Ұйымның қаржы жағдайын талдау



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Экономика және менеджмент кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ұйымның қаржы жағдайын талдау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
2 Халлибуртон Интернэшнл Инк фирмасының қаржылық
жағдайын талдау
2.1 Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының жалпы сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.4 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты
нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты
маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында
түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық
мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты өте маңызды болып табылады және мемлекетті реттеуде
негізгі орындардың бірін иеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, қаржы саясаты
макроэкономикалық ықпал етудің бірден бір құралы. Ел ішіндегі және сол
елдің сыртқы жағдайлары осы қаржы саясатына тікелей байланысты. Ол
әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мақсатында қаржы қатынастарының аясын
реттеп отырады. Қазіргі кезде көп адам әлі қаржы мен қаржы саясаты
ұғымдарын және олардың халық өмірін реттеудегі алатын орнын түсіне
қоймайды. Мұнымен қатар барлық адамдар экономикалық тұрғыдан көздері ашық
болуы керек. Оған қоса қаржы саясатының нысандары біздің тұрмысымыздың
барлық жақтарын қамтып, өмірімізге тікелей араласып отырады. Демек, қаржы
саясатының ерекшеліктері мен оның әдіс-құралдары мен нысандарын жетік
білуіге тиіспіз. Сол себепті қаржы және қаржы саясаты ұғымдарына терең
талдау жасау керек
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттары —
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттары бар. Мемлекет тарапынан экономикалық
процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны
басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық
ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын
жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл
сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы
саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет
(мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға
аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен
реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны
әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін
шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

1 Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден
саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның
экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді,
яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын —
ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағьптың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі
құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай
мемлекеттгің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып
бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып,
перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын
қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер
дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті
міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге
асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде
қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы
кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін
міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және
елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға
шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы
стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен
(икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік
факторлардың жөне басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия
тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен
әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай
отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың
нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз
жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді,
демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып
табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып
табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын
орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат
экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық
төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды
орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының
қозғалысы жөніндегі бөлу жөне қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті
органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану
жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің
нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту, инфляцияны бақылау,
экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және
шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық
циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат
жүргізілуі мүмкін. Икемсіз фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі
фазаларындағы өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне
теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын
автоматты немесе кіріктірме тұрақтындырғыштың іс-әрекетін қажет етеді.
Сондай-ақ бюджет тапшьшығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.

1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен
мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің
түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші
нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық
тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен
буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.б. Сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-
тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің
қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек
бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Қаржы саясаты - аса маңызды саясаттардың бірі. Оның мемлекеттік маңызы
өте жоғары. Дағдарыстан шығу болсын, экономиканың қызып кетуінің алдын
алу болсын, барлық жағдайда қаржы саясаты негізгі экономикалық тетік
ретінде қарастырылады. Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық
саясат түрлерінің де ерекшеліктерін байқап отырмыз. Фискалдық саясаттың
халық тұрмысындағы алатын орны да ерекше. Салық, мемлекеттік шығыстар,
Орталық банктің қызметі, мұның бәрі қаржы саясатының тұтқалары. Ал олардың
экономикаға әсерін асырып айту мүмкін емес.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына
негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы
тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық
ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын
жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл
сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы
саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты
бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз
ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай
биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске
асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау
үшін Президентке тапсырады.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
инвестициялаудың ауқымы
негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары
еңбек өнімділігінің өсуі
халықтың тұрмыс деңгейі
мемлекет бюджетінің тапшылығы.[1]
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне
төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің
салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда инфляция
жылына шамамен 1,8% тең болатын дамыған елдерде де болады;
2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;
3) мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҮӨ-
нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде,
яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар
бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды
келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың
құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары
саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты
міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде
қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсаттарға бағыттау
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қанағаттандыруға
қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты
кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.
Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-
ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға коп
коңіл болінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын болу
жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды
экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен
маңыз беріледі.[5]
Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау,
бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының,
әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.
✓ қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
✓ қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығыстардың теңгерімділігі;
✓ қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің
шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып
түсуі)
✓ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында
қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
✓ Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы
қағидаттарга мыналар жатады:
✓ объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
✓ нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
✓ өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік
тәжірибені есепке алу.
✓ Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
✓ қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынас-тарын
жоспарлы ұйымдастыруды жөне қаржы механизмінің дұрыс құрылуын
қамтамасыз ету.
✓ қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен
шығыстардың тепе-теңдігі.
✓ бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы
резервтерін жасау.
✓ салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік
дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
✓ негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру,
оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
тиімді бөлу.
✓ қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске
асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау нысандарының және әдістерінің
жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде жөне қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың
мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша
қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары
басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы
нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен
сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер
көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына
кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және
ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық-шаруашылық механизмнің
нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы
жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын 9йымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол
арқылы қоғамдық өндіріске қатысушьшардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің қүрамды бөлігі болып табылады,
бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді.
Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің
міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді,
нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне
экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.Ақшалай
табыстарды, қорланымдарды және қорларды үтымды пайдалану арқылы қаржы
механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде
әсер етеді.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет
мемлекеттің шығыстары пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, үлттық
табыстарға көсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға
аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен
реттеледі.
2 Халлибуртон Интернэшнл Инк фирмасының қаржылық
жағдайын талдау
2.1 Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының жалпы сипаттамасы
Халлибуртон Интернэшнл Инк компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен
айналысу болып табылады.
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды. Кәсіпорынның әлемнің 120
мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар.
Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен
айналысады.
Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады. Соңғы
12 жылда Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы Нарьян-Марда, Няганда,
Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте,
Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада,
Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта,
Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.
Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында
қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша
қызметтер көрсетеді. Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering
and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу
зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен
айналысады. Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп
қызмет ету тәжірибесі бар. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы
Қазақстанда Қашағанды игеріп жатқан Agip KCO консорциумымен, Казахойл
Актобе компаниясымен және Тенгизшевройлмен (ТШО) қызмет жасайды.
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның
төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы
активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша
өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-
лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы
активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және
активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп
түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі
шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен
зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі
бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына
байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша
қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш
басқа да активтерді жатқызады.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар
жатады.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді
активтер жатқызылады.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты
топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында
төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді
міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу
көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген
топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей
қатынас-тарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің
әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең
болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы
төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен
пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады.
Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең
экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі
шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын
дәлелдейді.
Баланстың топтастырылған баптарын 1-кесте түрінде көрсету орынды
болады.
Кесте 1
Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының мәліметтері негізінде
баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің
шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:
К = (А1+0,5А2+0,3А3)(П1+0,5П2+0,3П3)
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,3;
жыл соңында – 1,07;
Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу
жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен
қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың
жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі
қолданылады.
Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі
ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың
ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де,
қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары
болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың
аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде
айтылады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін
кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және
дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен
қолданылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
-абсолютті өтімділік коэффициенті;
-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін
бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы
ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы
қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,2 0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек
екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:
қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының
құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да
активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу
жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен
қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер
бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша
өрнектеледі:
Кар.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық
ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне
қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай
есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз
уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана
емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет
болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен
баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің
қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін
дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6;
жыл соңында – 2,2;
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік
деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап
етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр.
Сондықтан алдағы уақытта бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалаудың теориялық негіздері
Қаржылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері
Ұйым қаржысының қызметтері
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Ұйымның қaржы жaғдaйы тұрaқтылығын тaлдaу
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Ұйымның есеп саясаты
Стратегиялық басқару есебінің жүйелерін зерттеу, оны қолдану жолдарын анықтау
Кәсіпорынның табыстарының есебі
Пәндер