Физика сабағында ойын технологияларын қолдану



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Физика сабағында ойын технологияларын қолдану

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру
1.1 Физика сабақтарында ойын элементтерін
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2 Физика сабағында оқушылардың құзіреттілігін ойын элементтері арқылы
арттырудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..7
2. Физика сабағын ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізу
2.1 Оқушы құзіреттілігін арттыруда ойын элементтерінің пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Физикалық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...11
2.3 Ғажайып физика ауылына саяхат атты ойын сабағы
... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде
формализмнің элементгері кездесуде. Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап
материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар
табиғат зандарын оқып, білуі тиіс.
Окушьшарға нақты мысал келтіре отырып, олар-дың алған білімдері
маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек.
Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, те­ория мен практиканы тығыз
байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм
элементтерін жояды.
Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олар-дың сабақтағы
белсеңділігінің артуына білім сапасы-ның жоғарылауына, білім алудың
пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оку
процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің қүрылысын, оқушылар мұғалім
койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы
мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең
жақсы жолының бірі — сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету
— адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене
білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш
және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жа-сындағы балалар, ойын
жасынан өтіп кетті, — деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық
нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.
Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар
сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту
алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен
алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін
бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда
оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның
топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу,
традициялык білім беру мұғалім — оқушы өрнегін күрделендіреді. Яғни,
өрнек былай күрделенеді: мұғалім — топ — оқушы, бұдан келесі өрнек
туындайды: оқушы — оқушы. Оқушы — оқушы жүйесінде топ-оқушы, оқушы —
топ өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін
көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады,
дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп
жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с. Ойын
барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және
жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдай­да, барлық
балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен
балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.
Сабақта ойын элементтерін пайдаланудың мақсаты:
✓ Оқушыны тұлға ретінде дамыту, оны қоғамда өз бетінше жемісті
шығармашылыққа дайындау
✓ Өткен сабақты немесе тарауды оқушы бойына, санасына мықтап
бекіту
✓ Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейін, байқампаздығын жан-жақты
арттыру.
✓ Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, дүние және білім танымын
кеңейту, эстетикалық тәрбиелеу.
✓ Дербес жұмыс жасауын жетілдіру, экспериментальді-ізденушілік
іс-әрекетін жүзеге асыру дағдысын дамыту
✓ Оқушыларды ұжымдылыққа баулу, дұрыс шешім қабылдай білуді және
қиын жағдайдан шығудың әр-түрлі жолдарын таңдай білуді
қалыптастыру.
✓ Оқушылардың өзін-өзі басқаруын, бағалауын, өзіне деген сенімің
арттыру.
1. Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып
шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
1.1 Физика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану
Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушьілар бір-біріне
көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ
тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай
сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушы-ларда бір-бірімен сөйлесе білу
мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің
болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: ең қарапайым
мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер
көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған
мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу
қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне
тартып тұрады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның
мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды
қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана,
ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір
дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы:
затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты
жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға,
байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір
жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден
соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай
орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар
оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты
жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді.
Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы
аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін.
Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады.
Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика пәніне ең
жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс
жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені
қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең
білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының
еңбегін бағалау тиіс.
1.2 Физика сабағында оқушылардың құзіреттілігін ойын элементтері арқылы
арттырудың маңызы
Мектеп пәндерінің ішінде физиканың алатың орны ерекше.Физика
оқушыларға ғылыми әлемді суреттейді. Физика әлемде болып жатқан түрлі
құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.Ғылыми
техникалық прогресстің негізі бола тұрып,физика оқушылардың шығармашылық
қабілеттілігің қалыптастырады,әлемге деген көзқарасын кеңейтеді, әлемге
деген қызығушылығын оятады. Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз
процесі.Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат-оқушы құзіреттілігін дамыту,
яғни жан-жақты,білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой толғаны бар, қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне
тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлауларын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол
ашу.
Қоғамымыздың саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосатын,
әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайндап, тәрбиелеп
шығару біздің міндетіміз.
Оқушыларды ғылымға қызықтырушылығының көптеген жолдарының бірі сабақта
ойындар ұйымдастыру.
Оқу , ойын және еңбек адамның негізгі қасиеттерінің түрлері.Ойын оқу
мен еңбек бола тұрып,оқушыларды оқуға, еңбектенуге бейімдейді. Ойын
процесінде оқушы пән туралы және қоршаған әлемнің таңғажайып құбылыстары
туралы әр түрлі білім алады. Ойын баланың бақылампаздығын дамытады. Сонымен
ойын оқушылардың ойын қозғай отырып, олардың жетіле дамуына,шығармашылық
қиялдарының дамуына көмектеседі. Француз ғалымы Луи де Бройль айтқандай,
барлық ойындарда, тіпті ең қарапайымында да ғалымның жұмысымен көптеген
ортақ элементтері бар.
Ойында оқушыны алдымен берілген есептің немесе мысалдың күрделілігі
қызықтырады, өйткені оны шешуге болады, содан сон оқушы жаңалықты ашып және
қоыйлған кедергіден өте алғанына қуанады. Дәл осы себепті адамдардың
барлығын жасына қарамастан ойын қызықтырады.
Кез келген ойын сабақтың негізгі мысалдарын шешуге ықпал ету керек,
мысалы білімдерін бекіту мақсатында, есептерді шығаруды жақсы игеруі үшін
т.б.. Тек осы жағдайда ғана ойын сабақты оқытудың элементі болады.
Дидактикалық ойындарды құрастыру барысында сабақтың таңымдық элементі мен
ойын элементтерінің үйлесімі қиындық келтіреді. Алдымен сабақта оқушының
назары ойын әрекетіне бағытталады, содан соң ойын процесінде оқушы өзі
байқамай белгілі бір материалды игеру процесіне көшеді.Сөйтіп оқушылардың
ойынға қызығушылығы бірте-бірте сабақты оқуға алмасады.
Педагогика ғылымы оқу процесінде ойындарды ұйымдастыруда келесі
талаптарды қояды:
● Ойын оқушылардың еркін шығармашылықтары мен өзіндік әрекетіне
негізделуі керек.
● Ойын оқушылардың тек оң эмоцияларын шығару керек.
● Ойында міндетті түрде оқушы топтарының арасында немесе ойынға
жеке қатысушылардың арасында сайысу элементі болу керек.
● Ойынды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тәжірибелер оқушылардың ойынға деген іс-әрекеттерінің жауапкершілігі
оқуға немесе еңбекке деген іс-әрекеттеріне қарағанда әлде қайда артық
екенің көрсетті. Ойын мақсаты қол жетімді, ал безендірілуі түрлі-түсті және
әр түрлі болу керек. Ойын оқушының өзін-өзі басқаруын, белгіленген ойын
тәртібін бұзбауын, ең бастысы шығармашылықтарын жақсы дамытуға ықпал ету
керек. Жеңіс немесе қандай да бір ұтыс оқушының одан кейінгі іс-әрекеттерін
оятады.
2. Физика сабағын ойын элементтерін пайдалану арқылы өткізу
2.1 Оқушы құзіреттілігін арттыруда ойын элементтерінің пайдаланудың маңызы
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы
және терең білімнің, іскерліктін болуын, сондай-ақ жастардың белсенді
шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап
етеді.Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық
әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық
ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру.Әр баланың
бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету,
оқушының табиғи қасиеттерін,пәндік білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды
жоспарлы түрде ұйымдастыру,өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз
салу болып табылады. Ертенгі болашағымыз -жас ұрпақты саналы, білімді етіп
тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену
және оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті
борышы, абзал парызы.Ұстаз еңбегі-шығармашылық еңбек. Өйткені ол ұстаздан
үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс
тәсілдерді қолдануды талап етеді.Елдін ертені-бүгінгі жас ұрпақ деп
білеміз. Ал жас ұрпақтын білімді, саналы азамат болып қалыптасуы үшін
оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-
бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу,
есептеп табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау,
жетілдіру-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық
белсенділігін арттырады.Теория мен практиканы ұштастыруға жол ашады.Оқу
прцесінде ойынды ұзақ уақыт созуға болмайды.Ойын белгілі бір уақытта
пайдаланылып, сабақ кезендеріне нұсқан келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылуы
керек.
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты деп В.Ф.Сухомлинсий айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты
дамытады.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ, және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезесі іспеттес. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған,дүние туралы түсінік
алады.
Физикалық ойын ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін,
адамға қиял мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Көрнекті педагог В.Ф. Сухомлинский Егер мен сабақ беруші ғана болсам,
педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін
қақпасын мәнгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді., деген сөзін өз
санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Ойын барысындағы
қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен
өзара түсінікке аударады. Топтық ойындағы оқушының алар орны күнделікті
өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын роліннен туындайтын
мазмұнымен сипатталады.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай
әдісті пайдалансақта алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының
материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр
түрлі, сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне
қарай және білім деңгейіне сай сабақтын түрін тауып, сол тақырыптарды
игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудын бір
көзі – физикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе
оқушылардын ойлау қабілеттерін арттырады, олардың арасында саналы жарыс
істеуге дағдыландырады, есте сақтау қабілетін нығайтады, сабаққа
белсенділігін арттырады.
2.2 Физикалық ойындар
Физикалық ойын ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін,
адамға қиял мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Физикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ішінде ең
қызықтысы. Ойынның қандай түрі болсада балаларды өзіне тартады.Мұнын өзі
мұғалім үшін өте қажет жағдай.Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып,
оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған
сұрақ қысқа әрі түсінікті болуы шарт.Ойын процесінде мүмкіншілігінше
ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыру керек.
Оқушылардың физика ғылымын игеру құштарлығын арттырып белсенді жұмыс
істеуін, тез ойлану қабілетің арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың
ұлттық ойындары, логикаға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Физикалық
ойындар оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және
пәннен алған білімін шыңдай түседі. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды
қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-мұғалімнен үлкен шеберлікті талап
етеді.
Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Біріншісі-мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша
сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің
практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын
жүйелі баяндау;
Екіншісі-өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін,оқытудын
проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздеріне және
оқушының шығармышылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқу тәсілдері.
Үшіншісі-оқушының қабілетің ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге
дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап
қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылырдың
өз ара бәсекелесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Оқушы назарын аударатын,ойына түрткі болатын физика туралы қызықты
материалдар, әртүрлі тартымды қызықты есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің
орнын табу керек.
Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек және тәрбие. Ойнау барысында оқушының
дербес ойлау мүмкіндігі,зейін қоя білу қабілеті дамиды.Ойын-мектеп
оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүние және білім
танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне
тапсырылған міндетті-оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қарым-қатынаста
болсын алға қойған мәселерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.
Ойын элементтерін физика сабағында пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі:
● пән бойынша базалық білімді меңгеру;
● алған білімді жүйелеу;
● өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
● жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
● оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек береді.
Балаларға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі
жақсы оқи түседідеген Питер Клайн сөздерін басшылыққа ала отырып
оқушылардың шығармышылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту мақсатында,
оқушыларға теориялық білімді тиісті дәрежеде меңгерту үшін оларға
эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық
жұмыстар, тапқырлыққа баулыйтын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу,
модель жасау, конструкциялық схемалар салу, реферат жазу т.б.)орындатамын.
Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың,
конструкторлардың, өнер тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен
шығармашылық іс-әрекеті жайлы әдістемелік журналдардан, мысалы Алгорифм
журналындағы Ғылымға құштар жас өрен, Ғылыми техникалық ақпараттар,
Білгенге маржан деген рубрикаларды үнемі оқып, олардың шығармашылық
ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырғанмын.
Сабақта ойын элементтерін көбіне үй жұмысын тексеру барысында, мысалы
викторина, физикалық диктант,графикалық бақылау т.б. , дидактикалық
ойындарды жаңа материалдарды бекіту мақсатында қолданамын, мысалы
Дискуссиялық карта, тест,тақырыпқа байланысты үйлестірмелік материалдар
т.с.с.. Сыныптан тыс немесе үйірме жұмыстарында ойынның сайыс түрін көбіне
қолданамын,яғни оқушыларды топқа бөліп сайыстырамын. Топтау әдістерінің
тиімділігі:
● оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта
түседі;
● бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі,үйретуге бейім болады,
үйрете жүріп өзі де үйренеді;
● оқушының үйымдаструшылық қабілеті арта түседі және бағалау жұмысын
салыстырмалы түрде жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады, өз беттерімен
ізденістері туындайды, жүйелі түрде жұмыс жүргізуге дағдыланады.
● өз білімі мен жолдастарының білімін саралай, бағалай білуіне
толығырақ мүмкіндік туады.
Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне
көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ
тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай
сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу
мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің
болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Атақты француз ғалымы Луи де Бройль былай дейді: Ең қарапайым
мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер
көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған
мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу
қуаныш. Міне сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан ойын өзіне
тартып тұрады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты- сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның
мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда оны орынды
қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана
ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формальды ойнауға болмайды. Әрбір
дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы:
затқа немес құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты
жұмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. құбылыстарды табуға,
байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір
жағынан дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден
соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының қалай
орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар
оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты
жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді.
Команда құрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы
аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу процесіндегі педагогикалық технологиялар
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Физика сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану
Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Физиканы оқыту әдістері
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Пәндер