен шағылысып болған қораз қанатын қомдап, серпіп-серпіп, өзін нағыз сері санап, масаттанып кетіп бара жатқандай көрінеді. Түйеқұстардың ересектері жастарынан бөлек торда ұсталады. Ересектері жастарына әлімжеттік жасап, оларды шоқып, теуіп тастайды. Олардың тепкісі аттың тепкісінен әсте кем емес көрінеді. Түйеқұс аяғын алдына қарай серпіп, адам сияқты тебеді. Сондықтан көбіне бұл құстар ауырып-сырқап қалғанда жанынан жолау қиын екен. Жалпы, Оңтүстік өңірін түйеқұстар жерсініп, өздерін емін-еркін ұстап жүр. Осындай игі істі атқарып отырған «Атамекен корпорациясы» бұдан өзге де шаруашылықтармен айналысады. Олардың ірі қара асырайтын фермаларының ет және сүт өнімдері бүгінде бәсекелестікке қабілетті тауарлар қатарына жатса, жоғары сапалы бидай, көкөніс өсіретін жылыжайларынан қызанақ, қияр сияқты өнімдер шығып жатыр. Сондай-ақ жасыл желекпен көмкерілген кереметтей демалыс аумағында тауыстар серуендеп жүр. Ондағы қонақтар үшін дастарханға қойылатын жеміс-жидектің бәрі де сол демалыс аумағының өзінде өсіріледі. Қысқасы, бұл корпорацияның ісі Қазақстанның барша кәсіпкерлеріне үлгі боларлықтай-ақ.
ІІ. Түйеқұс шаруашылығы
2. 1. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фауна» түйеқұс фермасы»
Қазақстанға алғаш түйеқұстар 2001 жылы әкелініп, елімізде түйеқұс шаруашылықтары ашыла бастады Африка түйеқұсы - әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Олардың бойы 3 метрге, ал салмағы 120-200 килограммға дейін жетеді. Соған қарамстан, жүгіру жылдамдығы орта есеппен 70 километр/сағат. Түйеқұстар шамамен 70 жыл өмір сүріп, соның 30-40 жылында айтарлықтай өнім береді екен. Жалпы түйеқұстар саваннада өмір сүруге бейімделген. Дегенмен, олар еліміздің табиғи жағдайына да үйренісіп кеткен көрінеді.
Биыл көк байрағымыздың ашық аспан астында ұлы даланың еркін самалымен асқақ желбірегеніне, тәуелсіздік атты тәтті сөздің санамызға сіңіп көкірегімізді кернегеніне 20 жыл толды. Осы уақыт ішінде Елбасының айрықша көңіл бөлуінің арқасында ауыл шаруашылығы да жедел дамып, оны реформалау іс-шаралары қарқын алды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі мүмкіндіктер нақтыланып, өнім өндірушілерге шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалынды. Ауылдар абаттанып, гүлдене бастады.
Тәуелсіздіктің арқасында алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатылып, алыс-беріс келісіліп, тәжірибе алмасылуда. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып Бельгия, Голландия, Италия мемлекеттері шаруагерлерімен байланысқа шығып, түйеқұс өсіру тәжірибесін зерттеп білуім өз нәтижесін берді. Алып құс өсірудің қыр-сырына әбден қаныққан соң 2001 жылы туған ауылым - Бөлек селолық округіне қарасты Әймен елді мекенінен 4 шақырым тың өңірден 120гектар жер алып «Фауна» түйеқұс фермасы» ЖШС-ін құрдым. Алғашқы жылы көктемде-ақ мемлекеттен алған несиеге қоражай салып, тұрғын үй жағдайымды жасап, аталмыш құстың жемшөбіне қажетті дақылдар, көкөніс сеуіп мол өнімге кенелдім. Жаз ортасында жоғарыда аталған мемлекеттерден жұмыртқадан жарып шыққанына екі жеті ғана болған 150-дей түйеқұс балапандарын сатып алып, жергілікті табиғат жағдайына бейімдеу тәжірибесінен өткіздім. Әрине, жаңа басталған іс кемшіліксіз болмайды. Климаттық ауысым, жол сапары әрі жаңа шыққан балапан дегендей . . . Дегенмен, негізгі жоспарым іске асты.
Одан бері де 10 жыл да өте шықты. Екінші жылы-ақ қолда сақтап қалғаным әрі осы күнге дейін қарауымда бары, жас мекиендерін қоса есептегенде 80-85 түйеқұс, оның 60-сы мекиен. Бүгінде «Фауна» тиімді өндіріс орнына айналды. Түйеқұстың жұмыртқасы, балапаны, тіптен терісі мен қауырсынына сұраныс көп. Жұмыртқасы мен балапанының бір бөлігіне Алматы қаласының жоғары деңгейдегі қалталы дәмханалары, мейрамханалары тапсырыс берсе, бір бөлігін әр тараптан келген фермерлер мен шаруагерлер сатып әкетеді. Ал терісі мен қауырсыны өнеркәсіп орындары үшін таптырмайтын өте құнды әрі бағалы шикізат.
Шаруашылығымның жемісі қанағаттанарлық. Ол жайында нақты мысалдар айтпай-ақ қояйын. Бұл - өз құпиям. Түйеқұстың пайдасына қарай оның жемшөп, күтім шығыны да жетерлік. Қысқартып айтқанда, табанынан мойын ұзындығын қоса есептегенде 3 метрге дейін жететін әр түйеқұс тәулігіне түрлі көкөніспен, асқабақ, сәбізі бар 10-20 келіге дейін жемшөппен азықтанады. Жемді жасына қарай баптап беру, аялай білу жұмыстары өте ұстамдылықты қажет етеді. Осы тұста тәжірибелі құс өсірушілер Роза Суюнова, Иосиф Левицский, Қайратбек Қуанбаевтың еңбекқорлығын атап кеткенім жөн. Іскер азаматтардың арқасында аты таң құсты асырау өзін ақтап, шығыны жойылды.
Шаруашылығымыз түрлі дақылдар өсіріп, ішкі қорымызды өзіміз дайындаймыз. Жер игеруден тапқан өнімнің 80 пайызын сатуға шығарып, 20 пайызын түйеқұс, үй жануарлары азығы үшін алып қаламыз. Мәселен, 50 гектер жүгері, 15 гектар арпа, бидай, 20 гектар жоңышқа, 10 гектардағы көкөністен түскен өнім өзімізге де, өзгеге де жетіп артылуда. Дақылдарды күтіп-баптауға, егіп, жинап алуға арналған сегіз түрлі ауылшаруашылық құрал-жабдықтар мен машиналар, екі трактор, бір жүк көлігі бар. 6 адам тұрақты, 2 еңбеккер маусымдық жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, 15 сүтті ешкі, 2 сиыр, 1 бұқа, 1 дондық дала аты, 1 пони, 3 елік бағып отырмыз. Ешкі, сиыр сүті мен айраны түйеқұсқа азық, ал қалған жануарлар мен аңдар саяхатшылар, жасөспірімдер зоопарк тамашалайтын көрмеге айналған. Бұл көпшілік үшін таным көзі болса, ұжымымыздың қосалқы табысы.
Қорыта айтқанда, негізгі мақсатымыз - ел игілігі үшін қызмет ету. Қиындық атаулыны жеңе білу, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аянбай еңбек етіп, тер төгу. Бұл тәуелсіздік әкелген бақ, егемендік әперген мұрат.
Ұлы дала самалымен көк байрағымыздың асқақ желбірегеніне, тәуелсіздік атты тәтті сөздің санамызға сіңгеніне 20 жыл. Осы уақытта Елбасының айрықша көңіл бөлуі арқасында ауыл шаруашылығын реформалау қарқын алды. Саладағы мүмкіндіктер нақтыланып, өнім өндірушілерге жағдай жасалды. Елді мекендер абаттандырылып, жол жөнделді. Әлеуметтік нысандар жаңарды, жақсарды. Евгений өткен жолын осылай әңгімелейді.
Тәуелсіздіктің жемісі нәтижесінде алыс-жақынмен экономикалық байланыс орнатылды. Алыс-беріс, тәжірибе алмасу басталды. Бельгия, Голландия, Италия мемлекеттері шаруагерлерімен байланысқа шығып, түйеқұс өсіру тәжірибесін зерттеп-білуім нәтиже берді. Бөлек селолық округіне қарасты Әймен елді мекенінен 2001 жылы 120 гектар жер телімін алып «Фауна» түйеқұс фермасы» ЖШС-ін құрдым. Көктемде-ақ, мемлекеттен алған несиеге қоражай, тұрғын үй жағдайымды жасап, құстың жем-шөбіне қажетті дақыл мен көкөніс сеуіп, мол өнімге кенелдік. Жаз ортасында шетелден әкелінген 150-дей түйеқұс балапандарын жергілікті жағдайға бейімдеу тәжірибесін бастап кеттім. Қиындықтар кездесті. Міне, содан бері 10 жыл өтті. Бүгінде «Фауна» табысты өндіріс көзіне айналып отыр. Рынокта түйеқұстың жұмыртқасы, балапаны, терісі мен қауырсыны үлкен сұранысқа ие. Мәселен, жұмыртқасы мен балапанына Алматыдағы мейрамханалар көптеп тапсырыс береді. Фермерлер мен шаруагерлер де сатып әкетеді. Өнеркәсіпте терісі мен қауырсыны бағалы шикізат болып саналады.
Бизнестің өз құпиясы бар. Оны сақтау да заңдылық. Әрине, бәрін тәптіштемейін. Десек те, пайдасына қарай жем-шөп, күтімі, шығыны да көп. Бойының ұзындығын есептегенде 3 метрге жететін түйеқұсқа күніне түрлі көкөніс, асқабақ, сәбізді қосқанда 15-20 кило азықтық өлшем қажет.
Серіктестікте арпа-бидай, жүгері, жоңышқа, көкөніс өсіріледі. Ауылшаруашылық құрал-жабдық, трактор, жүк көліктері бар.
2. 2. Еуропадан әкелінген түйеқұстар
2001 жылдың 8 мамырында Еуропадан түйеқұстардың алғашқы партиясын әкелдiм. Бельгия, Голландия, Франция елдерiнен екi күндiк 440 балапан алдық. Бiз Орта Азия елдерiнен Еуропадан осындай iрi көлемдегi түйеқұс тасымалдаған алғашқы топ едiк. Сондықтан еуропалықтар бiздiң қандай елден екенiмiздi бiлуге қатты ынталы болды. Осыдан он жыл бұрын олар үшiн Қазақстан не, Ауғанстан не, бәрiбiр сияқты едi. Екi жылдан соң Түйеқұс өсiрушiлердiң еуропалық қауымдастығының вице-президентi бiр топ голландық пен бельгиялық азаматтармен бiрге түйеқұс шаруашылығымыздың жағдайын бiлуге келдi.
Шындығында, 440 түйеқұсты Еуропадан жыл сайын тасымалдап жатқан жоқ. Сондықтан олардың аңсарын түсiнуге болады. Бiздiң түйеқұстарды қалай өсiрiп жатқанымызға тәнтi болды. Осы сапардың нәтижесiнде қолымыздағы түйеқұс табыны - асыл тұқымды табынға жатқызылды. Бiз - Орталық Азиядағы африкалық қара түйеқұстарды өсiретiн бiрден-бiр асыл тұқымды шаруашылықпыз. Одан берi бұл iске қырғыздар да, өзбектер де, тәжiктер де бiртiндеп ден қоя бастады. Қырғыздар бiраз балапанды бiзден сатып алған болатын. Ал өзбектер осы бағытта голландықтармен бiрлесiп жұмыс iстеп жатыр.
2. 3. Түйеқұстардың экономикада алатын орны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz