Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және
балық шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы

Орындаған: Нарынбаева Қ.Б.
Тексерген: а.ш.ғ.к., аға оқытушы
Ахметалиева А.Б.

Орал, 2011ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

І. МАЛ ТҰҚЫМЫ ТУРАЛЫ
ІЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.1. Тұқымның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...6
1.2. Тұқым шығаруға әсер етуші
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Тұқымдарды
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10

ІІ. Тұқым құрылымы және оның зоохимиялық тәжірибеде қолданылуы ... ... 13
2.1. Мал тұқымының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..13
2.2. Тұқым шығару жұмыстарының
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...16
2.2. Тұқымдарды
жерсіндіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..19
2.2. Тұқымдарды зоохимиялық тәжірибеде
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
Кіріспе

Тұқым туралы ұғым адам жануарларды саналы түрде шағылыстыра бастаған
XII ғасырда пайда болған. Сол кезде-ақ тұқымның пайда болуының ортақтығы,
оның белгілерінің өзгермей, тұрақты сақталатындығына ерекше көңіл бөлген.
"Тұқым" деген ұғымды ғалымдар (Зеттегаст, Вилькенс, Кронахер, Крюгер,
Адамец және т.б.) түрліше түсіндірген. Ч.Дарвин тұқымды адам еңбегімен
жасалған және оның қажеттерін қанағаттандыру үшін бейімделген үй
жануарларының түрі және түр тармағы ретінде сипаттаған. Д.А. Кисловский
белгілі бір ортақ типтің белгілері қалыптасқан, тіршілік ету жағдайларына
талаптары бар, өзіндік ерекшелігін сақтайтын және басқа тұқымдармен
шағылыстырғанда оларға жақсартушы әсер ететін жануарлардың үлкен тобын
тұқым деп түсінген.
Көптеген анықтамаларды қорыта келе, белгілі бір әлеуметтік —
экономикалық жағдайларда адамның еңбегімен шығарылған, даму және шығу
тарихы ортақ, өндіріс технологиясы мен табиғат жағдайларына қоятын талабы
бірдей, өзге тұқымдардан өнімділік белгілерінің, дене бітімінің, ұрпағына
өтетін қасиеттерінің езіне тән белгілері арқылы ерекшеленіп тұратын, бір
түрге жататын жануарлардың саны жеткілікті үлкен бір тобын тұқым деп тану
ұсынылады. "Тұқым" және "популяция" ұғымдарын бір қатарға қою арнайы
әдебиеттерде айтарлықтай жиі кездеседі. Тұқым мен популяция ұқсас ұғымдар
емес. Тұқым — табиғаттың өнімі, таза биологиялық категория ғана емес, ол
адамның творчествалық еңбегінің нәтижесі, мұнда қолдан сұрыптау басты роль
атқарады. Ал Иоганнсеннің анықтамасы бойынша популяция дегеніміз — бүл
генетикалық жағынан ұқсас, біртекті жануарлар тобы. Оны құрудың басты
факторлары — еркін шағылысу және табиғи сұрыптау, жеке ауытқушылықтар тұқым
қуаламайды.
Дүние жүзінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген популяциялары бар,
ал тұқым — тек үй жануарларында ғана болады.
Тұқымның өзіне тән мынандай белгілері болады: шығу тегінің ортақтығы,
белгілі бір табиғи - климат жағдайларында өсіруге бейімділігі, белгілі бір
шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің ерекшеліктері, олардың тұқым
қуалаушылығының тұрақтылығы, тұқым ішінде белгілері бір деңгейде
өзгергіштігі, ең ақырында, өсіруге қажетті жануарлар санының болуы.
П.Н. Кулешов тұқымды осы тұқым үшін таңдалған бағытты бейнелейтін,
типі жөнінен ұқсас, бірнеше мың мол өнімді жануарлар болуы тиіс деп
есептейді. А.С.Серебровский аталықтарға ұрпағының қасиеттеріне қарай баға
беру және тұқымның жетекшісін анықтау қажеттігін басшылыққа ала отырып,
тұқымда кем дегенде 20 мың жануар болуы тиіс деп көрсетті. ДА.Кисловский
тұқымда кемінде 4500 аналық пен 150 аталық болуы тиіс деп тұжырымдайды.
Мұндай жағдайларда тусыстас жануарларды шағылыстыру қаупінен құтылуға
болады.
Тұқым туралы ілімді жасауда кеңестік дәуірдегі отандық зоотехния
ғылымы басым орын алады. П.Н.Кулешев, ЕА. Богданов, М.Ф.Иванов,
ДА.Кисловский, А.И.Овсянников, Г.Р.Литовченко, Ф.Ф.Эйснер, Н.Г.Дмитриев,
ВА.Бальмонт және басқалардың еңбектерінде бұл ілімнің ғылыми-теориялық
негіздері жасалған, мұның өзі жүздеген жаңа бағалы тұқымдарды шығаруға
мүмкіндік берді.
Тұқымның саны көптеген факторларға байланысты: тұқымның құндылығы,
өсіру аймағына бейімділігі, аталығының сапасы, аналығының өсімталдығы.
Қазіргі уақытта жануарлардың әрбір түрінің жаңа тұқымдарының саны тұқымды
сынақтан өткізу жөніндегі арнайы нұсқау бойынша анықталады. Тұқымдардың
таралуы түрліше. Осыны басшылыққа ала отырып, тұқымнан төрт типін бөліп
көрсетуге болады.
Әдебиетке шолу

1. П.Н. Кулешов тұқымды осы тұқым үшін таңдалған бағытты бейнелейтін,
типі жөнінен ұқсас, бірнеше мың мол өнімді жануарлар болуы тиіс деп
есептейді.
2. ДА.Кисловский тұқымда кемінде 4500 аналық пен 150 аталық болуы тиіс
деп тұжырымдайды. Мұндай жағдайларда тусыстас жануарларды шағылыстыру
қаупінен құтылуға болады.
3. Н.Г.Дмитриев ірі қараның 14 тұқымын зерттеу нәтижесінде асыл тұқымды
мал шаруашылықтарына қажетті ұрғашы мал басының есебін жасады. Ғалым
асыл тұқымды мал шаруашылығына қажетті сиырдың ең аз мөлшері тұқымдағы
малардың жалпы санының 12,9 пайызы болуы тиіс деп есептейді. Бұл біраз
көтеріңкі алынған көрсеткіш.
4. Академик М.Ф.Иванов: "Мал организміне оның тұқымы мен ата-тегінен гөрі
азық және азықтандыру үлкен әсер етеді" - деп, айтқан екен.
Биологиялық толық құнды азықтандыру дегеніміз - малдың жасын, тірілей
салмағын, өнімдік дәрежесін және физиологиялық жағдайын (сиырдың
суалуы, буаздығы, мегежіннің буаздығы т.б.) ескере отырып, организмнің
қоректі заттарға мұқтаждығын толық қанағаттандыра азықтандыру.
5. Н.Ә.Жазылбековтың (1994ж.) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері
бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8
айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей
салмағының тәуліктік өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға
жұмсалған құнарлы азықтар енесінен айырғандағы тірілей салмағының
100кг-на шаққанда 0,8-0,85-тен 0,9-1,2 центнерге дейінгі мөлшерде
болған.
И.А. Богданов, (1918) өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы белоктан
организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк азықтың және тағы
басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін зерттеді.
І. МАЛ ТҰҚЫМЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ
1.1. Тұқымның түрлері

Үй жануарларының ғана түрлері тұқымдарға бөлінеді. Зоологтардың
жануарларды түрлер мен түр тармақтарына бөлетіні секілді, тұқымдар
зоотехнияда ауыл шаруашылығы жануарларын жетілдірудегі негізгі жүйелік
бірлік болып табылады. Тұқым ауыл шаруашылығы жануарлары эволюциясының
қорытындысы және негізгі өндіріс құралы болып саналады. Бүгінгі алуан түрлі
тұқымдар — адамның орасан зор еңбегінің нәтижесі. Қазіргі уақытта жер
шарында үй жануарларының барлығы 2800-ге тарта тұқымы болса, оның ішінде
ірі қараның — 1000, шошқаның — 210, қойдың — 160, ешкінің — 20, жылқының —
250, құстың — 240, қоянның — 60, иттің — 400, бұғының — 12 тұқымы бар. 2004
жылғы есеп бойынша Қазақстанда ірі қараның (сүтті және сүтті-етті, етті)
11, шошқаның 6, қой-ешкінің 17, жылқының 13, құстың көптеген тұқымдарын
өсіреді.
Кең таралған (ареалы кең) тұқымдар. Бұлардың әрқайсысында мал саны өте
көп (ондаған миллион бас) және бүкіл жер шарына таралған. Мәселен, ірі
қараның қара-ала тұқымы мен оның нәсілдерін барлық континенттерде өсіреді.
Бұл тұқымды ТМД елдерінен басқа, Англияда, Швецияда, АҚШ-та, Данияда,
Австралияда және басқа елдерде кездестіруге болады. Санының көптігі, тұқым
ішіндегі барынша өзгергіштігі, генетикалық қуатының күштілігі бүл тұқымды
одан әрі жетілдіруді ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді. Ұлы Отан
соғысынан кейінгі кезеңде барлық елдерде қара-ала тұқымның саны айтарлықтай
өсті.
Кең таралған тұқымдарға симменталь сиыры, ірі ақ шошқа, таза қанды
мініс жылқысы, қаракөл қойы да жатады.
Аймақтар аралығында таралған тұқымдар - бірқатар өр түрлі топырақ-
климат және экономикалық аймақтарда таралған. Бүл тұқымдардың мал саны
бірінші топтың мал санына карағанда аздау. Оларға ірі қараның швиц, қырдың
қызыл сиыры тұқымдарын, орловтың желісті жылқысын, ағылшынның таза қанды
жылқысын, прекос, цигай қойларын және басқаларды жатқызу керек. Мал
шаруашылығын одан өрі дамытуда бұл тұқымдардың маңызы зор.
Аймақтық тұқымдар - белгілі бір ғана аймақта таралған. Мысалы,
бестужев малы Ресейдің Орта Поволжье аймағы үшін негізгі жоспарлы тұқым
болып табылады. Оны Ульянов, Куйбышев облыстарының, Татарстанның және
Башқүртстанның 135 ауданында өсіреді. Бұл топ сондай – ақ Украинаның
далалық ақ, солтүстік кавказ шошқа тұқымдарын, қазақтың биязы жүнді,
ставрополь қойларын, жылқының ахалтеке тұқымдарын да қамтиды.
Жергілікті тұқымдар әдетте бір облысты немесе өлкені алып жатады.
Жетісу, алатау, әулиеата, тұқымдары, якут малы, Кавказдағы ірі қара
тұқымдары, адай, жабы, карабах, печора, вятка, алтай, қырғыз, әзірбайжан
жылқылары, романов, сарыарқа қойлары тағы басқалар жергілікті тұқымдарға
жатады. Санының аздығына қарамастан, жергілікті жағдайларға өте жақсы
бейімделген аймақтық жөне жергілікті тұқымдар мал шаруашылығын дамытудың
қазіргі жағдайларында да маңызын жоймағанын атап көрсету керек. Төзімділік,
өсіру аймағына жақсы бейімделуі секілді құнды қасиеттері бар мұндай
тұқымдардың жануарлары мал шаруашылығы үшім өте бағалы селекциялық материал
болып саналады. Жергілікті тұқымдарды селекциялық жұмыс үшін "тектік қор"
ретінде сақтау қажет.
1.2. Тұқым шығаруға әсер етуші жағдайлар

Әлеуметтік-экономикалық факторлар тұқым шығару процесіне зор ықпал
етіп келеді. Жануарларды үй малына айналдыру олардың өнімділік қасиеттеріне
үлкен өзгерістер енгізді. Алайда көшпелі, одан соң отырықшы натуралды
шаруашылыққа көшу сатысында мал есіру өте қарабайыр жүргізілді. Капитализм
дәуірінде (XVIII, XIX ғасырлар) тұқым шығару процесі қауырт дами бастады.
Мал шаруашылығы өнімдеріне және тоқыма өнеркәсібі мен былғары өнеркәсібіне
қажетті шикізаттарға деген сұраныстың өсуіне қарай малдан алынатын табыс та
өсті.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына қарай, қоғамдық - экономикалық
формациялардың ауысуына байланысты, мал шаруашылығының бағыты әлденеше рет
өзгерді. Көптеген елдердегі мал шаруашылығы тарихында мұндай мысалдар өте
коп. Ағылшын селекционерлері ірі қараның шортгорн тұқымын нағыз етті мал
тұқымы ретінде шығарды. Алайда басқа елдердегі рыноктың талаптары ондағы
селекционерлерді
1890-1990 жылдары шортгорнның етті-сүтті және сүтті түрлерін шығаруға
итермеледі.
Осындай талаптардың ықпалымен, мысалы, ірі қараның украиндық сүр
тұқымы күшті өзгеріске ұшырады. Бұл тұқымның малы бұрын етті - жұмыс
бағытыңда өсірілетін. XIX ғасырда ет пен сүтке деген сұраныстың өсуіне орай
олар сүтті-етті мал тұқымдарына айналды. Жүн өңдейтін өнеркәсіптің дамуына
байланысты қойдың жүнді жаңа тұқымдары шығарылды.
Тұқым тарихи категория болып табылады, ол мәңгі тұракты емес.
Мал шаруашылығын интенсивтендіру тұқым арасындағы бәсекені
шиеленістіріп, бір тұқымды екінші, едәуір өнімді тұқымдармен алмастыру
процесін тездетеді. Экономикалық жағынан тиімді және өнімді тұқымдар ғана
аман қалады. Тұқымның тіршілік ету мерзімі әр түрлі. Жойылып кеткен
көптеген тұқымдардың зор генетикалық құндылығы болған. Мол өнімді
тұқымдарды сақтау үшін дүние жүзінің көптеген елдерінде арнайы шаралар
жүргізіледі. Мысалы, Англияда жойылып бара жатқан тұқымдарды жинап,
сақтаумен айналысатын ұлттық орталық ұйымдастырылған. Мамандар "глоует
банкінің (пюуст қоймасының) көмегімен және жақсы тұқымдық малдың
тоңазытылған эмбриондарын сақтау арқылы болашақта мал тұқымдарын
жетілдіріп, жаңаларын шығаруда қазіргі кезде жойылып бара жатқан
жануарлардың құнды қасиеттерін пайдалана алады. Осыған орай мемлекеттік
шаралардың жергілікті малдың құнды тұқымдарының тектік қорын сақтау
жөніндегі зор бағдарламасы қазіргі кезде біздің елімізде де жүзеге
асырылуда,. Ірі қара, қой, жылқы және құс сақталатын биосфералық қорықтар,,
арнайы шаруашылық - қорықтар, тектік қор фермаларын, селекциялық-
генетикалық орталықтар ұйымдастыру белгіленген.
Жануарлар тұқымдарын шығаруға әлеуметтік—экономикалық факторлардан
басқа, табиғи—географиялық жағдайлар да зор ықпалын тигізеді. Топырақтың,
жер бедерінің және климаттың ерекшеліктері мал тұқымының белгілері мен
қасиеттерін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Швейцарияның
таулы климаты мен жер бедері кеудесі кең, сүйектері мықты симменталь сиырын
шығаруға себепші болды. Оның артқы аяқтары пілдің аяғы секілді тік
орналасқан. Голланд тұқымы жазық жер жағдайында пайда болған. Бұл малдың
сүйектері жіңішке, терісі жұқа, бұлшық еттері жақсы жетілген.
Пироплазмоздан азап шегетін ыстық климатты аудандарда зебу тәрізді мал
өсіру қолайлы.
Биік алып шалғындары өлкесін тау мериносы немесе Алатау бөктерін арқар
— меринос қойларын өсіру үшін пайдалану тиімді.
Мүшелер мен ағза ұлпаларын жаттықтырудың терең ойластырылған жүйесі
тренинг жануарлардың (жылқы, ит және т.б.) шаруашылыққа пайдалы белгілерін
қалыптастыруда маңызды роль атқарды.
1.3. Тұқымдарды жіктеу

Ауыл шаруашылығы жануарларын оларды шығаруға жұмсалған еңбектің
мөлшеріне, өнімділік бағытына және шыққан жеріне қарай жіктеу барынша кең
таралған. Мал тұқымдарын оларды шығаруға жұмсалған адам еңбегінің мөлшері
мен сапасына қарай аборигендік немссе байырғы жергілікті, зауыттык немесе
мәдени және өтпелі немесе аралық тұқымдар деп үш топқа бөледі.
Аборигендік тұқымдар стихиялы, негізінен алғанда табиғи сұрыпталудың
әсерінен қалыптасқан. Бұл тұқымдар белгілі бір климат жағдайларына жақсы
бейімделген.
Абориген тұқымды жануарлар алуан түрлі өнім береді, кеш жетіледі,
ерекше төзімді, дене бітімі мықты, ал шаруашылыққа пайдалы белгілерінің
өзгергіштігі шамалы (төмен). Ертеде шыққан көптеген тұқымдар, мысалы, бір
кездегі көшпенділердің — қалмақтардың, қазақтардың, қырғыздардың жөне басқа
халықтардың жергілікті малы (моңғол, бурят, адай, жабы жылқылары, еділбай
қойы, қазақы к,ойлар, қазақы, якут, қалмақ сиырлары) аборигендік тұқымдарға
жатады, олар өр бағытта жақсы өнім береді. Мысалы, адамға ет, сүт, тері
беретін қазақ, қырғыз жылқыларын көлік ретінде де пайдаланады.
Зауыттық немесе мәдени тұқымдар адамның орасан зор еңбегінің нәтижесі
болып табылады. Ұзақ уақыт бір бағытта жүргізілген сұрыптау мен жұптаудың
нәтижесінде жануарларда белгілі бір құрылым, аса маңызды белгілерді тұқым
қуалай қабылдайтын қабілет қалыптасады. Зауыттық тұқымдар мол өнімді болып,
тез жетіледі, сондықтан олар өнімділігі шамалы тұқымдарды жақсартушылар
ретінде пайдаланылады. Бұл тұқымдардың өнімділік белгілерінің өзгергіштік
ауқымы кең, мысалы, сүттілігі 1500-27000 кг дейін ауытқыса (аборигендік
тұқымдарда 600-1000 кг), қой түлігінің аборигендік тұқымдарынан 1-2 кг ғана
жүн қырқылса, мәдени тұқымдарынан — 5-6кг-нан 35 кг-ға дейін жүн қырқылады.
Зауыттык түқымдардың кең өзгергіштігі — мақсатты сұрыптаудың нәтижесі және
оларды одан әрі жетілдірудің негізі. Ірі қараның, жылқының, қой мен
шошқаның қазіргі мамандандырылған тұқымдарының көпшілігі зауыттық ұқымдарға
жатады.
Өтпелі немесе аралық тұқымдар зауыттық және аборигендік тұқымдардың
арасынан орын алады. Олардың пайда болуында қолдан сұрыптау, сондай-ақ
жануарларды азықтандыру және күтіп—бағу жағдайларын жақсарту айтарлықтай
роль атқарған. Өтпелі тұқымдар құрылымының әртектілігі — олардың сипатты
ерекшеліктерінің бірі. Тұқымның жақсы бөлігі жақсартылған кезде, оның
экстенсивті жағдайдағы нашар бөлігі төмен өнімді күйінде қала береді.
Кабарда, фин жылқысын, сібір жылқыларнның кейбір аборигендік тұқымдарын
өтпелі тұқымға жатқызуға болады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарын аборигендік, зауыттық және
өтпелі тұқымдарға бөлу шартты түрде жүргізіледі, өйткені олардың бәрі
жақсартылуда. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында көптеген өтпелі тұқымдар
(ярослав, қызыл горбатов тұқымы) олармен тұқым асылдандыру жұмыстарын
жүргізудің, азықтандыру мен күтіп-бағудың жақсы жағдайларын жасаудың
нәтижесінде мәдени тұқымдарға, кейбір қарапайым тұқымдар өтпелі тұқымдарға
айналды.
Қазіргі зоотехнияда, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарын
өнімділік сипатына қарай арнайы бір өнімді бағыттағы және көп өнімді
бағыттағы тұқымдарға бөледі. Мысалы, ірі қара тұқымдарын сүтті, етті және
сүтті-етті немесе етті-сүтті тұқымдарға; қой тұқымдарын — жүнді, жүнді -
етті, етті-жүнді, елтірілі жөне басқа тұқымдарға; шошқа тұқымдарын - етті,
майлы, етті-майлы ұқымдарға; құс тұқымдарын — жұмыртқалағыш, етті,
жұмыртқалы — етті тұқымдарға бөледі. Өте бейім болғандықтан, мәдени
тұқымдарды арнайы бір өнімді бағыттағы тұқымдардан көп өнімді бағыттағы,
немесе әмбебап тұқымдарға және керісінше айналдыруға болады.
Қазіргі уақытта қос бағытта өнім беретін (етті-сүтті немесе сүтті-
етті) мал тұқымдарының үлесі кеміп келеді. Мәселен, көптеген жерлерде ірі
қараның симменталь тұқымы арнайы бір өнімді бағыттағы қара-ала тұқымға
ауысуда, симментальдардың сүтті жаңа типі қалыптасуда. Шошқа шаруашылығында
да осындай жұмыстар жүргізілуде.
Еліміздің белгілі бір аймақтарындағы малдың бір тұқымын екінші
тұқымымен ауыстыру мәселесі тұқымдарды аудандастыру жоспарына, осы аудан
шаруашылығының мамандануына, елімізде ауыл шаруашылығы жануарларын сапалық
жетілдіру бағдарламасына сәйкес шешілуі тиіс. Оған қалай болса, солай
қарауға және жергілікті есеп тұрғысынан шешуге жол беруге болмайды. Ал,
түрлі бағытта өнім беретін еліміздегі аймақтық және аборигендік тұқымдарға
келетін болсақ, онда селекциялық мақсаттар үшін бірқатар маманданған
шаруашылықтарды сақтап, осы тұқымдардың "шәует банкін" құру қажет.
Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарын шыққан жеріне қарай да
жіктейді (географиялық принципі). Малдың иелгілі бір тұқымының шығуы
алғашқы қауым тайпаларының қоныстану ошақтарына байланысты болғандықтан,
ірі қараның шығу орталықтарын 9-ға бөліп көрсетуге болады. Оның алтауы
европалық және үшеуі азиялық орталық. Шығыс Европа орталығында славян
тайпаларының малы қалыптасты (орман малы), одан ұлы орыс тұқымы — холмогор
және ярослав малының арғы тегі шықты, кейін олардан голланд тұқымы пайда
болған. Ірі қараны және таулық (симменталь және кавказ тұқымы), ойпаттық
(қара-ала тұқымдар), теңіз жағалауындық (голланд тұқымы), аралдық (джерсей
және гернсей), континенттік (холмогор және бестужев тұқымдары) тұқымдар деп
те бөледі. Жылқы тұқымдарын шығыс (араб, ахалтеке) және батыс (ағылшынның
таза қанды, арден) тұқымдарына бөледі. Малдың жаңа тұқымдарын шығаруда
будандастырудың кеңінен пайдалануына орай оларды шыққан жеріне қарай жіктеу
қазіргі кезде өзінің маңызынан айрылған.
ІІ. Тұқым құрылымы және оның зоохимиялық
тәжірибеде қолданылуы
2.1. Мал тұқымының құрылымы

Ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымдарының өзіндік құрылымы болады. Оның
негізгі бірліктері — тұқым тармағы, тұқымдық топ, тұқым ішіндегі тип,
аталық ұя (линия), аналық ұя, зауыттық тип.
Тұқым пгармағы (отродья) -- белгілі бір аймақтың өсіру жағдайларына
жақсы бейімделген тұқымның бір бөлігі. Ол тұқымды экологиялық жіктеу
нәтижесінде пайда болады. Мәселен, симменталь тұқымында Украинадан
әкелінген воронеж тұқымдық тармағы, Башқұртстанда - бестужев малының
Ульянов облысынан әкелінген башқұрт тұқымдық тармағы пайда болған.
Тұқымдық топ - тұқым болып қалыптасу процесіне қатысатын, бірақ
өзіндік белгілері әлі де тұрақты емес жануарлардың үлкен тобы.
Тұқым ішіндегі (аймақтық) тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын
жөне осы тұқымға тән ортақ қасиеттерден басқа, өнімділік бағытындағы, дене
бітіміндегі өзіндік кейбір ерекшеліктері бар, өсіру аймағындағы жағдайларға
жақсы бейімделген, сондай-ақ ауруларға және сыртқы ортаның қолайсыз
факторларына төзімді жануарлар тобы. Мәселен, ірі қараның бестужев
тұқымынан етті-сүтті және сүтті екі негізгі типті бөліп атауға болады. Етті-
сүтті тұқым жануарларының денесі жуан, тірілей салмағы ауыр, етінің
қасиеттері жақсы, тез жетілгіш болып келеді. Сүтті тұқымның жануарлары
салмағы жеңілдеу, бірақ өте сүтті болады.
Аталық із (линия) - бүл тұқым ішіндегі жануарлардың сапалық ерекше
тобы. Олар өнімі мол, ерекше белгілі бір аталықтан шыққан жөне арнайы
бағытталған селекцияның нәтижесінде аса маңызды шаруашылыққа пайдалы
негізгі белгілері бойынша із басшысына ұқсас мал тобы болып табылады.
Аталық іздің басында, әдетте, өнімділік және асыл тұқымдық қасиеттері
жағынан өте бағалы жануар - із басшысы тұрады. Мал санына, оның
географиялық таралуына, асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарының әдістеріне
қарай тұқымдағы аталық іздер саны әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте зауыттық
тұқымдарда 4-5-тен 15-20 аталық ізге дейін болады.
Аналық ұя — бүл шығу тегінде бір аналықтан таралған өнімділік және
тұқымдық қасиеттері бойынша таңдаулы деп саналатын ұрғашы ұрпақтың бірнеше
буынынан тұратын ұрғашы мал тобы. Бұл топтың өзіне ғана тән белгілі бір
қасиеттері мен белгілері болады.
Зауыттық тип белгілі бір асыл тұқымды мал зауыты мен оның шағын
шаруашылықтарына ғана тән дене бітімі мен өнімділік ерекшеліктері бар
жануарларды біріктіреді.
Мал тұқымының күрделі құрылымын сақтау үшін онымен жүйелі түрде асыл
тұқымды мал өсіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өзінің өте әртектілігіне
қарамастан, мал тұқымы (әр тұтас дүние болып табылады және оған бірқатар
тарихи тұрақтылық, белгілерінің орнықтылығы тән. Өткен кезеңнің
биотехниктері тұқым белгілерінің тұтастығы мен тұрақтылығын оның
тазалығымен және шығу тегінің ортақтығымен байланыстырды. XIX ғасырда
Юстинустың тұқымның константтығы теориясы пайда болды. Бұл ғалымның
пікірінше, мұндай мал тұқымына тұқым қуалаушылықтың мызғымас күшін берген,
соның салдарынан оның қасиеттері өзгермейді: тұқым неғұрлым таза және
неғұрлым ертерек шыққан болса, ол ұрпақтарына өзінің белгілерін соғұрлым
тұрақтырақ береді. Шығу тегі мүлде таза тұқымның болмайтыны белгілі. Мал
тұқымының көпшілігі ор түрлі будандастырудың нәтижесінде пайда болған.
Константты, өзгермейтін тұқымдар болмайды. белгілерінің өзгергіштігі аз
немесе белгілі бір жағдайларға бейімділігі төмен тұқым басқа тұқымдармен
бәсекеге төзе алмай, тіршілігін жояды.
Адамның орасан зор еңбек жұмсауының нәтижесінде пайда болған зауыттық
мәдени тұқымдардың құрылымы күрделі, олар шаруашылыққа пайдалы аса маңызды
негізгі белгілері бойынша түк,ым ішінде көп өзгеріске ұшырайтыны жоғарыда
айтылды. Мәселен бестужев малының, шортгорндардың, орлов желісті жылқысының
немесе ірі ақ шошқаның белгілері мен қасиеттерінің айтарлықтай тұрақтылығы
ең алдымен олардың шығу тегінің тазалығына емес, бұл тұқымдармен
тереңдетіле жүргізілген тұқым асылдандыру жұмыстарына байланысты.
Кез келген тұқымның малы асыл тұқымды және күнделікті шаруаға
пайдаланатын мал болып бөлінеді. Асыл тұқымды бөлік неғұрлым бағалы, таза
тұқымды малдан тұрады. Бұл жануарлардың жақсартушы қасиеттерін пайдалану
тұқымның күнделікті пайдаланылатын бөлігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Н.Г.Дмитриев ірі қараның 14 тұқымын зерттеу нәтижесінде асыл тұқымды мал
шаруашылықтарына қажетті ұрғашы мал басының есебін жасады. Ғалым асыл
тұқымды мал шаруашылығына қажетті сиырдың ең аз мөлшері тұқымдағы малардың
жалпы санының 12,9 пайызы болуы тиіс деп есептейді. Бұл біраз көтеріңкі
алынған көрсеткіш. Қолдан ұрықтандыру әдістерін одан әрі жетілдірген
жағдайда оны 4-6 пайызға дейін, асыл тұқымды мал өсіретін аудандарда — 8-10
пайызға дейін кемітуге болады. Неғұрлым бағалы жануарлар асыл тұқымды мал
зауыттарына және күнделікті шаруаға пайдаланылатын мал басын толықтырып,
жақсартатын төл өсіретін басқа да асыл тұқымды мал шаруашылықтарына
шоғырланған. Таңдаулы асыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибе ісінің тарихы. тәжірибе стандарттарын орналастыру ерекшеліктері”
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының онтогенезде дамуы
Тәжірбие ісінің қысқаша тарихы. Тәжірбие стандарттарды орналастыру ерекшеліктері
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Туыстас малды жұптастыру
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Зоотехния ғылымындағы өлшемдер әдіснамасының маңызы
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Пәндер