Шағын топтың әлеуметтік психологиялық феномені
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шағын топтың әлеуметтік психологиялық феномені
Орындаған: 2 а әлеуметтік іс
тобының студенті
Жетекші:
Орал-2013ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Әлеуметтік психологиядағы шағын топтың зерттеулері
1.1. Шағын топтың генезисі мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Әлеметтік психологиядағы шағын топтың
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. Шағын топтың әлеуметтік психологиялық феномені
2.2. Шағын топтағы лидерлік шешім
қабылдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Лидерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Өмірдің және адамдардың өзара қарым-қатынасы, тарихи жағдайлар
адамдарды ұлт, мемлекет, тап, партия және баска қауымдықтарға бірігуге
әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша емес, объективті заңдардьң әсері
нәтижесінде құрылды.
Қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Ондай
топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін,
яғни: қалыптаса бастаған өзара қатынастардын ықтиярлылығы мен тереңдігіне,
кұрылу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтың нормаларына көзкарасына
негізделеді. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне
байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады.
Шағын және бастапқы топтар біршама тұрақты, құрамы жағынан кеп емес,
мүшелері бір-бірімен тікелей катынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған
адамдардын бірлестігі. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге
жұмылдырған ортақ максаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы
біледі және топтың ал-дында тұрған міндетті орындау кезінде өзара қоян-
қолтык қатынаста болады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды
және 30-40 адамнан аспайды.
Семья, өндірістік бригада, самолет не космос кораблінің экипажы, поляр
станцияеында кыстаушылар, мектеп класы сияқты бірлестіктерді кіші топ деп
есептеуге болады. Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы,
оқушы мектептегі барлық іске катысады, ол ауладағы футбол командасыныц
капитаны да т. Б. Кіші топтагылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды.
Әркім топтағы кез келген адаммен ез қалауы бойынша және қажетінше қатынас
жасайды. Ал іс жүзінде топ мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін
жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым-қатынасы жақындық
сипат алады (көңіл қалауымен не-месе іс бабымен). Бұл былайша айтқанда
бастауыш топ, немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Әдетте
мұндай топ мүшелерінің саны көп болмайды (2—7 адам). Оның мүшелері кіші
топтын. Мүшесі болып кала береді, өйткені мұндайда іс бабындағы катынастар
мен езара қарым-катынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала
отырып, дербес қауым да бола алады.
Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік топ – жеке адамдардың бірлескен,
ынтымақтасқан әрекетті жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған
адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі
бір формасы.
Әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасып, дамуы оның элементтері
индивидтердің әлеуметтік байланысы мен өзара ықпалдасуының негізінде
жүреді. Әлеуметтік байланыс негізі нақты бір әлеуметтік қауымдастықты
құратын адамдардың іс-әрекетімен сипатталады. Әлеуметтік қауымдастықтар
ұлттық, діни, мәдени, территориялық, этникалық, жыныстық, жастық т.б.
белгілеріне қарай біріктіріледі.
Әлеуметтік топтарды ауқымына, әлеуметтік белгілеріне қарай былайша
жіктеуге болады:
1) номиналды топ – тұрғындарды статистикалық есепке алуға арналады.
Бұндай топты әлеуметтік категория деп те атайды. Әлеуметтік категория -
тұрғындарға статистикалық сараптама жасау мақсатында құрастырылған топ.
Олар үлкен әлеуметтік топтарға жатады (мысалы: психдиспансерде есепте
тұрғандар, көпбалалы, азбалалы отбасылар т.б.).
2) реалды топтар – үлкен және кіші болуы мүмкін. Олардың реалды
аталуының себебі, бұндай топта адамдар нақтылы әлеуметтік белгілеріне қарай
ажыратылады.
Зерттеу мәселесі. Әлеуметтік топтарды қарастыру барысында әлеуметтік
ұйым түсінігімен танысу және шағын леуметтік топтардағы психологиялық
жағдайды анықтау және шағын топтың әлеуметтік психологиялық феноменімен
танысу.
Зерттеу объектісі. Шағын әлеуметтік топтағы психологияны анықтауға
арналған әдістер.
Зерттеу мақсаты. Шағын топтың әлеуметтік салада алатын орнының
маңыздылығымен қатар топ психологиясын зерттеген ғалымдардың
тұжырымдамаларымен, топ түрлерімен және қазіргі кездегі топ психологиясын
зерттеу жолдарының бағыттарымен таныстыру.
Зерттеу пәні. Әлеуметтік психология
Зерттеу көздері. Әлеуметтік топтар туралы ғалымдардың айтқан
пікірлері, бұқаралық ақпарат көздері мен әлеуметтік психологиялық газет
журналдар.
Зерттеу міндеттері. Әлеуметтік топтар туралы түсінік бері және уүлкен
әлеуметтік топтағы психология ерекшелігімен таныстыру.
Зерттеу әдістері. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау және әңгіме, сұхбат жасау түрі.
Зерттеу құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас
бөлімдері бар. Ол кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1.1. Шағын топтың генезисі мен дамуы
Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді,
дамудық белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай-
ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да, формалды емес топқа
да бірдей дәрежеде қатысты.
Топтың қалыптаса бастауы деп ассоциацияны — адамдардың уақыт және
кеңістік белгілері негізінде бірлесуін алу керек. Мектепте I класс,
институтта I курс тобы, туристер мен экскурсанттар осылай қүрылады.
Ассоциацияда ортақ мақсат жоқ, іскерлік және жеке қарым-қатынас та
қалыптаспаған бірак, оған қажет алғы шарт болады. Ассоциацияға кіруші әрбір
адамның өзіне тән және, әдетте, басқалардын жеке мақсаттарына ұқсас мақсаты
болады. Бірақ бұл ортақ мақсат емес. Бірігіп әрекет жасау кезінде
ассоциацияға қатысушылар арасында іскерлік және жеке қатынас орнайды. Сонда
ассоциация сапалық жағынан мүлдем басқа және әлдекайда күрделі қауымдастық
— корпорацияға айналады. Қорпорация — адамдардың өзімен-өзі түйық
бірлестігі. Ассоциация сияқты, оның да ортақ мақсаты болмайды. Корпорацияда
әркім өзінің жеке ойын жүзеге асырады, ол басқалардың ойына үқсас болады.
Корпорацияға оқшаулық тән. Ол басқалармен мүлдем катынас жасамайды ал
қатынас жасайтын болса, оның көп сатылы болатыны сонша, корпорацияға
қатысушылар байқамай да калады.
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғары формасы — коллектив.
Коллектив — ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жумыла еңбек ететін
және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы.
Коллективтің белгілерін А. С. Макаренко анык, та толык айтып берді:
Коллектив дегеніміз - жеке адамдардын өз алда-рына мақсат қоя ұйымдасқан
коллективтік органдары бар комплексі. Ал коллектив ұйымы бар жерде
коллективтік органдар да бар, коллектив сенетін өкілетті өкілдер үйымы бар
және жолдастың жолдасқа қатынасы мәселесі — ол жай ғана достық, жақсы көру,
көршілік мәселесі емес, ол жауапкершілікті тәуелділік мәселесі .
Коллектив қоғамдық мәні бар міндеттерді тиімді шешуге бейім келеді
және тұракты әрі бір-біріне көмектесіп отыруға бейімделген, өзара карым-
қатынас орната алады.
Қызмет мақсатына орай коллектив кәсіби (өндірістік, творчестволық,
әскери, оку) қоғамдық үйымдар (кәсіподақтар), ерікті коғамдар (ғылыми,
әскери-спорттық), өздігінен іс атқаратындар (көр-кемөнерпаздар,
коллекционерлер қоғамы) коллективтері болып жіктеледі. Басқа коллективтер
жүйесіндегі орыны мен байланысына қарай ол контактілі және негізгі болып
бөлінеді. Контактілі коллектив - ол коллективтің белгілері бар бастапқы
топі. Негізгі коллектив — контактілі коллективтердің бірігуі. Мысалы,
студенттер топтарын контактілі коллектив, факультетті — негізгі коллектив
деп қарауға болады.
Қоллективтін әрбір мүшесінде өзіне тән коллектившілдік сезімі болады.
Ортақ істе коллектив болып бір мәселені шешкен кезде пайда болған
коллектившілдік сезім, бірте-бірте нығайып бекіп, тұрақтыланады. Соның
негізінде жеке адамның касиеті қалыптасады.
Топтың дамуы Такменнің екі факторлық концепциясынан да көре аламыз.
Оның концепциясы бойынша фактор эмоциялық. Осы факторға байланысты топтың
даму деңгейлері мынандай:
Эмоциялық:
Тәуелділікті тексеру-кім қалай жұмыс істейтінін байқау әжне өзара
әрекеттесу жолдарын іздестіру.
Ішкі қақтығыстың тууы-өзара әрекеттесудің бұзылуына әкеледі.
Топтық бірігуді орната бастау-қарым-қатынастағы тепе-теңдіктің
қалыптасуы.
Рольдердің пайда болуы (рольдер бойынша еңбектің бөлінуі)
Іскерлік:
Мақсатқа жетудің тиімді жолын іздестіру
Мақсатқа жету жолында қойылатын талаптарға қарсы шығу.
Информацияны айырбастау арқылы топ мүшелерінің бір-бірін тереңірек
түсінуі.
Мақсатқа жету, шешімді қабылдау.
Топ бірігуі, ұйымдасуы феномені А.В. Петровскийдің стратометриялық
концепциясында да қарастырылды. Стратометрия-топтың құрамдық бөлшектерін
ажырату. Топтың құрамдық бөлшектері:
1) топ ядросы-іс-әрекет мақсаты,
2) топ құндылықтарының біртұтастығы,
3) тікелей эмоциялық байланыстар. Осы критерилерге орай А.В. Петровкий
топтың динамикасын көрсетті.
леуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos —
сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың
қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің
рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да
басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай
жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология
қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан
қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және
тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны
стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл
ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
- әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
- тұлға психологиясы;
- ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі
адамдардың өзара әрекеттесуі;
- түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен,
философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен
нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір
сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының
нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер
социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын
ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен
заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың
жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен
қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін
ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың
қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық
сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму
тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл
бөліне бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке
ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия,
Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының
жетекші бағытына айналды.
1.2. Әлеметтік психологиядағы шағын топтың зерттеулері
Адамның әлеуметтік мәні оның материалдык және рухани өмірінен
көрінеді. Басқа адамдан оңаша жүрген болса ол, табиғаттың құлы болудан оның
әміршісі болу дәрежесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық кызмет адамдарды
тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың табиғатпен күресінде күшін
еселей арттырды. Сонымен бірге орта, еңбектегі өзара қарым-катынас
психиканың қалыптасып дамуыны адамға ғана тән қасиет — сананын пайда
болуынын шешуші факторына айналды.
Бастыс психологиясында шағын топты зерттеу тарихы 3 кезеңнен тұрады.
1) ХХ-ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Осы кезде индивид жалғыз өзі
ғана болғанда жақсы жұмыс істейді немесе басқалардың қатысуы оны
ынталандырады ма?-деген сұраққа жауап іздестіреді. Бұл мақсатта бір жерде
жұмыс істеп отырған адамдар зерттелінді. әрқайсысы өз-өзімен жұмысын
атқарып отырды. Осындай бір жерде жиналған бірақ әрқайсысы өз жұмысымен
айналысып отырған адамдар батыс әлеуметтік психологиясында коакция деп
аталынды. Зерттеу бойынша басқалар қатысып отырған жағдайда жұмыс
жылдамдығы жоғарылап, жұмыс сапасы төмендейді. Мұны ғалымдар сенсорлық
ынталандыру эффектісінің әсерімен түсіндірді: жұмыс жылдамдығына басқаны
көру мен естуі әсер тигізді. Бұл эффект-әлеуметтік фацилитация деген атқа
иеленді. Яғни басқалардың әрекетке ынталандыратыны оны жеңілдететінің
көрсетеді. Бірақ зерттеулер бойынша басқалардың қатысуы әрекетті тежейтінін
көрсетті. Бұл ингибиция эффектісі деп аталды.
2) Шағын топтағы адамдардың әрекеттесуі зерттелінді. Зерттеу
нәтижесінде жасалған қорытынды: мәселені жалғыз адам шешіп отырғанына
қарағанда бірлескен, топтық жағдайда шешу жақсырақ, әсіресе мәселенің туа
бастаған кезеңінде. Кейін мәселені шешу оның түрлеріне байланысты да деп
тұжырымдалды.
3) Шағын топ ерекшеліктері сипатталды. Шағын топта статикалық және
динамикалық процестер жүреді. Топтың статикалық процестері-тұрақты,
ерекшеліктері (оның шегі құрамы). Динамикалық процестері-топ дамуының
көрсеткіштері:
1) Топқа жаңадан кірген адамның топтың баяғыдан бері нормаларын
меңгеру. Бұны топтың индивидке қысым жасау феномені деп атайды.
2) Жаңадан пайда болған топ ішінде нормалар мен құндылықтардың
қалыптасуы. Бұны топтың бірігу феномені деп атайды.
Топтың индивидке қысым жасау феномені конформизм деп аталады.
Конформизм бұл индивидтің топ көзқарастарына бағынуы, бейімделуі. Саяси
салада конформизм-басқалармен келісу, бәсекелстікке түспеу. Психологияда
онымен байланысты психологиялық қасиетті конформдылық деп атайды.
Конформдылық индивид пен топ көзқарастарының арасында қақтығыс туа бастаған
жағдайда пайда болады. Конформдылық бұл қақтығыстың топ үшін тиімді
шешілуі.
Конформдылыққа байланысты С. Аш 1951 жылы классикалық эксперименттері
жүргізілді. Экспериментте студенттер қатысты. Оларға сызықтың ұзындығын
анықтау керек болды. Әрқайсысына екі карточка таратылды (оң және сол
қолына). Сол жақ карточкада-1сызық, ал оң жақтағы карточкада-3 сызық болды,
3 сызықтың біреуінің ұзындығы сол жақтағы карточкадағы сызықтың ұзындығына
тең, қалғандары тым ұзын немесе тым қысқа. Эксперимент екі кезеңде
жүргізілді.
Бірінші кезең. Әр студент жеке сол жақтағы карточкадағы ұзындыққа тең
оң жақтағы карточкдағы ұзындықты тапты. Осы кезеңде барлық студенттердің
жауаптары бірдей болды.
Екінші кезең. Мұнда арнайы әдіс қолданды. Бұл әдіс бойынша біреуінен
басқа туденттердің бәріне жалған жауапты беріңіздер деп алдын ала
ескертілді. Ал осы бір ескертілмеген студент наивный субъект ролінде
болды. 123 наивный субъекттің 37 пайызы топтың жалған жауаптарына еліктеп,
қате жауап берді, яғни оларға топ көзқарастары қысым жасады.
Осындай эксперименттер нәтижесінде ғалымдар конформизмге түсу
себептерін анықтады-бұл адамның жеке ерекшеліктері (өзіне сену, ақыл-ойдың
дамуы) және эксперимент ерекшелігі.
Кейбір ғалымдар С. Аш эксперименттері дұрыс емес деп тұжырымдайды.
Өйткені, сызық ұзындықтарын анықтау өмірдің реалды мәселелері мен
теңестіруге болмайды. Олар, адамдар өмірдің маңызды мәселелерін шешу
кезінде өздерін басқадай көрсетуі мүмкін деп ойлайды.
А.В. Петровский бойынша конформдылықтың үш типі бар:
1) Топ ішінде сенушілік-топ көзқарастарын меңгеру.
2) Конформдылық-сырттай келісіп, іштей келіспеу.
3) Ұжымдастық-индвидтің ұжым көзқарастарына тілектесу.
Топтың динамикалық механизмдері:
1)Топтық сай келмеушіліктерді шешу. Сай келмеушілік-топ дамуының
қозғаушы күші.сай келмеушіліктер:
- топтық қажеттіліктер оларды қанағаттандыру үшін керекті
мүмкіндіктер арасында
- топ мүшелерінің бір жағынан өзін-өзі дамытуға ұмтылуымен, екінші
жағынан олардың топтың басқа мүшелерімен болғысы келуі арасында.
2)Идеосинкразиялық несие-топтық нормаларды ұстанбауға рұқсат беру.
Мұндай рұқсатты топ лидерге бере алады (егре оның әрекеті топтық дамуды
қамтамасыздандыратын болса).
3)Психологиялық айырбастау-топтың әр мүшесі оның дамуы үшін белгілі
үлес қосады. Осыған қарай оның топтағы орны ролі белгіленеді.

2.2. Шағын топтағы лидерлік шешім қабылдау
Шағын топ - ортақ әрекетпен, өзін ұстау нормаларымен біріккен, жақын
эмоционалдық қарым-қатынаста болатын саны аз адамдар тобы (3-тен 15 адамға
дейін). Сыныптық-сабақтық жүйенің аясындағы ұжымдық-топтық жұмысты
ұйымдастыру шағын топқа арналған.
Шағын топ — ортақ мақсат-міндеттер арқылы бір-бірімен тікелей
байланысатын адамдар бірлестігі. Шағын топтағы моральды-психологиялық кейіп
кіші топтың әлеуметтік психологиялық күйін сипаттайтын түсінік. Бұл түсінік
негізінде топ мүшелерінің бір-біріне, іске қатынасына деген әдептік
нормалар, топ мүшелерінің алдарына қойылған мәселелерді ұйымдасып шешуіне
және жұмыс жасауына психологиялық дайындығы қарастырылады.
Бұл лидерлік және басшылық қызметіне байланысты. Лидер шешімді
қабылдау процесін ұйымдастырады.
Көптеген жағдайда, жеке қабылданған шешімге қарағандатоптық шешімдер
өнімді.
Топтық шешім-бұл топ мүшелерінің жеке көзқарастарының жай ғана қосылуы
емес, бұл одан күрделі процесс.
Топтың шешімді қабылдау процесі дискуссия мехизміне негізделген. Мұны
зерттеген Левин.
Эксперимент АҚШ-та 2-ші дүниежүзілік соғыс кезінде жүргізілді. Бұл
кезеңде тамаққа байланысты кризис болды. Еттің орнына консервілерді сатты.
Үйде отырған әйелдер онымен келсіпеді.
Экспериментке 6 топ, 13-17 адамнан тұратын үйде отырған әйелдер
қатысты. Кейбір топқа консервілердің пайдасы туралы лекция жүргізілді. Ал
кейбір топтарда консервілердің пайдасы туралы дискуссия өтті. Бір жұмадан
кейін үйде отырған әйелдерден консервілер туралы ойларын сұрағанда,
лекцияға қатысқан үйде отырған әйелдердің 3% пікірін өзгертті, ал
дискуссияға қатысқан адамдардың 32% пікірін өзгертті.
К. Левин бойынша лекция кезінде үйде отырған әйелдер лектордын сөзін
пассивті тыңдаған себепті әркім өзінше түсінді де, әркім өз пікірінде
қалды. Мұнда үйде отырған әйелдердің пікірлерінің өзгеруі лектордың
дәләлдеу қабілетіне тәуелді болды. Ал дискуссия кезінде топтың әр мүшесі
шешімді қабылдау процесіне қоысылп отырған себептен, басқаларға қарап қарсы
шыға алмады. Сөйтіп топ мүшелері бірте-бірте шешімге келді.
Дискуссия кезінде екі заңдылық туындайды:
I. Проблема бойынша қарама-қарсы көзқарастарды, проблеманы әр жағынан
қарауға мүмкіндік береді де, сонымен проблемаға деген қарсылықты
төмендетеді.
II. Бүкіл топтық қабылданған шешімнің маңызы жоғарылайды, себебі ол
топ нормасы бола бастайды.
Сонымен топтық жағдайда шешім қабылдау тиімді. Сондықтан ғалымдар
топтық шешімді қабылдауды, дискуссияны жүргізу жолдарын іздестіре бастады.
Бұның кейбір жолдары баяғыдан бері белгілі-бұл мәжіліс, кеңес.
Қазіргі зерттеулерде дискуссия жүргізудің жаңа формалары анықталды:
Осыны А.Осборн негіздеді. Брейнсторминг (милық шабуыл атанды). Адамдар
екі топқа бөлінеді: ойды тудырушылар және сынаушылар.
Басында бірінші кезеңде ойды тудырушыларжұмыс істейді, белгілі
мәселе бойынша кез-келген ойларын айтады. Осының маңызды шарты көбірек идея
жинау, ешкімнің ойын сынауға болмайды, идеялар дұрыс немесе дұрыс емес,
фантастикалық та болуы мүмкін.
Екінші кезеңде сынаушылар жиналған идеяларды сұрыптайды, мүлдем дұрыс
еместерін алып тастайды, қалғандарын қайта талдап, қажеттілерін қалдырады.
Сөтіп бір мәселенің шешудің бірнеше жолдарын табады.
2) Синектика-(У.Гордон)-әртүрлі қарама-қарсы идеяларды біріктіру.
Брейнстормингке ұқсас:
I. Кезең-синекторлар (дискуссия бастаушылар 5-7адам) әртүрлі
қарама-қарсы идеяларды ұсынады. Олардың мақсаты топтың басқа мүшелеріне
проблеманының қарама-қарсы жақтарын көрсету.
II. Кезең-бүкіл топ қоыслады,қарама-қарсы жақтарын біріктіріп,
орташа шешім шығарады (барлығын қанағаттандыратын).
Топтық дискуссия кезінде кездесетін феномендер.
1)Риск жылжуы.
Идеяларды іздеп тапқан кезде жеке бастық шешімдері өнімді, ал шешім
қабылдаған кезде топтық шешім өнімді.
2) Бірікен топтарда, бірігуі төмен топтарға қарағанда қызықты идеялар
саны аз. өйткені біріккен топта Біз сезімі қалыптасқандықтан, бір-біріне
қарсы шығуға ынталары жоқ.
Бірнеше таңдау болатын үлкен топтағы таңдау әдісімен алынған
қорытындыны матрицаға алу тиімді. Ол былай жасалады. Тік бүрыш, не тең тік
төртбұрыш сызылады да, ол топтағы адам санына қарай торкөздерге белінеді.
Онын сол жағына жоғарыдан төмен карай және үстін ала солдан оңға қарай топ
мүшелерінің шартты белгілері қойылады. Ол зерттелінетін адамдардың
фамилиясыны алғашкы әрпі, болмаса фамилиясы, рет саны болуы мүмкін.
Көлденең жолғатаңдап алушы туралы мәліметтер, колонкаға (тігінен) тандалушы
мәліметтер жазылады. Дұрыс таңдау + белгісімен, екі жақтың бірін-бірі
таңдауы — белгісімен белгіленеді.
Шағын топта, контактілі коллективте бастауыш топтар мен коллективтер
болатыны белгілі. Оларды жаңа матрицаға тусіруге болады. Ол былай құрылады.
Жоғарыда айтылғандай тік бұрыш не төрт бүрыш жасалады, бір нөмірлес жолдар
мен колонкалардың қиылысатын жеріндегі клеткалар диагональды түрде сызылады
(топ мүшесі өзін-өзі таңдап алмайды).
Алдыңғы матрицадан бірін-бірі қалаған екі адам бөлініп алынады.
Олардың рет саны тордың сол жақ жоғарғы бұрышына жазылады. Тиісті
клеткаларға бірін-бірі қалау белгілері қойылады. Содан кейін сол алдыңғы
матрицадан жаңа ғана матрицаға тусірілген адамдар, бірін-бірі қалап алған
адамдар бөлініп алынады. Олардың рет саны горизонтальды және вертикальды
болып орналастырылады. Сөйтіп, бірін-бірі калап алған адамдар, сондай-ақ
бір-бірімен өзара катынастағы адамдардың ең кемінде жартысы таңдап алғандар
бір жерге бірігеді, бұл шағын топ не коллектив ішіндегі бастауыш топ болып
саналады. Басқа да бастауыш топтардың кұралуы, осындай принциппен жүзеге
асады.
Әлеуметтік психология топтардың, коллективтердің психологиялық әрекеті
көрінісін зерттейді. Бір қарағанда өзініа барлық касиеті, ерекшеліктері
жағынан дара болып көрінуі мүмкін. Ол дұрыс, бірақ сондай-ақ көптеген
адамдардын, санасының бір мезгілде көрініс танытуы да шьгндық. Мұндай
көпшіліктік психикалық құбылыстарға қоғамдық пікір, коллектив болып, күйіну-
сүйіну, бірлесіп жарыс өткізу, еліктеу жатады.
Көпшіліктің басындағы психологиялық құбылыс ең жақын әлеуметтік орта —
коллектив, топ аркылы еніп, жеке адамдарға, жеке адам аралық қатынасқа әсер
етеді.
Қоғамдық пікір — әлеуметтік өмір фактілері, коллективтік қызмет және
жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Ол бағалау функциясына
ие болады. Стихиялы пікір дәл емес информацияға, яғни ұзын құлаққа
негізделеді. Үстем идеологияны, қоғамның, мемлекеттіқ әлеуметтік-
экономикалық укладын бейнелейтін қоғамдық пікір: баспасөз, радио, кино,
телевизия, жиналыс, митингі, т. б. көпшілік информация және коммуникация
мәліметтеріне негізделеді.
Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл
әлемге тарайды. Халықаралық өмірдін соғыс пен бейбітшілік, экономика
мәселесі сияқты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір
қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын коллективі, аудан,
кала, ауыл халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда
қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі төңірегінде ғана болып
қалады.
Қоғамдық пікір коллективтің, топтың, жеке адамдардың өміріне, олардың
бір-бірімен өзара катынасына әсер етеді. Мысалы,мектепте қайсібір оқушы
туралы мұғалімдер коллективі мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады.
Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мумкін.
Шағын топ шеңберіндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады.
Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы фактілер дұрыс
керсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, ол мүшесі болып саналатын топ,
коллектив жағдайына да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке
негізделген болса, жанағы адамның жүрегіне нақақтан нақақ жара салады,
коллективтегі, топтағы өзара қатынасты нашарлатады.
Әлеуметтік қауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып
келуі коллективтік күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдарды
қамтуы мумкін.
Мереке адамдарда көтеріңкі көңіл күйін туғызады. Сұрапыл апат көптеген
мың адамдарды қайғыға батырады. Сөйтіп коллективтік көңіл күйі өзінің
мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз
коллективтік көңіл күйі үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай көптеген
адамдарды қамтиды да коллективтің немесе басқа да сондай бірлестіктін
шырқын кетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағынанұсқан келтіріп,
қалыптаскан қатынасты бүзады.
Қоллективтің көңіл күйі — коллективтік міндеттің орындалуына белгілі
бір дәрежеде әсер етеді. Білек сыбалған құлшыныс, жарқын ынтымактастық,
коллектившілдік, жолдастық сезім бар жерде қандай бір ауыр жұмыстың өзі
жеңіл атқарылады, еңсені басар ауыртпалық сезілмейді және бұған керісінше,
сары уайым, жабырқау, жалғызсырау, жеке адамның және бүкіл коллективтің
шырқын кетіріп рухын түсіреді. Коллективтің көңіл күйі аясында жеке адамдар
арасындағыІ қатынас қалыптасып өмір сүреді. Тату-тәтті коллективте, әдетте,
үрыс-керіс болмайтыны белгілі. Мұндайда адамдар арасындағы қатынас
топта, коллективте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz