Шошқаларды семірту үшін азық қолдану Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір
оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй
талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз
қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына
жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай
елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар
АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы
дамыған.
Бордақылау — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге
байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне,
малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты.
Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін
өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 —
120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды.
Мал Бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне
ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды
бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына
байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі
салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан,
азық шығыны көп жұмсалады.
Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға
қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың
тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.
Біздің елімізде кең тарағаны - шошқаны ет үшін бордақылау. Бұлайша
бордақылау 6-8 айлық шошқадан азыңты аз жұмсап, жас күйінде пайдалануға
және ыстауға жарамды жас шошқа етін алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін
елімізде өсірілетін шошқаның барлық тұқымы жарамды. Етке бордақылауға жақсы
жетілген, салмағы 25-40 кг, 3-4 айлық марқа торайлар қойылады. Ет
бағытындағы бордақыланған шошқаның салмағы 100-110 кг-ға, ет-май
бағытындағыларының салмағы 90-100 кг-ға жеткенде бордақылау жұмысы
тоқтатылады.
Шошқа шаруашылығында азықтандырудың таза жемдік типінде, әсіресе,
оңтүстік аймақтарда, құрғақ азықпен автоматты оттықтардан өз бетімен
азықтандыру кең таралып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – шошқаларды бордақылау кезінде
пайдаланылатын азықтармен және азықтандыру нормаларымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттер - шошқаларды бордақылау, өсіру және өсімін
жеткізу туралы, шошқаларды тамақ қалдықтарымен бордақылаудың
ерекшеліктерімен және шошқаларды бордақылау кезінде азықтандыру
ерекшеліктері туралы түсінік беру.
1.1. Әдебиетке шолу
1. В.Ф. Лемештің (1971), Р.Дмитриевтер (1972) зерттеулері сүрлем салынған
жоңышқа көптеген жоңышқа көптегенамин қышқылдары азаятынын көрсетеді.
2. И.А. Богданов, (1918) өзінің зерттеу жұмысында тамақтағы белоктан
организмге майдың түзілуін түсіндірді. Ол пішіннің, көк азықтың және
тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін
зерттеді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Шошқаны азықтандыру толық теңестіру және астықты, ақуызды азықты,
витаминдерді, минералды қоспалар мен түрлі стимулярларды тиімді пайдалану,
бәрінен бұрын толық рационды құрама жем мен жемді қолдану арқылы ойдағыдай
қамтамасыз етіледі. Құрама жем мен жемді құрамында шырынды, т.б. көк
азықтыр бар рационмен қосып азықтандырады.
Жоғары сапалы құрама жемді шошқаларға сол қалпында береді, өйткені оны
булау бірқатар витаминдерді, антибиотиктерді ыдыратып және оның биологиялық
құндылығын төмендетіп жібереді. Азықтандырудың жемдік типінде оны сумен сөл
шылап беру ұсынылады. Әсіресе, арнайы түйіршіктелген жемді пайдалану жақсы
нәтиже береді. Олар біркелкі, мал жақсы жейді, бұрқылдамайды және
тасымалдау кезінде өздігінен сортталмайды, ұзақ сақталады.
Азықтандырудың жемді - картоп немесе тамыр жемісті жем типі кезінде
рационның құрамына кіретін барлық азықты араластырып, шошқаларға 70%-ке
дейінгі ылғалдылықта, қойытылған түрінде береді.
Дәнді азықты тек қана ұнтақталған түрінде пайдаланады, дәнді әр бөлігі
кемінде 1 миллиметр күйінде беруге болмайды.
Түйнек тамыр жемістерді сол қалпында береді. Бірақ оларды алдын ала
жуып, ұсақтамайды. Сүрлем мен пішенді паста тәрізді болғанша ұсақтайды.
Картопты булап беру ұсынылады, өйткені булап берген жағдайда оның
ңоректілік заттарын шошқалардың пайдалануы едәуір (20% -ке дейін) артады.
Шырынды азықтардың барлығын бұзылып кетпеу үшін жегізуден 1-2 сағат
бұрын әзірлейді. Азықты жылжымалы және тұрақты азық таратқыштармен таратып
береді.
2.2. Торайларды және жас шошқаларды
азықтандыру нормалары
Барлық жастағы және өндірістік топтағы шошқаларды тәулігіне 2 рет
азықтандырады. Азықты неғұрлым жиі салу, тіпті, енесінен бөлінген
торайларды азықтандыру кезінде де онша пайда бермейді. Суару автоматтардан
жүзеге асырылады.
Екі айға дейінгі торайларды азықтандыру нормасы. Практикада еметін
торайларды өсірудің екі әдісі бар: енесінің бауырында 2 айға дейін ұстау;
енесінің бауырында 3-4 аптаға дейін ұстап, онан әрі жасанды сүтке немесе
арнаулы құрама азыққа көшіру.
Қай жағдайда болсын, еметін торайлардың жақсы өсуі үшін енесінің сүтті
болуы қажет. Үш аптаға дейінгі қоректік заттар қажеттігін ене сүті өтейді.
Бұған қарамастан, осы кезде оларды үстеме азыққа үйрету қажет. Торайлар
өсімдікті, азық жеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым енесінен бөлуге жақсы
дайындалады, олардың асқазан жүйесі жақсы жетіледі, екі айлығында салмағы
да көп болады.
Торайларға үстеме азықты арнаулы рецепті бойынша әзірлейді және оны
жеуіне қарай береді. Мұнда екі айға дейінгі торайлардың әр 1 кг салмағы
0,07 азық өлшемі есебімен азық береді.
Алайда торайдың салмағы 6 кг-ға жеткенше оларды сүтпен не қоректілігі
жоғарғы сүтті алмастырушы азықпен асырау қажет. Әдетте, торайларды бұл
салмаққа жеткенше енесінің бауырында ұстайды, тек жетім торайлар ғана бөлек
күтіледі.
Бұл кезеңде сүтті алмастырушы азықтың құрамы шошқа сүтінің құрамына
сәйкес болғаны жөн: протеин 31,8%, май 35,6% лактоза 27,7%, құн 5,6%,
кальций 1,1%, фосфор 0,82%, натрий 0,2%, калий 0,41%, магний 0,1% түріндегі
микроэлементтер мен витаминдер болуға тиіс.
Екі айдан төрт айға дейінгі торайларды, азықтандыру нормасы. Екі айдан
төрт айға дейінгі торайларға қоректік заттары жеткілікті азықтың мол
болғаны жөн. Бұл кезеңде күтіп-бағу мен азықтандыру әр торай тәулігіне орта
есеппен 400-500 г салмақ қоса алатындай дәрежеде ұйымдастырылуы тиіс.
Салмағы 20 кг-ға дейінгі торай 1 азық өлшеміне есептегенде: 130 г
қорытылатын протеин: салмағы 20-30 кг-ға дейінгі торай 125 г, салмағы 30-40
кг-ға дейінгі торай 120 г; амин қышқылдарынан осыған сәйкес: лизин 4,8%,
4,5% және 4,3% метионин; 3,2% және 3% цистин; 1,1% және 0,8% триптофон
(азықтағы жалпы протеиннің), 4,5-5,5 г-нан артық емес жасұнық, 3-5 г ас
тұзы, 8 г кальций, 6 г фосфор, 70 мг темір, 11 мг мыс, 50 мг марганец, 1 мг
кабольт, 45 мг мырыш, 0,2 мг йод алуы тиіс.
Витаминдер: 2500 ИЕ А, 225 ИЕ Д2, Е 18 мг, В, 1,5 мг, В2 3 мг, В3 12
мг, РР 20 мг, холин 1000 мг, В12 20 мг-нан айналуға тиіс.
Торайларға жасалған азық рационында бұл келтірілген қоректік заттар
нормасы міндетті түрде орындалуға тиіс екенін қатаң ескерген жөн. Бұлардың
біреуінің ғана ескерілмеуі бүкіл мал тұқымын асылдандыру мен шаруашылың
жұмысын жоққа шығаруы мүмкін.
Әрі қарай өсірілетін жас шошқаларға азық беру нормасы. Әрі қарай
өсірілетін жас шошқаларды азықтандырудағы негізгі мақсат - дені сау, мықты,
сүйегі мен бұлшық еттері жақсы жетілген шошқа өсіру. Бүкіл маусым бойы
олардың қосқан орташа тәуліктік салмағы 500-550г аралығында болуға тиіс.
Бұл межеден кеміп, не артуға болмайды, өйткені бірінші жағдайда
жетілмеген, ал екінші жағдайда өте бәсең, сүйек бітісі нашар, тұқым үшін
ұзақ пайдалануға жарамсыз шошқа өсіріледі.
Салмағы 40 киллограмға дейінгі әрі қарай өсірілетін жас шошқаға
берілетін әр азық өлшеміне 120 г қорытылатын протеин, салмағы 40
килограмнан 60 килограмға дейінгілері - 115 г, салмағы 60 килограмнан 80
килограмға дейінгілері - 110 г, салмағы 80 килограмнан 100 килограмға
дейінгілері 105 г, 100 килограмнан 150 килограмға дейінгілері - 100 г; амин
қышқылдарынан: рациондағы жалпы протейннің 4,3-4,5% лизин, 3,0-3,2%-дей
метионин, 0,8-1,0 триптофон, протеиндік (амин қышқылдары), минералдық және
витаминдік азықтар нормасының сақталуын қатаң бақылауға алу қажет.
Минералдың заттар: 7 г кальций, 5 г фосфор 5 г ас тұзы,
микроэлементтерден - 40 мг темір, 11 мг мыс, 50-55 мг марганец, 50 мг
мырыш, 1 мг кобальт, 0,3 мг йод.
Витаминдер: 4 мг коротин не 2000 ИЕ А витаминін, 200 ИЕ Д2 витаминін,
800 мг холин, 20 мг В12 витаминін алады.
2.3. Шошқаны майлы қоңдылыққа дейін бордақылау
Бордақылауға, негізінен, жарамсыздыққа шығарылған ересек және
тексерілген мегежіндер, әрі қарай өсірілетін жас шошқалардың жарамсыздыңқа
шыққандары қойылады. Мұндағы негізгі мақсат - сапасы жоғары, 45%-ке дейін
майы бар өте семіз ұша алу.
Бордақылау жұмысы аяқталғанда майының қалыңдығы 7 см-ден асады. Ересек
шошқаны бордақылау үш айға жуық созылады. Тәулігіне қосатын орташа салмағы
- 800-1000 г. Жарамсыздыққа шығарылған жас шошқаларда 600-800 грамнан
айналуға тиіс. Ересек мал теуліктік қосқан салмағын 600 грамға дейін
кеміткенде, әдетте, бордақылау жұмысы тоқтатылады. Ересек шошқа азықтың
құндылығын онша талғамайтындықтан, азық беруді нормалауды шағын
көрсеткіштер (азық өлшемі қорытылатын протеин және ас тұзы) бойынша
жүргізеді.
Шошқаны майлы қоңдылыққа дейін бордақылағанда берілетін азықтық
нормасы жарамсыздыққа шығарылған табын толықтырушы жас шошқаға азық
өлшеміне 85 г қорытылатын протеин; жарамсыздыққа шығарылған тексеруден
өткен мегежінге 70 г протеин, жарамсыздыққа шығарылған ересек мегежінге 60
г протеин және бөріне де 5 грамнан ас тұзын беру керек.
Шаруашылықта азық балансын жасау үшін шошқаға қажетті азық өлшемі мен
қорытылатын протеиннің жылдық орташа мөлшерін және шошқа өсіру кезеңі мен
бордақылауға қажеттісін де білудің маңызы орасан зор.
Азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің қажетті жылдық нормасы мен жасы
әр түрлі және өндірістік топтардағы жылдық орташа шошқа саны бойынша барлық
шошқаға қажетті азық мөлшерін есептеп шығарады.
Бордақылауға тұқымға қалдырылған торайлар мен бракқа шыққан сақа
шошқаларды қояды. Азық аз жұмсап, мол салмақ қосу үшін жас шошқаларды
бордақылаған тиімді. Және жас шошқа еті дәмді, оған сұраныс та көп. Әсіресе
гетерозистік (буындардың өз ата-енесінен асып түсушілік) қасиеттері жақсы
айқындалған, өсіп-жетілуі 10—20 процентке жоғары, әр 1 кг қосымша салмағына
0,4—0,6 азық өлшемін жұмсалатын 2—3 тұқымаралық будандарды бордақылаған
тиімді.
Бордақылау кезіндегі азықтандыру нормалары торайлардың тірілей
салмағына жәие тәуліктік салмақ қосуына сәйкес өзгертіледі. Алғашқы 40—70
кг аралығында тәулігіне 650 г салмақ қосуы үшін әр 100 кг тірілей салмаққа
4,8 азық өлшемін беру қажет болса, кейінгі 70—120 кг аралығында 4,2 азық
өлшемін береді. Ал берілген азықтың құрғақ затының әр 1 килограмындағы азық
өлшемі 1,2-ден 1,3-ке дейін, алмасу энергиясы—13,6-дан 14,2 мегаджоульге
шикі протеин—163-тен 151-грамға дейін, қорытылатын протеин 122-ден 115
грамға дейін, лизин 7,2-ден 6,2 грамға дейін, метионин мен цистин 4,3-тен
3,8 грамға дейін өзгертіледі, Демек бордақылау кезеңінің соңына қарай
берілетін энергия денгейі жоғарылап, протеині азайтылады.
Бірыңғай, кедей құрамды азықтармен бордақылау дәмсіз, майы жабысқақ та
ерігіш, сапасы төмен ет береді. Мұны әсіресе өсімтал (ландоас, эстонның
бекондық т. б.) тұқымдарынан және олардың будандарынан жоғары сапалы жас
шошқа еті — бекон өндіргенде ескерген жөн.
Майлы бордақылауға бракқа шығарылған сақа мегежіндер мен қабандарды
қояды. Оларды 2,5—3 айда шаруашылықтағы арзан азықтармен мейлінше мол —
тәулігіне 800—1000 г салмақ қосатындай етіп азықтандырып, тірілей
салмақтарын жарты есе (50—60 процентке) ұлғайтады. Олардың салмақ қосуы
денеде май байлануына негізделіп, шоқтығындағы май жиналыы 7 сантиметрден
асады да, тушасының жартысы май болады.
Мұны қамтамасыз ету үшін олардың азығында алмасу энергиясы жоғары
деңгейде болуы тиіс. 1 кг құрғақ затта — 1,16 азық өлшемі, 12,9 МДЖ алмасу
энергиясы, 128 г шикі 93 г қорытылатын протеин, 7,0 г кальций, 5,6 г
фосфор, 4,7 мг каротин, 0,23 мың ХӨ Д витамині 5,8 г ас тұзы, 81-г шикі
клетчатка бар азық береді.
2.4. Шошқаны әр түрлі типте бордақылау және бордақылау кезінде азықтандыру
ерекшеліктері
Бордақылаудағы негізгі мақсат - азықты аз жұмсап, салмақты көп
қостыру. Алынатын өніміне қарай бордақылауды үш түрге (ет үшін жедел
өсіретін, бекондық, майлы қоңдылыққа жеткенше бордақылау) бөледі.
Бекондық бордақылау - бекон өндіру үшін жоғары сапалы шошқа етін алуға
жас шошқаларды (арнаулы тұқымның, линияның және олардың будандарының)
бордақылаудың ерекше түрі. Мұнда шошқа белгіленген талапқа сай келуге тиіс,
атап айтқанда, тұрқы ұзын, ет сапасы жақсы, сояр алдында мойнының қалыңдығы
белгіленген дәрежеде, тез жетілгіш. Бекондық бордақылауға салмағы 25-40 кг
3-4 айлық торайлар қойылады. Бордақылаудың алғашқы кезеңдерінде әр торай
тәулігінде кемінде 500 г, екінші кезеңінде 700 г-нан салмақ қосатындай етіп
азықтандыру жұмысын ұйымдастырған жөн.
Торайдың 6-7 айлығындағы салмағы 90-95 кг болғанда бордақылау жұмысын
аяқтайды. Мұндай салмақ алу үшін азықтандыру нормасы қолданылады. Бекондық
бордақылауда шошқаның өте жедел өсуіне байланысты белгіленген норманы
сақтау және барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша рационды теңдестіру
шарт.
Салмағы 30 кг-ға дейінгі торайларды ет үшін жеделдетіп бордақылағанда
(1 азық өлшеміне есептегенде): 120 г, салмағы 30-дан 50 кг-ға дейінгілерге
- 105 г; салмағы 70 кг-нан 100 кг-ға дейінгілерге - 90-100 г; салмағы 30 кг-
ға дейінгі бекондық бордақылаудағы торайға -125 г, салмағы 30 кг-нан 60 кг-
ға дейінгілерге - 115 г, салмағы 70 кг-нан 95 кг-ға дейінгілерге - 100-105
г, бордақылаудың бұл екі түрі үшін рацион құрамында 5 г ас тұзы, 5-6 г
кальций, 4-5 г фосфор, 70 мг темір, 50 мг марганец, 45 мг мырыш, 1 мг
кобальт, 0,3 мг йод, витаминдерден 3,5 мг каротин не 1800 ИЕ А витаминін
200 ИЕ Д2 витамині, 10 мг В, витамині, 13 мг В витамині, 750 мг колин, 20
мг В12 витамині берілуге тиіс.
Шошқа — өсімтал, жылдам жетілгіш мал. Ұрықтандырылған мегежін 3 ай + 3
апта + 3 күн, яғни 114 тәуліктен кейін әр мегежін 10-12 торай табады. Тез
өсіп-жетілгіш торайлар ер 1 кг салмақ қосымына басқа мал түлігі төлінен аз
- 4-6 а.ө. жұмсап, 7-8 айлығындағы тірілей салмағы 110—120 кг тартады.
Сөйтіп шаруашылықта жыл бойы мол ет өндіруге болады. Оған шошқаның азықты
талғамай, жегіштігі (всеядные) де көмектеседі. Ас қорыту жүйесінің
ерекшелігі жағынан шошқа бірқарынды, желінген азығы негізінен ішекте
қорытылатын малға жатады. Сондықтан олардың азығына жеңіл ыдырап, жылдам
қорытылатын азықтарды жұмсап, қоректенуінің құнарлылығы мен биологиялық
құндылығына баса көңіл аударады. Шошқа азығындағы қиын қорытылатын шикі
жасунық көлемі шектеліп, желінген азық құрғақ затында 10-12%-дан аспауын
қадағалайды.
Шошқа еті өндірісінде бордақылау - аяқталған процесс болып табылады.
Бордақылау өндірістің дұрыс ұйымдастырылуына, даму жағдайына, шошқа етінің
сапасына, сонымен қатар бордақылаудың тиімділіуіне байланысты.
Біздің елімізде етті бағытта бордақылау кең таралған. Бұндай
бордақылауды қолдану, шошқадан 6-8 айлығында, қалыпты азық жұмсау арқылы
шырынды ет алуға мүмкіншілік туғызады. Етті бордақылау үшін шаруашылықтағы
өсіріп отырған шошқаның барлық тұқымын пайдалану қолайлы. Жақсы марқа
торайларды 3-4 айдағы тірілей салмағы 25-45 кг жеткен кезінде бордақылап
семіртуге қояды. Ол 110-120 кг салмаққа дейін бордақыланады. Бір күндік өсу
салмағы 650-750г болу қажет. Бұл кезде 1 кг өсу салмағына 4-4,5 кем
болмайтын азықтық өлшем немесе 30-35 мДж алмасу энергиясы шығындалады. 110-
120 кг салмаққа жеткізу үшін 6,5-7,5 ай бордақылайды.
Ең қажеттісі - беконды түрде бордақылау. Бұл әр түрлі бағыттағы етті
бордақылаудың интенсивті - үдемелі түрі. Бұдан алынатын өнімнің сапасына ең
жоғары талап қойылады. 8 айлыққа дейінгі салмағы 80-105 шегінде болуы
қажет. Одан бір күнде алынатын өсу салмағы 650-700г болады.
Беконды бордақылау үшін 2-2,5 айлығында, салмағы 20-25кг болғанда
бордақылауға қойылады. 6-7 айлығында салмағы 90-100 кг-ға жеткенде
бордақылау аяқталады. Жас шошқалар 7-8 айлығында салмағы 110-120кг-ға
жететін болса, оны мақсатқа сәйкес бордақылауға болады деп есептелінеді.

шошқаларды қояды. Азық аз жұмсап, мол салмақ қосу үшін жас- шошқаларды

гетерозистік (буындардың өз ата-енесінен асып түсушілік) қасиеттері, жақсы
айқындалған, өсіп-жетілуі 10—20 процентке жоғары, әр 1кг қосымша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz