Экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайдағы дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Еуразия Академиясы

Еуразия институты

«Экономика және құқық» деканаты

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайдағы дамуы»

Орындаған: 213 топ студенті Жангалиева Б. Н.

Тексерген: аға оқытушы Ислямов Р. С.

Орал, 2014ж.
Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қоғамдағы экономикалық қатынастар . . . 5

1. 1. Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру . . . 5

1. 2 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары . . . 8

1. 3 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі . . . 10

1. 4 Құн заңы - тауар өндіріс заңы . . . 14

2. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ . . . 17

2. 1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары . . . 17

2. 2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы . . . 19

2. 3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық экономикалық ұйымдардың ролі . . . 21

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЕНУІ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ . . . 25

3. 1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орны . . . 25

3. 2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны . . . 26

3. 3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық кеңістіктің дамуы . . . 28

3. 4. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын жетілдірудегі мемлекеттің саясаты . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35


Кіріспе

Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен үрдістерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды, өмір қажеттіліктерін қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өндіруду, бөліністе, айырбаста және тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория.

Кітапта, экономикалық қатынастар мен заңдар, қоғамның экономикалық жүйесінің сипаттамасы, тауар-ақша айырбасы, сауда-саттық және олардың қоғамның өзгерістеріне сай қалыптасу бағыттары кеңінен қарастырылған.

Әрине, нақтылы қоғамдық өмірдегі өзгерістерге байланысты әлеуметтік мәселелер, меншік түрлері, жұмыссыздық мәселелері жеке-жеке зерттеледі.

Сонымен, оқу құралының әдістемелік және теориялық тұрғыда жинақталған материалдары оқырмандардың экономика саласына деген көзқарасын, білімін тереңдетеді.

Кең көлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес.

Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель, т. б. ) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды - заттай жүргізілді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.

Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында. Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады. Әлемдік экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады. Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми - техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді. Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми - техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:

  • экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып, әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
  • экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық ұйымдардың роліне сипаттама беру;
  • Қазақстанның әлемдік - экономикалық қатынастарға ену жолдарын қарастыру.

1. Қоғамдағы экономикалық қатынастар

1. 1. Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру

Өндіріс пен барлық шаруашылықтың өмір бойы дами қалыптасуында адамдар арасындағы әртүрлі экономикалық қатынастар байқалды. Олардың ең негізгілеріне: ақша-тауар және нарықтық қатынастары, жеке меншік қатынастары, қоғамдағы өндірісті ұйымдастыру, оны мамандандыру және интеграциялау кіреді. Осыларды қарастыра отырып тақырыпты бастайық.

Адамдардың өмірінде меншік қатынастарының мағынасын ­ бағалау қиын. Олар қоғамда нақты билікті анықтайды : кім өндірісті басқарады және өндірілген өнім қалай реттелетінің қарастырады. Көбінде, адамдардың заттық әл-ауқаттылығы оларға тәуелді болады. Меншік - бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория.

Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру керек. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. Бизнес үшін бастапқы мәнді меншіктің, өндіріс құрал жабдықтарына деген қатынасы игереді. Бұлар қатынастар күрделі және көп қырлы, бірақ оларды үш ерекшелеуге болады (сурет 1) .

Сурет . 1 - Меншік қатынасының құрылымы

Өндіріс құралдарын иелену қатынасы арқылы, ­ өндіріс құралдарының иесі болу үшін әртүрлі субъектілердің (жеке адамдардың, ұйымдардың, мемлекеттің) құқығы заңмен бекітіледі, яғни:

а) оны иемденуі;

б) пайдалануы және

б) бұйрық беруі.

Өндіріс құралдарын шаруашылықта қолдану қатынасы дегеніміз, өндіріс құралдарын меншік иесі өзі қолданбайды, ал оларды, мысалға, жалға береді, уақытша иелік етуге және пайдалануға.

Меншікті экономикалық тұрғыдан өткізу қатынасы, яғни өндіріс құралдары өз иесіне табыс-пайда әкелген жағдайда немесе салық, жалдық төлемдерді төлеуде көрініс табады.

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің) . Қоғамдық меншік ­ а) мемлекеттік ­ меншік;

Сурет 2 - Меншіктің негізгі түрлері және формалары

б) муниципалды меншік - ­ қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады.

Бизнесте жеке меншік ең тиімді болып келеді. Ол нағыз иелерлерінің қолдарында бола отырып, адамдардың еңбектегі қуатты қызығушылығын және табысқа ынталылығын тудырады. Кәсіпорындардың негізгі түрлері

Меншіктің түрлері мен формаларына қатысты бизнесті ұйымдастырудың формалары анықталады. Осыдан кәсіпорындардың төрт негізгі түрін көруге болады: жеке кәсіпорындар, жолдастықтың (немесе серіктестік), акционерлік қоғам және унитарлы кәсіпорындар.

Кесте 1 Кәсіпорындардың негізгі түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы

Кәсіпорындардың түрлері
Кәсіпорын мүлігі
Экономикалық жауаптылығы
Кәсіпорындардың түрлері: Жеке кәсіпорын
Кәсіпорын мүлігі: Кәсіпкердің жеке меншігінде болады
Экономикалық жауаптылығы: Шектелмеген
Кәсіпорындардың түрлері: Жолдастық (серіктестік)
Кәсіпорын мүлігі: Қатысушылардың үлестеріне бөлінген
Экономикалық жауаптылығы: Шектелмеген және шек қойылған
Кәсіпорындардың түрлері: Акционерлік қоғам
Кәсіпорын мүлігі: Акционерлердің алған акцияларына қатысты бөлінген
Экономикалық жауаптылығы: Шек қойылған
Кәсіпорындардың түрлері: Унитарлыкәсіпорын
Кәсіпорын мүлігі: Бөлінбейді: мемлекетке немесе муниципалитетке бағынады;
Экономикалық жауаптылығы: Шек қойылған

Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы

Акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздарды шығаруы және сатылуы құнды қағаздардың жүйелі нарығын тудырады. Бұл нарыққа негізгі ­ қатысушылар: 1) инвесторлар - акцияларды және облигацияларды сатып алушы ұйымдар немесе азаматтар; 2) эмитенттер - бұл құнды қағаздарды шығарушы мекеме немесе акционерлік қоғамдар; 3) инвестициялық институттар - бағалыы қағаздар нарығын ұйымдастыратын және кызмет көрсететін әртүрлі мекемелер.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары - инвестициялық институттар: қор биржасы, инвестициялық кеңесшілер, инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар

Сурет 4 - Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары

Бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар және қызмет етушілер ­(4 суретте) көрсетілген. Солардың арасында негізгісі қор биржасы болып келеді, құнды қағаздардың сатып алуын кәсіптілік деңгейде ұйымдастырады. Қалған инвестициялық институттар ­ өз " телімдерін " иеленеді. Кеңесшілер құнды қағаздардың айналымы және эмиссияларға қатысты сұрақтар бойынша мәліметтер береді. Компаниялар эмитенттердің сұранысы бойынша бұл құнды қағаздардың шығарумен және сатылу тапсырыстарын ұйымдастырады. Инвестициялық қорлар инвесторларға еркін айналымдағы қаржысын ыңғайлы және тиімді жұмсауына көмектеседі (әсіресе кіші салымшыларға) , ал түсімді басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайды.

Болашақ акциялардың сату - сатып алу бостандығы сұраныспен және нақтылы ұсынысымен анықталады және көптеген факторларға, яғни Акция курсына тәуелді болады. Акция курсы - бұл олардың нарықтық бағасы: ол белгіленген акциялардың сұранысы мен ұсынысынан анықталады және көптеген факторларға байланысты болады: АҚ-ның шаруашылық табыстарынан, дивиленд мөлшерлерінен, салымдардың банкілік пайыздарынан (акция сатып алуш акциялардың банкілердегі үлестері мен табыстардың деңгейлерін әрқашан салыстырады) т. с. ­с. Ірі фирмалардың акцияларының бағыттарының өзгеруі, сол мемлекеттің экономикалық конъюктурасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, акция курсы сатылатын және сатып алынатын баға. оның курсы табыс шамасына тікелей байланысты болады. атап айтқанда, акциялардың курсы дивидендтің көбеюіне қарай артады және дививдендтің төмендеуіне қарай құлыдрайды.

1. 2 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

- ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат, ТҰТЫНУ ҚҰНЫ;

- ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, ҚҰН.

Заттың пайдалылығы оны ТҰТЫНУ ҚҰНЫ етеді. Тұтыну құны - тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

1) тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады;

2) тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз;

3) тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгіңде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті АЙЫРБАС ҚҰНЫ немесе ҚҰН болуы керек. АЙЫРБАС ҚҰНЫ - ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну кұндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өңдіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың кұнын жасайды. Құн - тауарға сіңіріліп, оңда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.

Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (кұн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек - физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады.

1. 3 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі.

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

- ол нақты бір заттың қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

- тауар өндірушінін жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке кажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардьің, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

- құн өлшемі;

- айналыс құралы;

- төлем құралы;

- қазына жинау;

- дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның ең бірінші және басты қызметі - ҚҰН ӨЛШЕМІ. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. . Мұндай қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда кұн өлшеуіші қызметін алтын ғана атқарады. . Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т - Т) біржола тауар айналымына (Т - А - Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасындағы аралық, яғни АЙЫРБАС ҚҰРАЛЫ қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Экономикалық қатынастар шенберінің үлғаюымен ақша ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ ретінде маңызды рөл атқарады. Атап айтсақ, қажеттіліктерді сатып алуда, салық төлеуде және т. б. Қазына жинау тауар өндірісінің объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз тауарларының ету өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ рынок стихиясынан сақтарлықтай кепілдік жасауы керек.

Сатпай тұрып, сатып аларлықтай, кез келген затқа әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт. Тауар-ақша қатынасы, осымен байланысты ақшаның үстемдік етуі белгілі бір дәрежеге жеткенде кейбір адамдар үшін ақша қорын молайту олардың өмір сүруінің мақсат-мүддесіне айналады. Бұл жағдайда ақша ҚОР ЖИНАУ қызметін атқарады. Қазіргі кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бұл зор маңызға ие болып отыр. Тауар-ақша қатынасының ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзілік рынокты қамтамасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін көрсетеді. Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінің "ұлттық мундирін" алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпасы түрінде қызмет атқарады. Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады. Ал оның түрлерін ілгеріде атап еттік. Сонымен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚШАЛАР үш түрлі қызмет атқарады:

1) халықаралық төлем құралы;

2) халықаралық сатып алу, сату құралы;

3) қоғамның байлығын сипаттаушы құрал;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісі
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық - педагогикалық диагностикасы
Тұлғаның әлеуметтік типі туралы түсінік
Компаниядағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Меншік ұғымы,түрлері мен формалары, ҚР-ғы меншіктік қатынастардың дамуы
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz