Шағын бизнесті қалыптастыру



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Шағын бизнесті
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық
генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..6
1.3. Шағын бизнестің негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. .14
1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ...14
2. Қазақстан Республикасында шағын биснесті дамытуда
туындайтын
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..17
3. Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан
Республикасының экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
4. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті
несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
‌‌‌‌Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып
келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын
бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам:
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге
негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру
арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту
тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға
деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.
Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне
сай келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті:
1. аймақтық экономиканы жандандыру;
2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
3. шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4. Қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын бизнесті
қолдау механизмін құру негізінде шағын бизнесті қарқындап дамыту.
Шағын бизнесті дамыту саласында Қазақстан авторларынан Мәуленова
С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау
экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент
кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек
сіңірді. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық
мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс
тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан,
ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық
көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ
Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі
өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.
1776 жылы Адам Смит өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және
одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы
шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker
Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты
американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:
1 бөлім – Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және
ерекшеліктері.
Бірінші бөлімде мен шағын бизнестің экономиялық мәнін, Қазақстан
Республикасындағы шағын бизнестің негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.
2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын бизнестің
дамуы.
Екінші бөлімде шағын бизнестің даму этаптарын, оны ары қарай дамытудың
кешенді бағдарламаларын, шағын бизнесті несиелеу жолдарын қарастырдым.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік
саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын
анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке
шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта
кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл
бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.

I. Шағын бизнесті қалыптастыру
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі

Рынок қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды
қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рынокты
экономикалық қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді.
Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік
қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана
емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән
ерекшеліктері бар құбылыс.
Сонымен қорыта айтқанда Кәсіпкерлік, Бизнес және Коммерция
түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ
ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана
енгізілді.
Алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік
мәмілелер формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған
қауымдастықтардың ыдырап құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының
мақсаты – жаулап алу нәтижесәнде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі - сауданың пайда
болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және
миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық
тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік
қоғамдардың құрылуына – Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған
ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан
кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын
тапты. Осы мезгілде бұрын болмаған жаңа мамандық пайда болды. Ол –
менеджер.
Қазақстандағы кәсіпкерлік және коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл
салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу
қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер
орталықтары болған.
XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан
территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс
Шығыс халықаралық сауда жолы өткен.
XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен –
мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ
жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл,
Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.
XIX ғасырдаң алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами
бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып,
балқыту және темір илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы
барынша өсті.

2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдак жүйедегі экономиканың күйреуі,
жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі
деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы,
негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын бизнес қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде қоғамның
рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір
индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің практика жүзінде көрінуіне жағымды
бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының және мақтанышының
сақталуына әкеледі.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің
анықтамысы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пайымдауы
бойынша кәсіпкерлік – белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару
процесі, ал кәсіпкер – осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын
қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін
ақша алып және жеткен жетістігіедеген рахат сезімін алатын адамды айтады.
Америкалық оқу және ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді
экономикалық, саяси – экономикалық, психологиялық басқару және басқа да
жағынан сипаттайтын көзқарастар бар.
Ағылшын профессоры Алан Хоскинг былай дейді: индивидуальды кәсіпкер
деген, істі өзіне ғана сеніп жүргізетін, бинесті тек өзі басқарып, керекті
қаражаттармен қамтамасыз етіп, өз еркімен шешім қабылдайтын тұлғаны айтады.
Ол үшін алған сыйы болып, кәсіпкерлік қызмет нәтижесінен кейін түскен пайда
және еркін кәсіпкерлекпен айналысқандағы қанағат сезімі. Бірақ, осылармен
қатар ол кәсіпорынның банкротқа ұшырау жағдайында барлық шығын тәуекелін өз
мойнына алады.
Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және
инновациондық кәсіпкерлік ойда кегізделген экономикалық белсенділіктің
ерекше түрі.
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде көрінеді,
себебі оның бастапқы кезеңі тек идеямен байланысты балады. Соңына ол идея
материалды формада көрінеді.
Кәсіпкерлік инновациондық кездің болуымен сипатталады – ол жаңа
тауардың өндірісімен немесе жаңа кәсіпорын құруымен байланысты болады.
Өндірісті басқару, сапаны жақсартудың жаңа жүйесі, өндіріске жаңа
методтар енгізу немесе жаңа технологиялар енгізу – бұл да инновациондық кез
болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде
кәсіпкерлер негізгі орын алады. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте
табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге
қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару
құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады.
Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып
табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай
жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес.
Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн мол пайдалана
кәсiпкерлiкке назарды баса аудармасқа болмайды.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын бизнестiң
дамуына жан-жақты атсалысуда. Өйткенi олар әлеуметтiк -экономикалық
мәселелердiң бiрқатарын шешедi. Бiрiншiден, жұмысшыларға жалдамалылар
қатарынан шығып, өз кәсiбiнiң қожасы болу мүмкiндiгi туады. Екiншiден, кiшi
кәсiпкерлiктi халықтың жұмыспен қамтылу мәселесiмен де бiрлестiрiп
қарастыруға болады. Үшiншiден, шағын кәсiпкерлiктiң өркендеуi тауарлар
өндiрудi ұлғайтуға және қызмет көрсетудi дамытуға жол ашады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан 1997 жылдың қаңтар айында
құрылған шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi ынталы топ, экономиканың даму
саласын реттейтiн заңдылық және нормативтiк – нұсқаулық актiлерiн
жетiлдiруге көмектеседi деп күтiлуде.
Сонымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 18 маусымында шыққан
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңында шағын кәсiпкерлiк
тұлғаларын тiркеу процедурасын барынша оңайлату туралы атап айтылған едi.
Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңiлдетiлдi. Мысалы, бұрын заңды
тұлғаны тiркеу үшiн кәсiпкерлер ақша мен уақыттарын шағындап 10-12 түрлi
құжаттар жинауы керек-тiн. Ал, ендi жаңа заңдылық бойынша тәртiп ыңғайлы.
Бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек әдiлет басқармасына ғана көрсетiледi.
Бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм берiледi және
тiркеу үшiн екi есе төлем көрсеткiшi бойынша салық төленедi. 3 күн iшiнде
әдiлет басқармасы кәсiпкерге тiркеу туралы куәлiгiн және статистика органы
мен салық инспекциясына қажеттi мәлiметтердi беруге мiндеттi.
Шағын бизнестің дамуы республиканың барлық азаматтарына қатысы бар
күрделi әрi көпқырлы iс. Пәрмендi де оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша
шағын бизнес пен орта кәсiпкерлiктi қолдау, оған демесiн болу мүмкiн емес.
Өмiр көрсетiп отырғанындай, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi
бұрынғы мемлекеттiк қор қызметiнiң басты қателiгi оның қаржысының
чиновниктiк құрылым арқылы бөлiнуiнде едi.
Республика Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдауды
және оның дамуын жеделдету шаралары туралы” Жарлығы материалдың өнiм өндiру
мен айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымына
байланысты жеңiлдiктер беруді көздейдi. Экологиялық тұрғыда қолайсыз және
бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға
аумақтық жеңiлдiктер жасау, олардан салық жинамау, ауылдық жерлерде өнiм
өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын
кәсiпорындарды салықтан мүлде босату қарастырылған. Олай болса, заңдық
база, оған қоса жеке және шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мемлекет тарапынан
көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiктiң iлгерiлеп өрге
басуына жол ашады.
Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған
кооперативтер орнына шағын, сонан кейiн жеке кәсiпорындар келдi. Дегенмен
жүргiзiлген талдау көрсеткендей, экономиканың жеке секторының, әсiресе
шағын кәсiпкерлiктiң 1990 жылдың басымен салыстырғандағы қазiргi жай-күйi
күрделiрек. Iс жүзiнде кооперативтердiң 1994 жылы өндiрген тауар көлемi
1993 жылмен салыстырғанда 19,3 процент кемiдi, ал жаңа мерзiмде сауда –
саттық және делдалдық қызметпен айналысатын жеке кәсiпорындар саны 3,2
есеге өстi.
Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз
ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi
кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық
байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден,
заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң
теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал.
Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен,
чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты
тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.
Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк
ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та
немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай
көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң
өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май
құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз
байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге
қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы
зор.

1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын бизнес құрылымдарының кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.
Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты
ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын
өзгерту үшін 6 жыл қажет, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан да
көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ -
жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл
дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға
қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық
жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздегі
мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп
жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы
15,7 миллион кәсіпорындардың барлық дерлік шағын және орта бизнес болуы
кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62
млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты,
статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам
жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын
болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына
сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;
• саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста – 25 адамға дейін;
• ғылымда және жаңартпашылдық қызметте – 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске
жатады.
Қазақстан жағдайында қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе,
шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындар
деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген
аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды
айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар жүзеге асырады.,
олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару –
нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді;
басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара
ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын
Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен
ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ- тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс
орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болады.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз
болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен
қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі
фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар
жасап отыр. Бұл жерде 50- ші жылдардан бері, келісім – шарттар негізінде,
ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс
көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966
жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін
шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың
жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысында) 53,5-тен
65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981 ж. 85,7%- ке
жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың
құндылық көлемінің үлес салмағы 90-шы жылдардың басында 80%-ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары
бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді
және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары
болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау
мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс
берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда
анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын
сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі бизнес саласы
екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар
электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын бизнестің
динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа
жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын
фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен
бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға
тікелей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен
қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы
нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге
және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар
(негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға
мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз
кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта
кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін
қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.
Шағын бизнес шағын және орта қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол
жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен Көкшетаустрой-1,
Көкшетау-2 трестері сияқты құрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып
немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс
мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және
орта бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі
бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын
бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын
бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-
ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде
қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық проблемасын
жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі
бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі
мүмкін.
Біздің Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының
ішінде, франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи-мүшелеріне фирма атын, сауда
маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с пайдалану құқығын береді.
Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорындар ашу мен
жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг
келісімі жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары
жинақтаған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан
шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен
кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік
деңгейдегі келісім түрінде болуы мүмкін.
Франчайзингтік қатынастың тағы бір артықшылығы – бұл франчайзер
тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түрде қаржылық
қолдау Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін
ұзарта алады. Сөйтіп франчайздің айналым капиталының көлемінің көбеюіне
әкеледі немесе франчайз банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола
алады.
Соңында, егер тәуелсіз бизнесті бастау айтарлықтай бастапқы салымды
қажат етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз
болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.
Шағын бизнестің негізін қалаудың тағы бір жолы – бір отбасы
мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес.
Сонымен бірге бұл бизнесте отбасы мүшелері қаласа толық, қаласа жарты күн
жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп
отырады.

Отбасылық бизнес пен бизнестің басқа да түрлері арасындағы
айырмашылықтар. ҚР шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері

№ Отбасылық бизнес № Бизнестің басқа түрлері
1 Фирманы шексіз беріліп басқару,1 Фирма менеджерінің мүдделері
себебі отбасы мүшелерінің өмірі арадағы шарт шеңберінде.
және жақсы тұрмысы бизнестің
табысты не табыссыздығына
байланысты.
2 Отбасы мүшелері өздерінің 2 Менеджерлердің өздерінің барлық
барлық мансаптарын тек бір жеке мансаптарын бір ғана фирмада
отбасылық бизнеспен ғана жүріп жасаулары сирек
баланыстырады. кездеседі.
3 Стратегияны дайындау кезінде 3 Менеджерлер фирманың
отбасы мүшелері шексіз уақыт стратегиясын дайындау кезінде
кеңістігіне ие. өте қысқа уақыт кеңістігіне ие.
4 Бизнестегі сәтсіздіктер отбасы 4 Бизнестегі сәтсіздіктер
мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлерге салыстырмалы
менеджерлеріне драмалық зардап түрде аз әсер етеді.
әкеледі.
5 Отбасы мүшесінің менеджер 5 Фирмада менеджер мансабының
ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте
тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары.
төмен.
6 Отбасы мүшелері фирманың өсуіне6 Менеджер жалақысын арттыруға,
және табысты болуына мүдделі, мансабын жоғарылатуға және
себебі ол жалғыз жұмыс орны өсіруге мүдделі.
және отбасы тұрмысын жақсарту
көзі.
7 Отбасы мүшелерінің кірістері 7 Менеджер жалақысының фирма
фирма қызметінің түпкілікті қызметінің түпкілікті
нәтижелерімен тікелей нәтижелеріне тәуелділігі
пропорционалды. анағұрлым аз.
8 Шешім қабылдау 8 Шешім қабылдау алқалы сипатқа
орталықтандырылған сипатқа ие, ие, көбіне менеджерлер
дегенмен уақыт өте бұл беталыс командасының қатысуына
төмендейді. негізделген.
9 Фирма қызметіне деген ішкі 9 Фирма қызметіне бақылау тым
бақылау аз, жалаң сипатқа ие. атүсті.
10 Отбасы мүшелерінің арасындағы 10 Сабақтастық бақталастыққа және
бақталастық отағасы мен жанжалға алып келуі мүмкін,
мұрагерлер арасында жанжал бірақ акционерлердің
туғызуы және отбасылық мүдделеріне сәйкес
бизнестің сабақтастығын акционерлердің бақылау жасау
проблемалы етуі мүмкін. жанжалды уақытында тыйып,
тоқтатуға мүмкіндік береді.
11 Менеджер - өзіне және отбасына 11 Менеджер акционерлерге есеп
есеп беретін отбасы мүшесі. береді.


Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері
мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді.
Отбасылық бизнестің басты ерекшелігі – кез-келген қиыншылықтарға
қарамастан бизнесты жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі.
Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек
ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Отбасылық бизнестің тағы бір
артықшылығына, ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшыларға қарау
деңгейінің жоғарылығы жатады.
Адам Смиттің айтуы бойынша әрбір кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге
асыру үшін және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік
иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және оның
нәтижесінде оған өзі иелік жасайды. СЭЙ-дің анықтамасы бойынша бұл өндіріс
факторларының қисынын келтіріп, ұштастырып отыратын экономикалық қызмет
атқаратын адам. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікпен айналысу жеңілдеді,
көптеп кредиттер бөлініп отыр, тіркелу де жеңілдеді.

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
2.1. Шағын бизнестің дамуы

Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын
жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның
бірі – шағын бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда,
нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және
бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда,
жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және
жаңа технологияларды енгізуде шағын бизнес шешуші фактор ретінде маңызды
роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді,
өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс
секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің
мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге
сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік
субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын
кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының
тез дамып келе жатқанын көрсетеді.
Тіркелген, сондай-ақ жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың саны жағынан
ең көбі Алматы қаласында байқалуда, онда тіркелген 33395 кәсіпорынның 23034-
і жұмыс істеуде немесе 69%. Астана қаласында бұл көрсеткіш сәл жоғарырақ,
ол жерде тіркелген 5282 шағын бизнес субъектілерінің 4342 немесе 82,2%,
Қостанай қаласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың пайызы 80,3%.
2001 ж. 1 қазанынан бері Қазақстан Республикасында 885906 адамды
жұмыспен қамтамасыз ететін шаруа қожалықтарын қосқанда бүгінгі таңда 257937
жеке кәсіпорын жұмыс істеуде.
Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдыңғы орында
Оңтүстік Қазақстан облысы иеленуде, онде шағын бизнеспен 54849-дан астам
адам айналысуда немесе республика бойынша жалпы көрсеткіштің 21,2%.
Ақтөбе облысында 22865 шағын бизнес субъектілері тіркелген, бұл 1998
жыл басындағы көрсеткіштің 128% құрайды. Жалпы облыстағы шағын бизнес
саласында жұмыс істейтіндер саны бүгінде 77080 адамды құрауда немесе өткен
жылдың мерзіміне қарағанда 147%. 2007 ж. ауылшаруашылық жобаларын қолдау
мен дамыту үшін 11 ай ішінде 24 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 44,9 млн.
теңге бөлінді. Ақтөбе облысында шағын бизнес жалпы соммасы 12,7 млрд.
теңгеге тең өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 2 еседей жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының шағын бизнес кәсіпорындары 2006 жылы 9 ай
ішінде 76,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 1998 жылғы осы кезең ішінде
облыс бойынша өндірілген өнімнің жалпы үлес салмағының 157% құрайды. 2007
жылы қазан айының басындағы жағдай бойынша облыста 37235 шағын бизнес
субъектілері, 22048 жеке кәсіпкерлер және 15198 заңды тұлғалар тіркелген.
Солтүстік Қазақстан облысында 01.10.2007 ж. 14249 шағын кәсіпкерлік
субъектілері тіркелді, олардың 2932-сі – заңды тұлғалар, 11317-сі – жеке
кәсіпкерлер.
Қазақстан Республикасында экономиканың шағын секторында жұмыс
істейтіндердің саны 01.10.2005 жылы орта есеппен 1481600 адамды құрады,
олардың ішінде 886000 адам жеке кәсіпкерлер. Салалық құрылымда көрсетілген
сомада (354494,1 млн. теңге) өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету)
көлемінің 54%-дан көбі саудаға тиесілі. Өнеркәсіп саласында тек 28724,1
млн. теңге соммасында өнім өндірілген немесе 8,1%, ауылшаруашылығында –
34223 млн. теңге (6%), көлік және байланыс – 12456 млн. теңге (3,5%), қонақ
үйлер мен мейрамханаларда – 4346 млн. теңге (1.2%).
2000 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Президентінің Шағын
кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдау көрсету шаралары
туралы 1997 ж. 6 наурызда қабылданған №3398 Үкімінің орындалуымен
республикада қолданылмай қаңырап тұрған 4565 объектілер мен ғимараттар
айқындалды. Олардың 2066-сы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сатылды.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары
басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке
меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциялары, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
формаларында қайта құрылды.
Егеменді қазақстанымызда кәсіпкерліктің даму тарихына он жеті жыл
толды. Шағын бизнестің өсу динамикасын келесі 1 кестеден және 2 кестелерден
көруге болады.

1-кесте
1993-1999 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы

Жылдар 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999
Кәсіпорындар 19060 20606 21260 17539 21907 31145 63422
саны
Өсу қарқыны 100 108 103 82 124 142 203

2-кесте
2000-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы

Жылдар 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Кәсіпорындар 99289 115354 130770 143160 141783 195700
саны
Өсу қарқыны 157 116 113 111 99 138

Жоғарыда көрсетілген 1 және 2 кестелерде көрсетілгендей тоқсаныншы
жылдары шағын кәсіпорындардың қалыптасуы жоғары қарқында, ал екі мыңыншы
жылдары өсу қарқынының төмендегенін, бірақ жалпы кәсіпорындардың санының
өсуінің сақталып қалғанын көруге болады.
Алғашқы 1992-1994 жылдардағы қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау республиканың
экономикасн дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық – басқару
құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары
және монополизацияландыруды жүргізу жолымен жеке кәсіпкерліктің негізін
қалауға мүмкіндік берілді. Осы жылдары шағын кәсіпорындар мен онда жұмыс
істегендер саны көбейе түсті.
Статистикалық құжаттар көрсетіп отырғандай шағын кәсіпорындар саны
бойынша абсолютті лидер болып, сол кезде ғылым және ғылыми қызмет көрсету
формалары табылды. Мұнда шағын кәсіпорындар саны 3,4 есе өсті. Ауыл
шаруашылық сферасында шағын кәсіпорында саны 3,1 есе өсті. Содан кейін
нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет
және материялды – техникалық қамсыздандыру (2,9 рет) жүреді. Артынын ұлттық
білім беру сферасы (2,8 рет) жүреді.
Екінші 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке
секторын қалыптастыруға қажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру болып табылады. 1995 – 1996
жылдардағығы шағын кәсіпорындар санының түбегейлі баяулауына бұрынғы КСРО
заңдары бойынша құрылған шағын кәсіпорындардың кайта тіркеуінің тоқтатылуы
әсер еткен болатын. Кайта тіркеу барысында жұмыс істеп тұрған шағын
кәсіпорындар жаңа ұйымдық формаларға көшіп отырды, ал жұмысын тоқтатқандар
– жай жойылып отырды.
1998 жылдың желтоқсанында үшінші 1999-2000 жылдардағы Қазақстан
Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы қабылданылды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты
дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын
кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, нақты бәсекелестік ортаны құру болып
табылады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген
өзгерістер болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттеріне заңсыз
араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында бақылаушылық және
қадағалаушылық органдар кезекті тексерулерін жүргізер алдында олардың
прокуратура органдарынан тіркеуден өту Ережелері жасалынды және бекітілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Заңына толықтырулар
енгізілді. Нәтижесінде, бұл заңда қабылданылған шаралар азаматтардың
кәсіпкерлік қарқындылығының жетілдірілді, яғни 1-кестеде көрсетілгендей
1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып
келді.
Төртінші қабылданған 2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының
кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда өзінің
өзгерістерін алып келді.
2002 жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау
шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің
тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау жүзеге асты.
2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының өкіметінің №716
жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге 22 716100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнесті дамыту туралы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
Экономика және бизнес факультеті
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Пәндер