Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Психологиялық ахуал түсінігі
1.1.Балалар ұжымындаы психологиялық
ахуал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5
1.2. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтпік-психологиялық
ахуал ... ... ... ... ...8
ІІ тарау. Оқушылар мен педагогтар ұжымындағы психологиялық ахуал
2.1. Оқушылар ұжымындағы психологиялық
ахуал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
2.2. Педагогикалық жүйенiң қызмет етуiнiң ахуалы мен дамуының
тұрақты
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31

Кіріспе
Психологиялық ахуал дегеніміз – ол ұжымдағы ахуалдың, яғни әрбір
қызметкердің жанына, психикасына әсер ететін ахуалдың жағдайы, ол мінез-
құлық, эмоционалдық жағдайлардан тұрады.
Өзге мекемелердегі, оның ішінде азаматтық мекемелердегі ұжымнан,
қызметкерлерден өзіндік ерекшелігі бар құқық қорғау органдарындағы ұжымның
моральдік-психологиялық ахуалы қазіргі уақытта біздің өзгерістерге тола
қоғамымызда көкейкесті мәселе болып қаралады. Ішкі істер органдарының
ұжымы – бұл басшылықтың өте қуатты иін тірегі болып саналады, өйткені,
ол қызметтік жауапкершілігі көп, қызметі қоғам мен адам өмірімен, олардың
тыныштығы және қауіпсіздігімен тығыз байланысты, уақытының көбі үйінен гөрі
түзде – жұмыс басында өтетін адам топтарынан тұрады.
Ізгілік, парыз, ұят, намыс, әділеттілік, эмпатия бұл ұғымдар
моралдік- психологиялық ахуалдың көрсеткіші. Ұжымда басшы – басты тұлға,
сондықтан басшының қызметкерлерге қатысты өзін қалай ұстауы, бағынышты
қызметкерлермен сөйлескен кезде сөз мәдениетін ұстануы, жұмыс бабыңда көмек
көрсетуі, қызметкерлерінің жеке бас мәселесіне көңіл бөлуінің маңызы зор.
Жалпы осы және тағы басқа жағдайларға кез келген ұжымның бөлімше, бөлім
моральдік-психологиялық ахуалы тәуелді. Ұжымның үлкен нәтижелерге қол
жеткізуінде және мәселелерді шешуінде, оларға жағымды жағдай жасау үшін
басшылар көп күш-жігерін және білімін салады. Басшы тұлғасының ерекшілігі
және оның қызметтегі стилі ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды
оңтайландыруға елеулі ықпал етеді. Яғни ұжымның бөлім, бөлімшенің басшысы
өз тілегі мен күшін, басқарушылық қабілетін қосып ұжымда жақсы
психологиялық ахуал құрай алады, сондай-ақ керісінше, қаласа, ұжымда адам
өмірі төзбестей жағдай жасауы мүмкін...
Ұжымды басқару, ұжымда жағымды моральдік-психологиялық ахуал тудыру
үшін адамда – басшыда қандай қасиет болуы керек?!
Біріншіден, басшының психикалық қызметі жоғары деңгейде болуы керек,
өйткені ол ұжымды сапалы біліктілікпен басқаруы қажет, яғни
қызметкерлерінің санасына және сезіміне ықпал жасай білу. Бір сөзбен
айтқанда, басшы өз саласына сәйкес психолог болуы керек, сонымен қатар
әрбір бағынышты қызметкердің, жас маманның орнына өзін қоя білуі керек,
қызметкердің кемшілігін дер кезінде байқап, оны жою мақсатында тиімді іс-
шаралар қабылдай білу, адамның жақсы жақтарын көре білу, көзқарас пен пікір
ұстанымдылығы, эмоционалды тұрақты болу, психологиялық тұрғыдан кісіні
тани білу, қызметкерлердің бәріне тең қарау.
Курстық жұмыстың мақсаттары: Психологиялық ахуал түсінігі және
оқушылар мен педагогтар ұжымындағы психологиялық ахуал туралы мағлұмат алу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұжымдағы психологиялық ахуал туралы түсінік
алу. Алынған білімдерді тереңдету.
Курстық жұмыстың құрамы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Психологиялық ахуал түсінігі
1.1.Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Психологиялық ахуал — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін
психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады.
Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе
“психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы
адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі
түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс
стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы
не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін,
шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады. Қоғамның орнықты дамуы немесе
белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нётижесі ұжымдағылардың кәсіби
шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес,
көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-
уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да
қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны
іске асыруға бағытталған біріккен іс -әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекетте басқалармен тығыз
байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-
қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі,
өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі
қатынастар жүйесін туғызады.
Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған
жасөспірімдерге және жоғарғы сынып оқушыларына арналған дамыту ойындарын
басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі ойын түрлерімен
танысып, сол ойындарды қолдана отырып тәжірибе жүргізеді. Сабақ соңында
ойындарды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады,
белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады.
Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды
психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек –
ересек);
-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне
септігін тигізеді (ересек – бала);
-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу
ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге
кеңестер береді.
Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты
түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби
қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін
тигізеді.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының
өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген
және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау
жүргізеді.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты- мектеп
оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық
мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына
көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың
психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын
іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-
аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтаныр ұйымдастыру.
Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы
талаптарды орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық
ізденісіне байланысты. Басты талаптар:
• балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;
• бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және
үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен
бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;
• оқушылардың дамуындағы дағдарыс, өтпелі, қиын кезеңдерге
үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;
• үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық
жұмыстар жүргізу;
• оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-
қатынас бірлігін орнату;
• кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
• мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен
тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері,
оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық
кеңестер беру.
Психологтың қызметі:
- оқушы, мұғалім мен тәрбиеші (үлкендердің) өзара сөйлескенде сөйлеу
қарым-қатынасының бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды;

-оқушылардың психологиялық ахуалына, өзара қарым-қатынас жағдайында
зерттеу жүргізеді;
-баланың психикасының дамуы мен оның ерекшелігін анықтау мақсатында
балаларға психологиялық зерттеу жүргізеді;
Психикалық дамудағы кемшіліктерге жол бермеуі үшін (болдырмау үшін)
коррекциялау бағдарламасын жасайды.

1.2. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік
психологиялық ахуал
Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның
беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу,
моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.
Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі
етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама
тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым
мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын
педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтьиы, бірге демалу сияқты
түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды.
Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын
айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі, бірақ
бұндай ұжымдарда араласу, бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша
шекгеулі. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады,
олар барынша қунақы, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжым-
дарда жарқын, ешкімге үқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара
қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, климатпен
айқындалады. "Психологиялық ахуал", "әлеуметтік-психологиялық ахуал" немесе
"микроклимат" ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық
климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай
климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік
қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.
Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара
қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс
процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты
сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық
климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-
райымен, жьшы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара
талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко
ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді мажырлы екпінге баса мән
берген.
Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет
пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мьгаадай
негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның елеуметтк-
психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-
тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске
асырады. Ынталан-дырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына
қажетті ұжымның "эмоциалдық күш-қуатын" қалышастыруға байланысты.
Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға
жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.
Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым
мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты
көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда
көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік,
құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық
әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
✓ ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен
нәтижесіне қанағаттануы;
✓ ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы;
✓ ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
✓ ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға
қатысуының жоғары деңгейі;
✓ ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;
✓ сапалы тәртіп;
✓ еңбектің өнімділігі;
✓ кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін
педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым
мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық
қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш
табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда
ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның көсілтік
қызмстінің існдеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға
ауысуына апарып соғады.
Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін атқара жүріп мұғалім
өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе
беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан
берілген бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырады.
Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-
қатынасын қайта қараута негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы
қатынас өзара сынастық, принцииті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды
талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі
еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан
тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің
эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері
оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес
келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау,
мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің
сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог
қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа
ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен
қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды
климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар,
әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал
жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және
мінездерінің жігерлілік елгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген
педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық
қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-
жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы,
сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, одда табысқа жсту
қиын емес.
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына
ықпал жасайтын негізгі әдістері — кезін жеткізу, сендіру, жеке үлгі
көрсету. Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез-құқық
нормалары мен ережелерін нақты адамнын - көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне
сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың
қуатын, қисыымен дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес,
әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді. Сендіру процесінде бір адамның
екінші адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске
асады, сентірудің көмегімен педагогикалық ұжымда көңіл-күй қалыптасып,
идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-
психологиялық климаттың қалыптасуын жеке тұлғаның жасайтын ықпалының
тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болып табылады. Ол үлгі адамның ез еңбегіне,
әріптестеріне, ұжымдық пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де
нақты, ол әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен
өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік. Жағымды психологиялық климат
қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын катарына ұжымдағы
келіспеушілікті немесе "климаттык ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-
психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-
қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі
ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз
табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда
адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің
әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің саддары болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық
әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты
туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар
арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын
бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кесіптік-педагогикалық әрекетті
максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан
туындайтын кәсіптік келісігеушіліктер. Бұндай келіспе-шіліктер жұмыстағы
ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете
білмеуінен туындайды. Екінші топ - дедагог мінез-құлқының өзара қатынас
нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым
мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол
педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік
этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде
көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез
бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен
туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген
бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс
өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен
тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті
үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау;
келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алтын алу кезінде сол
адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы
қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы тиіс, сондықтан ол
ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап,
талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп,
келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан
дайындауы тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса,
онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп
директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда
ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама
уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды жектеу туралы шарт қойылуы
мүмкін. Кәсіптік келіспешшіліктер еңбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін
өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал,
тұлғалық сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою күрделі сииат алады.
Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін
мойындататындай шешім қабылдайды.
Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді.
Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал
етуші факторларды қарастырып көрейік. Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы
шешетін кәсіптік-педагогикалық міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің
тұтастығы, оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып
жетекшілері, ата-ана мен жұртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді.
Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз әрекетін
педагогикалық процестің басқа да қатысушылары - мұғалімдер, оқушылар,
мектеп әкімшілігімен келісе отырып жүргізеді. Мектептегі, сыныптағы істің
жағдайы туралы дер кезінде алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық
құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі. Психологиялық
зерттеулер А. И. Донцов, Р. Х. Шакуров ұжымның топтасуының қажетті шарты
мақсат бірлігі екендігін дәлелдейді. Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде
педагогикалық ұжым мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық, дербестік-
психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді тығыз іскерлік, тұлғааралық
қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік
деңгейіне, кәсіптік құндылық-тары сияқты белгілері бойынша біртектілік
екендігі даусыз. Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары деңгейімен
ерекшеленеді. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша
әртекті болып келеді: оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс
өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бұның барлығы
әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп
басшылары педаго-гикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғанда бұл
жағдайды ескеруі тиіс. өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына
ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның
тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық
педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды. Ұжымның ұйымдық
құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеттілігін, қаншалықты
қанағаттандыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай
факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз
еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның
дәстүрлерін айтуға болады. Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды
оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері
арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген.
Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала
береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық
ортақтығы, бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар,
бірлестіктер пайда бола бастайды. Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны
басқарудың сипатын айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы
біледі, бірақ бұндай ұжым-дарда араласу, бірін-бірі рухани байыту
мүмкіндігі барынша шектеулі. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі
құрылымы қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім,
бірақ осындай ұжым-дарда жарқын, ешкімге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы
мүмкіндігі де үлкен. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара
қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық климат-пен
айқындалады. ''Психологиялық климат'', ''әлеуметтік-психологиялық климат''
немесе ''микроклимат'' ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар.
Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат
адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және
кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы
психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы,
олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы
айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық
бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан
педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы
шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шілікті құрметтеумен өзара
талапшылдықпен, сергектік-пен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко
ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді мажырлы екпінге баса мән
берген. Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-
әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық
климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға
болады. Педагогикалық ұжымның әлеуметтк-психологиялық климатының
топтастырушылық қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге
ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылық
қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның ''эмоциалдық күш-
қуатын'' қалыптас-тыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметі ұжым ішілік
тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті
алғышарт жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда,
ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді. Психологияда қолайлы
әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында
зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде
тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар
қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша
жалпы сипаттамасына баса мән беріледі. Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне
қанағаттануы; ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; ұжымдағы
жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-
өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі; ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен
ұйымшыл-дығы; сапалы тәртіп; еңбектің өнімділігі; кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық
ұжымға баға беруде қолдануға болады. Әлеуметтік-психологиялық климат
қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал
жасайды. өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі
немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостық
немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау
көреді, бұл жағдай оның кәсіптік қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың
пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады. Кең көлемдегі
кәсіптік-педагогикалық міндеттерін атқара жүріп мұғалім өзін және еңбегін
жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар
тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілген бағаны
түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің
қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға
негіз болады. Сондықтан педагогикалық ұжым-дағы қатынас өзара сыйластық,
принципті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді. Әлеуметтік-
психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден -өзге
адамдар-дың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады.
Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің
эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері
оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес
келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау,
мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. өз әріптесінің
сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог
қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. өзара
әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан
тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын,
тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат
қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз,
тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және
мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген
педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық
қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-
жетекші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ахуалын диагностикалау»
Ахуал түсінігі. АХУАЛ -- өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым
Конструкторлық - технологиялық дағдылар
Педагогикалық ұжымдағы қарым – қатынастардың әлеуметтік психологиясы
Тұлға және қарым - қатынас
Жасөспірімдерге мінездеме
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
Шиеленістің қатысушылары
Ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және ПМПК қорытындысымен оқушының мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
Пәндер