Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Жұқпалы емес аурулар және морфология
кафедрасы
Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдаупәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
Орындаған: ВС - 31 топ студенті
Тулегенов . А. Қ.
Тексерген: в.ғ.к., доцент м.а.
Султанов. М.Г.
Орал, 2013
Мазмұны
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .6
III.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .8 ... ..
3.1. Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
3.2.
3.3.
3.4.
IV
V
Кіріспе
Халқымыздың өскелең талабына барынша қамтамасыз ету үшін, көптеген
шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шаралар қатарына өсімдіктер мен
жануарларды иәртүрлі зыянкестерден қорғау және олардың өнімділігі мен
өсімталдығын арттыру жатады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының үлкен
жетістіктерге жетуі түрлі тыңайтқыштарды, химиялық заттарды тиімді түрде
қолдануына тікелей байланысты. Химиялық заттарды жүйелі түрде дұрыс
қолдана білмесе, олар өсімдіктер мен жануарға және жалпы сыртқы ортаға
уытты әсер етіп, айтарлықтай зиянды әсерін тигізеді.
Себебі, химиялық пестицидтер өсімдіктер организмінде жинақталып,
жануарлар ағзасына төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:
топырақ – өсімдік – жануарлар – жануарлар өнімі – адам.
Химиялық заттардың мұндай уытты әсерін зерттеуде токсикология
ғылымының маңызы өте зор.
Токсикология – улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т.б.) тигізетін әсерін зерттейтін ілім; бұл ілім улы заттардың
табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан – жануарлардың улы заттарға
деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері
мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі
клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар
уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік
тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне
дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып
келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында
адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол
замандаулар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің
дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың
қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген
салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми
мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін Улар деген
атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде
кейбір ғалымдар у деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп
тұжырымдайды.
Бұл ретте ұлы ғұлама ғалымдардың у туралы, улы заттардың табиғаты
жайында, айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: Өз табиғатында әсері
өлімге соқтыратын заттардың барлығы да улар (Әбу Әли Ибн Сина); Улар -
тіршіліктің құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік құралдар (И. Павлов);
Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін бұзатын, яғни
уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді тоқтататын заттар
(С.В. Аничиков); (У дегеніміз ағзадағы биохимиялық құбылыстардың қалыпты
жағдайда өтуін бүзатын, сол арқылы физиологиялық қызметті әртүрлі дәрежеде
тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты бөлек химиялық қосылыстар
(С. Н. Голиков);
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В.
Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық
анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: У дегеніміз - тірі
ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық
құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.
Мысалы, ас түзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы,
ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері
нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану-
салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей
қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға
бөтен заттардың (ксенобиотик, хenos-бетен) әсерінен болады.
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор.
Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық
қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы
заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология
және токсикология мамандары қазіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай
жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету
айырмашылықтарына қарай топтастыру кебінесе, шартты мағынада ғана жүзеге
асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі,
химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы
мүмкін.
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2 топқа
бөлінеді:
1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық қүбылыстар кезінде
ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).
2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар.
Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал
тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес
уытты заттар.
Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл түздарын жатқызамыз.
Органикалық уытты заттарға: пестицидтер, органикалық қышқылдар т.б.
жатады.
Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер, сапониндер,
эфир майларын жатқызуға болады.
Жануар тектес уытты заттарға: жылан, балық, өрмекші және әртүрлі
буынаяқтылар уы, бактерия, вирус жэне басқада микроорганизмдердің
токсиндері жатады.
Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар,
сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан
басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше
улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады.
Сондай-ақ, уытты заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық
емес, табиғи және жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды
тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам
шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық
қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап етеді.
Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа
бөлінеді:
- органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды
пиретройдтар, нитрофенолдар, тио- және дитио-карбамин,триазин туындылары);
- бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың
құрамдас қосындылары);
- бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір
сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер,
антибиотиктер).
Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойына сіңіру
арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фумиганттар (тыныс алу
жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер
ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты:
1. таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге қарсы.
2. орташа таңдамалы - Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы
қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен.
3. әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретроидтар (кенелермен
басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық
қосылыстар.
4. әсер ету аясы өте кең препараттар (Нитрафен)-(зиянкестерді,
кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқүлақтарды жою үшін) болып
бөлінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың міндеттері:
Әдебиетке шолу
Баженов С.В. айтуы бойынша улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен,
оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір
мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын
білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы немесе
өлімге душар болуы мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар
қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер
арқылы анықталынады [1].
Медведя Л.И пікірі бойынша қазіргі кезде токсикологияда уытты
заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың
токсиметриялық өлшем бірліктері) -LIМ ас, ЛМо (ЛDO), ЛМ50 (LD50) және ЛМ[00
(LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы
заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг
мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг кг). Егер заттың улылығы 1-2
мгкг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері ЮООмгкг
(Ігркг) болса, улылығы аз чат болып есептелінеді [2]
Гладков А.Д айтуы бойынша кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның
физикалық күй-жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да
тән қасиет. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты,
сұйық ,газ) әсер ете береді [3].
Дмитриев С.,Джуров А., Антонов С осы ғалымдардың пікірі бойынша улы
заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет
атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғүрлым жылдам болған сайын, оның
сіңгіштігі де соғүрлым жоғары болады да,әсер етуі тез арада пайда болады.
Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни,
олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдеріпің де
көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза
сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ещбір
токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының
токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (НgС12)- ерігіштігі өте
жоғары улы зат, ал каломель болса (НgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде
қолданылатын зат [4].
Жуленко В.Н.,Смирнова Л.А. пікірлері бойынша әсер ету уақыты қатты
күйдегі улар сұйық уларға қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ
дисперсті (аэрозоль) күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың
улылығына - оның химиялық құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың
бейорганикалық қосылыстары (мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы
заттар болса, оның органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның
тұздары т.б.) улылығы өте төмен заттар. Зат улылығы оның негізгі қосы-
лыстарының құрылымына әртүрлі спецификалық топтар және радикалдар (ОН,
NН2,СН3.,т.б.) енуіне де байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы
радикалдарға байланысты зат уыттылығы төмендейді немесе керісінше
жоғарылайды.Мысалы: бензол молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол
фенолға, ал амин тобы енгізілсе (NH2) - анилинге, метилрадикалы (СН3)
енгізілсе - толуолға айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі
болып қана қоймай, олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап
реакциясыда әр алуан болып келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық
реакцияларға (тотығу, тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.)түсу
ерекшеліктеріне де байланысты [5].
Жуленко В.Н., Рабинович М.И., Таланов Г.А.пікірлері бойынша барлық шөп
қоректі жануарларлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес.
Мысалы: ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарында малдар үшін, у
сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда В витаминінің
жетіспеушілігі басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды.
Себебі, олардың мес қарынында В витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер
көрсете алмайды [6].
Кузнецов А. Ф. пікірі бойынша улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей
қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз коньюктивасы, жыныс
мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал
дәрігерлік токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері
арқылы да енуі мүмкін [7].
Мозгов И.Е. айтуы бойынща улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді.
Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа
түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға
таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері
пайда болады [8].
Радневич Л.Е. пікірінше уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің
(бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық
ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика
және басқа да мекемелерге жақын орналасса [9].
Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық
зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да
химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға
байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін,
деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет
етеді.
Загароднов. М. В.пікірі бойынша жануарлар минералдық ашығу кезінде
улы химикаттарға жататын минералды тыңайтқыштармен азықтанып қойса,
уланатынын ескеру керек.
Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі
- мочевина т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да
малдардың улануына әкеліп соқтырады.
Шөп қоректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем
айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен
қоректенгенде анағүрлым көп уланады.
Негізгі бөлім

Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын
болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары
әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебі анықтағанда,
төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.
Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен)
жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен
ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге
жақын орналасса.

Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минералды
тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.

Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер
отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі
жағдай.
Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне)
сипаттама:
LIМас - (Лима атты автордың атымен байланысты)- малдарға ішке бергенде
және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық
өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты
заттардың 1 мәрте еккендегі (мгкг) ең төменгі мөлшері.
ЛМо- 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы
заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал
ағзасында айтарлықтай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге
ұшырамайды.
ЛМ50 көрсеткіші - улы заттың мгкг есебінде алынған, тәжірбиеге
алынған жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта
ішінде (50) өлімге душар ететін орташа мөлшері.
ЛМ100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған
жануарлардың барлығын (100) өлімге душар ететін уытты зат мөлшері.
ЛК50 (СL50) және ЛК100 (СL100)- бұл 20қ С температурада 2 сағат ішінде
жануарларды 50% жэне 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мгм ауадағы
концентрациясы.
ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы
заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.
ШАҚД - улы заттардың 1мгм ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.
3.2. Удың жануарлар ағзасына әсері
Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның
негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету
механизмін қарастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы
заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын
қарастырады.
Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі
- контактілі (жанасу), екіншісі- ағза мен удың тәндік әрекеттесуші
қасиеттері.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы кептеген факторларға
байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы жэне оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен
жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге
әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей
болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі эсер етеді. Мысалы: ірі қара мал
ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал
жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақ гүл гликозидтеріне өте сезімтал
келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға
фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы
бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал,
бір белімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген
соң, малда В витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп
бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында В
витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.
Ағзаның жағдайы
Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғүрлым мал жас болса,
соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды
залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті әдетте
жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы олардың
жынысына да бай ланысты болады. Кейбіру түріне ұрғашы малдар еркек малдарға
қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы
заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер
бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне
байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып
табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл
қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың әсеріне
сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті
төмендейді.
Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер түрінде
байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және
летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде
удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауыда мүмкін. Бірақ, ол
залалсыздандырудың негізгі мүшесі - бауырға айтарлықтай зиянды әсерін
тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларға қарсы
тұру қабілеті төмендейді.
Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде,бірақ ұзақ уақыт енуі, олардың ағзада
жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және
гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Удың ағзаға ену жолдары
Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса
маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз
арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын
сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы
заттардың физикалық-химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді.
Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық
есебінен уыттылығын жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды,
бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол
өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей
қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанға, қан
арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз
деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар
(көміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң
түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті
тітіркенген өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе
арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла
алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей
қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік
токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы да
енуі мүмкін.
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде
улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер
еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген
мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілері пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас
қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz