Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық техникалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2017

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Негізгі мектепте шетел тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері
1.1. Мектепте шетел тілі сабағын оқытудың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ...7
1.2 Проблемалық оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
ІІ. Шетел тілі пәнін оқытуда проблемалық әдісті қолданудың ерекшелігі
2.1 Шетел тілі сабағында пролбемалық оқыту технологиясының қолдану
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Шетел тілінен 6 сыныпқа арналған сабақ
жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Білім беру саласында балалардың таным
қабілеттілігін арттыру – қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі болып
саналады. Әсіресе, Қазақстан елі үшін шетел тілін оқушыларға жете оқыту,
танымдық қабілетпен арттыру — курс жұмысының өзекті мәселесі.
Бұл іс-әрекет түрлері тығыз бірлікте болғандықтан, сабақ мұғалімдер
мен оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру түрі ретінде қарастырылады.
Сабақты психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде қабылдау білім беру
теориясының даму үрдісінде қалыптасады. Ол сабақтың мазмұнын, құрылымын,
типтерін, оған қойылатын талаптарды негіздейді, оны ұйымдастыру және өткізу
әдістемесіне әсер етеді, үлгерім факторларын анықтайды, яғни білім берудің
теориялық бастауы сабақтың ерекшелігін, типтерін, түрлерін, құрылымын және
т.б. анықтайды деген қорытынды жасауға болады.
Біз зерттеу барысында шетел тілі сабақтарына қойылатын негізгі
мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ
типтері мен түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша тәжірибелеріне
талдау жасадық.6
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік әдістеме ғылымында шетел
тілдерін оқыту мәселелерінің біртұтас жиынтығы зерттелуде:
— шетел тілдерін оқытудың танымдық қабілетін дамыту әдістемесінің
ғылыми теориялық негізін жасау [И.Л.Бим, Е.И.Пассов, Н.И.Гез,
М.В.Ляховицкий, Г.В.Рогова, Л.С. Андреевская — Левенстерн, И. В. Комков, Л.
В. Щерба және т.б.];
— шетел тілдерін оқытудың мазмұнын іріктеу [Н.Д. Гальскова, А.Ю.
Горчев, З.Э.Никитенко, Т.В.Маркова, И.С.Якиманская және т.б.];
— шетел тілдерін коммуникативтік — бағдарламалық тұрғыдан оқытудың
теориялық негізін зерттеу [С.С.Құнанбаева, В.И.Герасимов, В.В.Петров, Е.
И.Пассов, П.Г.Козлов, Н.Н.Дьяков және т.б.];
— шетел тілдерін оқытудың әдістемесі мен үлгілерін, оқу — әдістемелік
жүйесін дамыту [Н.П.Каменецкая, А.А.Миролюбоа, Р.К.Миньяр — Белоручев,
И.В.Рахманов, Н.В.Языкова және т.б,];
— Шетел тілдері мектеп оқулықтарын құрастыру [И.Л.Бим, А. П.Старков,
И.В.Рахманов, З.М.Цветкова, Н.И.Гез, Г.М.Уайзер, С.К. Фоломкина,
М.Л.Вайсбург, С.К.Калинина және т.б.];
— оқушылардың шетел тілдерін оқып-үйренуінің аттестациялық талаптарын
негіздеу [И.Л.Бим, Н.Д.Гальскова, Т.Е.Сахарова және т. б.];
— сөйлеу жүйесін дамыту [Р.Д.Брехт, Д.Е.Дивидсон, Р.В.Гинсберг, И.Н.
Верещагина, И.В.Рахманов, Б.А.Бенедиктов және т.б.];
— оқытудың бағдарламалық негіздерін дамыту [И.Я.Пассов, Л.И.Бим
жәнет.б.];
— шетел тілдері сабақтарының әдістемелік талдауларын студенттерге
оқытуда оқу теледидары мен техникалық құралдарды қолданудың әдіс-тәсілін
жасау [Л.А.Желтоватых, В.А.Поляков, А.Е.Карецкий және т.б.).
Шетел тілдерін оқыту әдісі мен теориясының маңызды бағыттарының бірі —
сабақ проблемасын шешудін негізі-оқытуды ұйымдастыру формасы болып
табылады.
Сонымен бірге таным қабілеті ғылымын оқытудың болашағы мен дамуын және
оның бағдарламасын белгілеудің, бүкіл әлемдегі және Қазақстандағы оқытуды
ақпараттандыру үрдісінің қазіргі ақпараттандыру коммуникациялық практикасын
енгізудің негізі жасалып отыр. Соңғы кезде білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес, оқу үрдісінде электронды ақпараттық құралдардың
шетелдік үлгіде тиімді қолданылуы біздің елімізде жалпы жұртшылықтың
қызығушылығын арттыруда,
Зерттеу мәселесі. Оқыту үрдісінде таным қпабілетін оқыту құралын
әртүрлі бағдарламалау негізінде жүзеге асырылуда. Олардың шгінде жиі
қолданылып, тәжірибеде мәні зор нәтижелерге ие болып жүргендері мыналар:
— электронды білім беру бағдарламалары: дәстүрлі көркем мәдениетін
қалыптастыру [М.Х.Балтабаев], жеке тұлғаны кәсіби-экономикалық бағдарлау
[А.К.Ахметов, А.Х.Накпаева];
— дидактикалық қағидалар негізінде оқу үрдісін автоматтандырудың
технологиялық үлгісін жасау [А.І.Тәжіғұлова, Г.Б.Ахметова].
Біздің зерттеулеріміз ағылшын тілін кең және жүйелі түрде пайдаланудың
негізгі бағыттарын логикалық жағынан жетілдіру болып табылады. Біздің басты
мәселеміз Ағылшын тілі сабағы курсы бойынша Шетел тілдерін оқытудың
әдістемесі негізінде жалпы білім беретін мектептердегі ағылшын тілі
сабағында оқулықтарды пайдалану мәселелерін шешу және оның стандарттық
үлгісін жасау.5
А.А.Абдуқадырова, Г.К.Бегаришева, М.М.Буняева, Е.Е.Дурноглазова,
В.А.Матросова, Н.К.Солопова, Б.К.Төлбасова сынды ғалымдардың жұмыстары
кәсіптік білім беруде компьютерлерді пайдалану және оған мамандандырылған
қызметкер даярлауға арналған. Демек, олардың зерттеулері компьютерлік
сауаттылыққа және алгоритмдік бағдарламалық негіздегі жүйелілікпен танысуға
бағытталған. Бұл зерттеулердің нәтижелерінің құндылылығы өз алдына, бұлар
электрондық оқулықтардың оқу үрдісінде пайдаланылуын қалыптастыруды
қамтамасыз етіп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Ағылшын тілі сабағын оқытуда таным қатілетін
арттыру арқылы ағылшын тілі сабағын өткізуге оқыту әдістемесін теориялық
тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
— ағыдшын тілі сабағын өткізуде таным қабілетін дамыту проблемаларын
зерттеу;
— оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді
оқыту әдістемесін жасау;
— оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді
оқыту әдістемесін тиімді зерттеу тұрғысынан эксперимент жүргізу.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық
тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық
бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Негізгі мектепте шетел тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері
1.1. Мектепте шетел тілі сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттері
Негізгі мектепке арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім беру
деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады, яғни ол шетел тілін
меңгерудің жалпы европалық деңгейлеріне (А1), (А2) сәйкес келеді. Шетел
тілін оқыту тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып)
өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға
бағытталған: негізгі орта мектеп (5-9 сыныптар). Осыған сәйкес негізгі
орта мектепте шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Шетел тілі курсының жалпы орта білім беру деңгейіне: В1- бастапқы
қоғамдық-гуманитарлық бағыты жатады.
Шетел тілін оқыту 5-9 сыныпта қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін
негізге ала отырып, негізгі білім беру деңгейінде үздіксіздік ұстанымына
сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын
көздейді. 10-11 сыныптарда оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының
негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны В1 бастапқы (қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы) деңгейіне сәйкес келеді.
Шетел тілі оқу пәнінің жалпы мақсаттары:
- Көптілді тұлға қалыптастыру: әлем мәдениетінің құндылықтарымен
танысу, мәдени диалог негізінде туған мәдениетін терең түсіну, гуманистік
дүниетанымға тәрбиелеу;
- Коммуникативті - мәдениаралық құзіреттілік пен оны құрайтын қосымша
құзіреттіліктерді қалыптастыру: тілдік, сөйлесімдік, әлеуметтік – мәдени,
лингво – мәдениеттік, компенсаторлық, оқу – танымдық.
- көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды
бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін
кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;
- мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық
бөліктерін қалыптастыру: тілдік – тілдік құралдарды және оларды шеттілдік
қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік – сөз әрекетінің 4
түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени,
лингвомәдени, компенсаторлық –лингвистикалық құрал ретінде вербальды
(синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-
ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;

- жалпы европалық деңгейлер шеңберінде (А1, А2) оқушылардың тілін оқып
отырған елдің мәдени нормаларын, салт дәстүрлерін өз елі мәдениетінің
ұлттық салт дәстүрлерімен салыстыра отырып меңгерту;
- оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау
қабілетін қалыптастыру;
- тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар
әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; шетел тілі құралдары
арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте
сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай
меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;
- шетел тілін меңгеруде спецификалық іскерліктерді қалыптастыру:
қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және
грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық
технологияларды меңгеру.
Тілдік құзіреттілік - тақырыптар мен қарым-қатынас аясына сәйкес жаңа
тілдік әдістерді игеру, мектепте алған тілдік білімді жүйелеу, кәсіптік-
бағдар сипатындағы ақпараттар көмегімен білім көлемін арттыру;
Сөйлесімдік құзіреттілік- араб тілін тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу, жазу
негізіндегі танымдық және қатынас құралы ретінде қолдану;
Әлеуметтік-мәдени құзіреттілік- оқитын елдің әлеуметтік – мәдени
ерекшеліктерін білу арқылы білімін арттыру, сол ерекшеліктерге сай сөйлесім
құрауға дағдылану;
Лингво – мәдениеттік құзіреттілік- лингво-мәдени жайттарды дұрыс әрі
жаңаша көзқараспен түсіну дағдысын қалыптастыру;
Компенсаторлық құзіреттілік- шет тілін қолдану арқылы қарым-қатынаста
тілдік құралдардың жетіспеу жағдайынан шыға білу қабілеті;
Оқу-танымдық құзіреттілік- арнайы оқу қабілетін дамыту, оқып жатқан
тілді білімін, таңдаған мамандығын жалғастыру мақсатында қолдану.
Шетел тілі пәнін оқытудың міндеттері:
1) пәнаралық байланыстарды (сөз таптарын, синтаксис, морфология,
фразеологизм; тарихи оқиғалар, географиялық құбылыстар, өз елінің мәдениеті
т.б.) қолдану арқылы тілдік білімді кеңейту;
2) оқушыларды әлеуметтік, лингво-мәдени, тұлғалық қасиеттерін нығайту,
өзге өмір қалыптарын, өзге таным мен сезім жүйесін бағдарлау қабілетін
дамыту, тақырыптағы әлем мәдениетін оқушылардың түсінуі, әлеуметтік
мәселелерге сыни көзбен қарау;
3) шетел тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану,
тілдік тәжірибеде жетілдіру (сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, жаңа
ақпараттық құралдардың көмегімен);
4) шетел тілін меңгеруде оқушылардың белсенділігін ары қарай дамыту,
өзін -өзі бақылау мен бағалауға дайындау, сонымен қатар оқып жатқан тілін,
білімін жалғастыру мақсатында қолдану.
5) мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды
бөліктерімен жалпы европалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А1, А2
деңгейлері) ары қарай дамыту;
6) жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және
проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;
7) проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл
құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін
қалыптастыру;
8) оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін
қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;
9) шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет
диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.
Оқытудың мазмұнын іріктеу методологиялық, жалпы дидактикалық және жеке
әдістемелік ұстанымдардың негізінде жүзеге асады.
Методологиялық ұстанымдар: когнитивті, коммуникативті, әлеуметтік-
мәдени, лингво-мәдени, рефлексті-дамулық.
Жалпы дидактикалық ұстанымдар:
Сабақтастық ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы
жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология деңгейінде оқытуды
қамтамасыз етеді.
Белсенділік ұстанымы 3 ұстаным тобын қарастырады: тұлғалық-бағдарлау,
мәдени-бағдарлау, қызметтік-бағдарлау. Тұлғалық-бағдарлау ұстанымына
бірегейлік ұстанымы, даму және психологиялық жайлылық ұстанымдары жатады.
Мәдени-бағдарлау ұстанымына әлем бейнесі ұстанымы, білім мазмұнынының
бүтіндігі, жүйелілік және әлемге түсінікті көзқарас ұстанымдарын қамтиды.
Қызметтік-бағдарлау ұстанымы оқушының оқу белсенділігін, оқу жағдайынан
өмірлік жағдайдағы іс-әрекетке өту және оқу-танымдық жұмыстардан жеке
әрекет ету ұстанымын қарастырады.
Пәнаралық интеграция ұстанымының өткенді шолатын (ретроспективті),
қатарлас (параллельді) және перспективті қасиеті бар және бұл ұстаным екі
түрлі тәсілмен іске асады:
- мазмұнының жекелеген бөлімдері Шетел тілі пәнінің сөйлесімге
бағытталған (речевой) тақырыбында кездесетін, Тіл және әдебиет, Адам
және қоғам, Өнер және т.б. осы секілді пәндер салаларының пәндік
білімдерін қолдану жолы;
- шет тілдерді меңгеру саласына басқа пән салаларынан әрекет
тәсілдерін тасымалдау жолы: мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі, мәтінді
мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және нақтылаушы ақпаратты бөліп алу және
т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы
қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс).
Түсініктілік ұстанымы шет тілін оқыту барысында жоғары сынып
оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық
үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Балалардың қарым-қатынас
жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік
ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.
Жүйелілік пен сабақтастық ұстанымы сабақ барысындағы тілдік материалды
жүйелеу, қорыту және қайталау арқылы жүзеге асады.
Көрнекілік ұстанымы көрнекі құралдардың барлық түрлерін қолдану, оның
ішінде вербальды, суретті т.б. көрнекілік құралдары кіреді.
Шетел тіліне оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін тіл мен мәдениетті
кіріктіре оқытуды қарастыратын және оқытудың соңғы нәтижесі ретінде
субъектіде (тұлғада) мәдениаралық коммуникацияны қалыптастыратын тұжырымды
негізі когнитивті-лингвомәдени әдіснама болып табылатын шеттілдік білім
берудің заманауи мәдениаралық-коммуникативтік теориясы құрайды. Бұл
кезеңдегі әдістемелік жүйе мазмұнды таңдаудан, материалдың
ұйымдастырылуынан, әдістер мен технологияны қолданумен және бақылау
түрлерімен ерекшеленеді. Іріктеліп алынған мазмұндар қазіргі заманғы
жоғарғы сынып оқушыларының талап тілектеріне сай, оқитын тіл елі мен өз
елінің мәдени мұрасын қамтиды. Әдістемелер мен амалдар, технологиялар құнды
бағдарлардың дамуына сыни көзқарастың дамуына ықпал етуді көздейді.
Ұсынылған ақпараттың мәселелігі оқушыларды ойлануға, жеке қорытынды
жасауға, қажетті ақпараттар іздеуге (сонымен бірге Интернет ресурстарын
қолдану) құлшыныс береді, үздіксіз білім алу, өзін-өзі бағалау
қажеттіліктерін арттырады.
Шетел тілін оқытудағы таңдалып алынған деңгейлерге байланысты оқытудың
мазмұны мен сипаты да өзгереді. Базалық курс бастапқы деңгейге (В1) жетуге
жетелейді. Бұл курстың әдістемелік жүйелері негізгі мектептік деңгеймен
салыстырғанда жоғары (мәдени-коммуникативтік құзіреттілікті қамтығанда).
Базалық курс жалпы орта білімдік мектептерде Шетел тілі пәні бойынша
дайындықты аяқтайды.
Монологтық сөйлесімге үйрету баяндамалар, хабарландырулар жасау
қабілетін дамытады. Әдістемелік амалдар логикалық сабақтастықтың құрылуына,
оқиғаны түсіндіріп баяндауға көмектеседі. Ал тыңдап түсінуді оқытудың
әдістемелік ерекшелігіне сөйлесушінің айтқанын әртүрлі жағдайларда тыңдап
түсіну қабілетін қалыптастырады.
Оқылымға үйретуде қолданылатын төрт басты стратегияға қоса кәсіптік-
бағдар материалдары қолданылады. Жоғарғы сынып оқушыларын жазылымға үйрету
әдістемелері мәтіндерді дұрыс жазуға, баяндамаларды құрастыруға
бағытталған.
Осылайша бұл кезеңдегі оқытудың әдістемелік жүйе құрылымдары бірқатар
оқыту ерекшеліктерімен сипатталады.
1.2 Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың
оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып
табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін
белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық
немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және
шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару,
жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды
алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл
процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л.
Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы
аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі
болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер
жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-
әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың
проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық
мақсаттары:
- Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
- Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен
дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік
сақталады;
- Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы
тұлғасын қалыптастыру;
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым
жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу
процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық
оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету,
оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы
дамуына жағдай тудыру.
Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер
жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының
өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып,
оның творчестволық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың
репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы
жоққа шығарылмайды.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына
байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан
дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды,
мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды
жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды
орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны
күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай
оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.
Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі,
оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол
белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу
программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады.
Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан
қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім
мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті
қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік.
Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық
моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың
өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.
Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет
ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту
процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде
мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет
етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде
инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет
деп ойлаймын.
Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау
және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын
(проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы
басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін
қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының
ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз
етеді.
Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды
шешудіңамалдарын іздестіруі.
2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу
əрекеті
белседілігін қалыптастыру.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау
екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім,
жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де
шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен
шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын
түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды
шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес
қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы,
Дистервергтің дәлелдеуінше, жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз
оны іздеп табуды үйретеді.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір
қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді.
Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде
қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім
берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге
қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз
үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас
аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен
дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни
бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда
мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін,
қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты
дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог
Л.С.Выготскийдің негізі бойынша Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл
мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар
бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу
міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен
қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника
жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау
қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл
проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып
үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов,
А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу
тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз
еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін
қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана
қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.
А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, оқытудағы ойланудың негізгі қызметі
тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде.
Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің
нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық
құралы.
Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың
дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар
негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады.
Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық
оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет
тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл үйренушілердің шет тілі пәндері бойынша дағдылары мен белсенділігін арттыру
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Шетел тілдеріне оқыту әдістері
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Пәндер