Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқу процесіндегі ақпараттық-технологиялар туралы түсінік
1. 1 Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын қолдану . . . 6
1. 2 Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы . . . 11
2. Шет тілін оқытуда интернет ресурстарын қолдану
2. 1 Шет тілі сабағында интернетті қолдану . . . 15
2. 2 Шет тілін оқытуда интернет желісін пайдаланудың маңызы . . . 19
2. 3 Шет тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері . . . 24
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда интернетті қолдану ерекшелігі».
Зерттеу жұмысының мақсаты - сабақта интернетті қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. интернет ресурстары арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі - ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы - шет тілін үйрету процессіндегі интернетті қолдану мүмкіндігі.
Зерттеу әдістері : шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық:
«Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау»;
«Білім беру процессінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау».
Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы: ж аңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: интернет көмегімен шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;
Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1. Оқу процесіндегі ақпараттық-технологиялар туралы түсінік
1. 1 Шет тілі сабағында компьютерлік технологиясын қолдану
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:
- білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
- жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.
- әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б. )
- оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.
«Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мұлахаза (ой, пікір алысу), екінші-мұхафаза (сақтау, қорғау) . Бұл екі қуатты зорайту жаһантінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай дұрыс айтқан.
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында(3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практиға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта(e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар, флипчарттар(интерактивті тақта) және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХІ ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасырды деп жай атамаған. Компьютер-адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықты қоғамдық өмірдің барлық саласы жаһанды ақпараттандыру процессі дамытылуда.
Компьютерлік технология- оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарың анықтайтын технологиялық- педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.
Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.
- Сұрақ -жауап диалогы.
Білімгерлер сұраққа құралған лексика граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.
- Тандамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
- Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
- Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.
- Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады:
- Сөздердің синонимдік пен антонимдік қатары тауып алуға комегін туғызады.
Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнауы мынадай бағдарламалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ә) Мэтчмастер ( сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған бағдарламалар) ; Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын бағдарламалар) ; В) Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған бағдарлама) ; Г) Кроссводмастер (кроссводтарды толтыруға уйрететін бағдарлама) ; Д) Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдырландыру бағдарламасы) ; Е) Юнилекс (мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ж) Гэпмастер (жеберілген бос орындарды толтыруға дағдарлындару бағдарламасы) ; З) Пинпойт (іздену, шешу, табу дағдырларын қалыптастыруға арналған бағдарлама) ; И) Спидрит (білімгерді шапшаң оқуға дағдырландыратын бағдарлама) ; Қ) Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған бағдарлама) ;
Қорытындылай келе, ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданылудың маңыздылығы төмендегілерден көрінеді:
- Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктері;
- Видиефильмдер мен мультимедиалық призентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын пайдалану;
- Ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тіл үйретудің әдіс- тәсілдерін меңгерту;
- Ағылшын тілін үйрету процессіндегі мультимедиа мен видиеофильмдерді пайдалану;
- Флипчарттар арқылы сабақты дәстүрлі емес түрде өткізу;
- Интерактивті тақтаның жаңа сабақты оқушыға сондай-ақ, күрделі тақырыптарда уақытты үнемдеуге өте тиімді;
- Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.
1. 2 Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т. б.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
“English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.
“Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді. Бұл диск екі бөліктен тұрады. 1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.
Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
• оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
• оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
• дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
• ойлау қабілетін дамыту;
• ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.
Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі: «Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл, сөз жок, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барсыныда оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.
Шетел тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар:
- компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімдылыгі артады;
- компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;
- оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады.
Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
Әр сабақ төмендегілерді қатиды:
Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т. б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
• компьютермен үзіліссіз тілдік қарыс-қатынас;
• бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталанудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі;
• компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;
• оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;
• компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.
Компьютер мәтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалау төмендегідей бірнеше бөлімдерден болуы мүмкін.
- Берілген мәтіннің тақырыбын ашу.
- Мәтіндегі кейіпкер тобын ажырату (кейіпкердің аты-жөні, ұнамды ма, ұнамасыз ба?) .
- Қызықты оқиғалар бойынша суреттер салу.
- Мәтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу.
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.
- Мәтіннің әрбір бөліктеріне тақырып қою.
- Ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу.
Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі-түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрдастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес.
Компьютерлік технологиялар арқылы өтетін оқу үрдіс оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шағармашылық қабілеттерін дамытып өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашады. Компьютерлік технологиялар оқыту үрдісінде білім сапасын заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді.
2. Шет тілін оқытуда интернет ресурстарын қолдану
2. 1 Шет тілі сабағында интернетті қолдану
Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz