Түйені күту және азықтандыру



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Түйені күту және
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6-11
2.2. Түйені және ботаны азықтандырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .12-15
2.3. Түйе өсіру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16-18
2.4. Інгендердің сүт
өнімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .19-23
2.5. Түйелерді жыл бойына жайылымда бағу және жайып
семірту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-26
2.6. Түйенің жүн
өнімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27-28
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29-30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...31-32

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Мысыр пен Арабиядағы жерасты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға,
тастарға салынған түйе суреттері мен тастан қашап жасалған сол түліктің
мекендерін зерттеген ғалымдар олар біздің дәуірімізден бес мың жыл бұрын
жасалған деп дәлелдеген.
Ендеше, түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің
дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері
өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерде мекендейтін елдің ең
қолайлы көлігіне айналды. Өркешсіз түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік
Америка, ал өркештілерінікі Орта Азия деп саналады. Қазіргі қос өркешті
түйені алғаш рет атақты ғалым-саяхатшы Н.М. Пржевальский Орта Азияға
барғанда кездестірген. Қос өркешті түйенің таза қандысын - бактриан, нардың
таза қандысын - дромедар деп атайды.
Түйе - ірі, күшті, төзімді жануар. Салмағы 700-800 кг бактрианның
биіктігі (өркешінің арасынан) - 178 см, тұрқы - 158 см, жүні қара қоңыр.
Дромедар биіктігі -200 см, тұрқы - 155 см, жүнінің түсі қызыл сұр.
Жасында жақсы бағылып-күтілген түйе майын өркешіне жинайды. Қыста ұзақ
уақыт шөп жемей, су ішпеген уақытында сол жинаған майдың қажеті бар. Күші
жағынан ол жылқы мен өгізден әлдеқайда мықты. Бактериан мен дромедар еркін
будандаса береді. Оның үстіне өте-мөте баяу өсетін түлік болып
ерекшеленеді. Біздің елімізде түйе саны әлі де болса аз.
Түйе шаруашылығын сөз еткенде одан алынатын өнімдер – сүт, шұбат,
балқаймақ құрт, ірімшік, түйе жүні, терісі және ет, тек қана өзінің жоғары
калориялығымен емес, өзгеше биологиялық қасиеттерімен әрі адам денсаулығына
пайдалылығымен ерекшеленетінін естен шығармаған абзал. Түйенің еті мен майы
құнарлылығы жағынан өзге ешбір малдан артық болмаса, кем түспейді. Әрбір
қоңды түйе 61,7-65,8 % таза ет береді. Ал, кейбір атандардың салмағы күтімі
болса 1000 кг дейін жетеді. Орта есеппен бір түйеден 160-200 кг дейін май
алуға болады. Оның 120-130 км-ы өркеш майы. Қазір түйенің өркеші шұжық, ет
консервісін жасауға кеңінен пайдаланылады. Сапасы жағынан өркеш майы
жылқының жалына пара-пар.
Түйе сүті мен сол сүттен ашытқан шұбат – әрі қатық, әрі тамақ, ыстықта
таптырмай тын сусын және орасан емдік қасиеті бар. Мәселен әр түрлі аурумен
ауырған адамдарға емдік дәрі мен шұбатты үйлестіре қолданғанда, адам
организмінің күш-қуаты мен төзім ділігі артып, химиялық препататтардың
қолайсыз құбылыстарының тежелетінін көптеген ауруханаларда жүргізілген
байқау жұмыстары көрсетіп отыр. Түйе сүтінде болатын иммундық түйіршіктер
сияқты қорғаныш заттар, зиянды бактерияларды қырып жоятын қуат береді. Осы
заттар біразға дейін сүтті микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік бермейді,
сол себепті түйе сүті ұйымайды және ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – түйені азықтандырудың ерекшеліктерімен
танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері түйені күту және азықтандыру және түйе
өсіру әдістері туралы түсінік беру.
1.1. Әдебиетке шолу
1. А.А. Ахмедиевтің мәлімдемесі бойынша, Оңтүстік Қазақстан
облысының Темір түйе зауытындағы күйі нашар қазақы түйелер
көктемде (наурыз айынан мамыр айына дейін) бір жастағылары
тәулігіне 606 г, екі жастағылары 1240 г, үш жастағылар 1304 г
салмақ қосқан.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Түйені күту және азықтандыру

Түйе-жайылым малы. Оның негізгі азығы-жайылым өсімдіктері. Ол күндіз
жайылып, түнде күйіс қайырады. Түйе жайылымда жақсы семіреді, еркештеріне
май жинайды, ал ашыққан кезде немесе жол жүргенде өз майын өзі қорек етеді.
Қазірде түйе ауыл шаруашылық жұмыстарына және жүк тартуға көлік
ретінде де пайдаланылып жүр. Сондықтан түйені қаншалық ауыр жүк тарта
алатынына, сүттілігіне, жасына қарай дұрыс азықтандыру маңызды мәселелердің
бірі.
Түйенің азықтары. Түйенің сүйіп жейтін өсімдіктері: жоңышқа, әр түрлі
жусан, изен, жантақ, күйреуік, кеурек тағы басқа құрамында протеин, минерал
заттары көп өсімдіктер. Түйені жыл бойы жайылым өсімдіктерімен қамтамасыз
ету үшін оның қай маусымда қай өсімдікті жақсы жейтінін білу қажет. Түйенің
қыста жейтін азығының түрі жаз айларында жейтін азығымен салыстырғанда ете
аз. Күзде түйе қыс маусымында жейтін өсімдіктерді жейді. Ал кектемде түйе
көбінесе жоңышқа және бидайық топтарына жататын өсімдіктерді жеп, сораң
және жусан топтарына жататын өсімдіктерді аз пайдаланады.
Бұл кестеде көрсетілген азық мөлшері қоңдылығы орташа дамыған
түйелерге арналған. Ал қоңдылығы өте нашар дамыған түйелерге азық мөлшері
қосылып отырады.
Түйе пішеннің ішінен өзі ұнататын өсімдіктерді ғана таңдап жейді.
Сауылып жүрген інгендерге 1 кг түйе сүті түзілуі үшін 0,7—0,8 азық өлшемі
жұмсалу керек.
Салмағы 500—600 кг жұмыс түйелерін азықтандыру үшін 8—10 азық өлшемі
беріледі.
Түйенің әр маусымдағы жетін өсімдіктері
1-кесте
Жазғытұрым Жазда Күзде Қыста


Өсімдік түрлері
1-ші жартысы
жазғытұрым жаз күз қыс
І. Сораңдар
Алабота + + + +
Балқаңбақ - + - -
Балық көз + - + +
Бұйырғын - + + +
Боз изен + - - +
Изен - + + +
Көкпек + - - +
Құмаршақ + + + +
Күйреуік + + + -
Май қаңбақ + + - -
Сексеуіл - + + +
Сораң - - + -
Домаламба + - + +
Торғай оты - + + -
Төбе сораңы - + + -
Шытыр + + + +

ІІ.
Ақ жусан + + + +
Қара жусан + - + +

ІІІ. Жоңышқалар
Беде + + - -
Бозқонақ - + - -
Жантақ (шоңайна) + + + +
Түйе жоңышқа - + + +

IV. Бидайықтар
Еркек шөп + + + +
Қияқ + - - -

V. Басқалары
Ақ жапырақ + + + -
Кеуел - + - -
Қурай + - - -
Сүтті жапырақ + + - -
Түйе жапырақ + - - -
Ши сабақ - + - -
Шытыр - + - -

+ жақсы жейтінін, - жемейтінін көрсететді.
Жұмыс істейтін түйелерді азықтандыру мөлшері
3-кесте

Күту жолдары Түйенің салмағы (кг)
Бір қалыпты 3,4
температурада
Жұмыстан Кейін
кейін
20 40 1 1 сағат1 сағат2
минут минут сағат 20 40 сағат
минут минут
36,8 39,0 38,8 38,6 38,4 38,4 38,4 38,0

Жұмыстан кейін түйе қызуы 2-3 сағаттан соң өзінің бұрынғы қалпына
келеді. Сонда ғана суару қажет.
2.2. Түйені және ботаны азықтандырудың
ерекшеліктері

Түйені дұрыс күтіп, өсіру үшін шаруашылықтарда түйе фермалары немесе
жеке іңген табындары ұйымдастырылады, түйешілер (бота күтушілер)
бекітіледі. Түйе күтушілерге келетін жұмыс көлемі нақты шаруашылық
жағдайларына байланысты белгіленеді. Түйешілердің атқаратын жұмыстары
мыналар: түйені күзету, бағу, азықтандыру және суару, інгенді қайыту және
боталату, ботаны күту, түйені жұмысқа үйрету, түйені жүндеу және семірту.
Сүт өндіруге тапсырма алған фермаларда сауыншылар бөлінеді.
Інген белгілі бір маусымда күйлейді. Інгенді қаңтар-мамыр айының
арасында ғана қайытады. Інгеннің күйлеу уақыты орта есеппен 8 тәулікке, ал
бүкіл қайыту кезеңі 16 тәулікке созылады. Бұл мерзімнен ілгері-кейін ауытқу
жиі болып тұрады. Қайыту маусымында (қаңтардан мамыр айына дейін) інгенді
бір-екі немесе үш шөгергенде-ақ қайып кетеді.
Қыста қолда күткен жағдайда інгенді қолдан қайытады. Күйлеген інгенді
табу үшін шираң өрі жуас 4-5 жасар бураны жетелеп табынды аралатады.
Інгенге бураны күйіті анықталысымен сол күні таңертең және кешке қайытады,
сонан соң бір тәуліктен кейін тағы қайытады. Келеге салып қайытқанда бура
табындагы інгенмен бірге жайылымда болады. Қайыту маусымын-да бір бураға 20-
30 іңген қосады.
Айыр інген 13,5 ай, аруана інген 12,8 ай, яғни бір жылдан аса уақыт
бойы бота көтереді. Інген белгілі бір маусымда ғана қайып болатындықтан,
екі жылда бір, жеке жағдайларда үш жылда екі рет боталайды.
Бура 5 жасында бірінші рет қайытуға жіберіледі, ал олардың жыныс
мүшелері 6 жасында толық жетіледі, інгенді үш жасынан бастап қайытуға
болады. Бураны 18-20, інгенді 20-22 жасқа дейін пайдаланады.
Бота өте өлсіз, нәзік болып туады, аяғын қаз басып әрең тұрады,
сондықтан оған жақсы күтім керек. Алғашқы күндері іңгеннің сүтін ботасының
өзі ғана емеді. Інген 10-15 күннен кейін ғана сауыла бастайды. Інген
тәулігіне 5-6 рет сауылады, сауған сайын өуелі ботасын емізіп идіріп алады.
2-3 айға дейін ботаның бар қорегі інгеннің сүті, содан әрі қарай бота
шөпке отыға бастайды. Бота інгеннен бір жарым жасында бөлінеді. Түйелер үш
жасынан жұмысқа үйретіле бастайды.
Түйе – шөл мен аңызақ дала жағдайында жайылымда жақсы көндіккен, күйік
қайыратын мал. Түйе ыстыққа, сондай-ақ құрғақ аязға төзімді, бірақ ауа мен
топырақтың ылғалдылығын көтере алмайды. Түйе өсірген кезде оны осы
ерекшеліктерін ескерген жөн.
Түйені жайылымда бағып семіртудің зор маңызы бар. Түйе қысқа жоғары
қоңдылықпен түсу керек, оның қоңдылығын өркешіне жиналған майға қарап оп-
оңай анықтауға болады. Қолда күткен жағдайда, жем берген күннің өзінде де
түйенің қоңын көтеру қиын. Қыста түйе қырбық қарда ғана жайыла алады, ал
жылқы мен қой сияқты тебіндеп жайыла алмайды.
Түйеге қырқадағы жусан, изен, жантақ, күйреуік сияқты ащы шөптер мен
жайылым жақсы. Түйенің жұмсақ жалпақ табаны құмдауыт жерлердегі жайылымның
шөбін таптап басып кетпейді. Сондықтан әр түрлі түлектердей малға жайылым
бөлген кезде түйенің осы өзгешелігін ескерген жөн.
Жұмысқа жегілетін түйелерге жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай тәулігіне
8-ден 10-ға дейін азық өлшемін беру керек.
Сауылатын інгенге ілгеріде айтылған нормаларға қосымша сүтейту үшін
үстеме азық (1 л сүтке 0,7-0,8 азьщ өлшемін) беру керек.
Жазда және қыста қолда күткенде түйені күн сайын, ал қыста табында
баққанда 2-3 күнде бір суарады. Сауындағы інгенді міндетті түрде күн сайын
суарып отыру керек.
Оңтүстік облыстарда табында баққанда түйеге қора керек емес. Бұл
облыстарда түйе жыл бойы ашық далада жүре береді, жалғыз-ақ жас боталарға
арнап қора салу керек.
Батыс, солтүстік аудандарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және
басқа облыстарда) қыс күндері түйе тұратын жабың қора не жаппалар салған
жөн.
Сауылып жүрген інгенге 1 кг түйе сүті түзілуі үшін 0,7-0,8 азық өлшемі
жұмсалу керек. Салмағы 500-600 кг жұмыс түйелерін азықтандыру үшін 8-10
азық өлшемі беріледі.
Түйелерді суару ережелері:
1. Бірнеше күн су ішпеген түйені бірден қандыра суаруға болмайды.
2. Жүк артып немесе мініп келген түйені демалдырмай суаруға болмайды.
3. Түйені күніне бір рет суарып отыру қажет.
4. Сауылып жүрген інгенді уаңытымен суару қажет.
5. Түйені жайылымға жіберіп немесе пішен беріп 2-3 сағаттан кейін
суарған жөн.
Осы ережелер дұрыс сақталған кезде ғана түйе түрлі ауруға шалдықпай
жақсы өседі.
Бота 1-1,5 сағаттан кейін буыны бекіп аяқтанып, енесінің емшегін іздей
бастайды. Ең алғашқы емізер алдында інгеннің желінін жылы сумен жуып
тазартады, содан кейін жас ботаны енесінің бауырына салып емізеді және 2-3
күн енесімен бірге қалдырады.
Алғашқы тәулігінде боталарды енесіне 7-8 реттей емізу қажет, ал 1 айға
жақындағанда бұл процесті 3-4 ретке дейін азайтып, аз-аздан көк шөп беру
керек. Себебі осы кездері бота отыға бастайды. Енесінің уыз сүтімен және
көк шөппен азықтанған бота тез өсіп жетіледі.
Боталардың өсіп-жетілуі кезеңінің ең қауіпті мезгілі алғашқы 6 ай
болып есептелінеді. Осы кезең аралығында олардың жататын жері сыз болмауы
және аңызақ жел соқпауы тиіс.
Бота 3-4 күндей ауызданғаннан кейін інгендерді сауа бастаған дұрыс.
Біріншіден, олар сауу процесіне үйренеді, екіншіден, желінде сүт
қалып, желінсау ауруына шалдықпайды. Ботаның жақсы жетіліп, өсуі оның
сүтпен және жемшөппен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Азықта минералды заттар жеткіліксіз болған жағдайда боталар бірінің
жүнін бірі жұлып жейді.
Олар ішектерінде кептеліп қалып боталарды өлімге әкеледі.
Ет-жүн бағытында өсірілетін түйе келелерінің боталары енесімен
жайылымда бірге болып, 16-18 айлығында ажыратылады да, топ-топқа бөлінеді.
Ал енелері сауылатын боталарға 2-3 айлығынан бастап табиғи жайылымнан басқа
тәулігіне қосымша 2-3 кг жем, 4-5 кг пішендеме берілуі қажет.
Ол боталар 12 айлығында енелерінен ажыратылып, басқа топқа
шоғырландырылады. Қалыпты деңгейде өсіп-жетілген боталардың салмақтары 6
айлығында 165 кг-нан, 1 жасында 250-270 кг, ал 1,5 жасында 320-340 кг кем
болмаулары керек.
2.3. Түйе өсіру әдістері
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар (сірітабандылар) отрядына
жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы аймақтарында
таралған түйетек (гуанако) және түйебас (викунья) та осы отрядқа жатады.
Олардың денесі түйедей кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген
қолтұқымдары тау тайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады.
Бұл түлік тұқымы Қазақстан мен Орта Азияның шөл, шөлейт аймақтарында
тараған. Қазақы түйелердің тұқымы 90 мыңнан астам және оның 80 мыңы
өзіміздің республиканың үлесіне тиеді. Олар Батыс Қазақстан, Қызылорда,
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының шөлейт жағдайларына жақсы
бейімделген, аңызақ ыстықта да, үскірік аязда да жақсы өседі.
Таза қанды қазақы түйелердің дене бітімі тығыз, іргелі және
пропорциялы, жалпақ және күшті, тік мойын, кеудесі терең, бұлшық еттері
жақсы жетілген, тұрқы сәл ұзындау, өркештерінің арасы кең және жүні қою
келеді.
Қазақтың қос өркешті түйесінің тұлғасы қалмақ түйелерінен кішірек
болғанымен, жалпы салмағы олардан онша кем түспейді. Мысалы, қоңды кезінде
інгендерінің тірілей салмағы – 500-550 кг, буралар 550-600 кг, ал кейде
1000 кг-ға дейін жетеді. Інгендерінен алғашқы жеті ай сауылу маусымы ішінде
орта есеппен 1200 кг сүт сауылады.
Мал өсіру әдістері деп шағылыстыратын малдың тұқымдық және түрлік
тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен, түйе
өсіру ісінде оны өсіріп шығарудың мынадай әдістері қолданылады: таза тұқым
өсіру, қайыту, түраралық будандастыру.
Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялың
мәселені шешуге бағытталған.
Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі. Дегенмен де мал
өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.
Таза тұқым алу үшін тек қана бірыңғай тұқымның буралары мен інгендері
шағылыстырылады.
Таза тұқым өсірудің мақсаты – түйенің бағалы тұқымдық және өнімділік
сапаларын сақтау және оны одан ары жетілдіру.
Таза тұқым өсіріп шығаруда түйелердің таза тұқым қуалаушылық сапаларын
жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі – ұрпақтары бойынша өсіру болып
табылады.
Мәселен, қалмақ түйелерінің тұқымын ұрпағы бойынша өсіріп шығару
жүзеге асырылуда.
Ол малдың бағалы ерекшеліктерін, сапасын бүкіл ұрпағына орнықтыруға
мүмкіндік береді.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды.
Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене
тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен
қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің
кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері
болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді.
Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын.
Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті
және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені
шөл дала кемесі деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5
мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері
– Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті
жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені – төрт түліктің
төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - Ойсылқара, кей
жерде Қаусыл- қазы деп атайды.
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар
қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Агромеркур шаруа
қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып,
өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді
мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге
ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай
еңбек етіп жүрген ғалым – Асылбек Баймұқанұлы.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан
толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі – 1З, айыр өркешті
түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды.
Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын
18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.

2.4. Інгендердің сүт өнімі

Інгендердің сүт өнімі таза тұқымға жатпайтын жергілікті сиырлардан көп
болады. Сүт және сүттен жасалатын тағамдар көшпелі халықтың негізгі тағамы
болып, жалпы ішілетін астық 80-90% -ті құраған. Ертеде еліміз сиырды да,
биені де, қой, ешкі, түйені де сауған, бірақ шөл және шөлейт аймақтарда
түйе сүті тиімді саналған.
Інгендердің сүттілігін дәл анықтау қиынға түседі, өйткені оларды идіру
үшін ботасын емізіп сауады және түнгі уақытта ботасымен бірге жайылады да,
еміп қояды.
Сондай-ақ, жалғыз өркешті түйелерге қарағанда қос өркешті түйлердің
сүті аздау, бірақ сүтінде май мен ақуыз мөлшері көп.
Зерттеулерге қарағанда, Қызылорда облысы Қара-өзек шаруашылығының
түйе фермасында аруана тұқымының інгендерінен орта есеппен 1987 литр,
қазақтың екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе өсіру шаралалы
Түйе - жайылым малы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
ҰСО ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінде түйе сүтінің сапасын сараптау нәтижелері
Түйенің биологиялық ерекшелігі. Түйені төлдету және ботаны бағып-күту технологиясы
Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру
Боталарды өсіру кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Мал өсіру әдістері
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Пәндер