Шымкент қаласының экологиялық жағдайы


Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Шымкент қаласының экологиялық жағдайы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.


Мазмұны


Кіріспе

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Шымкент қаласы және төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегінде жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Қала территориясының аумағы 300 км2 құрайды, жалпы облыстың жер көлемінен 0, 3 % құрайды.

Шымкент Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың тізіміне енді. Жуырда өкілетті органдармен бірлесіп, рейд жүргізген мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы осындай мәлімдеме жасады. Автокөліктерден шығатын қалдықтардың нормативтерге сәйкестігін арнайы аспаптармен өлшеген мамандар қалада ауаның ластану деңгейі жоғары деген қорытынды жасады.

Олардың сөзіне сенсек, Шымқала атмосферасынының ластау индексі 10 балға тең. Оған қаладағы көліктер санының көптігі себеп дейді мамандар. Жол полициясының мәліметтері бойынша, қалада 54 мыңнан астам автокөлік, соның ішінде 4805 жүк машинасы, 2424 жолаушы көлігі және 47 040 жеңіл машина тіркелген. Жыл өткен сайын қалада автокөлік саны арта түсуде. Мамандардың пайымынша, ауаның ластану деңгейі индексі бойынша 5-тен аз немесе оған тең болса - төмен, 5-7 - артқан, 7-14 - жоғары, 14 болса - өте жоғары болып есептеледі. Облыстық гидрометеорологиялық орталық қала бойынша атмосфералық ауаның ластануы туралы ақпарат ұсынды. Онда 19 932 бақылау мәліметтері бойынша зиянды заттардың шоғырлануы көрсетілген. Зиянды заттар атмосфераға мұнай өңдеу, энергетика, түсті металдар өнеркәсібі кәсіпорындарынан таралады. Алайда, осы талдау зиянды заттардың жалпы көлемінің 70 пайыздан астамы жылжымалы көздерден таралып отырғанын да көрсетті.


1. Шымкент қаласы және оның маңындағы территорияның табиғат жағдайы

1. 1. Геологиялық-геоморфологиялық жағдайы

Шымкент қаласысының жер бедері төбелі болып келеді. Қаланың жер бедері пішіндері адамның іс-әрекетімен күшті өзгертілген. Бірақ жер бедерінің жалпы пішіні толық тегістелмеген. Қаланың дамуында Түркістан-Сібір темір жол магистралі, Қаратаудағы полиметал рудаларын өндіру маңызды роль атқарды. Дегенмен қаланың басым бөлігінде бір қабатты үйлер құрылағннан кейін жер бедерінде үлкен өзгерістер болмаған.

Қаланың жер бедерінің қалыптасуында Қошқарата өзенінің ықпалы маңызды болды, өзеннің аллювиальдық шөгінділері Сайрам және Бадам өзендерінің шөгінділерінен қалыптасқан аллювиальдық жазықты өзгертіп қазіргі салыстырмалы биік төбелерді қалыптастырды.

Қаланың ең биік нүктесі Тұрар Рысқұлов және Д. Қонаев атындағы даңғылдары қиылысқан жерінде орналасқан, оның биіктігі 580, 6 м. Жер бедері пішіндерінің қалыптасуында төрттік кезеңінде қалыптасқан аллювиальдық шөгіділердің су эрозиялық процестер су эрозиялық процестер басты рольді атқарды.

Территорияның геологиялық түзілісінде палеоген-неоген кезіндегі тектоникалық әрекеттер маңызды болды. Палеогеннің аяғында неогенде осы территорияда тектоникалық процестер белсенді дами бастайды. Нәтижеде мезозой дәуірінде пенепленге айыналып жатқан Тянь-Шань таулары қайта көтерілу процестерге ұшырады.

Неоген кезеңінде тектоникалық процестер Тянь-Шань тауларын биік таулардың биіктігіне жеткізді. Тектоникалық процестер нәтижесінде таулы аудандарда эрозиялық процестер күшейіп бастады, таулы аудандарда деструктивтік процестер тау етегінде тау алды жазықты жер бедері пішіндерін қалыптастырды.

Соңғы төрттік кезеңінде эрозиялық процестер көмегімен қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Соңғы кезде аса маңызды су ағымдарының және уақытша су ағымдарының әсері аса маңызды болды. Сондықтан қаланың территориясында төбеліпішіндер басым болады. Уақытша су ағыстардың ықпалымен бұл территорияда көптеген сайлар пайда болған.

Шымкент қаласа археологтардың пікірі бойынша елді мекен ретінде қалыптасуы ерте орта ғасырлар деп болжайды. Сондықтан, қазіргі жер бедері соңғы 1 - 1, 5 жыл бойы белгілі бір деңгейде антропогендік ықпалға ұшырады. Антропогендік фактордың жер бедеріне әсерін қолдан жасылыңған жер бедерінің пішіндерінен көреміз. Мысалы қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан ерте кезеңде пайда болған қалашықтың орнында төменгі қабаттарында үйлердің қалдықтары, ыды-аяқ қалдықтары тағы басқа артефактілер талбылды. Демек, мәдени қабаттар ондаған метр тереңдікте анықталған болса, онда мұндағы төбе жасанды төбе деп пікір белдіреміз. Ал бұл төбе (цитадель) қазіргі қаланың жер бетіне салыстырғанда өте биік орын болып табылады.

Антропогендік жер бедері пішіндерін қаланың ішкі аудандарында байқалады. Мысалы, қаланың бірнеше сай болған учаскелер тегістелініп олардың орнында үлкен ғимараттар құрылған.

Қаланың территориясы әдеби деректер бойынша шамамен 3-4 балдық сейсмикалық белдеуде орналасқан. Шымкент қаласы территориясында маңызды жер сілкіну тіркелмеген, тарихи деректерде де ол туралы мәліметтер айтылмаған. Бірақ әлсіз жер сілкіну жиі болып отырады. Тек ғана соңғы жылдары қала территориясында бірнеше рет 3-4 балдық жер сілкіну тіркелген.

Қаланың территориясында Қошқарата өзенін басталатын бірнеше каналдар, арықтар құрылған. Олар өз кезегінде өзінің арналары бойында маңызды эрозиялық процестерді дамытып ерекше жер бедерінің пішіндерін қалыптастыруда. Мысалы Түркістанская көшесіне параллель жатқан Қошқарата өзінені құятын бір бастау соңғы 3 - 4 жылдың ішінде жаңа арнаны қалыптастыруда, келешекте ол жерде маңызды су ағымы пайда болу мүмкін. Яғни жер бедерінің пішіндері қалыптасу процестері жалғасуда.

Шымкент қаласы маңындағы рекреациялық территориялар басым таулы аудандарда орналасқан. Шымкенттен шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Қаржантаудың тау алды жазықтары мен жотаның беткейлері орналасқан. Солтүстік бағытта Қаратау таулары, әсіресе соның Боралдай жотасы жақын орналасқан. Қаладан оңтүстікке қарай Қазығүрт таулары жатыр.

Бұл таулы аудандар неогенде күшті тектоникалық көтерілу процестері нәтижесінде үлкен биіктіктерге көтерілді. Ең биік Сайрам шыңы, биіктігі 4299 м, облыстың ең биік түктесі болып табылады.

Таулы аудандар қоршаған жазықтарға салыстырғанда ылғалды болып келеді, сондықтан мұнда эрозиялық процестер аса маңызды. Көктемгі кезде көптеген кіші-гірім өзендерде сел құбылыстары жиі болады. Сел әдетте күшті эрозиялық процестерімен сипатталады, мысалы бір сел өту барысында өзеннің жаға сызығы кескін түрде өзгеруі мүмкін, жаға бойында бастаулар пайда болады, немесе бар бастаулар жойылу мүмкін.

Жазықтық эрозия нәтижесінде өзендердің арналарында аккумулятивтік жер бедерінің пішіндері қалыптасуда. Өзендер жазықты учаскелерге шығуда аллювиальдық материалдың қалың қабаттары пайда болады. Ол кешендер ылғалмен жақсы қамтамасыздануына байланысты шалғында кешендер қалыптасады, яғни рекрециялық көз қарастан бұл ұйымдастырылмаған рекреациялық ресурс болып табылады.

Қаланың маңындағы таулы аудандарды рекреациялық объектілер ретінде өзендердің аңғарларын қолдануға болады. Таулы аудандардың жер бедерінің пішіндері барлық уақыт рекреанттар, әсіресе қала түрғындары үшін ең маңызды демалу объектілері болып табылады.

Таулы аудандардың ландшафттары адамның ден саулығын қалпына келтіруде теңіз жағасында демалуымен бара-бар. Шымкент қаласы маңындағы таулардағы климат жазда қүрғақ болады, яғни апталық рекреация циклінде өте маңызды болады.

1. 2. Климатты және беткі сулары

Шымкент қаласы қоңыржай беледуінің оңтүсті бөілігнде орналасқан, ал кейбір авторладың пікір бойынша Қазығүрт таулары қоңыржай белдеуі мен қүрғақ материктік субтропиктік белдеулер арасындағы маңызды климаттық шекара болып келеді.

Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы әкімшілік облыстары орталықтары арасындағы ең оңтүстікте орналасқан, сондықтан термикалық режимі өте жұмсақ болып табылады.

Қаланың және оның маңыдағы территориясының климатына маңызды әсер ететін ауа массалыр басым осы аймақта пайда болады, яғни жергілікті циклогенез өте күшті болады. Оның басты себебі мұнда таулы климаттың ықпалы басым.

Қысқы маусымда Шымкент қаласы орналасқан территориясына солтүстіктен келетін трансофрмациялаңған арктикалық ауа массалырынң ықпалы болады, бірақ ол ауа массалары аса күшті өзгертілген сондықтан ауа температурасы маңызды төмендемейді. Солтүстіктік тарапынан қаланы Қаратау жотасы суық ауа массаларынан қорғайды.

Шымкент қаласында басым жергілікті циклогенез болуына байланысты жазғы және қысы маусымда, мұнда таулы-аңғарлы желдер басым болады. Өтпелі маусымдарда ауа температурасының кескін өзгеруіне байланысты, жергілікті ауаның қозғалу жылдамтықтары кейбір кезде үлкен көрсеткіштерге жетеді, кейбір жағдайда оның көрсеткіштері 30 м/сек жетеді. Осы кезде желдің күші жағымсыз салдарына келтіру мүмкін, ескі немесе ауру болған ағаштар кұлап калу, электр желісі орнатылған тіреу столбалар қирап қалады.

Жазғы маусымда қала территориясында Қызылқұм шөлінде орналасқан антициклонның ықпалы аса маңызды. Сондықта, жазғы шілде және тамыз айларында түрақты бұлтсыз, өте ыстық ауа райы орнатылады. Қала үстінде жазғы ауа раы орнатылуда тау-аңғарлы желдердің маңызы өседі, ауаның осындай қозғалуы, белгілі бір деңгейде желдің жылдамдығы көтереді, соның салдарынан жазғы маусымның желдің жылдамдығы қысқы маусымға салыстырғанда жоғары болады.

Қаланың термикалық режимі ауаның қозғалуына тәуелді, дегенмен, Қазақстанның басқа қалаларына салыстырғанда Шымкент қаласының географиялық оңтүстікте орналсқандығы, ауа температурасы жоғары болуының басты себепшісі болып табылады.

Қаланың территориясындағы термикалық режим рекреациялық көз қарастан демалу мақсатында өте жағымды. Мысалы ауаның жылпы жылдық орташа температура +12, 6°C тең, ол дегеніміз, Республиканың облыс орталықтарының осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары болып келеді, мысалы, Алматы қаласында мұндай көрсеткіш +7, 6°C, Астана қаласында +1, 4°C, ал ең солтүстікте орналасқан Петропавл қаласы метеостанциясының көрсеткіші не бары +0, 5°C тең. Демек, қаланың термикалық ресурстары қаланың рекреациялық ресурстары көз қарасынан көптеген жылусүйгіш декоративтік өсімдіктерді егуге болатындығын айқындайды. Сондықтан, Шымкент қаласындағы дендро саябақ Қазақстан Республикасында бірегей болып табылады.

Ауа температурасын маусым бойынша режимі әр түрлі болып табылады, қысқы маусым салыстырмалы жылы болады, қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -1, 5°C құрайды, кері температуралар тек ғана осы қаңтар және ақпан айында байқалады -0, 3°C құрайды. Жылдың басқа айларында ауаның температурасы әлде қайда жоғары болады.

Қазақстанның басқа облыс орталықтарымен салыстырғанда жазғы температуралар салыстырмалы жоғары емес, шілде айының орташа температурасы +26, 5°C құрайды, ал осы айда Қызылорда метеостанциясының көрсеткіші +27, 8°C тең. Жалпы жазғы айларында ауаның температурасы +20°C төмен болмайды.

Жауын-шашынның мөлшері бойынша Шымкент қаласы таулы климатпен салыстыруға болады, жалпы жылдық мөлшері 572 мм. Жауын-шашынның басым суық маусымда байқалады, суық айларының жауын-шашын мөлшері 367 мм, ал жылы маусымның жауын-шашын мөлшері - 205 мм құрайды. Маусым айынан қыркүйек айына дейін жалпы жауын-шашынның мөлшері не бары 42 мм құрайды. Мұндай жауын-шашын режимі субтропиктік климатқа тән, рекреациялық ресурстары көз қарасынан жазда жауын-шашын мөлшері аз болғандығы рекреанттар үшін өте жағымды болап келеді.

Беткі сулары. Қаланың ең ірі өзені Бадам өзені. Бадам өзені Қаржантаудың батыс беткейлерінен шамамен 2550 м басталады, жоғарғы бөлігінде су қоймасы бар Тоғыз саласы құяды. Шамамен Шымкент қаласына дейін Бадам өзені таулы сипатқа ие, қаланың территориясында салыстырмалы енді аңғар бойынша жазықтық өзенге айналады.

Бадам өзенінде Бадам су қомайсы құрылған, оның басты себептердің бірі Шымкент қаласын сумен қамтамасыздандыру. Бадам өзені халық тығыз орналасқан жерден өтеді, сондықтан оның суларын суғару интенсивті қолданылады.

Бадам өзенінің жалпы ұзындығы 143 км, су жинау ауданы 4370 км2, су жинау алабының орташа биіктігі 970 м, су шығыны орта есеппен алғанда жылына 14, 9 м3/сек. Жалпы жылдық ағынның 47, 6 % көктемде өтеді, 26, 7 % - жазғы маусымда, ал 25, 7 % күз және қыс айларында өтеді.

1. 3 Топырақ-өсімдік жамылғысы

Топырақ жамылғысы. Шымкент қаласы маңындағы таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жердер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер) .

Қаланың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мүнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері - қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.

1200 - 1300 метрден 2400 - 2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 - 6 %, түсі қызыл қоңыр.

Талас Алатауы, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды жазықтарда, Сырдарьяның биік террасаларында сұр топырақ тараған. Мұндағы сұр топырақ солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді. Олардың ішінде оңтүстікті қара реңді сұр топырақ (қарашірік - 3 - 4 %) ең құнарлы болып табылады.

Сайрам және Бадам өзендерінің аңғарларында тұздалмаған шалғынды- сұр топырақ және сор топырақ кездеседі. Топырақтың беткі қабаттарында қарашірік үлесі 3 - 4 % дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында, Шу өзенінің төменгі ағысында, сырдарья аңғарында сор жерлер бар, олардың беті жүқа тұзды қабыршақпен жабылған. Олар, минералданған еспе сулардың (жер бетінен 2 - 3 м тереңдікте) жер бетіне жақын орналасқан жағдайда пайда болады.

Өсімдік жамылғысы. Рекреациялық ресурстарының сапасына және оны пайдалану түрлеріне өсімдік жамылғысының маңызды әсері бар. Облыстың өсімдік жамылғысы өте түрлі болып келеді, шамамен 1, 5 мың түрі бар. Жазықтықтарда шөлді өсімдіктер басым болады. Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тау етегінде пролювиалдық жазықтықта боялыш пен жүсан басым болады. Жазықты жерде бұталы өсімдіктер көп кездеседі - сексеуіл, жүсан, Коноллидің құмды қарағаны (құмды акация), жүзгін, оңтүстігінде жүсанды-эфемерлік өсімдік дала дала өсімдігіне ауысады. Сырдарья аңғарында жүсанды-солянкалы өсімдіктер басым. Ал, өзенге жақындаған сайын қамыстық және тоғай өсімдіктері көбейеді (жіде, қамыс, шенгел, тамарикс, тораңғыл, тал т. б. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Туған өлкемнің проблемалары
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы физикалық - географиялық сипаттама
Шымкент қаласының экологиялық жағдайына эсер ететін өндіріс орындары
Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Қазіргі қаланың экологиялық проблемалары және халықтың денсаулығына әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz