Шетелдік аударматану



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Шетелдік аударматану

Орындаған: Курмашева З.

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Аударма - аударматанудың өзегі
1.1Аударма
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне
аудару ... ... ... ... ... ... ... . ...8
2.Шетелдік және отандық аударматану
2.1 Қазіргі әдеби компаративистиканың даму
бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .15
2.2 Аударматану терминдерінің когнитивтік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Аударма жұмысы қазiр бiздiң өмiрiмiзден үлкен орын алады. Әлемде әр
алуан тiл, әр алуан ел өмiр сүрiп отырған жағдайда аударма мәселесiнiң
күнделiктi қажетке айналуы заңды. Аударманы көне, сонымен қатар жаңа ғылым
деп есептеуге болады. Аударма пайда болған кезде әрине, сөзбе-сөз
аударманың басым болғандығы рас. Кейіннен аударманың түрлері көбейді. Сөзбе-
сөз, жолма-жол, еркін, балама аудармалар пайда болды. Аударма ғылымы
біртіндеп өркендей бастады. Ал нағыз аударма дегенiмiз түпнұсқаның стилiн,
тiлдiк ерекшелiгін сақтай отырып, оның көркемдiк-идеялық қасиетiн толық
жеткiзу, әрi қазақша түсінікті етiп шығару. Осы екеуi ұштасқанда ғана
аударма көркем болады. Аударма мәселелерi, соның iшiнде көркем аударманың
проблематикасы тамырын тереңге жайып жатыр. Оның бастауы Ежелгi Римнен
басталады. Сол дәуiрде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды
мәселе төңiрегiнде Цицерон аудару кезiнде сөздi санамау керек, керiсiнше
сөздi салмақтау керек деген екен. Қазақ әдебиетінде аударматану туралы сын
пікірді біз С.Сейфуллиннің еңбектерінен кездестіре аламыз. Аударманың
түрлері туралы да біраз ғалымдар мен сыншылар жазған болатын. Қазіргі кезде
аударманың барлық түрі қолданылады. Әдеби кітаптарды, ғылыми-техникалық
әдебиеттерді, жарнамаларды аударуда аударманың кез келген түрін қолдануға
болады. Қазіргі таңда синхронды аударманың көп қолданылып жүргендігін
байқауымызға болады. Қай кезеңде болмасын, балама аударманы шынайы талантты
аудармашылар ғана қолдана алады. Аудармалары оқырман қауымға жатық,
түсінікті. Сонымен қатар, аудармашы автордың стилі, ырғағын, көркемдік
мәнін т.б. сақтай отырып аударады.
Өз мәдениетiн дамытқан халық қашанда басқа елдiң ғылым-бiлiмiн
үйренуге ұмтылады. Осындай игi iстiң жандануына аударманың айрықша қызмет
атқарғандығы мәлiм. Батыс және Шығыс классиктерiнiң шығармалары қазақ
тiлiне үзбей аударылып келедi. Шетел әдебиетiнiң классиктерiнiң
шығармалары әр кезеңде қазақшаға аударылып отырған. В.Шекспир, Д.Байрон,
Б.Шоу, Ч.Диккенс шығармаларын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік туды. Қазіргі
кезде шетелдік әдебиеттердің қазақ тіліне аударылу қарқыны азайды. Бұрынғы
кезде Жазушылар одағының жанында аудармашылар бөлімі болғандығы белгілі.
Аудармашыларға мемлекеттік тапсырыс беріледі, олар мемлекетпен
келісімшартқа отырады. Содан кейін ғана аудармамен айналысады. Сондықтан да
кеңес үкіметі кезінде аударма кітаптар көп болды. Ал қазір басқаша.
Аудармашыларға деген сұраныс азайды. Белгілі бір автор өз шығармасын басқа
тілдерге аудартқысы келсе, олар аудармашыларды өздері іздейді, келіседі.
Шетелдік әдебиеттерді аудару кезінде, біздің аудармашылар көбінесе сатылы
аударманы қолданады. Біздің аудармашылар түпнұсқадан аудармайды.
Зерттеу жұмысымның тақырыбы Шетелдік аударматану деп аталады.
Зерттеу мақсаты: шетелдік әдебиеттерді аудару үшін аудармашылардың
қолданылатын аударма түрлерін қарастыру, отандық және шетелдік аударматану
теориясы туралы мағлұмат алу.
Зерттеу міндеттері:
✓ Аударманың теориялық негізін анықтау;
✓ Аударманың қазіргі таңда алатын орнын зерттеу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі Аудармашылық – нағыз творчестволық өнер.
Аударма сапасы оның талантына, бiлiмiне, жалпы мәдени дәрежесiне және
тәжiрибесiне байланысты. Сол себептi де жұртшылық әрқашан оның жақсысына
сүйсiнiп, жаманына күйiнiп отырады. Қазір бізде не көп, шетелдік
кинофильмдер көп. Олардың қазақ тіліне қандай дәрежеде аударылып жатқанын
бақылайтын мекеме жоқ. Сондықтан болар, онда аударманың сөзбе-сөз не жолма-
жол түрлері кеңінен қолданылады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1. Аударма - аударматанудың өзегі
1.1Аударма түсінігі
Аударма ұғымы аударматанудың өзекті мәселелерінің бірі. Аударма ұғымын
әр түрлі жолмен, соның ішіне тереңірек үңіліп талдау жасай оырып анықтауға
болады.
О.С. Ахметованың лингвистикалық – терминдер сөздігінде аударма ұғымына
мынадай анықтама берілген: 1.Екі немесе бірнеше тілдерді, ондағы
бірліктердің семантикалық сәйкестігін іздестіре отырып салыстыру. 2.Тілдік
құралдардың көмегімен бір тілдің шығармасындағы хабарды немесе ақпараттарды
жеткізу.3.Өзге тілден айтылған ақпаратты жеткізудің түрлі жолдарын
қарастыру ғана емес, сондай-ақ жаңа мәтіннің бастапқы мәтінге формасы
жағынан да толық сәйкес келуін зерттеу, бұл әсіресе көркем әдеби
мәтіндермен жұмыс жасағанда аса қажет. Осы айтылған түсініктерге
байланысты аударматануда екінші анықтама аса жақын.Үшінші түсініктеме көп
жағдайда көркем аудармаларда қолданылады.
Сонымен аударма ұғымына мынадай анықтама беруге болады: аударылатын
мәтіннің өзге тілде сол тілдің көмегімен бастапқы мәтінге сәйкес
мәтіндердің құрылуы.Бұл мәтін бастапқы мәтінмен мазмұны, құрылымы жағынан
толық сәйкес келуі қажет.
Аударма дегеніміз полилингвистикалық тұрғыдан түсіндірілетін,
нәтижесінде мәтін құралып, аударылатын тілде мәтіннің түпнұсқасын құрайтын
вербальды түрі.
Осыған байланысты ауызша-жазбаша өтілетін іс-әрекет пен нәтижені
байқауымызға болады. Аударма дегеніміз зерттеулер нәтижесінде 2 жақты іс-
әрекетті қамтиды және өзіне мынадай міндеттерді жүктейді аударма
процессі, мәтіндік аударма.
Егер сөз билингвистикалық немесе полилингвистикалық вербальдық болса,
бір тілден екінші тілдегі даму кезеңдері әр түрлі болса, бұл аударманың
адресанты ретінде түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ, бұндай аударма бір тілден
екінші тілге аударылатын аударма деп аталады.
Аударма – тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Жоғарыда айтылған мысалдарға жүгіне отырып, аударманы өзіміз көз
алдымызға айтылатын ойдың берілуі ретінде елестетуге болады, бір тілден
айтылып, екінші тілге жеткізу.[Нелюбин 1983, 145 бет.] Бұл дегеніміз-
аударма процесін тілдік қарым-қатынас құралы ретінде қарастыруға болады,
яғни ақпаратты жіберушіден қабылдаушыға жеткізу.
Аударма процесі ең бірінші нормативтік компоненттері арқылы
анықталады. Осы айтылған мағынада аударма ақпараттарының терминдер
теориясымен қарастырылған, өйткені бұл ақпаратты беруден бірден-бір жолы
олып табылады.Осыған орай, аудармаға басқа да ақпараттарды ауыстыру түрлері
бойынша ғылыми негіздерге бағытталуы мүмкін.
Ақпаратты беру процесінде басты элементтері болып ақпаратты беруші бұл
ақпаратты құрушы және жіберуші, коммуникаия каналы, т.с.с. орта ақпаратты
берудің орындалуы, және де басты коммуникация актісін құрайтын бұл-код, код
қарым- қатынаста қолданылады. Код дегеніміз- бірнеше белгілер жүйесі мен
шарттардан және олардың ауыстыру мақсатымен байланыс каналдары арқылы
ақпаратты беру. Кодтың көптеген түрлері бар, қарапайымнан бастап күрделіге
дейін.
Кодтар өз алдына әр түрлі іс-әрекеттерді білдіреді. Мысалы,
организмнің гентикалық коды өз алдына мұрагерлік комбинацияларды
аминқышқылдары мен протеиндерді қарастырады. Ақпараттарды алмастыру бойынша
кодтар ретінде табиғи және жасанды тілдер пайдалану жол белгілерінің
жүйесі, дәстүр,этикет және т.б болып табылады.
Ақпараттық теорияда айтылғандай, барлық ақпараттық алмасу түрлерінде
қолданыла береді, соның ішінде вербальдық ақпараттық алмасулар. Осыны
қарастырып көрейік.
Сонымен, ақпаратты жіберетін адам бар делік. Сондай-ақ ақпарат
қабылдаушы да бар. Осының ішінде байланыс каналы ретінде әтүрлі
лингвистикалық бірліктер қарастырылады (әріптер, дыбыстар, буын, морфема,
сөздер, сөз формасы және т.б). Бұлар ақпаратты беруге қатысады (жазбаша
және ауызша).
Вербальдық ақпараттардың алмасу кодына тіл қатысады. Бұл кодта арнаулы
шектеулі үйлесімділік беріледі, сондай-ақ басқа тілдік бірліктердің пайда
болуы, осының бәрі нақты айтылатын мәтінде айтылады.
Бұл (аударма) ұғымда аударма сферасында-сөздің үстемдігі.Аудармашы,
лингвистке қарағанда, тек қана тілмен жұмыс істемейді, сондай-ақ мәтінмен
де жұмыс жасайды.
Ақпаратты жіберуші және қабылдаушының бірдей каналға біріккенімен,
бірдей не әртүрлі каналдарға байланысты, бір тілдік не екі тілдік
коммуникация жайлы айтуға болады.
Лингвистикада аударма ұғымы және аударма ғылымы ақпараттық теориядан
өзгешеліктері бар, олар сөздік хабар беруден тұрады. Бұл айтылғанның
барлығы ақпараттар алмасуының берілуі, сақталуы және қайта өңдеуінде
қолданылады.
Осы тәсілдермен, жалпы вербальды коммуникацияның құрылысы мынадай
жолмен жасалынады:ақпарат жіберуші, яғни белгілі кодпен; коммуникация
каналы(ақпаратты жіберуге арналған), жабаша немесе ауызша түрде ақпаратты
(құру) алушы мәлімет немесе реципиент.Бір тілдегі қарым-қатынас нұсқасы
осындай сипатта болады.
Екі тілдік қарым-қатынаста бұл схема аздап өзгеріске ұшырайды. Мысалы,
жіберуші мәлімет аударматану терминінде түпнұсқа деп аталады, түпнұсқа
мағынасын жеткізуде канал байланыстары арқылы басқа каналға алмастырылады,
бұл яғни хабар алушы немесе реципиент осының арқасында аударма жүзеге
асырылады.
Егер осы жоғарыда айтылған айырмашылық коммуникация процесінің бір
тілдік теорияда ақпаат жіберуін және ақпарат теориясын терминологиялық
характерге ие болса, онда 2 тілдік қарым-қатынастарды 1 тілдік қарым-
қатынас айырмашылығы ақпарат жіберуімен және реципиентін мәліметін
декотивті-кодифтік мәлім қайта құруында.
1.2 Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару
Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару жолында, яғни
ағылшын сөз тіркестерін қазақ тіліне аударуды қамтамасыз етуге алғышарттар
қатарын құру, ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударудың
тиімді жолдарын көрсету болып табылады. Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін
қазақ тілінің сөз тіркестерімен салыстыру және айырмашылық, ұқсастарын
табу. Ағылшын және қазақ тілі білімдерінің сән – салалы теориялық
ұстанымдары бүгінгі таңда аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт –
бағдарын анықтауға, маңызды қортындылар шығаруға мүмкіндік береді, бұл
тілдердегі материалдарды бір – біріне шебер аударудың жалпы және жеке
лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және де осы
тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау
қажеттілігі ғалымдардың алдында тың мәселелер қойып отыр.
Осыған байланысты, ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тілінде
берудің әр түрлі әдіс – тәсілдері құнды зерттеулердің дүниеге келуін
қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құруда. Қазіргі таңда ағылшын тіліндегі
сөз тіркестері мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын беру, тексеру
бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып
табылады. Себебі, еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындығы әдеби –
мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның
мәселелеріне үлкен мән беруде. Мәдениетті өркендетуге арналған мемлекеттік
бағдарлама қабылданды, осы орайда аударма саласында қаншама көп жұмыстар
атқарлып жатсада, әлі де бұл саладағы еңбектерді молайтудың теориялық және
практикалық маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан ағылшын тіліндегі
сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару жолын қарастыру мәселесінің осы
бағыттағы ізденістерге белгілі бір үлес болуға мүмкіндігі бар. Бұған
дейінгі еңбектерді саралап, озық тәжірибелерінен үлгі алу – еліміз бен өзге
халықтар әдебиеті мен мәдениеті арасындағы байланыстарды нығайтуға,
өркендетуге айтарлықтай септігін тигізері анық, шетел тіліндегі, соның
ішінде ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің сипаты, олардың қазақ
тіліне аударылу жолдары ғылыми зерттеулер қажеттілігі анық сезіледі [1].
Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін құрылымдық және симантикалық
тұрғыдан салыстыра – салғастыра зерттеу негізінде оларды қазақ тіліне
берудің жолдарын трансформациялық модельдерін зерттеп ұсыну негізінде
төмендегі міндеттер қойылады:
· жалпы аударма теориясының негізгі бағыттарын ағылшын тілінен қазақ
тіліне аударма жасаудағы негізгі бағыттарын айқындап жүйелеу және зерттеу
жұмысына теориялық негіз дайындау;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркесін қазақ тілінде трансформациялауда
аударманың тиімді түрлерін теориялық жіне практикалық тұрғыда айқындау;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілерін және
олардың мағыналарын талдау;
· ағылшын және қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің құрылымдық және
мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің қазақ тіліне ұқсас баламаларын
табу , трансформациялық модельдерін ұсыну;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркесінің қазақ тіліндегі трансформациялық
модельдерін жасауда қолданылатын аударма әдіс – тәсілдерін қолдану теориясы
мен практикасының негізгі мәні ашылды;
· ағылшын және қазақ тілдерінің сөз тіркестерін зерттеу
принциптеріндегі ұқсастықтары мен өзгешеліктер анықталды;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестеріне сипаттама берілді, ағылшын
тіліндегі тіркестердің құрылымдық грамматикалық ерекшеліктерінің
айқындалуында , ағылшын тіркестерін қазақ тіліне аударуда транслитерация,
транскрипция, калькалау т.б. әдіс-тәсілдері қолданылды;
· ағылшын және қазақ тіліндегі тіркестердің семантикалық ұқсастығы,
айырмашылығы сипатталды;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару жолдары
берілді;
· аударманың трансформациялық модельдерін жасауда қолданылатын әдіс-
тәсілдердің теориялық және практикалық маңызы қазіргі аударма жұмыстарының
мазмұнына айқын көрінеді;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің негізгі қғымдарының бінеше
үлгіде берілуі құнды фактор болып саналады;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тілінде аударуда
транслитерация, транскрипция, калькалау, сөз тіркестерін модификация т.б.
әдіс-тәсілдері қолданылды;
· ағылшын тіліндегі және қазақ тіліндегі сөз тіркестерін зерттеу
принциптерінде ұқсастықтар мен қатар айырмашылықтар да бар;
· ағылшын тіліндегі зат есім, сын есім, предлог, етістік пен
тіркесулерде қазақ тілінде баламалар қарастырылады;
· ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің құрылымдық сипаты мен мағыналық
ерекшеліктері аударма жасауда маңызды рөль атқарады[2];
Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің , тіркесілімдік теориясының
сипатын айқындау барысында Г.Пауль, О.Есперсон, Е.Круисиенг, Г.Марчанд,
М.Блох, Р.Квирк сынды ғалымдардың еңбектері теориялық негіздеме мақсатында
қаралды. Сондай-ақ аударматану саласы бойынша В.Н.Коммисаров, Я.И.Рецкер,
Ю.А.Найда, Л.С.Бархударов, И.И.Рензин, Дж.Кэтфорд, Р.К.Миньяр – Белоручев,
А.Д.Швейцер, Е.В.Бреус Л.К.Латишев, А.И.Федоров, және отандық
З.Қ.Ахметжанова, А.С.Ермағанбетова, З.Р.Загидуллин, А.М.Алдашева,
Н.Сағындықова сынды зерттеушілердің ғылыми ой толғамдарымен қатар тақырыпқа
қатысты зерттеу еңбектерінің, деректері мен ғылыми тұжырымдары
пайдаланылды.
Ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің қазақ тілінде берілу процесіндегі
аударма теориясының негіздерін анықтау арқылы, онда қолданылатын жалпы
ұстанымдар мен ұғымдарды талдап көрсету негізінде тек ағылшын тіліндегі
немесе қазақ тіліндегі трансформациялық модельдерге қатысты теорияның ғана
емес, жалпы аударма теория саласының сипатын жүйелеуге мүмкіндік пайда
болды. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар жалпы
аударма теориясы, этнолингвистика, ағылшын және қазақ тілі білімі
мәселелерін жан-жақты сұрыптауға, олардың теориялық принциптерін негіздеуге
көмектесе отырып, жаңа ғылыми бағыттардың өзек ала бастауына әсер етеді.
Мақалада ұсынылған қағидалар мен ғылыми талдаулар аударматанудың теориялық
мәселелерін дамыта келе, қазіргі кездегі терминдерге қатысты көкейкесті
проблемаларды шешуге де атсалысып, жалпы аударматану ғылымының теорилық
тұжырымдарын дамытуға өз үлгісін қосады[3].
Мақаланың нәтижелерін ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін қазақ тіліне
аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда
қолдануға болады. Тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл ғылымындағы
аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған
тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің
теориялық курстарында, аударма теориясы, жоғары оқу орындарына арналған
әдістемелік құралдар дайындауда арнайы курстармен семинарлардың жаңа
баяңдамаларын жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға, сонымен қатар
ағылшын-қазақ тіліндегі сөз тіркестері сөздік ретінде пайдалануға болады.
Мақаланың ағылшын және қазақ тіліндегі сөз тіркестерін ерекшеліктеріне
соның ішінде анықтама, түр классификациясына сыни тұрғыдан баяндау,
жинақтау, түсіндірмелі, жүйелі, кешенді әдіс-тәсілдер қолданылады.
Мақаланың аударма теориясын ескере отырып, ағылшын сөз тіркесін қазақ
тіліне аудару жолдары және теориялық бағыттары сөз балғандықтан сипаттау,
салыстырмалы талдау әдістері қолданылады[4].
Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды
роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ
элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер
маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады, сондықтан
аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура
келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған
түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending – жоғары
дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab
anger – арабтардың (арабтардың ашуы ,арабтардың ашуы емес), European
peace — Европадағы өмір (бірақ Европаның өмірі емес) (мир в Европе, а
не Европейский мир), anti war Gis – соғысқа қарсы шығатын солдаттар,
пацифист-солдаттар әскерлер ,соғысқа қарсы шығушылар. Грамматикалық ауысу
аудармада күллі таралған түрі сөз тіркесінің ауысуы болып табылады. Ағылшын-
қазақ аудармасында көптеген тән белгілер зат есім – етістік және сын есім –
зат есім. Ағылшын тілінде белгілі бір тұлғаны білдіру үшін суффикстер кең
қолданылады (суретші, әнші, биші, т.б.), бірақ бұл мамандарға тән белгі.
Осындай зат есімдер аудармада қазақ етістігі арқылы беріледі: He is poor
swimmer – Ол нашар жүзеді. She is no good as a letter writer –
Олхатжазаалмайды. I am a very rapid packer – Менөтетезжиыстырамын [5].
Аударманы сөз және сөз тіркестерімен жұмыс істегенде, олардың
аудармалары эквиваленттік және варианттық белгісіне сәйкес келмеуі мүмкін.
Оның жұмысына лексикалық оқу мен трансформация кіреді. Аударма процесінде
трансформациялар статистикалық жоспарды анализ және единица арасындағы
қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Ол динамикалық жоспарды, егер сөздік
ұқсастық болмаса немесе контекст бойынша қолданылмаса аудармашы сөздің
түпнұсқасын қолдануға мәжбүр болады. ИЯ единицаларына байланысты сөздің
құрылымы, яғни трансформация екіге бөлінеді: 1) Лексикалық 2)
Грамматикалық. Негізгі лексикалық трансформация белгілі бір процесте ИЯ
және ПЯ арқылы қолданылады. Аударманың негізгі тәсілдері:
Сөз тіркестерін ағылшын тілінен қазақ тліне аударған кезінде бірнеше
аударма тәсілдер еңгізілген
1. Транслитерация
2. Суреттеу аудармасы
3. Калькирлік
Шетелдік форманы жеткізудің аудармада екі тәсілі бар: транслитерация
және транскрипция. Бұл амалдың ортақ термині болып транслитерация
табылады. Транслитерация– ағылшын сөзін графиктік бейне ретінде жеткізуге
негізделген, яғни әріптерді жеткізу. Ал транскрипция – фонетикалық принцип
ретінде негізделген, яғни, ағылшын атаулары дыбыстарды орыс әріптерімен
жеткізеді. Соңғы тәсіл – ағылшын сөзінің айтылуын дәлме-дәл жеткізеді.
Транскрипция тәсілі қазіргі кезде кең таралған, өйткені оның шығу тегі
өзгеше ағылшындық архаикалық орфографиядан және естілуінің түнұсқауынан
болады. Мысалға: Нью-Йорк, Уолл-Стрит, ағылшын тілінен орыс тіліне енген
сөздер: леди, хобби, лобби, апартеид және т.с.с.[6].
Аудармашы сөйлемдерді есте сақтау үшін, оларды минимумға дейін
қысқартады. Мысалы: lobby сөзі: Парламент кулуарында ағылшын
парламентінің мүшелеріне жасалатын қысым
Калькирлік–күрделі не жай географиялық атауларды жеткізуге
қолданылады. Мысалы: NewSouthWales – Жаңа оңтүстік Уэльс.
Тұрақтысөзтіркестерініңкалькирлеуі өтекеңтаралған. Мысалы: Peopleofgoodwill
– қайрымдылық еркіндік жолында.Onthebrinkofwarсоғысты тудыру жағдайында.
Ең көп тараған грамматикалық трансформацияға: аударманың сөзбе-сөз
аударылуы, сөйлемдердің мүшелденуі, олардың қосылуы, грамматикалық
ауыстырулар, сөз формалары, сөз таптары, сөйлем мүшелері. Контекстік
лексикалық-грамматикалық трансформацияға антонимикалық аударма, көркем
аударма және колигенсацияны жатқыза аламыз.
Аудармалық кезеңде, аудармада сөз немесе сөз тіркесі қолданылады,
қисыңды даму-бұл маңызды аударма бірлігі.
Мағыналықдамудегеніміз – қазіргі, сөз немесе сөз тіркесіне сәйкес
сөздіктен тікілей бастарту деген сөз. Олай болса, негізінде мағыналық даму
тым қарапайым жеңіл қабылдаудың лексикалық өзгеруден, дәлелдеуден, топтап
қорытудан айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы тек қанамынада, міңезді және
ғайыпты қиындықты қабылдау.Міндетті түрде, мағыналық даму әрқашанда бір
ғана алынған сөзге ғана емес, ең кем дегенде сөз тіркесіне немесе мағыналық
топқа қарайды. Көп дегенде сөз және сөз тіркесі ұзақтықта және аудармада
себеп-салдарды қатынас пен байланысты болады. Онда өзгеру себебі оның
салдары дәл аударманы бұзбайды, керісінше тіпті ең жақсысы бір ғана жолмен
мазмұны беріледі.
Мысалы: And he noticed with Sour disfavor that June had left her wine
glass full of wine – Олтіріскеніп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Зерттеу өзектілігі
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері
Мәдениетаралық қарым - қатынас және көркем аударма
Аударуманың теориялық мәселелері
Жазбаша аударма және оның түрлері
Көркем аударма түсінігі
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Пәндер