Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Филология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы
1.1 Ыбырай Алтынсариннің
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық
идеясы мен ағартушылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
1.3 Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы
орны ... ... ... ... ... ... ...10
2.Білім жүйесі және Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
2.1. Ы.Алтынсариннің білім саласына педагогикалық ықпалы және ұсынған
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеялары бүгінгі оқыту
жүйесінде іске
асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .36
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттік білім беру мекемелерін немесе
олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі
белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын куәландыратын құжат беріледі.
Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін бітірген адамдарға мұндай құжат осы
мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріледі.
Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар
және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген
тәртіп бойынша жүргізіледі.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік
қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог-
тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік
қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің
орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық,
әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әр қилы
деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі.
Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекеттің тәрбиешінің бір өзі
басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқада ықпал
жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай-ақ, пән мұғалімдердің, сынып
басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс
жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір
уақытта бірнеше қызмет атқарады ол – сынып басшысы, пән мұғалімі,
әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы
ата-аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар
негізінде атқарылып барады.
Зерттеу мәселесі. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл
және жазушы Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз
әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз
әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған
дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын
байқаймыз. Жаз, Өзен сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана
емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі
сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. (Жаратқан
мұнша таңсық жаббар құдай!, Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым деген
өлең шумақтарында, Мұсылманшылдықтың тұтқасында, т.б. еңбектерінде осы
пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары
құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен
адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады.
Зерттеу мақсаты: Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілдері Ыбырай
Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы туралы мағлұмат беру.
Зерттеу міндеттері:
✓ Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы туралы түсінік
беру.
✓ Білдім жүйесіне қосқан үлесі туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі
АЛТЫНСАРИН Ыбырай (1841-1889) – ағартушы, педагог, жазушы, этнограф,
фольклоршы, қоғам қайраткері. Қостанай облысының Қостанай ауданында туған.
Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа
бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара
комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне
оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы
жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді.
Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ
жасынан зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние
жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып,
нәр алды. Мектеп бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары аралығында атасы
Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші
тілмаштық қызметке ауысады. 1860 жылы Ыбырайға облыстық басқарма Орынбор
бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырып,
сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.
Осыдан бастап Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады.
Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан,
ағартушылық идеяларымен қанаттанған ағартушы көздеген мақсатын орындауға
құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен
мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады.
Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы
қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14
бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі
педагогикалық классиктердің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды
қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-
1879 жылдары арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар
арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868-1874 жылдары Орынбор генерал-
губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы,
1876-1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.
Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап, Алтынсарин зайырлық мектептер
ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыстық уез орталықтарында училищелер
ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде
екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашып, олардың бәрінде де кітапханалар
ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу
ісін қолға алды. Бұл үшін ол Болыстық қазақ мектептері туралы записка
әзірледі. Мұнда Алтынсарин тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай
көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір
жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне
елеулі үлес қосты. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы сәуірдің 10-ында Орскіде
бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер
мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз училищелерінің
жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан экономика
салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл
шаруашылығы училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін
ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл
шаруашылығы училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет
қалдырды. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды.
Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша
әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін
ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен
кейін беріліп, Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде жанында
интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.
1.2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық
идеясы мен ағартушылық қызметі
Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша
ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет
пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық
мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын
жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп,
оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып
табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын
іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық
анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге
жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада
бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан
қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей,
мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында
Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің
бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын
ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып,
өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай
Алтынсарин туралы былай жазды: Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса,
Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл,
прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас
еді... Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы,
әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да
ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп,
қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор
келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі
ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, бұратана елдер үшін
тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен
қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.
Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика
құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген
инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін,-деп жоғары балады.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын,
әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық
жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы,
жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын
көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның
тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог.
Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы
педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне
арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың
педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып,
Ы.Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жылы) мен Қазақтарға орыс
тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық деген екі кітабын жазды. Бұл
еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен
ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек
кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен
Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы
болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен
тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы
тәжірибелерін пайдаланды.
Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы
жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына
сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен
жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің
үлгілерін енгізді.
Қазақ хрестоматиясымен жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның Балалар әлемі, сонымен
қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың
оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар
жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен
ашылды.
1.3 Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды
өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре
біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының
игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық
тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері
ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп
келген.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың
бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың
теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау
еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне,
ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді.
Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне
Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір
зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.
Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер
біріне- бірі жалғасқан еді.
Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен
Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында
алтын әріппен жазулы...
Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин
білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек
білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр
өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан
құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі
толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген
ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына
көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де
ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары
арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба
әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың
тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер,
бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр
жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі
әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879)
ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді
өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел,
балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық
ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды
әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен
техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық
шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ
жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге
шақырды.
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін
шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып,
салыстырып отырды.
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық
дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап
көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген
еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың
баянсыздығы т.б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың
ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың
экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды",
"Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу",
" Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге
арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін
атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-
қарлықты,астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,естілікті салттардың
зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың
артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар...
Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп
айта алмаймыз.
Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге
арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде
кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке
тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде
ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.
Ыбырайдың "Жаз","Өзен" өлеңдері көркемдік келісім жағынан (халық
өмірімен байланыс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім
туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да
Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар.Олардың орыс әдебиетімен жақсы
таныстығы көрінеді.
Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де
көрініп тұр.Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын
атап көрсетеді.
Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше
мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата-
ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар
айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. ("Бұл
кім?, "Ананың сүюі", " Балғожаның хаты"...)
Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар
қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның " Бай баласы мен жарлы
баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан
хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын
суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі
мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды,
тәрбиелеуді мақсат етеді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол,
біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын
ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан
мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына
қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі
тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл
әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын
Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890
жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.
Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл".
Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы
байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін
қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың
орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін
сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол
арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты
көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек.
Оны автордың өзі атап көрсетеді.
Көркем әдебиеттің күрделі жанры - әңгіме екені белгілі. Өйткені үлкен
жанрдағы шығармаларға қойылатын талаптар әңгіме, новелла тәрізді (1-2
эпизодтан тұратын көркем қысқа әңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл
тұрғыдан алғанда Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай
отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық
идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді.
Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де
ортақ екендігін көрсетеді.
Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде
көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелердің
композициялық құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар,"-деп
жазды.
Бұл аталған ерекшеліктер жазушының барлық әңгімелеріне ортақ...
Мектеп оқулығы үшін жазылғандықтан, Ыбырайдың әдеби туындылары балалар
дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп
танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең
көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.
Әңгімелерін идеялық нысанасы жағынан жүйелер болсақ, еңбекті сүю,
қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім (ана-
бала) перзенттін парыз, т.б. өмірдің өзекті мәселелері қамтығанын көреміз.
Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен
байланыста, бірімен- бірі ұштастырыла суреттеліп отырады. Оның
шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін, азаматтың тұлғасын
көреміз, сүйсінеміз.
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы
танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын
орны расан зор.
2.Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі

принциптері
Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай (Ибраһим) Мектепті бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары атасы

тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма
Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды
тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп
белгілейді.
Осыдан былай Алтынсариннің ағартушылық-мұғалімдік қызметі басталады.
Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, орындауға
құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кəсіптік білімнің маңызы мен

Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды.
Мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып,
сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды.
Алтынсарин дүние жүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын
басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген
тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдар арасында Алтынсарин мұғалімдік,
ағартушылық қызметімен қатар басқа да қызметтер атқарды: 1868-1874 жылдары
Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың
уездік судьясы, 1876-1879 жылдары Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға
жəрдемшісі болды.
Инспекторлық қызметіне кіріскен кезден бастап, Алтынсарин мектептер
ашуды қолға алды. Ең алдымен облыс, уез орталықтарында училищелер ашуға
шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бір-
бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашты. Олардың бəріне де
кітапханалар ұйымдастыруға зор мəн берді. 1888 жылы 10 сəуірде Омскіде

мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз училищелерін

салаларына қажетті мамандар əзірлеу ісіне ерекше мəн беріп, қолөнер, ауыл

қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар
мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.
Ол патша əкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар
училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі
жыл өткеннен кейін берілді де, Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде
жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.
Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару
қажет деп санады.
Оқыту əдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен
қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.
Алтынсарин жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес
қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техниканы меңгеруге
шақырды. Оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мəн берді. Бұған
инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін
ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ,
қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады. Оқу білімнің пайдасы қандай, ол
неге керек деген мəселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет
екенін талдап көрсетеді. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу
ақынның Өнер-білім бар жұрттар деген өлеңінде өз жалғасын тапқан.
Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирикалық
өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің Жаз, Өзен атты өлеңдерінде жыл
мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Күн мен Жердің мейірім-шапағатын ата-
ана кейпінде, ал қызыл, жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы
табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу Алтынсариннің қазақ
поэзиясына əкелген жаңалығы болып табылады.
Алтынсариннің əңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан
ұтымды келеді. Осыған орай оның Қыпшақ Сейітқұл, Киіз үй мен ағаш үй
тəрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес Аурудан аяған
күштірек, Асыл шөп, Шеше мен бала, Бай мен жарлы баласы, Таза
бұлақ т.б. əңгімелері – əсерлі де көркем шы- 41 ғармалар. А.Ушинский,
Л.Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тəржімелеп, қазақ
əдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.
Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасалған классикалық мол əдебиеттерімен
танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тəрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-
санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру
үшін, алдымен балалар əдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар əдебиеті
тақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды,
оларды жас ұрпақтарымызға үлгі етіп ұсынды. Бұл қазақ халқы үшін, əсіресе,
оның жас ұрпақ балалары үшін аса игілікті іс, жаңа бастама еді.
Ы.Алтынсарин И.Крыловтың Егіннің бастары, Қарға мен түлкі,
Қайырымды түлкі, Лев Толстойдан Полкан деген ит, Силинші,
И.И.Дмитриевтен Екі шыбын орыс хрестоматиясынан, көбінесе Паульсонның
хрестоматиясынан Тəккаппаршылық, Дүние қалай етсең табылады, Талаптың
пайдасы, Үш ұры, Алтын шеттеуік, Аурудан – аяған күштірек, Əке мен
бала, Білгеннің пайдасы, Асыл шөп, Бақша ағаштары, Жаман жолдас,
Мейірімді бала сияқты көптеген шығармаларды аударды.
Бұл шығармалардың барлығы да қысқа, мазмұнды, көркем, баланың жас
ерекшелігі мен білім көлеміне сай, жеңіл, тəрбиелік жағынан шебер құрылған
шығармалар. Баланы тəрбиелеу аса маңызды, қажетті əрі жауапты мəселе екенін
айта келіп, балалар кітабы тəрбиелеу үшін жасалады, тəрбие жұмысы ұлы
мəселе, ол адам қатысуымен ғана шешіледі дейді Белинский. Кітап қорқақтық,
жасқаншақтық, өзімшіл, такаппаршыл болудан, өтірік-өсек айтудан балаларды
жиренетін жаман қылықтарға қарсы күрес жүргізетін дəрежеде жазылсын деген
талаптар қойды.
Ыбырай балалар əдебиетіне тəн көп шығармалар берді. Бұл шығармаларды
жазуда алдына үлкен мақсаттар қояды. Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа,
тазалыққа отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына
тəрбиелік мəні бар жұмыс деп білемін, – дейді.
Алтынсариннің барлық өлеңдері мен əңгімелерінің мазмұнында негізінен
өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.
Халықты жəне олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда
Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, əрқашан жаңарып, түрленіп,
құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі: Кел,
балалар, оқылық, Өнер-білім бар жұрттар, Əй, достарым, Əй, жігіттер
деген өлеңдері.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – деп ұран салды. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен
сауат ашу, оқыту мəселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында
тəрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен əңгімелерінің қай-
қайсысы болмасын балаға тəртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.
Оқыған, мəдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл
жəне көңілді болатынын ескертеді. Өнер-білім бар жұрттар деген өлеңінде
өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді
мəдениетті болуға шақырады.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды, – деп радио, телефон, телеграфты айтса,
Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны
Күн жарымда барғызды, – деп поезд бен автомашинаны үлгі етіп
көрсетті. Ғылым, өнер, техника жайларын сөз еткенде, Ыбырай балалардың
ұғымындағы түсініктерден алыс кетпейтінін, өздерінің күнделікті естіп,
біліп, айтып жүрген сөздері арқылы беруге ұмтылды.
Бала тəрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин ананың роліне ерекше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz