А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Филология» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«А. Құнанбаев және Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы

1. 1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі . . . 5

1. 2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі . . . 7

1. 3 Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны . . . 10

2. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы

2. 1 Абай - қазақтың ұлы ақыны, философы . . . 16

2. 2 Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы . . . 20

2. 3 Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы . . . 22

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) .

Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т. б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды) . Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады.

Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз.

Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т. б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Зерттеу мақсаты: Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы туралы мағлұмат беру.

Зерттеу міндеттері:

  • Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу және педагогикалық көзқарасы туралы түсінік беру.
  • Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы туралы түсінік беру.

Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы

1. 1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі

АЛТЫНСАРИН Ыбырай (1841-1889) - ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Қостанай облысының Қостанай ауданында туған. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектеп бітіргеннен кейін, 1857-1859 жылдары аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметке ауысады. 1860 жылы Ыбырайға облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырып, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанаттанған ағартушы көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогикалық классиктердің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдары арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868-1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап, Алтынсарин зайырлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыстық уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашып, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол «Болыстық қазақ мектептері туралы записка» әзірледі. Мұнда Алтынсарин тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы сәуірдің 10-ында Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз училищелерінің жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан экономика салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауыл шаруашылығы училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін беріліп, Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды.

1. 2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық

идеясы мен ағартушылық қызметі

Ы. Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».

«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», -деп жоғары балады.

Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол - ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына - сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы. Алтынсарин - «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.

Ы. Алтынсариннің шығармашылығына Н. Ф. Бунаков және Н. А. Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы. Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.

Ы. Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.

«Қазақ хрестоматиясымен» жұмыс істеу барысында Ы. Алтынсаринге К. Д. Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның «Балалар әлемі», сонымен қатар Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсонның, Н. А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.

Ы. Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.

1. 3 Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң - мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ал оның заманы тарихтың бір аумалы - төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.

Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.

Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы . . .

Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.

Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.

Абай мен Ыбырайдың ақындық, ағартушылық енбектері бірін -бірі толықтырып, үндесіп жатты. Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар, оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін, әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге, бойға сіңіруге шақырды.

"Кел, балалар, оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

1) Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

2) Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас . . .

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас . . .

Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында", - деп атап көрсетеді. ғалым Ә:дербісалин "Ы. Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру, білмсіз, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т. б.

Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. ("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т. б.

Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т. б. өлеңдерін атауға болады. Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, естілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:

Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,

Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.

Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен

Алыс- алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар . . .

Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән -мағынасы көнерді деп айта алмаймыз.

Ақынның бірлі - жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке тән. Табиғат сұлулығын жырлау - орыс әдебиеттінде, т. б. елдердің әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.

Ыбырайдың "Жаз", "Өзен" өлеңдері көркемдік келісім жағынан (халық өмірімен байланыс, өлкетану т. б. ) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар. Олардың орыс әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді.

Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр. Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын атап көрсетеді.

Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. ("Бұл кім?, "Ананың сүюі", " Балғожаның хаты" . . . )

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды. Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т. б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.

"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н. Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Алтынсарин қызметінің маңызы
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Үлкендерге арналған әңгімелер
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz