Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін
арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын

қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .19
3. Негізгі пәндерде бастауыш сыныпта жүргізілетін
шығармашылық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...40

Кіріспе

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы,
индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы
кезеңіндегі ұлттық мәдени – тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына
сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін
өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл.) Біз қазақ халқының
санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен
қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының
ілгері дамуын қамтамасыз етеміз - деп атап көрсеткен.
Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін,
қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар
ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды
мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми
– педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында
шығармашылық әрекет тәжірибелерін қалыптастыру қажеттілігі туралы 80
жылдары – ақ И. Я. Лернер жазған болатын.
Қазақстанда шығрармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын
жүргізген психолог – ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников,
Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б.
Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі
керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. Ж.
Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам
психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын
тұжырым деп есептейміз.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда
шығармашылық тапсырмалар үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырмалар
атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады. Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа
икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне
байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды
күрделендірудің үш кезеңін анықтауға мүмкіндік туғызады.
1. Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-
баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға
міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында
елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен
достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл
ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық
технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,
шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби
шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы.
Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы
шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін
дамыту.
Міндеттері ретінде:
· Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
· Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
· Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық
құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды
алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
·Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына
жағдай жасау;
·Білім, біліктілігін арттыру;
·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
·мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы
біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік
деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында
оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен
және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже
сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
· ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
· өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай
технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
·қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.
Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін
дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі
бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек,
нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында
“Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек,
оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық
қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу
– мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар
жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің
кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан
анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл
пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз
ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал
қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне
түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық
дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз
емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін
есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа
жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.
Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана
жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық
тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың
келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге,
оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау
қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті
қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға
бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы
ретінде қабылдау.
·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат
қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық
талдау);
·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі
мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны
дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен
жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білу;
·оқушы дарындылығының моделін білу;
·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен
жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама
құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік
етуі;
·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке
жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің
кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік,
даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына
қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды
оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа,
жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып
табылады.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “...Көптеген табиғи талант
дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи
құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”.
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін
сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де
заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін
артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім
сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп
оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр-
білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты
парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Негізгі бөлім
1. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру

Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте
маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық
дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді
шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі
тануына көмектеседі.
Шығармашылық іс-әрекет – мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның
пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді
әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында
нәтиженің нақты көрінуі.
Оқушының шығармашылық деңгейі – оның мәселені қою мен оны шешудің
жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық
ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың
нәтижесі - тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес,
сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.
ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының дамуы, оның
өзінің жеке тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл - әр адамның өзін-өзі
жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни
баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның
интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады. Шығармашылық
қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған
деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін,
танымын кеңейтуге негіз болады.
Шығармашылық қызығушылық ұғымының мазмұнын психологтар мен
педагогтар төмендегідей сипаттайды:
- жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу,
ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада
өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары
(А.М. Матюшкин);
- индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін
көрсететін қасиет (Л.В.Занков).
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес,
мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға қатарлы педагогикалық ой
өкілдерінің шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру идеяларын зерттеу және
талдау негізінде маңызды бес бағытты бөліп көрсетеміз: философиялық-
танымдық бағыт; дидактикалық-психологиялық бағыт; педагогикалық-әдістемелік
бағыт; педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық және философиялық зерттеулерді
талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
• Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа
парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму
мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды
қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы – сырқы шығармашылық өзін-
өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған
сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.
• Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта
әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар
әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі
ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін
саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы.
• Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық,
танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым-қатынас т.б.
жатқызылады. Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық
компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға
өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
• Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-субъектілік бағдардың
шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік”
процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-
өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан,
педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай,
тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі
қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.
• Зерттеу жұмысында көрсетілген мәселелерді теориялық тұрғыда саралай
отырып және мектеп практикасындағы қалыптасқан іс-тәжірибелерді зерделей
келе, біз “шығармашылық қызығушылық” ұғымына мынадай анықтама береміз:
• “Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің
шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта
отырып, білімдік-рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысымен сипаталатын және
шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы“
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі
түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра
зерттеу мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне де байланысты. Өз пәнін
жетік меңгерген және оның мазмұнын жаңа біліммен үнемі толықтыра отырып,
шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз болмысын терең зерделей отырып, жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуына өзінің қолтаңбасын қалдыруына, рухани
тұрғыда терең түсінуі мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты.
Оқушының шығармашыл тұлғасын қарастыру оның көптеген сапалық
қасиеттерінен тұрады:
1) когнитивтік (танымдық) сапалары – қоршаған әлемді түсінуі,
құбылыстардың мәнін білуге ұмтылуы, танымдық ынтасының тұрақтылығы т.б.
2) креативтілік (шығармашылық) сапалары – ойлау белсенділігі,
шығармашылық шабыт, қиял, болжай білу, ой тереңдігі, қарама-қайшылықтарды
көре білу немесе сезу; өзекті мәселені табу; шығармашылық қызығушылығының
тұрақтылығы т.б.;
3) әдіснамалық (ұйымдастырушылық) сапалар – тапсырманың мақсаты мен
мәнін түсіну,мақсатқа жетуде іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыру, нәтижеге
жетудегі табандылық, рефлексиялық ой-санасы, коммуникативтік қабілеттері
т.б.
Сонымен, білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту
– бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың
шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-
қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап,
оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі
туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету.
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының жариялылығы
заман талабына сай білім беру мен ұлттық оқу-тәрбие процесінің гуманистік
сипаты жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады.
Оқытудың мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен
шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық
тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болады, мұны
ескермей мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін
тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап өткендей, “Үлкен өзгерістер
басталуда. Ол маңызы жағынан Н. Коперниктің жаңалығына (күн астрономиялық
орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғарланады, оны айнала
қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық
педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі”.
Шығармашылық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда мынадай оқыту
қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту
формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын оқушылардың
ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін
оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, мұғалім мен
оқушының жағымды ықпалды әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық оқытуды
кеңінен пайдалану т.б.
Теориялық зерттеулеріміз бен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра
зерделеу шығармашылық қызығушылықты шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға
болатындығын көрсетті:
1) мақсатты қызығушылық – оқушының белгілі бір мақсатына байланысты,
пәндік, болашақ мамандығына байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес
шығармашылық іс-әрекетке ынтасы мен тұрақты қызығушылығы;
2) әрекеттік қызығушылық – оқушы шығармашылық іс-әрекетте өзекті
мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана
қызығып, жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі;
3) танымдық қызығушылығы – оқушының шығармашылық іс-әрекетке тұрақты
қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес, жаңа
нәтижеге жету, білімді құндылық бағдар ретінде тануы.
Зерттеулеріміз нәтижесі көрсетіп отырғандай, шығармашылық іс-әрекет
нәтижелері оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына, танымдық біліктерінің
жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оң әсерлері бар рефлексия
нәтижесінде өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам
өміріндегі құндылықтар мен дұрыс көзқарас принциптерінің қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық зерделеу мен
мектептердегі тәжірибелік жұмыстарымыз оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауға
мүмкіндік берді. Модельдің мазмұны: мотивациялық-еріктік, мазмұндық-
операциялық, рефлексиялық-бағалау компоненттерінен тұрады.
Мотивациялық-еріктік компонент – білім берудің жаңа парадигмасына
сәйкес, оқушының шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдар ретіндегі ынтасы,
жаңалыққа қызығушылығы, өзекті мәселенің шешуін табуға құлшынысы, ерікті
түрде өз іс-әрекетін шығармашылық сипатта ұйымдастыруға талаптануы,
шығармашылық дербестікке ұмтылуы және қажетсінуін қамтиды.
Мазмұндық-операциялық компонент - өзін шығармашылық қызметтің
субъектісі ретінде тануы, жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өзін-өзі
шығармашылық дамытудың тәсілдерін білуі, шығармашылық іс-әрекетті іске
асыру біліктілігінің болуы, ұжымдық шығармашылық жұмыстарға талаптануы және
оны ұйымдастыра білуі, пәндік ғылыми білімдерінің және қажетті жағдайда
қолдану мүмкіндігінің болуы.
Рефлексиялық-бағалау компоненті – шығармашылық іс-әрекетке талдау
жасай білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерін себептерін анықтай білу,
жауапкершілік сезімінің және жолдастық көмек, ізденімпаздық іс-әрекетке
даярлығының тұрақтылығы, шығармашылық ой-өрісінің белсенділігі мен
рефлексиялық бағытының қалыптасуы, жоғары танымдық қызығушылық негізінде
шығармашылық бағыттылығының тұрақтылығы (2-кесте).
Көрсетілген модельдің негізінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың үш деңгейі анықталды: жоғары, орташа, төмен.
Жоғары деңгей: шығармашылық іс-әрекетте танымдық қажетсінуі
қалыптасқан, ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға
талаптанады. Жаңашылдыққа жаны құмар, білімді құндылық бағдар ретінде
1-кесте – Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделі

Компоненттер Өлшемдері Көрсеткіштері
- өзекті мәселенің шешімін табуға
Шығармашылық құлшынысы,
Мотивциялық-ерікіс-әрекетке құндылық - шығармашылық іс-әрекетке танымдық
тік компонент бағдар ретіндегі ынтасы,
танымдық ынтасы мен - шығармашылық іс-әрекеттің
танымдық қажетсінуі. тұлғалық-құндылық мәнін түсінуі.
- шығармашылық іс-әрекет әдістері мен
Өзін шығармашылық тәсілдерін білуі,
Мазмұндық-операціс-әрекеттің субъектісі- жаңаны табуда танымдық біліктерінің
иялық компонент ретінде тани отырып, қалыптасуы,
ғылыми білімдерді - шығармашылық іс-әрекетті жоспарлау
меңгеруі мен оны және оны тиімді ұйымдастырудың
практикада пайдалану жолдарын меңгеруі,
біліктілігінің болуы. - ұжымдық шығармашылық жұмыстарға
талаптануы және білімдерін қажетті
жағдайда өзара ықпалдастық сипатына
сай, практикалық тұрғыда сабақтастыра
білуі.
Жеке тұлғаның танымдық - шығармашылық іс-әрекетке,
қажеттіліктері мен ізденімпаздық жұмыстарға талдау жасай
Рефлексиялық-бағқоғамның сұранысына сайбілуі,
алау компоненті үйлесімді бағдары, - жеке іс-әрекетін ұйымдастырушылық
әлеуметтік-психологиялытұрғыда өз бетімен сараптау,
қ рефлексияның - жоғары танымдық қызығушылық
қалыптасуы. негізінде шығармашылық бағыттылығының
тұрақталуы,
- іс-әрекетті объективті бағалай,
кемшіліктерді жоюға жауапкершілікпен
қарау,
- өзін-өзі дамытуда рефлексиялық
бағытты таңдау, жеке тұлғалық
құндылықтарды саналы түсіну.

тани алады, білімін қажетті жағдайда еркін және оңтайлы пайдалана біледі.
Болашақ кәсіби іс-әрекетін жоспарлап, кәсіптік бағдары анықталған,
инновациялық процестерді ынтасымен қабылдайды.
Орташа деңгей: оқу-танымдық материал мазмұнын тапсырма мақсатына
байланысты шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра алады, бірақ үлгіні және
тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді.
Төмен деңгей - өз шығармашылығын дамытуға белгілі бір жағдайларда ғана
қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. Шығармашылық іс-
әрекеттің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің дамуына әсерін талдай
алмайды.
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына
тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер
деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан
өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының
бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан
шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап
етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең
алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар
әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып,
шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана
мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру
жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс
шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің
жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам
баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Пәндер