Уларды клинкикалық балау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

«Жұқпалы емес аурулар және

морфология» кафедрасы

«Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау»пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Уларды клинкикалық балау»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Уларды клиникалық балау . . . 10

2. 2. Азық құрамындағы токсикалық металдармен улану . . . 14

2. 3. Мал патологиясы, малдардың фосфоорганикалық

қосылыстарымен улану . . . 20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Патологиялық анатомия немесе патоморфология тірі организм ауру болған кезде және одан тәуір болып келе жатқан кездегі орган және тоқымалардың нормаль болуында жүзеге келетін өзгерістерді үйрететін пән. Көзбен көруге болатын өзгерістер микроскоп істетуді талап ететін микроорганизм гистологик өзгерістер (патологик, гистологик) тексереді. Патологиялық анатомия тек көрсетіп көретін пән емес. Ол клиника мен бауланған тәрізде дамиды. Өлікті жаруды алынған нәти желерден эксперимент және физиология информациялары да пайдаланылады. Аурудың даму механизмін, яғни патогенезін үйренеді. Бұл - ауруларды анықтау, олардың емін және алдын алуын, яғни профилактикасы үшін ғылым мәселелерін негізденген жұмыста істеп шығаруда өте үлкен роль атқарады. Аурулар және организм функцияларының ауру уақытында көрінетін өзгерістері ауру жануар клиникада көзден кешіргенде және патологиялық физиологияда да тексеріледі. Патологиялық анатомия әртүрлі ауруда организмнің көптеген системаларға байланысты болған және түрлі ауруларда қайталанып тұратын түрлі-түсті өзгерістердің бірге қосылуын көрсетеді. Аурулардың себептерін білу медицина үшін үлкен көзқарасқа ие. Инфекцион ауруларға қарсы күресте травматизмде және әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан улану жолдарының алдын алуды медицина көптеген қолға кіріткен ұтыстары мен үлкен дәрежеге жеткен. Әрқандай ауруды білу үшін оның этиологиясын білу керек. Ауру не себептен пайда болады деген сауалдарға жауап беру аздық қылады. Ол үшін аурудың қалай өршуін анықтау, яғни оның патогенезін үйрену керек т. б.

Уланған малдарда гистолимфоцитарлық инфильтрация, деструктивті-дистрофиялық некробиотикалық және бауыр, бүйрек басқа ағзаға мен ұлпаларда некротикалық өзгерістер байқалады.

Улану диагнозын нақтылау үшін, сояр алдында малдың жағдайын анықтауға, етте улы немесе токсикалық заттардың қалдық мөлшерлерін және бактериалды себінді дәрежесін анықтауға негізделген.

Тығыз үлгілерді пергамент қағазға орап, этикетка жабыстырып, жалпы пакетка салып, шпагатпен байлап, пломба қояды. Асқазанды таза құрғақ шыны банкаларға салады.

Көп мөлшерде улануды тудырса, аз мөлшерде пайдалы болып саналады. Малдарды жапырақ сабақтарымен, өскіні бар және жасыл түйіндерімен азықтандырғанда және сапасыз картоппен тамақтанған адамдардың улану жағдайлары белгілі. Картоп жидектерін жеген балалардың улануы жиі кездеседі.

Улану клиникасы тез дамиды: іш ауырады, лоқсу, құсу, іш өту, дененің дірілдеуі, ауыр жағдайда- құрысулар пайда болады. Мұндай белгілер солонин концентрациясының 1 кг салмаққа 2, 8 мг болғанда пайда болады.

Ауруды балау індеттанулық деректерді /малдың жасы, жыл маусымы, өткен жылдары аурудың кездесу оқиғалары/ ескере, негізгі клиникалық белгілеріне /малдың қозуы, басы мен сирақтарын кеңістікте ұстауы, бұлшық еттің тартылуы, көру қабілетінің бұзылуы, тері сезімталдығының өзгеруі, бас сүйектерінің жұқаруы және саусақпен басқанда майысуы, осы тұстан қатаң перкуссиялық дыбыстың естілуі және т. б. / сүйене отыра офтальмоскопия тәсілімен көз түбіндегі патологиялық өзгерістерге /нерв бүршігінің ақ түсті болуы/ қарай қойылады. Аурудың сыртқы белгілері байқалмай тұрғанда ценурозды офтальмоскпия әдісімен де анықтауға болады. Аталмыш тәсілді офтальмоскоп құралының көмегімен күндізгі жарықта жүргізеді. Бұл ретте алдын ала көзге 2-3 тамшы 0, 5%-тік атропиннің ерітіндісін тамызады /көздің шарасы кеңеюі мақсатында/.

Курстық жұмыстың мақсаты - токсикалық элементтерді, пестицидтердің қалдық мөлшерлерін химико-токсикологиялық әдістермен анықтау жолдарын меңгеру және уларды клиникалық балау әдісімен танысу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Уланудың диагностикасымен танысу;
  2. Азық құрамындағы токсикалық металдармен улануын анықтау;
  3. Мал патологиясы, малдардың фосфоорганикалық қосылыстарымен улануын зертеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. Әдебиетке шолу

А. В. Жаров, И. В. Иванов, А. П. Стрельников (2003) мәліметтерінде карбоматты пестицидтерден уланған малдардың бауырында қанталау, порталды қантамырлар айналасында инфильтрация. Ағзаның жеке бөліктерінде деструктивті некроз, гистолимфоцитарлық инфильтрация және Купфер жасушаларында тітіркену байқалған. Бүйректері қанға толы, нефрондары кеңейген, Боумен капсуласы ұлғайған, лимфоцитарлық инфильтрация, мальпиги түйіндерінің атрезиясы. Көкбауыр қызыл пульпаға толы, мальпиги денешіктері кішірейген, миокардта өзгерістер анықталған. Патогистологиялық өзгерістер аз мөлшерде бұлшықет ұлпасында кездеседі. [1]

Жаров А. В. (2003) Дертил «О» - қойға, дертил «Б» - ірі қара малға қолданылатын препараттардың созылмалы фасциолездегі дозасы 0, 004г/кг болса, жіті ағымында 0, 008г/кг мөлшерінде малға ауыздан жеке береді. Сауын малға препаратты қолдануға тиым салынған. Дегельминтизациядан соң малды 6 күн қорадан шығармай ұстайды немесе арнайы бөлінген құрғақ өріске шығарады. Кейіннен осы жерде мал жаймайды. [2]

Ығылманұлы (1997) [3] байқауынша ауру малдың бұлшық еттері тартылады, 2-3 сағат бойы мал тұра алмай жатады, көңіл -күйі төмендеп бұлшық еттері салданады, демалысы, пульсі сирейді, қан қысымы төмендеп мал өледі.

Пичугин Л. М., (1980) [4] зерттеулерінде фосфорорганикалық гербицидтерді егістіктерде қолданылады, астық тұқымдастарын, көкіністерді, картопты, техникалық, майлық және бақша дақылдарын, көпжылдық дәнді дақылдарды, дәрілік және мәдени өсімдіктерді, жайылымдарды, ауыл шаруашылық мақсатта қолданылмайтын жерлерді (электр желілерін сақтау зоналары, газ және мұнай өткізгіш құбыр трассалары, темір жол мен көлік жолдары, аэродром және басқа да өндірістік территорияларды) ; шырын жемісті өсімдіктер /цитрусты/ және жеміс ағаштары участкілерін, жүзім ағаштарын, жай плантацияларын, шырғанақ /облепиха/, итмұрындық шоғырлардында бақшаларда және басқа да жерлерде біржылдық және көпжылдық арамшөптерді, шырмауықтарды және сарықалуенді, жатаған бидайықты, арамшыршаңықты, қамысты, қоғаларды және т. б. арамшөптердің түрлерін және бұталы өсімдіктердің жас өскіндерін (ақ қайын, т. б. ) және басқа да қажетсіз өсімдіктерді жою үшін.

Салимов (2003) [5] деректерінде табиғаты пептидті уларға улылығы жоғарылығымен ерекшеленетін қалпақты саңырауқұлақтардың циклопептидтері жатады. Шамамен қалпақты саңырауқұлақтардың 100-ге тарта түрлері тағамдық улануды тудырады, оның ішінде 12 түрінде летальды улары бар, мысалы бозарыңқы улы саңырауқұлағы Amanita phalloides және жалған жолақ Gyromitra esculenta. Amanita түрінің қалпақты саңырауқұлақтарының құрамында циклдік октапептидтер тобының өкілдері және фаллотоксиндер, циклдік гептапептидтер тобына жататын аматоксиндер бар.

Клейнбок Я. И. (1978) [6] зерттеулері бойынша листериозға бактериологиялық әдіспен және теңіз шошқасына көз сынамасын жасағанда іріңді конъюнктивиттің туындауы сілтейді. Сетариоздың маусымдық ерекшеліктері оның шілде-қазан айларында жаншылған қан тамшысында микросетарийлердің табылуымен және сойылған малдың құрсақ қуысында ересек сетарийлердің анықталынуымен расталады. Ағымы жіті ценуроздың белгілеріне ұқсастығы бар мониезиоздың нервтік үлгісі іш өтумен, нәжісте мониезий бунақтарының байқалуымен жіктеледі. Құтыру, Ауески ауруын ценуроздан бактериологиялық зерттеулер арқылы айырады.

Белов А. Д. (1976) [7] Жануарлар фосфор және фосфон қышқылдарының туындыларымен уланған кезде холинолитиктер мен холинэстераза реактиваторын бір рет қолдану 90-100% емдік тиімділігін қамтамасыз етеді. Егер ФОҚ улану тиоө және дитиофосфор қышқылынан болса, антидоттарды іө, рет енгізу қажет. Ең жоғары тиімділік тропацинді атропин сульфат пен дипироксимді араластырып қолданғанда болады Созылмалы улану жағдайында жануарларда тәбетінің төмендеуі, жалпы күйзелу, дене салмағының төмендеуі, миоз, сілекейдің бөлінуі, қимыл-қозғалысының баяулауы, созылмалы диарея, жиі зәр шығару, бұлшық етінің әлсіреуі байқалады. Жануарлардың өлуі азып-жүдеуінен, дене температурасының төмендеуі мен коматозды жағдайынан болады

Пальцев М. А., Аничков Н. М . (2001) [8] Эстроз /жалған айналма/ мұрын қуысынан серозды, іріңді немесе қан аралас сұйықтың ағуымен, оның танау маңында қатып, қабыршықтар түзуімен, сонымен бірге тыныс алуы қиындауы, түшкіру пысқыруы ескеріледі. Эстрозбен ересек қойлар да ауырады және олардың көру қабілеті бұзылмайды, айналма белгілері ретсіз кез келген бағытта болады. Ценурозды бегелек тударған аурудан көз түбінің өзгерістерін офтальмоскопиялық зерттеу арқылы да ажыратуға болады. Эстрозда көз түбінде еш өзгерістер байқалмайды.

Жаров . В . (2003) [9] Арамжапырақты, қиярды, қызанақты, баклажанды, пиязды, тарнаны, шалқанды, шалғанды, селдерейді, сәбізді, қышаны және рапсты қорғайды ақкөбелектен, түн көбелектен, бүлгеден, арамжапырақ битінен, күйе көбелектен және шыбыннан, бітелерден, кенелерден, ақторғайдан, өсімтал шыбын, алқа және сәбіз шыбыннан, жапырақ бүргесінен, қандаладан, жапырақ жегілерінен, шіркейлерден, егеушыбынынан, күріш гүлжегішінен, қырыққабат бүргесінен, және колорад қоңызынан, ол үшін актеллик, базудин, золон, фосбецид, карбофос қолданылады.

Саркисов Д. С . (1997) [10] зерттеулерінде азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шараларын қарастырған. (1994) Азыққа удың түсу жолдары. Пестицидтер - өте кең таралған қуатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі.

Малдың улануының алдын алу шаралары. Малды улы химикаттар бар жерге жібермеу. Егіс басына ікелген минералды және органикалық улы заттарды бір орынға үйіп қоймау керек, себебі мұндай жағдай малды уландыруы мүмкін.

Жаров А. В (2003) [11] Қара күйе саңырауқұлақтары жасыл өсімдіктердің гүл шоғырларында және жекелеген гүлдерінде дамиды. Бұл саңырауқұлақтар алғашында - ақ, кейінен қара түсіт үлкен немесе кіші түйіршіктер түзіп, дән орнын толтырады. Түйіршік ішінде саңырауқұлақ споралары ұнтақ тәрізді қара масса түрінде болады. Қара -күйемен зақымданған азықпен азықтандырылған шошқаның және ірі қараның уланғаны тіркелген. Күйе (кастауыш) бидайды, кейде басқа да астық тұқымдастарды, әсіресе жаңбырлы жазда зақымдайды. Күйе қалдықтары бидайда және оның қалдықтарында кебегінде және ұнында кездесуі мүмкін. Күйе ауылшаруашылық малдары мен құстарының барлық түрінде, сондай -ақ адамда эрготизм деп аталатын ауыр улану тудыруы мүмкін. Улану әдетте қастауышпен зақымданған бидай қалдығымен және ұнымен азықтандырылған байқалады.

Данилевский В. М . (1995) [12] Организмге ас тұзы азықпен бірге шамадан тыс көп берілген кезде (тұздалған қиярдан, қырыққабатта, ет тұздықтары аралас асхана қалдықтарын қалай болса солай бергенде) малдар жиі ас тұзымен уланады, көбінесе шошқалар. Құрама жемдегі тұздың мөлшері 1, 5 пайыздан артық болса да малдың улануы байқалады. Ас тұзы көбінесе ашы ішекке сініп кетеді. Оның уландыра алатын мөлшері организмдегі бір валентті және 2 валентті катиондардың тепе - теңдігін бұзады, ұлпалардың осмос қысымын өзгертеді (тканьдер құрғай бастайды), клеткалардың тыныс алу процессі бұзылады, ұлпаларға оттегінің жетіспеушілігі туады.

Щербаков А. В., Коробов А. В., ( 2005) [13] Азықта нитраттар мен нитриттер, рұқсат етілетін, шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы және судағы құрамы рұқсат етілетін коэфициенттен асып кетпесе малға басқа, сапалы жем -шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық көлемін есептеген кезде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың тәуліктік мөлшері (г) дене массасының 1 кг : ірі қара мал үшін -0, 2; жылқы мен қой үшін -0, 4; үй қояны мен тауық үшін -1, 0

Молдагулов М. А. (2009) [14] Цианогендік өсімдіктер мен малдың улануының алдын алу мақсатымен судан шөбі, сорго және т. б. өсімдіктер өсетін жайылым отын ерте пайдаланбау, қуаншылық уақытта немесе суық түскен соң оларға мал жаймау қажет. Өте құрғақ жазда мұндай жайылымның шөбін пішен үшін ғана пайдаланған жөн. Өйткені, кептіргенде цианогенді өсімдіктер улық қасиетін жоғалтады. Сонымен бірге судан шөбінен, соргодан және т. б. цианогенді шөптердің пішені дайындалған соң 2 айсыз пайдалануға келмейді. Соргоның көрпекөгін малға пішен немесе сүрлем күйінде берген дұрыс.

Мозгов И. Е . (1979) [15] Улы немесе зиянды саңырауқұлақтар мал мен құста микотоксикалық аурулар тудырады. Олар әсер ету механизміне байланысты микоз және микотоксикоз болып бөлінеді. Микотоксикоз тудыратын улы саңырауқұлақтар мал органы мен ұлпаларында тоғышарлық ете алмайды. Микоз тудыратын саңырауқұлақтар мен органы мен ұлпаларында тоғышарлық етіп, жалпы улану туғызуы мүмкін. Микотоксикоздар- малдың улы саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде пайда болатын уланулар. Микотоксикоз тудыратын саңырауқұлақтар екі топқа бөлінеді: тоғышар -саңырауқұлақтар, олар тірі өсімдіктерді вегетация кезеңінде зақымдайды және саппрофит саңырауқұлақтар, олар өлі өсімдік пен азықтарда дамиды.

Соколов В. Д . (2000) [16] малдың улануы үлкен жақтан: жемнен улану, химялық дәрілерден улану, уытты, заһарлы жәндіктерден улану, улы өсімдіктерден улану деген сяқты түрге бөлінеді. Кейде малға шіріген бидай, көгерген жүгері, кәртөпя, т. б сапасы бұзылған жемдерді және дәнді дақылдарды талғамай беру сяқты өлшемсіз, негізсіз, ғылмилыққа жат бағымшылықтан мал уланады. кеиде малды тұзға ашылату барысында тұзды көп жегізуден де мал уланып қалатын жағдай болады.

Айтжанов Б. Д (2006) [17] деректері бойынша уланудың белгілері нерв жүйесінде: рефлекіс жойылады, құрысады, көзі алақтайды, серектеиді, аласұрады, ұйқы меңдетеді, әрекеті қалыпсызданады, аяқтары, бүкіл денесі салданады, жансызданады. Ас қорыту жүйесінде: шөп шайнары төмендеп, тәбеті азаяды немесе жәйілудән қалады. күйіс қайтара алмай, сілекеиі шұбырады, құсады, тісін қайрайды. ауыз қуысы қабынады, көмекеи - жұтқыншақтары салданады. алдыңғы қарны созылып, іші ауырады, іші кебеді, іші қатады, тышқақтайды. Тыныс алу жүйесінде: тынысы тарылады, демігеді, тынысы әредік үзіледі, тіпті, тоқтайды. Қан айналыс жүйесінде: жүрек соғуы баяулайды немесе ерекше тездеиді. тамыры әлсіз соғады, жүректің соғу ритымы бұзылады, жүрек әлсіреиді не тынысы тараяды. Зәр шығару жүйесінде: несебі көбеиеді не азаяды, яғни тоқтайды, несебінде белөк немесе қан аралас болады. Мұнан сырт, дене темперәтурәсі төмендеиді. қосалқы індетке шалдыққан болса, дене темперәтурәсі көтеріледі. сүті азаяды, ішті мал іш тастайды.

Субботин В. М., Субботина С. Г . (2000) [18] ғалымдарының зерттеуі бойынша азықтың зоогигиеналық маңызында малды азықтандыру - олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денег жаңа ұлпалардың тқалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.

Жуленко В. М (2001) [19] деректерінде малдың нитраттармен улануының алдын алу үшін минералды азоттық тыңайтқыштардың май жейтін, азыққа су көздеріне түспейтіндей жағдайда сақтап, мал және жем - шөп таситын көлік құралдарын нитратпен ластамау керек. Органикалық және азоттық минералды тыңайтқыштарды (азот бойынша) енгізу, жем -шөптік дақылдарын әр гектарына топырақтағы азоттың табиғи қорын ескере отырып, 150 кг -нан асырмау керек.

Корабаев Е. М., Заманбеков Н. А . (2009) [20] пікірі бойынша жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минералды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек. Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі - мочевина т. б. ) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады. Шөп қоректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағүрлым көп уланады.

Белов А. Д., Беляков И. М., Лукьяновский В. А . (1983) [21] айтуы бойынща улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады

Волков Г. К. (1980) [22] пікірлері бойынша әсер ету уақыты қатты күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т. б. ) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосы-лыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (ОН, NН2, СН3., т. б. ) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метилрадикалы (СН3) енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т. б. ) түсу ерекшеліктеріне де байланысты.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Уларды клиникалық балау

Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар.

Олардың негізгілері болып мыналар табылады: аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлар мен құстардың жіті өлімі.

• аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі) -

• бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы)

• контагиоздың болмауы (жұғымталдығы) .

• жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің бі-лінуі.

Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек клиникалық белгілеріне қарап, балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді.

Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет - шаруашылықта жұ-қпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға «уланған» деп балау қойсақ, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды «жұқпалы аурумен ауырған» деген шешімге келсек не-месе балауда кеткен басқа да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі.

Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде, жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура эдетте жоғары болады.

Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт беруі мүмкін:

1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу - тимпания) .

2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма, қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия), т. б.

Кептеген уланулар орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен ерекшелінеді. Мырыш, нитрит-нитраттармен және фенол қосындыларымен уланғанда жануарларда қозу, кейде қысылу және күйзелуі секілді жүйкелік өзгерістер байқалады. Құрамында миметикалық заттары бар фосфорорганикалық заттармен уланғанда парасимпатикалық жүйке жүйесі зақымданып, көз қарашығының тарылуы, саливация (сілекей ағу), тыныс алудың және жүрек ритмінің бәсеңдеуі секілді белгілер байқалады.

Құрамында парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға жататын атропин алколоиды бар өсімдіктерден немесе препараттардан уланғанда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, көз қарашығының кеңейюі және тамыр соғуының жиілеуі байқалады. Сонымен қатар, цианогенді гликозидтерден, нитрат-нитриттерден уланғанда, тыныс алу жүйесі зақымданып, тыныс алудың жиілеуі және қиындауы, тиомочевинадан уланғанда -өкпе ісініп, малдың тұншығуы, зооцидтерден уланған малдарда жүрекқан тамыр жүйесі зақымданып, нүктелі қан толулар секілді белгілерді байқауға бодады.

Улануға балау қоюда несеп бөлінудің бұзылуы және несеп құрылысы мен қасиеті өзгерісінің айтарлықтай маңызы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улануды клиникалық балау туралы
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Қабынудың этологиясы
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Дәрілік заттар түрлері
Удың ағзаға ену жолдары
Улы заттардың жіктелуі
Улану түрлері
Жануарлардың жылан уынан улануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz