Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
«Жұқпалы емес аурулар және
морфология» кафедрасы
«Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау»пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Улардың пайда болуы және улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы . . . 9
2. 2. Химико - токсикологиялық талдаудың мазмұны мен міндеттері . . . 15
2. 3. Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары . . . 16
2. 4. Құрамында саңырауқұлақ токсині бар азықты жеу нәтижесінде
малдың улануы . . . 18
2. 5. Малдың улану себептері мен белгілері . . . 21
2. 6. Удың ағзаға енуі, және оның талғамалы әсері, ағзаның жағдайы . . . 22
2. 7. Ағзадан удың бөлініп шығуы . . . 24
III. Қорытынды бөлім . . . 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ветеринарлық токсикологияның мақсаты дауалау әдістерін, алдын алу және емдеу шараларын жетілдіру, мал азығының, жануар текті өнімдердің құрамынан улы қоспаларды белгілеп, оларға ветеринарлықө санитарлық бағалау жүргізу.
Ғылым саласы ретінде токсикология химиялық уландырғыш заттардың организмнің тірі субстанциясы мен құрылыстық және функционалдық дәрежедегі қарым - қатынасын зерттейді.
Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында химиялық заттардың кең пайдалануына орай, сыртқы қоршау жағдайын жақсартуға байланысты және азық тағамдарының экологиялық тазалығын жабдықтау шараларына байланысты ветеринарлық токсикологияның қызметтері кеңейді. Улы қоспалардың түрлеріне байланысты токсикологияның бірнеше тарауларын жіктеуге болады: азық токсикоздары, фитотоксикоздары, микотоксикоздары, минералдық токсикоздар, зоотоксинология, химиялық және әскери қару жарық заттардың токсикоздары, полихлорирденген және пластикалық материалдармен улану және т. б.
Ветеринарлық токсикология басқа да пәндермен тығыз байланысқан фармакологиямен, биохимиямен, клиникалық диагностикамен, ветеринарлық санитарлық сараптау пәнімен, патологиялық анатомия және терапиямен. Қазіргі күнде ветеринарлық токсикология аналитикалық химия әдістерімен де кең пайдаланылып отыр, себебі бұл әдістер көмегімен улану жағдайына диагноз қойылады, удың организмдегі козғалысы байқалады, жануар текті өнімдердің сапасы белгіленеді. Осы әдістердің ішінде бүгін токсикологияда ең жиі қолданылатыны физикалықхимиялық әдісі, жұқа қабатты және газ сұйықтық хроматография, ультракүлгін және атом адсорбциялық спектрометрия, ионды селективтік потенциометрия әдістері.
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С. В. Баженовтың пайымдауынша, удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: «У» дегеніміз - тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат. Мысалы, ас түзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Ветеринарлық токсикологияның терең тарихы ежелден басталады. Токсикологияның дамуына елеулі үлестерін қосқан белгілі ежелгі ғалымдар мен зерттеушілер қатарына Гиппократ, Диоскорид, Плиний, Авиценна, Гален, Клод Бернар т. б. жатқызуға болады. Дербес пәнретінде ветеринарлық токсикология Ш. Корневен деген француз ғалымының жұмыстары жарыққа шыққаннан кейін бөліне бастады.
Ресейде ветеринарлық токсикологияның дамуына көп үлесін қосқан Ф. Т. Попов деген профессор болды. Ол Харьковтағы ветеринарлық институтының құрамында алғашқы ветеринарлық токсикология кафедрасын ашты және токсикологиялық мұражайын құрды. Н. А. Сошественский ветеринарлық токсикологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуының негізін салған ғалым. Ол бірінші әлем соғысы кезінде пайдаланған әскери уландырғыш заттардың /фосген, иприт/ жануар организміне ықпалын зерттеп, анықтамалық кітап шығарды. Жануарлардың улы өсімдіктермен улануын анықтауға көптеген жұмыстарын арнаған профессор И. А. Гусынин.
Токсикология (грекше toxіkon - у және logos - ілім) - медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық-токсикологиялық талдау жасау үшін, тиісті зертханаларға жіберіледі. Тексеруге жіберілетін заттар әр түрлі болуы мүмкін: сұйық және қатты заттар, су, несеп, ішек-қарындағы азық қалдықтары, құсық бөліктері, әртүрлі мүше кесінділері (бауыр, бүйрек, өкпе және жүрек), улы химикат үлгілері (қабырға және еден қырындылары, астаудағы азық) болуы мүмкін.
Токсикологиялық зерттеуді облыстық және республикалық мал дәрігерлік зертханалардың химиялық-токсикологиялық бөлімдерінде, сонымен қатар, соттық медицина, соттық-сараптау иституттары зертханаларында жүргізуге болады, Бұл ұйымдар тексеруге жіберілген заттарды арнаулы құжаттар арқылы қабылдайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: улардың ағзаға енуі және ағзадан бөлініп шығуы туралы мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Улардың пайда болуы және улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы туралы;
- Химико - токсикологиялық талдаудың мазмұны мен міндеттері;
- Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары;
- Құрамында саңырауқұлақ токсині бар азықты жеу нәтижесінде малдың улануы;
- Малдың улану себептері мен белгілері;
- Удың ағзаға енуі, және оның талғамалы әсері, ағзаның жағдайы;
- Ағзадан удың бөлініп шығуы туралы толық түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
Есенгалиев Қ. Ғ., Нысамбаев (1996) зерттеулерінде улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасында кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен -ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т. б. ) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болады.
Азот сіңіруші азықтық өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қауңшылық кезеңде, құрғақ учаскелерде, күннің көзі (инсоляция) аз уақытта, температура төмендегенде, топырақта молибден, (кобальт), күкірт пен қалай жетіспегенде, топырақтың қышқылдығы мен тұздылығы артқанда, органикалық тыңайтқыштарды (садыра, құс саңғыры) көп пайдаланғанда ратады. Мұндай жағдайларда азоттық алмасу ферменттерінің - нитритредуктаза мен нитритредуктазалардың белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарының амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде (сабанда) белок емес азот жиналады, топырақ пен өсімдіктерде анық білінетін гонадотоксиндік, эмбрионтоксиндік, тератогендік және канцерогендік әсері бар аса улы нитрозаминдер пайда болады. [1]
Мырзабеков Ж . 2004 Азықтық өсімдіктердің құрамындағы нитраттар мен нитриттер 0, 2 пайыздан асып кетсе өте улы азоттың тотықтарын жинамас үшін щұңқырларды 2-3 күн бойы жаппай, құрамында көмірсутегі бар өсімдіктерден 40 пайыз қоса отырып, көк массаны сүрлеп тастау қажет. [2]
Наурызбаев И. Б . 1991 зерттеулерінде азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шараларын қарастырған. (1994) Азыққа удың түсу жолдары. Пестицидтер - өте кең таралған қуатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі. Малдың улануының алдын алу шаралары. Малды улы химикаттар бар жерге жібермеу. Егіс басына ікелген минералды және органикалық улы заттарды бір орынға үйіп қоймау керек, себебі мұндай жағдай малды уландыруы мүмкін. [3]
Новиков 2002 деректерінде улы химикаттарды дайындайтын орын (әуе өңдеу) міндетті түрде бөлек, оңаша орналасуы дұрыс және ондай орындарға су арқылы, топырақ арқылы улы химикаттар түспеуін қарастырған жөн. Жер бөліктеріне улы химикаттарды шашқанда және оларды қолданғанда, жақын орналасқан жайылымды және мал жақындайтын жолды қорғау бағытында сол екі орталық шекарада тақтайға жазылған ескертпе белгісі болуы тиіс. Инсектофунгицидтерді және басқа да улы химикаттарды қолданған кезде барлық уақытта мал дәрігеріне және де басқа мал шаруашылығындағы мамандарына ескертіп, оларға нұсқау (инструкция) берілген жөн. Пестицидтерді дайындау және пайдалану кезіндегі қолданған барлық құрал - жабдықтарды бөлек сақтап, жабық бөлмеге құлыптап қойылуы тиіс. [4]
Аликаев В. А . (1997) Құрама жемде сапрофиттер, зардапты бактерияның аэробты және анаэробты түрлері кездесуі мүмкін. Сондықтан құрама жем мал арасында әртүрлі аурулардың, әсіресе паратифозды топтағы аурулардың таралуына едәуір ықпалын тигізеді. «Мал және мал шаруашылығына мал қорасының гигиенасы» еңбегінде азық цехына, азық дайындау құрал -жабдықтарына қойылатын санитариялық -гигиеналық талаптары бойынша мал азығына арналып дайындалған жем -шөпті азықтандыруға яғни малға жегізуге алдын - ала дайындап, желінуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады. [5]
Соловьев Ф. А. (2003) деректерінде азық сапасын төмендететін және кейбір кезде токсикалық қасиеттер артып азықты қолдануға мүмкіндік бермейтін минералды улы заттарға жататындар: фтор, мышьяк, қорғасын, мыс, барий, минералды тыңайтқыштар, миенралды қышқылдар, негіздер және цианидтер. Аталған заттармен малдың улануының ең басты себептері осы улы химикаттарды тасымалдағанда, сақтағанда және пайдаланғанда оларды қолдану нұсқаасын дұрыс сақтамағаннна болуы мүмкін. [6]
Хромцов В. В., Табаков Г. П. (1998) деректерінде мал организмінде фтор негізінен сүйек ұлпалары мен тісте жинақталып тарайды. Рационда фтори жетіспесе малдың тәбеті қашады, қаңқа сүйектері мен тісінің формасы бұзылады. Дегенмен, мал шаруашылығына оның жетіспеуі емес артықтығы зиян келтіреді. Малдың фтормен улануы оларға фторы көп фосфат және фторлы шаң түскен жеммен азықтандырып, сумен суарғанда байқалған. Мал рационында никель жетіспесе темір, көмірсутегі алмасуы бұзылады. КЕйбір ферменттердің (мысалы уреазаның мбелсенділігі) түрі мен қызметінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Қой рационына никельо қосса, азық тұтынуы артады және дене салмағының өсуі жақсарады. [7]
Соколов Г . (1982) айтуы бойынша азық пен суда йод жетіспесе мал алқымның энзотиялық ауруына шалдығады: қалқанша безі ұлғайып, зат алмасуы төмендейді, тері клетчаткасы ісініп, мал өнімділігі кемиді, қысыр қалу пайыызы арнтып, кейде төл өлі немесе тіршілікке бейімділігі нашар, үстінде жүні жоқ қызылшақа төл туады. Егер жайылым отында молибден құрамы тым көп ( құрғақ заттың 1 кг 25-100мг) болса малдың өзіне тән «көзден жас ағу»деп аталатын ауруына әкеп соқтырады:1 кг құрғақ затта 6 мг-нан 36 мг-ға дейін молибдені бар жоңышқа пішенін жеген бұзау уланып өлген жағжайлар тіркелген. [8]
Лебедов (1990) Өңделген жем -шөпті малға берердің алдында пестицитердің рұқсат етілетін қалдығының нормасын ескеру керек. Ауыл шаруашылығында улы химикаттарды қолданған кезде, оның су қоймаларына, осы улы заттардың түсіп кетпеу шараларын қатал қадағалау қажет. Лебедов «Мал өсіру гигиенасы» кітабындағы еңбегінде әртүрлі бактериямен зақымданған азық гигиенасы туралы пікірі (1990) өсімдікте әрқашан әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар, дрождар, актиномицеттер өмір сүреді. Ал жаңадан орып жиналған және сапалы дәнді дщақылдар құрамында, көбінесе кокк таяқша формалы бактериялар болады. Спора құрайтын бактериялар ішінде көбінесе, Pseudomanas herbicola түрдегі өкілдер жиі кездеседі. Жаңадан орылып жиналған және сапалы азық құрамында аталмыш бактериялар, басқа бактерияның барлық түріне қарағанда 92-95 пайыз құрайды. Бұл бктериялар дәнді бұзбайды және оның сапасын төмендетпейді. Дәнді дақылды қамбада сақтағанда оның құрамындағы Pseudomanas herbicola бактериясын саңырауқұлақтар мен кокки бактериясы ығыстырып шығарып тастап отырады. [9]
Храбуставский И. Ф., Домбук М. К . (1984) зерттеулеріндегі ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасында (микотоксикоздар) (1990) 200-ден аса улы метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 ден аса түрі белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму кезінде азық сапасын және оның азықтық құндылығын төмендетеді. [10]
Ходанович Б. В. (1990) зерттеулері бойынша зең саңырауқұлақтары жас жасыл өсімдіктерде дамиды және олардың сабақтарында, жапырақтарында және масақтарында әртүрлі көлемде сары, қоңыр және қара түсті жолақтар пайда болады. Барлық мәдени және жабайы дәнді дақылдарды зақымдайтын және бұршақ тұқымдастарды зақымдайтын зең саңырауқұлақтары кең таралған. Зеңмен улану зақымданған жасыл шөпті, жоңышқаны, бедені және осылардан жасалған пішен мен сабанды жеген жылқыларда, ірі қарада, қойда байқалады. [11]
Волков Г. К., Репин В. М . (1986) зерттеулері бойынша қара күйе саңырауқұлақтары жасыл өсімдіктердің гүл шоғырларында және жекелеген гүлдерінде дамиды. Бұл саңырауқұлақтар алғашында - ақ, кейінен қара түсіт үлкен немесе кіші түйіршіктер түзіп, дән орнын толтырады. Түйіршік ішінде саңырауқұлақ споралары ұнтақ тәрізді қара масса түрінде болады. Қара -күйемен зақымданған азықпен азықтандырылған шошқаның және ірі қараның уланғаны тіркелген. Күйе (кастауыш) бидайды, кейде басқа да астық тұқымдастарды, әсіресе жаңбырлы жазда зақымдайды. Күйе қалдықтары бидайда және оның қалдықтарында кебегінде және ұнында кездесуі мүмкін. Күйе ауылшаруашылық малдары мен құстарының барлық түрінде, сондай -ақ адамда эрготизм деп аталатын ауыр улану тудыруы мүмкін. Улану әдетте қастауышпен зақымданған бидай қалдығымен және ұнымен азықтандырылған байқалады. [12]
Муслимов Б. Б., Гершун В. И (1994) ғалымдарының зерттеуі бойынша азықтың зоогигиеналық маңызында малды азықтандыру - олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денег жаңа ұлпалардың тқалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады. [13]
Есенгалиев Қ. Ғ . (2001) деректерінде қорек арқылы организм, ассимиляция процесінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Бұл процестер бір - біріне қарама- қайшы болғанмен, бір -бірінен ажыратуға болмайтын бүкіл тірі дүниеге тән қасиет болып табылады. Малды азықтандыру бәрінен де бұрын тиімді әрі құнарлы болуы керек, яғни рациондар малдың тек энергияға деген қажетін ғана емес, сонымен бірге керегінше және дұрыс қатынасты қоректік заттарға организмді толық құнды белоктар, көмірсутегі, майларға минералдық заттарға, микроэлементтер мен витаминдерге деген қажетін де қанағаттандыруға қабылданған шикізатты (азықты) тамақтық өнімге (ет, сүт және т. б. ) өңдейтін организм ретіндегі ерекшелігі, олар үшін азықтағы қоректік заттар бір жағынан өнім өндіретін шикізат болатын болса, екінші жағынан тіршілік үшін керекті энергетикалық материал болып табылады. [14]
Жаңабеков Қ. (2005) зықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын өте қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан айырылып, ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағынан жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне, сондай - ақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің қалпына келуін 2-3 ай кідіртуге әкеліп соқтырады. [15]
Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. (2003) зерттеулерінде организмге ас тұзы азықпен бірге шамадан тыс көп берілген кезде (тұздалған қиярдан, қырыққабатта, ет тұздықтары аралас асхана қалдықтарын қалай болса солай бергенде) малдар жиі ас тұзымен уланады, көбінесе шошқалар. Құрама жемдегі тұздың мөлшері 1, 5 пайыздан артық болса да малдың улануы байқалады. Ас тұзы көбінесе ашы ішекке сініп кетеді. Оның уландыра алатын мөлшері организмдегі бір валентті және 2 валентті катиондардың тепе - теңдігін бұзады, ұлпалардың осмос қысымын өзгертеді (тканьдер құрғай бастайды), клеткалардың тыныс алу процессі бұзылады, ұлпаларға оттегінің жетіспеушілігі туады. [16]
Лаптаев А. П. (1990) айтуы бойынша натрий хлоридын белгілеу үшін уланған малдың асқазанының ішіндегісі немесе асқазанның қабырғасы және бауыр алынады. Нормасында шошқаның және басқа малдың асқазанының ішінде 0, 45-0, 5 пайыз натрий хлориды бар, бауырда аздау 0, 35-0, 45. Егер натрий хлоридтін мөлшері 0, 5 процент жоғары болса, жануар уланған деп күмәндануға болады. Уланудың клиникалық патологоанатомиялық белгілері және басқа анамнез мәліметтерін есептеу қажет. Натрий хлоридын оның құрамына кіретін хлор иондары (хлоридтер) арқылы белгіленеді. Ол үшін бірнеше әдістерді пайдаланады. [17]
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Улардың пайда болуы және улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы
Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебі анықтағанда, төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.
Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл, өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да мекемелерге жақын орналасса.
Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін, деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет етеді.
Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын минералды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.
Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі - мочевина т. б. ) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да малдардың улануына әкеліп соқтырады.
Шөп қоректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен қоректенгенде анағүрлым көп уланады.
Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты, жер отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі жағдай.
Кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен -ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т. б. ) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болады.
Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады.
Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.
Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі - контактілі (жанасу), екіншісі- ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.
Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы кептеген факторларға байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы жэне оның талғамалы әсері.
Азот сіңіруші азықтық өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қауңшылық кезеңде, құрғақучаскелерде, күни көзі (инсоляция) аз уақытта, температура төмендегенде, топырақта молибден, (кобальт), күкірт пен қалай жетіспегенде, топырақтың қышқылдығы мен тұздылығы артқанда, органикалық тыңайтқыштарды (садыра, құс саңғыры) көп пайдаланғанда ратады. Мұндай жағдайларда азоттық алмасу ферменттерінің -нитритредуктаза мен нитритредуктазалардың белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарының амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде (сабанда) белок емес азот жиналады, топырақ пен өсімдіктерде анық білінетін гонадотоксиндік, эмбрионтоксиндік, тератогендік және канцерогендік әсері бар аса улы нитрозаминдер пайда болады.
Белгілі бір жағдайда азық нитраттардың, нитриттердің, гидроксиламиннің, азот тотықпасы мен амиактың жиналуы есебінен улы азыққа айналып, малды уландырылуы ықтимал. Оның мынандай жағдайларды болуы мүмкін:
1. Өңдеу және сақтау немесем жинау кезінде бұзылып, шіріген қызылша және қызылша пәлегімен азықтандырғанда, шіріткіш бактериялардың денитриттейтін ферменттердің әсерісен нитраттар жинақталуы салдарынан мал уланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz