Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
Жоспар
Кіріспе
1 – тарау. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 5
1.2. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор
эффектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның
ерекшеліктері ... ... ... .11
2 – тарау. ҚР экономикалық өсуінің қазіргі жетістіктері мен экономикалық
өсу мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу
факторлары ... ... ... ...16
2.2.Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясын құру және
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Экономикалық өсудегі – Жаңа
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...29
Кіріспе
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алып, түбегейлі
әлеуметтік реформалар жасауға, демокартиялық қоғам мен ашық
экономика орнатуға кірісті. Содан бері еліміз жеке
меншік және еркін бәсекелестікке негізделген нарықтық
экономика құру жолына түсті.
Қазақстандағы нарықтық жаңғырулар Үкімет
бағдарламаларына сәйкес кезең - кезеңімен және әр
кезеңнің түрлі мақсаттары мен міндеттерін айқындау арқылы
жүргізілді.
1990 - жылдардың басында нарықтық қарым -
қатынастардың заңнамалық және институттық бағаларын жасауға
көңіл бөлінді. Реформалардың алғашқы кезеңінде
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуы саласындағы
болашақ табыстардың негізгі қаланған болатын.
1995 жылы реформаларды тереңдетудің тиімді құралына
айналған Қазақстан республикасының Конституциясы қабылданды.
Конституция мемлекеттің ішкі саясатында қалыпты жағдайды
сақтауды қамтамасыз етіп, ел экономикасының жемісті
дамуының алғышарттарын жасады.
1990 - жылдардың екінші жартысында макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету, заңнамаларды одан әрі жетілдіру
қаржылық жүйе мен өндірістік секторды дамыту, әлеуметтік
түрлендірулер өткізу реформалардың басты бағыттарына айналды.
Қазақстан - 2030 Даму стратегиясының қабылдануы
экономиканы тұрақты дамытудың ұзақ мерзімдік мақсаттарымен
басымдылықтарына қол жеткізуге бағытталған жасампаз үрдістің
басы болды.
Байсалды экономикалық саясаттың арқасында еліміздің
макроэкономикалық жағдайы қалыптасып, өнеркәсіп және ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіру артты, негізгі қорға инвестиция
салудың жоғарғы қарқынына қол жетті.
2000 жылдан бастап Қазақстанның дамуы экономиканың
қарқынды өсуімен, қолайлы инвестициялық жағдаймен, өндірістік
сектордың тұрақты жұмысымен, халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі
нәтижесінде ішкі сұраныстың артуымен сипатталады.
Қазақстан қазір Достастық елдер ішінде әлеуметтік -
экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында келе жатыр.
ҚР Президетінің 2006 жылғы 1 - наурыздағы Жолдауы
алдымызға аса зор міндет - әлемдегі бәсекелестікке қабілетті ең
үздік елу елдің қатарына қосылу міндетін қойылып отыр.
Әлеуметтік - экономикалық дамудағы жетістіктер Қазақстанға
ұзақ мерзімдік кең ауқымды міндеттерді белсенділікті шешуге,
бүкіл әлемдегі өз әрекеттерін кеңйте түсуге мүмкіндік беруде.
Курстық жұмыс мақсаты - ел дамуының стратегиясын айқындау
және оларды талдай отырып, болашаққа деген оң жетістіктерге жету
жолдарын саралау болып табылады.
Курстық жұмыс тапсырмалары:
- экономикалық өсу мағынасын ашу;
- ел болашығын жоспарлау мен айқындау;
- экономикалық даму стратегиясының жетілдіру сатыларын айқындау.

1.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория экономикалық
өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:
бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі
топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы
қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне
немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі
есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы
қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс
күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста
немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда,
ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған
елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық
жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету,
қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,
осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық
механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін
алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті
қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта
экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге
табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына
жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл
ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі
нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің
төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық
өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан
әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға
байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық
шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт- бағдарын
өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды
интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық
процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт- бағдар жасау: оларға
–материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші:
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлтық табыс
(ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
(алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінді) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды
ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да -200 млн. теңге болған, онда
абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда -5 %
құрады.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен
анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін
алдағы жылға нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айыпманы алдағы жылғы
нақты ЖҰӨ -ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы
көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық
дамудың бағытын анықтауға болады.

эффектісі
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің
әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап,
алдағы уақытқа болжау құрды.
Өсу формуласының негізінде Кейнстің мультипликатор теориясы жатыр.
Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнім сұранымының
өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. Мультипликатор ұғымын
ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің
Еңбекпен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы (1936) кітабында
дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н.
Калдор және басқалары өз еңбектерінде қарастырды.
Мультипликатор- бұл қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық
табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік.
Орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа
тартады. Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар
қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек. (сол бұрынғы
жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өсуі
тұтыну зататрына сұранымды өсіре түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың
өндірісінің ұлғаюына алып келіп, 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.
Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау
нәтижесінде, жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15
млн. долл. табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл
жағдайда мультипликатор 3-ке тең.
Акселератордың іс- әрекеті мультипликатормен байланысты:
мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін (оның өсуі
еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне
инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті)- ұлттық табыстың өсуі
инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа
лаып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын
мультипликациондық процесі пайда болады. Акселерация принципін алғашқы рет
1913- ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы
американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кейінірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс,
П. Самуэльсон еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген
тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы дейгейдегі табыс-
орташа тұтынуға бейімділік- арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға
бейімділікті (АРС- арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда
психологиялық фактор ретінде түсіндіреді. Себебі адамның тұтыну
тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз-
ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) баолық ұлттық табысқа қатынасы (Y)
яғни
тұтыну С
АРС=------------- немесе ------
табыс
Y
және шектеулі тұтынуға бейімділік (МРС) дегеніміз кез- келген
тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының көрсетілуі, яғни
тұтынудағы өзгеру ДС
МРС= ----------------------------- немесе -------
табыстағы өзгеру
ДY
Бұдан басқа да, ДЖ. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кездегі табыс деңгейі
арасындағы тәуелділікті ендірді, орташа жинақтауға бейімділік және
шектеулі жинақтауға бейімділік.
Жинақтауға бейімділікті бірден- бір психологиялық фактор ретінде
түсінеміз. Ол адамның ниетін сақтауды білдіреді. Орташа жинақтауға
бейімділік (АРS) ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің (S) барлық ұлттық
табысқа (Y) қатынасымен анықталады, яғни
жинақтау S
АРС=------------- немесе ------
табыс
Y
Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез –келген
өзгерудің сондағы табыс өзгеріне қатынасын көрсетеді, яғни
жинақтаудағы өзгеру ∆S
АРС=---------------------------- немесе ------
жинақтаудағы табыс
∆Y
Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал
жасады.
Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері
экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ,
көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.
Оның формуласы мынандай:
мұндағы Q- өнім;
L- еңбек;
K- капитал;
S- жер.
1.3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның
әлеуметтік- экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы
критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық
прогрестің қозщғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы
қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар
өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды
қалыптастырады- сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық –оның қоғамдық
түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез-
келген қоғамда тұтынысты дәріптеу эконмикалық заңы бар. Жыл сайын
тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың
тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани
игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе
осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның
өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес,
сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі,
материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми- техникалық
жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол
жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың
нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның
артта қалуы ХХ- шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми- техникалық
революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық өсу сапалық
жаңа дәрежеге көтерілді және ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау
негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып
(70-80 жылдары басталды), ол мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ
машинасыз технологияны қолдану- өнімді машинаны қолданбай- ақ дайындау
(мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-
сәулелік, радиациалық, биологиялық және басқа технология түрлері);
- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу
арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді
тасталуын жою, яғни қорщаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға
сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі өндірістің прогрессивті
құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының
артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді
жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа
сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы
ақталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына,
экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпатбереді.
Экономика өсуінің қайнар көзі- экономикалық ресурстар, экономикалық
мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға
және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.
Экономикалық даму - әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты
проблема. Германия және Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлік қирағанын көрсетеді.
Қазір осы елдер тұрақты экономикалық дамудың үлгісі болып отыр.
Экономикалық өсу- бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыдан
жетілуі.
Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қарқынын ішкі ақша жинауды және
инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын тарту, меншік құқықтарын
сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады. Капиталдың шоғырлануы оның
табыстылығының төмендеуімен қосарлана жүреді. Басқаша айтқанда, экономика
неғұрлым көп капиталға ие болса, ол алға қарай аз қайтарыммен өседі.
Сондықтан жиналған ақша үлесінің көбеюі алғашқы кезеңде жылдамырақ дамуға
әкеледі де, содан кейін экономика капитал мен еңбек өнімділігі артуының ең
жоғары деңгейіне жеткенде баяулай бастайды.
Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері
тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін
анықтайды.
Экономикалық кезең (цикл)- бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан
екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең- кезеңмен
қайталанатын өрлеу және құлдыраулармен сипатталады. Экономикадағы
кезеңділіктің негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген экономистер тұтыну
мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуын атайды.
Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқуын Кейнсиан мектебі акселерат
принципімен және мультппликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен
түсіндіреді.
Экономикадағы кезеңдік ауытқуларға әсер ететін факторлар сыртқы және
ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар- халықтың санының өзгеруі, технологиядағы түпкілікті
өзгерістер, соғыстар және саяси оқиғалар.
Ішкі факторлар- тұтыну, инвестициялау, үкіметтің қызметі
(қазынагерлік және монетарлық саясат арқылы).
Қазіргі даму кезеңіне экономиканың кезеңдік сипатының кейбір
ерекшеліктері тән:
1. Кезеңнің мерзімдерінің қысқаруы (орташа 3-5 жыл);
2. Дағдарыстардың әлсіреуі (ЖҰӨ-нің төмендеу тереңдігінің азаюы);
3. Кезең құрылымының өзгеруі (кейбір фазаларының түсуі) немесе олардың
уақытша байқалуы. Осы өзгерістерге себепші негізгі фактор экономиканы
мемлекеттік реттеу болып табылады.
Дағдарысқа қарсы саясат- бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің
дағдарыс алдындағы құбылуын реттеу және экономикалық дағдарыстардың дамуына
жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.
Тоқырау және өрлеу- мемлекеттің ерекше бақылауында болатын кезеңдер.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз есемтігімен
айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның
құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс- бұл өндіріс
көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алға шартына
эконмикадағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде
өндіріс пен тұтыныстық арасындағы негізгі пропорцияны бұзады.
Қазіргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың
кеңінен қолданылғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік
және коммерциялық қызметінің барлық салдарларын дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі
белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айырбас
процесі Т-А-Т екі қарама- қарсы актіге үзіледі: 1) сату Т-А, 2)сатып алу А-
Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді:
сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін –
ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара
бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын
сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта мақта өдірушімен
есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса
машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б..Бұндай
жағдай жай тауар өндірісен ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай
өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де
төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және
сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың
үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар
ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыны саясында да ұсыныс
масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден –бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем
сұранымымен салыстырғанда тым артық болып кетеді. Сондықтан да экономикалық
дағдарыстарды әдетте артық өндіру дағдарысы деп те атайды.

2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары
Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі жылдары өсуі
келесі факторлардың әсер етуіне байланысты болды:
• қалпына келтіруге байланысты өсу, бұл тауарлар және
қызметтер өндірісін толық немесе жартылай қалпына
келтірумен білінді. Бұл, әсіресе, қара және түсті
металдар электр жылу энергетикасы, тамақ өнімдері,
құрылыс материалдарын, тігін және тоқыма бұйымдары
өндірісі, көлік және байланыс қызметі және т.б.
• канъюнктуралық өсу, әлем нарығында өнімдеріне сұраныс
әрқашан жоғары болатын салалардың дамуымен байланысты.
Қазақстан жағдайында бұл, әсіресе, мұнай және газ
өндіруді дамыту
• жүйелік өсу тауарлар және қызмет өндірісінің жаңа
сегменттерін енгізуден кейін болады. Бұл факторға
шағын кәсіпкерліктің қаржы секторының дамуын,
жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сатуды, үй -
шаруашылығы секторында тауарлар мен қызметтер өндіруді
жатқызуға болады.
• Инновациялық өсу факторы Қазақстанда Индустриалдық -
инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру
салдарынан пайда болды. Бұл әзірге қалыптасу
сатысында. Бұл фактор әзірге Қазақстан экономикасының
дамуына елеусіз ғана әсер етеді. Ең жоғарғы
қарқын инновациялық қарқын телекоммуникация және
ақпараттық қамтамасыз ету салаларында болуда.
2001 - 2005 жылдарда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны
тұрақты жоғары болды, ол жылына орташа - 10,2 пайызды
құрады. Жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. 2001 - 2005
жылдары мұнай және газ конденсатын өндірудің орташа жылдық
өсімі 12 пайызды құрады.
Осының нәтижесінде мемлекет табыстары толық мөлшерде түсе
бастады, бұл халық алдында зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы
және бюджетті ұйымдар қызметкерлеріне жалақы төлеудегі
берешектерді жою бойынша жұмыс бастау үшін алғы шарттар
құрды.
Қазақстан - 2030 Даму стратегиясын жүзеге асырудың екінші
кезеңі экономикалық өсімнің жоғары қарқындарына,
макроэкономикалық тұрақтылыққа және тұрақты экономикалық даму
үлгісіне көшу үшін жағдай жасауға негізделген бұрынғы
жылдарда басталған саясатты жалғастыруда.
2001 - 2010 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық
дамудың стратегиялық жсопарында бұл саясат анықталды, жоспардың
мақсаттары:
- экономиканың ұзақ мерзімді жоспарында бәсекеге қабілеттіктің
негізін құру;
- 2010 жылы жалпы ішкі өнім көлемін 2 есе көбейту.
Бұл жоғары мақсаттарға жету мемлекеттік әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz