Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және
балық шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері

Орындаған: Халыков Ж.Ж.
Тексерген: доцент, а.ш.ғ.к.
Есенгалиев Қ.Ғ.

Орал, 2011ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

І. МАЛДАРДЫ НОРМАЛАП АЗЫҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Нормалап
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
1.2. Азықтандыру
рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 9

ІІ. ТҰҚЫМДЫҚ БҰҚАНЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
2.1. Тұқымдық бұқалардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3. Тұқымдық бұқалардың азықтық
рационы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Тұқымдық бұқаларды азықтандыру және
бордақылау ... ... ... ... ... ... . ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тұқымдық мал шаруашылығы туралы Заңының
жүзеге асырудағы мейлінше маңызды бағыттарының бірі тұқымдық бұқа
шаруашылығын одан әрі дамыту болып табылады.
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін оңтүстік тұқымдық бұқасын одан әрі
жетілдірудің ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға
көшіру, сапасын жақсарту, сұрыптау мен жұп таңдау тәсілдерін тиімді
пайдалану, мал азығын молайту және азық сапасын жақсарту болып саналады.
Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал
басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін
жемшөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормаль көрсеткіштер
арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды.
Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрастырылады.
Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және
өнім ендіруге қоректік затты кажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік
мөлшерден көп не аз берілген болса зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал
денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да төлдің өсіп
жетілуі тежеледі сақа малдың өнімділігі азаяды. Керісінше, нормадан көп
берілсе шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылып төмендеп, олар толық
игерілмей пайдасыз шығындалады.
Азықтандыру нормалары — малдың түрі мен жасын жынысына, физиологиялық
жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген
организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның
тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де
өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын энергия мен қоректік заттың
деңгейі ұлғаяды.
Азық дегеніміз - өсімдік тектес немесе жануар тектес жасанды
минералдық азықтар. Химиялық құрамы жағынан мал жегенде организміне зиян
келтірмейтін, сонымен қатар олардан өнім сапасын кемітпейтін қоректі
заттарға бай. Азықтар әр түрлі табиғи және шаруашылық жағдайларда алынуына
байланысты қоректілігі жөне құрамы бойынша тарқатылады. Азықтың құрамына
әсер ететін факторларды біліп, дұрыс дайындалуын және тиімді пайдалану
технологиясын меңгеру талап етіледі.
Сонымен азықтың құрамына және оның қоректілігіне мынадай себептер әсер
етеді: экологиялық - географиялық өсімдіктің түрі, климат, топырақ,
тыңайтқыш, агротехника, өсімдіктердің сорттық ерекшеліктері, жасы, жинау
кезеңі, жинау технологиясы және сақталу жағдайы, ылғал, жылылық, жарық
әзірлеу тәсілі т.б.
1) Климат жағдайларының әсерінен тек қана қоректік
заттардың саны өзгеріп қоймай, оның сапасы да өзгереді,
белоктық заттарды (протеин) құрамындағы амин қышқылдары, майлары
қанықпаған қышқылдар т.б. Оңтүстіктің баурайында өскен өсімдікте
белоктық зат (протеин), солтүстік баурайында өскен өсімдікке қарағанда
көбірек жиналады.
2) Құнарлы топырақта қоректік заттар жоғары болады.
3) Өсімдікте қоректік заттардың жиналуына органикалық
тыңайтқыштарға қарағанда көң жақсы әсер етеді.
Көктемде жайылым шөбінің қоректілігі күшті, протеині көп болады. Жазда
және күзде жайылым шөбі сарғайып, негізгі қоректік заттары кемиді.
Пішенге орылған шөпті ұзақ кептіру немесе жауын-шашын қоректік
заттарды кемітеді.
Әдебиетке шолу

1. 1836 жылы Бусенго жемшөп қоректілігінің азот көлемімен тығыз
байланысты екенін дәлелдеді. Бұл қоректенудегі протеин маңызын
анықтауға мүмкіншілік тудырды.
2. Ю. Либихтың (1843) зерттеуінің нәтижесінде азықтардың негізгі
қоректік заттарының физиологиялық қызметі анықталып, олардың
құрамындағы тіршілікке қажетті заттар — витаминдер ашылды.
3. Профессор П. В. Демченко (1972) көп жылдық зат және энергия
алмасуын зерттеуге арналған тәжірибелерінің негізінде мұны
азықты игеру тиімділігінің жоғарылау заңдылығы тұрғысынан
түсіндіреді.
4. Академик М.Ф.Иванов: "Мал организміне оның тұқымы мен ата-
тегінен гөрі азық және азықтандыру үлкен әсер етеді" - деп,
айтқан екен. Биологиялық толық құнды азықтандыру дегеніміз -
малдың жасын, тірілей салмағын, өнімдік дәрежесін және
физиологиялық жағдайын (сиырдың суалуы, буаздығы, мегежіннің
буаздығы т.б.) ескере отырып, организмнің қоректі заттарға
мұқтаждығын толық қанағаттандыра азықтандыру.
5. Н.Ә.Жазылбековтың (1994ж.) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері
бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара
бұзауларын 8 айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен
өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік өсімі 750-800- ден 1000г-
ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар енесінен айырғандағы
тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0,8-0,85-тен 0,9-1,2
центнерге дейінгі мөлшерде болған.
6. И.А. Богданов, (1918) өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы
белоктан организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің,
көк азықтың және тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың
өзіндік түпнұсқа әдістерін зерттеді.

І. МАЛДАРДЫ НОРМАЛАП АЗЫҚТАНДЫРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Нормалап азықтандыру

Малды азықтандыру — олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру.
Малды дұрыс азықтандыру арқылы организмдегі морфологиялық және
функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады.
XVII ғасырдың екінші жартысында Пристли мен Шеллдің ауадағы оттегін
ашып, оның өмірге қажеттігін Лавуазье дәлелдегеннен кейін, организм
тіршілігі туралы деректер жинала бастады. Ғалымдар малға қажетті қоректік
заттардың маңызын ашты. 1836 жылы Бусенго жемшөп қоректілігінің азот
көлемімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Бұл қоректенудегі протеин
маңызын анықтауға мүмкіншілік тудырды.
Ю. Либихтың зерттеуінің нәтижесінде азықтардың негізгі қоректік
заттарының физиологиялық қызметі анықталып, олардың құрамындағы тіршілікке
қажетті заттар — витаминдер ашылды. Сөйтіп В. Геннеберг пен Ф. Штоман әдісі
қоректік заттардың қорытылуын анықтауға, ал В. Қ. Пашутин, М. Рубнер, К.
Фойт тәсілдері энергетикалық алмасуды бақылауға мүмкіншілік тудырды.
Физиологиялық құнды және экономикалық жағынан тиімді
келетін азықтандыру - дұрыс азықтандыру деп аталады.
Академик М.Ф.Иванов: "Мал организміне оның тұқымы мен ата-тегінен гөрі
азық және азықтандыру үлкен әсер етеді" - деп, айтқан екен. Биологиялық
толық құнды азықтандыру дегеніміз - малдың жасын, тірілей салмағын, өнімдік
дәрежесін және физиологиялық жағдайын (сиырдың суалуы, буаздығы, мегежіннің
буаздығы т.б.) ескере отырып, организмнің қоректі заттарға мұқтаждығын
толық қанағаттандыра азықтандыру. Азықтандыру нормасы дегеніміз - малдың
тәуліктік тіршілік мұқтаждығын қанағаттандыру, денсаулығын сақтау,
бірқалыпты өсіп отыруы жөне азықты үнемдеп жұмсай отырып, жоспарлы өнім
алуға жұмсалатын қажетті қоректі заттар мөлшері.
Табиғи және экономикалық жағдайға байланысты азық өндірісі және
мал шаруашылығының дамуы өр түрлі. Сол себепті ауыл шаруашылық
малдарын азықтандыру жүйесі мен түрлері әр түрлі болады. Мал
азықтандыру түрлері аймақтың климатына, шаруашылықтың тұрған жеріне,
азық өндірісіне, жерді пайдалану жағдайларына байланысты.
Мысалы, мүйізді ірі қара мал үшін мынадай аймақта азықтандырудың
түрлерін қолдануға болады: пішендік, сүрлемдік, жемдік, сүрлем + пішен,
сүрлемді + тамыр жемістілер + жем т.б. Ал жаз кезінде таралған
азықтандырудың түрлері: шөп, шөпті сүрлем, шөпті жем. Азықтандыру түрлерін
бағалағанда, оның өнімге, малдың денсаулығына, төл беруіне, экономикалық
тиімділігіне тигізетін әсерін ескеру қажет.
Азықтандырудың түрлері мен жүйелері ұзақ мерзімге, жыл маусымы
кезеңдерінде негізгі азық топтарын жүйелі қолдану болып табылады.
Азықтандыру түрлерінің ең көп кездесетін түрлері: ірі азық, шырынды,
құрамалы азық деп атауға болады.
Ірі қара көп қарынды күйіс қайыратын малға жатады. Олар негізінен
өсімдік тектес ірі жемшөппен қоректенеді. Азықтандыруы шаруашылықта
өсірілетін ірі қара бағытына байланысты ерекшеленеді. Алынатын негізгі
өнімі бойынша ірі қара сүт және ет бағытына бөлінеді.
Сүт бағытындағы ірі қараның негізгі өнімі сүт - биохимиялық тұрғыдан
ете күрделі де бағалы биологиялық кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен
салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем (бидай) кебегі, күнжара т.
б.) араластырып ішкізеді. Суалтылған кезеңдегі сиырдың дұрыс
азықтандырылғанын салмақ қосылымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың
тірілей салмағы 10—12% жоғарылауы керек.
Сүтті сиырлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін, олардың
азықтандырылу барысын күнделікті қадағалау қажет. Тіпті, аз уақыт
азықтандыру деңгейі мен сапасының бұзылуы сүт түзілуі мен ұрық дамуына кері
әсерін тигізеді. Байқалған кемшілікті дер кезінде жою шараларын қолдану
керек.
Шаруашылықтағы дайындалған жемшөп сапасы бағаланып, олардан
құрастырылған рацион құрамы мен қоректілігінің нормаға сәйкестігі
қадағаланады. Сиыр сүттілігі, майлылығы, сауым мөлшері сүтке жұмсалған азық
шығыны, сиыр қоңдылығы, мерзімінде ұрықтануы сыртқы тұрқының өзгеруі, жүн
жылтырлығы, суалтылған кездегі салмақ қосуы, жаңа туған бұзаудың тірілей
салмағы бойынша бақылау жүргізіледі. Қан мен сүт құрамындағы минералды
заттар мен витаминдердің деңгейі бойынша олардың рациондағы мөлшерін
қадағалайды.
Дені сау сиырда сіңірілген қышқылдарды байлайтын сілтілік тұздар қоры
400—500мг процент болуға тиіс. Қалыпты жағдайда сиыр денесінің
температурасы 39°С (37,5—39,5°С аралығында), тамыр соғысы минутына 65—75
аралығында, тыныс алысы 15—20, ал жоғары өнімділерінікі 30-ға дейінгі
аралықта болуға тиіс.
1.2. Азықтандыру рационы

Азықтандыру нормасына сәйкес, шаруашылықтағы азық түрлерінен азықтық
рацион түзуге болады.
Азықтық рацион деп - азықтандыру нормасына сәйкес малдың қоректік
заттарға деген тәуліктік мұқтаждығын қанағаттандыра алатын мөлшердегі әр
түрлі азық құрамын айтады. Рацион құрамында болатын азық түрлерін малдың
организмі қалдықсыз қабылдап қоректенуге тиісті. Жасалған рацион жоғары
және сапалы өнім алуды қамтамасыздандыруы және мал ағзасына, қолайлы әсер
етуі қажет. Рацион құрғанда шаруашылықтағы азықтардың қоректілігін,
сапалылығын, өрбір ауыл шаруашылық малына қажетті негізгі және қосымша азық
топтарын есепке алу қажет. Рацион құрамы кем дегенде 3-4 азық түрінен
тұрады, одан кем болмауы тиіс. Мысалы: сұлының сабаны, жоңышқадан
дайындалған пішен, күнбағыстан жасалған сүрлем, зығырдың күнжарасы,
бидайдың кебегі, арпа т.б. рационның құрамында болса оның сапасы,
қоректілігі жақсы болады.
Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малды тіршілік мұқтаждығын
қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар
мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.
Мал организмінің мұқтаждығы оның күнделікті тіршілікке және өнімге
қажет энергия, қоректік және биологиялық әсерлі заттар мөлшерімен
белгіленеді. Азықпен сыртқы ортадан организмге енген осы заттар арқылы зат
алмасу барысында ыдыраған қосындылар жаңаланып, өсу, өну, жетілу, өнім
беруге қажетті жаңа қосындылар түзіліп, зат алмасуының бір-бірімен
байланысты және бір-біріне тәуелді катаболизм мен анаболизм процестерін
туғызады.
Тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар мөлшерін
абсолюттік тынығу кезіндегі организмді ашықтыру арқылы анықтайды. Еш жұмыс
істемей (өнім өндірмей) тынығу үстіндегі организмнің қажетті қан айналымын,
тыныс алуын және басқа алмасу мұқтаждығын қалыпты сақтау үшін жұмсалады. Ол
орта өнімді малдың жалпы энергия шығынынын 40—50 процентін қамтиды. Осы
шығын деңгейі неғұрлым азайса, соғұрлым организмдегі жалпы энергияның енім
өндіруге жұмсалатын деңгейі ұлғаяды.
Өнім өндіруге қажетті энергетикалық мұқтаждықты алмасу энергиясының
оны өндіруге физиологиялық процестерге шығындалған және өніммен бірге
шыққан деңгейімен белгілейді. Өніммен шыққан энергия мөлшерін тікелей
калориметриялық бомбада жағу арқылы немесе жанама есептеу жолдарымен
анықтайды.
Сонымен қазіргі кездегі мал азықтандыру нормаларын мал организмінің
физиологиясымен ғана емес, сонымен қатар оларды қоршаған сыртқы орта
жағдайларымен ұштастыра отырып анықталған мұқтаждық көрсеткіштері деп
қарауымыз керек.
Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі — шығындалған азыққа
алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып көп өнім
алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады.
О. Кельнердің және де осы салада ізденістер жүргізген басқа да
ғылымдардың азықтандыруға байланысты зерттеулері, азықтандыру деңгейі
жоғарылаған сайын азықтандыру тиімділігінің төмендейтінін көрсетті.
Айталық, сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын оның бірлігіне жұмсалатын азық
шығыны кеми түседі. Профессор П. В. Демченко (1972) көп жылдық зат және
энергия алмасуын зерттеуге арналған тәжірибелерінің негізінде мұны азықты
игеру тиімділігінің жоғарылау заңдылығы тұрғысынан түсіндіреді. Арнайы
қойылған распираторлық тәжірибелерде ірі қара коректену деңгейі өскен сайын
көміртек пен энергияның метанмен, көміртектің зәрмен және тыныспен
шығарылатын үлесі азайып, рациондағы көміртегінің игерілуі жоғарылайтынын
көрсетті. Қоректену дәрежесі жоғарылаған сайын азық энергиясының игерілуі
өсіп, желінген азық бірлігіне өндірілетін жылу көлемі азаяды. Бұл заңдылық
мал өнімділігі өскен сайын орын алады.
Азықтық нормаларда келтірілген малдың жалпы энергия мұқтаждығы оның
тіршілік процестерін қамтамасыз етуге және өнім өндірілу деңгейіне қарай
өзгереді.
Тіршілікті қамтамасыз ететін энергия мөлшері малдың тірілей салмағына
байланысты. Салмақ ауырлаған сайын ондағы тіршілік барысын қамтамасыз етуге
жұмсалатын энергия шығыны да ұлғаяды. Мысалы, сақайған орта қоңдылықтары
сиырдың тірілей салмағы 300кг болса, оның тіршілігін қамтамасыз ету үшін
3,2 азық өлшемі, яғни 36МДж алмасу энергиясы, 500кг болса 4,7 азық өлшемі,
яғни 54МДж алмасу энергиясы, 600кг болса 5,5 азық өлшемі, яғни 63МДж алмасу
энергиясы әр кг сүт өндіруге шамамен 0,5 азық өлшемі, яғни ПМДЖ алмасу
энергиясы қажет. Тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім өндіруге қажет өлшемі
не алмасу энергияның қосындысын есептегенде, мал басының жалпы
энергетикалық мұқтаждығы анықталады. Желінген азық пен суды мал өз
денесінің жылылығына дейін жеткізуге энергия жұмсайды. Өсіп-жетілуі әлі
тоқтамаған жас құндылық тіршілігін және өнімділігін қамтамасыз етумен қоса
өзінің өсуіне әр 1кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, яғни 57МДж алмасу
энергиясы қажет.
Рацион құрастырудың негіздері. Малды азықтандыру рационы деп белгілі
нормаға негізделіп құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады. Рационға енетін
жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара-қатынасы физиологиялық
және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің ас қорыту
ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды
түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады.
Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем-шөбінен
құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек.
Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы
үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек.
Мәселен жемшөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі
азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка кезі
болып табылатын ірі азықтардың аздығынан ас жолдарының қызметі бұзылып,
клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше
тым мол берілген ірі азық рациондағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның
езінің және де басқа да қоректік заттардың қорытылуын нашарлатады.
Түрлі азықтармен азықтық топтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған
проценттік ара-қатынасын рационның құрылымы дейді. Шаруашылықтағы малды
азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады.
Ол қалыптасқан жемшөп қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға,
оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады.
Еліміздің әр табиғи — экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары
әр мал түріне және жыныстық, жастық, өндірістік топтарына арналған типтік
рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық
(азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз
ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық
мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері
бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас
қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.
Әдетте рацион құрған затының көлемі, жемшөптің, желінуі шикі
клетчатка деңгейімен реттестіріледі.
Барлық көрсеткіштері нормалық талаптарға сәйкес құрастырылған
рациондарды толық бағалы яғни құнарлы деп санайды. Көрсеткіштері нормаға
сәйкес келмеген жағдайда рационға оларды толықтыратын қосындылар қосады.
Олай болмаған жағдайда төл өсуі тежеліп, мал басы түрлі ауруға шалдыққыш
келіп, өнімділігінің төмендеуіне соқтырады. Сондықтан малды азықтандыру
деңгейін, рацион құрамының азықтандыру нормасына сәйкестігін қадағалап
отыру керек. Оны азық құрамын, қоректілігін, сапалылығын, мал өнімділігін,
өнім сапасын, енім бірлігіне жұмсалатын азық шығынын, малдың сыртқы түрін,
жүріс-тұрысын, көңіл-күйін, тәбетін, тезек қалпын бақылап байқап қанын,
зәрін, сүтін, өнімін зерттеулерден іске асырады.
Рационның минералдық және витаминдік қоректілігін минералды
элементтердің және каротин мен жекелеген витаминдердің қанда, сүтте,
жұмыртқада, жүнде, жеке-мүшелерде шоғырлануымен де бақылайды. Минералдық,
тыңайтқыштар көп қолданылған жердің азығын пайдаланғанда малды нитраттар
мен нитриттердің зиянды әсерінен сақтандыру қажет. Олармен уланудың
бастапқы белгілерін қан мен сүттің каротин және А витаминінің азайып,
метгемоглобин ұлғаюынан байқауға болады.
ІІ. ТҰҚЫМДЫҚ БҰҚАНЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
2.1. Тұқымдық бұқалардың ерекшеліктері

Әрбір кәсіпорындағы бұқалардың құрамын асыл тұқымды мал өсіретін
шаруашылықтардан келетін жас аталықтармен толықтырып отырады. Олардың
таңдаулыларын мүмкіндігінше кеңінен пайдалану үшін, ал нашарларын
жарамсыздар тобына шығару үшін немесе олардың ұрпағының көбеюін шектеу үшін
бұл малдың қандай асыл тұқымдық қасиеттері бар екенін ертерек анықтаудың
маңызы зор.
Тұқымдық бұқаларды олардың ұрғашы ұрпағының өнімділік және басқа
қасиеттеріне қарай тексеру және бағалау жұмыстарын жоспарланған тұқымның
малы өсірілетін шаруашылықтарда және фермаларда жүргізеді. Мұндай
шаруашылықтар мал азығымен жақсы қамтамасыз етіліп, жұқпалы аурулардан таза
болуы тиіс, олардағы зоотехниялық және асыл тұқымды мал өсіру есебі жақсы
жолға қойылуы қажет. Бір жыл ішіндегі сауылатын сүттің орташа мөлшері
3000кг-нан кем болмауы тиіс.
Табынды толықтыратын 12 айлық өгізшелерді, сондай-ақ шығу тегі жөнінен
бағалы әрі пайдаланылып отырған, бірақ бұл уақытқа дейін ұрпағының қасиеті
бойынша тексеруден өтпеген аталықтарды сынауға қояды. Алдағы уақытта бір
аталықты таңдап алу үшін тиісті жоспарлы аталық ізге жататын кемінде 3-4
өгізшені сынауға қою ұсынылады.
Әрбір бақылау шаруашылығында немесе фермада бірдей жағдайларда
өсіріліп, сауылатын ұрпағын салыстыру арқылы бір мезгілде кем дегенде үш
бұқаны бағалау керек. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында тексерілетін әрбір
аталыққа кемінде 60, ал қатардағы өндірістік шаруашылықтарда — кемінде 100
сиырды (таңдамастан), оның ішінде 20 тайыншаны бекітеді. Мұнда жақын
туыстардың шағылысуына жол беруге болмайды. Аталыққа жұптастырылған
аналықтардың тұқымы, шығу тегі, жасы мен өнімділігі жөнінен өзара ұқсас
болғаны жөн. Тексерілетін бұқалардың бәрін бір мезгілде пайдаланады: ай
сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаны азықтандыру
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Малды азықтандыру ерекшеліктері
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру
Мал шаруашылығын өркендету
Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Пәндер