Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Адамгершілік мәдениеті ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық
әдебиеттерде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. Ұлы ғалымдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
2.1 Ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы
ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Рухани адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары ... ... ... ... ... ...16

1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың
өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің
бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен
шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа
дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық
нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен
қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030
жолдауында жан-жақты негізделген. [1,23].
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-
бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала
жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани
құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген.
Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік
қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен
нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез
жастар ауылдан да орын алады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне,
олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста
өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда,
әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-
шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ал Қазақстан Республикасының жалпы білім беру тұжырымдамасында жеке
адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті
қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндеті ерекше
аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын,
тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі
және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен
руханилық мәселерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн
тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра
түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
мәселері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
Адамгершілік ұғымының педагогикалық термині ретінде ғылыми тұрғыда
қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал руханилық ұғымының мәні әртүрлі
салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ұғымында
категориялық деңгейдегі анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік
тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу объектісі болып отырғаны баршаға
белгілі.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ
ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен
көзқарастары бар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай
Құнанбаев, Ш. Құнанбаев т.б).
Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтар жайында А.Қ.Каплиева,
Р.К. Төлеубекова, Р.С. Омарованың т.б еңбектеріне сүйене отырып зерттедік.
Қарастырған жұмыстар бүгінгі таңда жоғары класс оқушыларының рухани-
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселері біркелкі зерттелгендігін
айқындайды.
Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып,
оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып,
жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
қажеттілігін айқындап отыр.
Зерттеу пәні: адам бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
мәселелерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам
қайраткерлері, бүгінгі заман ғалымдарының еңбектеріндегі рухани-
адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдылық мүмкіндіктеріне
қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани-
адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатына пайдаланса, онда рухани-
адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары,
инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға
қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі мектептің оқу-тәрбие үрдісі,
тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-
адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-
тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- Рухани-адамгершілік құндылық ұғымдарының мәні мен мазмұнын
анықтау;
- Оқушылардың рухани-адамгершілігі құндылықтарын қалыптастырудың
өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
- Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Адамгершілік мәдениеті ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы
қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып,
жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны
адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға
болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған
категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк,
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс,
тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк
категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған
әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль
болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және
адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк
қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте,
адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде,
қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие
болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру
үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата-
анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу,
қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ,
кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау,
әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек
қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа
достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген
уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған
ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз
емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше
қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге
абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек.
Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен
мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып,
қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп
қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын
көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады”
деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп
сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы
екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ,
оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ
елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-
әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк
қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен
адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны
қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне
әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу,
қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды
ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық
рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата
дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу.
“Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк,
кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше
қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам
баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай
болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз
қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын
зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына
қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы
аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең
мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”.
1.2 Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық
әдебиеттерде зерттелуі

“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм-
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының
бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және
өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi.
Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат
тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын
заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”-
деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi -
өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк
тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi-
адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы
аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық
тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары
қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк
ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк
заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз
болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн
ұғым.
Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде
жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.
Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа
тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып,
дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған.
Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң
бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар алаптарында
ғана емес, сонымен бiрге тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда болады.
Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде әдеттiң
ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет
орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет
адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез
қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет
екенiн атап көрсеткен.
Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi
бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе
моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу,
т.б.).
Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап-
құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).
Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi.
Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын
перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген
ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам
өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.
Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi
жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.
Ал оқуға деген әдет адамның әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып
табылады. Ол адамның қызметi мен мiнез- құлқының әдеттегi формаларының
құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм алуына және оқушыларды практикалық
қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы
жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы өз-өзiне сенбесе, оған оқуда
болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының
пайдалы әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге зор
әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мәдениетiн
тәрбиелеудiң iс- жүзiнде тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi-
мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн түсiндiру жұмысы болып
табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы
әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi
А.Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан
жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет”.
Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де,
қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай
келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың
арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында.
Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр
сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты
болады.
Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады:
басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес,
жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа
тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған
дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық
қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет
қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау.
Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық
тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi.
Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын,
психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу
жолдарын зерттейдi.
Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: Адам
өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және
адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке
бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты
анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк
көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең
бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.
Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi
фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы
жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара
қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы
мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның
дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi
қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған
белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде
саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс-
әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн,
оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану
және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның
адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын
дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда
жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан
жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi.
Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi
ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен
қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен
мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн
балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк
сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып
топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк
тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр
айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-
кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға
қалыптастыруға негiз бола алады.
Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды
саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң
толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра
отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы,
формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола
алады.
2. Ұлы ғалымдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
2.1 Ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік
тәрбиесі туралы ойлары
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы
керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай,
кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен
ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза
болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы
мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз,
сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен
әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай
қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың
қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне
тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты
бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене
құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін
адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең
сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы
тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида
етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес"
еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың
өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік
мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек
ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта
мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде
әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр
болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-
пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер
педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін,
жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы
етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-
мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік
Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір
толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің
майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай
рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз
айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне
жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін
қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам
қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі
мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына
отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен
еңбегінің мол екенін байқаймыз.
2.2 Рухани адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары

Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль
элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет
ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық
адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық
дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты
тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң
халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және
тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi-
халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде
жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап
көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика
классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой,
Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан:
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның
басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының
арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы
ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа
кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны
ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады” [48,45].
М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi
белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан
емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен идеялары
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы
Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесін қалыптастырудағы құзырлылық қатынас
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Пәндер