Фобия



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы:
Фобия

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Фобия – қорқыныш сезімі
2. Фобия, үйрей сезімдерін жеңу тәсілдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген
сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті
тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе
келмейді деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық
сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу
көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына
мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы
жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі
жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін
ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Сондықтан курстық жұмысымның тақырыбын Бастауыш
сынып оқушыларының қорқыныш сезімдері деп таңдауыма негіз болды.
К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі
сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз
өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды. К.Д.Ушинский балаларда ержүрек
мінезді қалыптастыруға ерекше мән берді. Қорқыныш, ұяңдық мінездерді
тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас
болған сайын, солғұрлым оның бойында қорқыныш тез қалыптасады және
солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын қорқынышты жою,
солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу
бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің тәрбиелеу туралы
ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Бастауыш сынып мұғалімі – баланың екінші анасы. Шәкіртіңді анасындай
аймалап, бірақ орынды талап қойып, жүрек жылуын бәріне бірдей шаша берудің
қорытындысы – бағбанның жақсы ағаштан жинаған сапалы жемісі іспеттес.
Негізгі бөлім
1. Фобия – қорқыныш сезімі
Фобиялар (гр. phobos — қорқыныш) — субъектіні белгілі бір (фобиялық)
жағдайда билеп алатын вегетациялық дисфункциялардың астасатын (жүректің
атқақтауы, ағыл-тегіл терлеу және т.б) нақты мазмұндағы барабар емес
жабыспа қорқыныш сезімдері. Фобиялар невроздар, психоздар және мидың
органикалық аурулары кезінде болады. Нервоздық фобиялар кезінде аурулар,
әдетте, өз қорқыныштарын негізі жоқ екенін ұғынады, оларға өзін қинайтын
субъективтік, бақылай алмайтын кінәраттар деп қарайды. Фобиялардың:
мозофобиялар (аурудан қорқу — канцерофобиялар, кардиофобия және т.б), сотцо-
фобиялар (жұрт алдында сөйлеуден қорқу, қызарып кетуден қорқу және т.б),
кеңістіктен қорқу (клаустрофобия — жабық үй-жайда болудан қорқу, агарофобия
— ашық кеңістіктен қорқу) және т.б. түрлері бар. Егер емделуші өз
қорқыныштарының негізсіздігін, ақылға сыймайтынын сыни тұрғыдан анық
ұғынбайтын болса, онда мұның өзі көбіне фобиялар емес, патологиялық
күмәндар (қауіптенулер), сандырақ болып шығады. Фобиялардың жүріс-тұрыста
белгілі бір көріністерінен болады, олардың мақсаты — фобия затына жоламау
не ырымдар жасап қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелі ойлауға бейім,
жан-дүниесі енжар, вегетациялық орнықтылығы кем адамдарда көбірек
байқалады. Білікті психотерапевтік шаралар арқылы мұндай кінәраттардан
көбіне арылтуға болады.
Фобия - адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген
қауіптің аффективтік (эмоционалдық ұшыққан) бейнеленуі, үрейлену - алда
тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда
үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу
ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының
психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрбыларымен
өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі.
Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұраққа жауап беретін
тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде
мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе
керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының
психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік және невротикалық қорқыныш түрлері болады. Жас ерекшелік
қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық
даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың
негізінде пайда болады:
- ата-аналарда қорқыныштың болуы;
- баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс
қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу;
- сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа
жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге
отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары;
- сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл
балаларда болмайды;
- ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді
психикалық жарақаттану;
- үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде
қорқынышқа психологиялык бой алдыру.
Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен;
ұзақ ағыммен немесе тұрақтылықпен, мінез-құлықтың және тұлғаның
қалыптасуына кері әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылулармен және
күйзелістермен өзара байланыстылығымен, қорқыныш нысанынан, сондай-ақ
барлық жаңа және беймәлім нысандардан қашуымен, қорқынышты жоюдың
салыстырмалы қиындығымен сипатталады.

2. Фобия, үйрей сезімдерін жеңу тәсілдері
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге
жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты
бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық
көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі
бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша
бастайды.
Ең таралған фобиялардың бірі тұйықталған кеңістіктерден қорқу -
клаустрафобия.
Қорықсаң – істеме
Клаустрафобия - бұл үрейлi бұзылыс, бұл кезде адам тұйықталған және
тар бөлмеде болғанда, қатты, себепсіз қорқыныш сезімін сезеді.
Клаустрафобиясы бар адам лифтта, автобуста, ұшақта, кісілермен толған
бөлмелерде үрей тату мүмкін.
Клаустрафобия симптомдары:
• Тердің ағуы
• Жүрек қағысының жиілеуі
• Ентігу
• Діріл
• Бас айналу
• Талу алдындағы жағдай сезімі
• Қауіп сезімі
Адамда клаустрафобияның бар-жоқтығын келесі көріністер бойынша
анықтауға болады:
• Бөлмеге кіргенде, бірден шығу жерін тексеріп, одан алыс кетпеуге
тырысады;
• Жолдарда тығындар болса, көлік жүргізбеуге тырысады.
• Лифтті қолданбау үшін, баспалдақпен жаяу көтеріледі.
Фобия – бұл жүре пайда болатын құбылыс. Осылайша, клаустрофобия бастан
өткізген қатты стресстен кейін, ағзаның қорғаныс реакция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыныш туралы жалпы ұғым
Күрделі эмоциялар туралы
Қиын бала тәрбиесі туралы
Психологиядағы балалардың қорқыныш мәселесі
Травмадан кейінгі стресстік бұзылыс
Мінезі қиын бала
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Ақыл-ойдың бұзылуы
Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері
ИСЛАМОФОБИЯ
Пәндер