Экономикалық тәрбие беру туралы бала тілін жет
Орал гуманитарлық техникалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экономикалық тәрбие беру туралы бала тілін жетілдіру
Орындаған:
Тексерген:
Орал 2015
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСІНІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. Экономика, Экономикалық тәрбие, Ойын ұғымдарының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсінігін қалыптастырудың
педагогикалық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АЛҒАШҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Ересек топ балаларының экономикалық тәрбиесі туралы түсініктің қазіргі
жағдайы және
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
2.2 Тәжірибелік жұмыстардың
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...35
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық
даму үрдісінде, білім беру жүйесінің күрделену кезеңінде мектеп жасына
дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім беруде шешуін табатын мәселелер әлі
де болса жеткілікті. Тоқталар болсақ, ол балалардың психикалық дамуы мен
жеке ерекшеліктерін, ішкі құбылысын анықтай отырып, тәрбие жұмысын
балалардың нақты даму жағдайына бағыттау. Бала тәрбиесінің негізіне
мектепке дейінгі кезеңнің ықпалы зор екені белгілі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды рөл атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетіледі [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен тұлға ретінде
қалыптасуына қарым-қатынас мәдениетінің ерекшелігі көптеген ғалымдардың
еңбектерінде ғылыми тұрғыда дәлелденіп, нақтыланған. Қарым-қатынас әрбір
адамның жеке іс-әрекеті болып табылады.
Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың
маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие
ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар экономикалық білім дағдыларды
ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны
отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-
қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық
сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге
болады.
Халқымыз жастарға экономикалық тәрбие және білім беру ісіне зор көңіл
аударуда. Қазіргі халық шаруашылығына өз еркімен еңбектенетін, өз еңбегін
мәніне түсінетін мақсатқа сәйкес экономикалық шешім қабылдай алатын
экономикалық біліммен қаруланған құнтты, ыждағатты, шаруақор жас мамандар
керек.
Қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі – нарық жағдайына
бағдарланған, адамгершілігі мол, экономикалық сауатты адамға қоғамның
әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана экономикалық
білімнің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық
негіздерінің жасалуына тікелей байланысты болуы мүмкін.
Балалардың экономикалық білімі мен тәрбиесіне, олардың экономикалық
мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда,
аталған жұмыстарда мектепке дейінгі білім саласы қарастырылмаған. Үздіксіз
білім берудің алғашқы табалдырығы мектепке дейінгі ұйым болғандықтан бұл
тақырыптың қажеттілігі ұшан теңіз. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі
экономикалық дамуы, болашақта экономикалық іс - әрекетпен айналысатын
балалардың экономикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейіне байланысты.
Сондықтан келешек ұрпақты экономикалық мәдениетті етіп тәрбиелеу
мәселесі ешқашанда зерттеу нысанасынан түспеген көкейкесті мәселе.
Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты
зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу
тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып, дипломдық жұмыс тақырыбын
Ересек топ балаларына алғашқы экономикалық тәрбие берудің педагогикалық
шарттары деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі жағдайда ересек топ балаларының алғашқы
экономикалық мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оны
жүзеге асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы алғашқы экономикалық
түсініктерін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ересек топ балаларының алғашқы экономикалық
тәрбиесін, білімін қалыптастыру процесінде ойын түрлерін қолданудың
педагогикалық шарттары мақсатты түрде пайдаланылса, оның тиімділігін
арттырудың педагогикалық шарттары анықталып, іс-жүзіне асырылса, онда
бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудің негізі қаланады, себебі біз
мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың экономикалық тәрбиеге, білімге
баули алар едік сол арқылы балалардың білімі,өмірге бейімділігі артады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1.Теориялық негізде “Экономика”, “Экономикалық тәрбие”, “экономикалық
білім”, “ экономикалық мәдениет”, “Ойын” ұғымдарының мәнін ашу.
2.Ересек топ балаларының алғашқы экономикалық түсініктерін ойын арқылы
қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
3. Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық тәрбиесін
қалыптастырудың әдістемесін әзірлеу және эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудiң теориялық және әдiснамалық негiздерiне: философия,
мәдениеттану, педагогика және психология саласы бойынша қарастырылған
таным теориясына қатысты ғалымдар тұжырымдары, гуманистік ілімдер, ғылыми
зерттеулердегі жетекші зерттеулер мен қағидалар, Қазақстан Республикасының
Заңдары, Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие
берудің кешенді бағдарламасы; білім беруді дамыту, экономикалық тәрбие беру
жүйесіндегі мемлекеттік тұжырымдамалар.
Зерттеу әдістері: Қарастырылып отырған мәселелерге байланысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық, экономикалық және әдістемелік еңбектерімен
оқып танысу және оларға талдау жасау; жүйелі және салыстырмалы зерттеу
барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; бақылау;
құжаттармен танысу және оларды сараптау; сауалнама; алынған нәтижелерді
талдау, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ата Заңы (2008), Бала құқығы
туралы Конвенция (1989), Қазақстан Республикасының Білімі туралы Заңы
(2007), Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы Заңы, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан
Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламалары,
зерттеу мәселесіне байланысты Отандық және шетел ғалымдарының
(философтардың, заңгерлердің, саясаттанушылардың, педагог – психологтардың,
ғалым -әдіскерлердің) еңбектері және озық педагогикалық іс-тәжірибелері.
Зерттеу базасы. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары Алматы қаласы,
Алмалы ауданы №18, және Ауезов ауданы №57 балабақшаларда оқу-тәрбие
үдерісінде жүзеге асырылды
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесінің мақсаты мен міндеттері айқындалды,
зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, заң, әлеуметтік, психологиялық,
педагогикалық зерттеулермен танысу, саралау, жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми зерттеу аппараты айқындалып, мәселенің негізгілері нақтыланды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бағдарламасы құрылып, жүзеге асырылу
басталды.
Екінші кезеңде Ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық
түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі жасалып, эксперименттік жұмыстар
жүрізіліп, нәтижелері сараланды. Зерттеу қорытындысы бойынша ұсыныстар
дайындалып, ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
← жас және дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде
ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық
түсініктерін қалыптастырудың негіздері айқындалды;
← ересек топ балаларының ойын арқылы алғашқы экономикалық
түсініктерін қалыптастыудың шарттары анықталды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
← балабақшаларда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
Өзін-өзі тану бағдарламасына қосымша дайындалды;
← балалардың алғашқы экономикалық түсініктерін
қалыптастырудың әдістемесі және оған байланысты
әдістемелік ұсыныстар жасалды.

мәні
Балаларға экономикалық тәрбие берудің педгогикалық негізі -
өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты нарықтық экономика заңдылықтарына үйрету
болып табылады.
Экономикалық тәрбие берудің негізін ежелгі ғалымдар қалаған.
Ежелден келе жатқан заңдылықтар – олар адам баласының барлығына аманат.
Адам баласы жаралған күннен бастап тайпа болып өмір сүрсе кейіннен мемлекет
пайда болды. Мемлекет пайда болған күннен бастап салық пайда болды. Салық
пайда болды деген сөз – экономика ежелден келе жатыр деген сөз. Әрине бұл
ғылымның өзіндік заңдылықтары болды. Сол заңдылықтар бізге де жетті.
Тәуелсіздік алғаннан күннен бастап мемлекет халқының алдында шешімін
табуға лайықты үлкен мәселе тұрды. Ол бұрын біз басымыздан өткізбеген
нарықтық экономика. Қазақстан бұл жолда жеңіске жету үшін көп еңбектенуде.
Нәтиже көзбен көрерліктей әлем Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде
мойындады. Әрине бұл нәтиже қазақ халқының ежелден келе жатқан арманы
еді. Экономика тарихы тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі дүниедегі гректер,
римдіктер және басқа да халықтар қалыптастырды. Ең алғаш болып әрине өз
ойларын жүзеге асырған халық – гректер болды.
Экономикалық білімнің тиімділігі оның үздіксіздігінде. Оның мазмұны
көп жағдайда экономика ғылымына байланысты.
Ксенофонт, Платон әсіресе Аристотельдің еңбектерінде грек
қоғамының экономикалық құрылымын зерттеу мәселелері терең зерттеулер
арқылы орын алған болатын. Экономия ( грек сөзі ойкономия, ойкос – үй,
шаруашылық деген сөзден шыққан, яғни үй шаруашылығын, жердегі шаруашылық
жұмыстарын тиімді, үнемді жүргізу дегенді білдіреді) сөзі Ксенофонт
еңбектерінің басты тақырыбы болған. Әрине оның астарында үй шаруашылығын
үнемді етіп жүргізу идеясы да жатыр еді.
Экономикаклық тәрбие немесе қоғамдағы экономикалық ойларды ашық айтуды
ежелгі грек ойшылы, ғұламасы Аристотель тереңнен зерттеген болатын.
Экономика деген сөзді – экономия – үнемдеу деп тура Ксенофонт секілді ұлы
ойшыл айтып кеткен.
Аристотель өзі өмір сүрген қоғамның экономикалық болмысына талдау
жасаған. Ғылым тарихында алғаш болып саяси экономия заңдылықтарын ашты.
Өзінің Этика атты еңбегінде ақылға сыйымды өзімшілдік идеясын
талдаған. Ол өзімшілдіктің екі түрінің бар екендігін атап өткен. Ол кейбір
адамдар көп ақша табуды, ол тапқан ақшасынан рахат ләззәт алуды
армандаса, екінші адамдар адамзатқа көбірек қайырымды істер жасағысы
келетіндігін атап өткен. Аристотельдің ойынша, адамды қайырымдылық
жасауға жақсылыққа жаны ынтызар етіп тәрбиелеу жеке және қоғамдық
талпыныстарды туғызады – деп атап өткен.
Экономикалық білімнің негізін қалаушылардың келесі тобына Томас Мор
мен Томазо Кампанелла жатады. Олар болашақтағы социалистік қоғамға қажет
тәрбиенің мазмұны жайлы айтып кеткендер. Бұлардың екеуі де утопиялық -
социализмнің өкілдері.
Тәрбие жөніндегі алғашқы ойларын социалист – утопистер XIX ғасырдың
бірінші жартысында А.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн және басқалар да
білдірген. Аталған ғалымдардың еңбектерінде жеке меншікті қоғамдық
меншікке айырбастау қажет делінген.
Роберт Оуэн баланың жан – жақты тәрбие алуы үшін, тәрбиені
ғылымның барлық саласымен байланыстырған дұрыс деп көрсеткен. Себебі осы
жағдайда бала жан – жақты болып өседі деген ой қалыптасқан.
Орыстың белгілі демократ - революционерлері А.И.Герцен, Белинский,
Н.А.Добролюбов, Н.Г. Чернышевский және басқалар балаларды еңбекке баулу
және экономикалық тәрбие беру мәселелері бойынша өз тұжырымдамаларын жасап
шығарған. Тұжырымдаманың басты да өзекті тақырыбы - ақылға сыйымды
өзімшілдікті қалыптастыру, яғни кез – келген тұлғаның көпшіліктің
игілігі үшін еңбектенуі.
Қоғамдағы жастарды еңбекке баулу, тәрбиенің әлеуметтік –
экономикалық маңызы жайында өз еңбектерінде ғылыми коммунизмнің негізін
қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс пен В.И.Ленин де атап көрсеткен.
Өз еңбектерінде ұлы пролетариат ұстаздары адамзаттың бақыты дүние
табуда емес, өз еңбегінің жемісін көруде деп көрсеткен.
Өндіруші күштердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы тәрбие
процесінің ережелері де өзгеріп отыратыны ғылыми түрде дәлелденген.
К.Маркс өз еңбектерінде кәмелетке толмаған балалар еңбегі жайлы сөз
қозғаған. Гот бағдарламасын сынау атты еңбегінде балалар еңбегіне қарсы
болудың қажеті жоқ деп көрсеткен, себебі бала біріншіден еңбектенуге
үйренеді, екінші жағынан оның дүние табуға және оны керегінше үнемдеп
жұмсауға үйренеді, керісінше бала еңбегін қанауға қарсы шығу қажет деп
жазған [1].
А.С. Макаренконың еңбектерінде баланың еңбексүйгіштігі
жаратылысынан емес оның негізін тәрбие қалайды. Кез - келген еңбек адамға
қуаныш сыйлауы қажет делінген[2;3].
Экономикалық тәрбиенің негізі жайлы 1966 жылы жарық көрген
Л.Е.Энштейннің Коммунистік тәрбиенің экономикалық фактілері атты
еңбегінде атап өткен. Л.Е.Энштейн экономикалық қатынастар қоғамдық өнімдер
мен жұмыс күшінің сапалы болуынан тұрады деген. Оның ойынша экономикалық
қатынастар экономикалық қызметтердің келесі түрлерінен тұрады делінген:
1) өнімнің тікелей дайындалуы;
2) жұмысты ұйымдастыру процедуралары;
3) өндірісті басқару;
4) ақшалай – тауарлық айырбас;
5) жоспарлау;
6) талдау және экономикалық есеп және басқалар.
Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие беру мәселелері жеке
ғылым ретінде XX ғасырдың 60 - жылдарынан бастап зерттеле бастады.
Балаларға экономикалық тәрбие беру мен қатар еңбекшілерді де экономикалық
тәрбие беруге дайындау мәселесі де алдыңғы қатарда тұрды.
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз оның негізінде,
ал оның негізі дегеніміз – өндірісте қызмет ету барысында ғана емес
күнделікті өмірде де сонымен қатар, оны іс тәжірибеде қолданып отыру
үнемділік жайлы ойлау деп көрсетті (Рывкина Р.В.,Шадрина С.З.) [10;11].
Кейбір авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз – жасөспірімдер санасында
жүйелі түрде бағытталған экономикалық білім мен таным сондай – ақ,
ойлау стилі жатыр деп атауда (Нисемчук А.С, Литова З.А.) [12;13].
Ал енді келесі авторлар экономикалық тәрбие дегеніміз – жастардың
қоршаған ортаға, еңбекке деген ұқыптылығы деп атап көрсетеді (Шемякин
Б.П, Розов В.К, Михалкович Н.В, Розов В.К) [14;15].
Көріп отырғанымыздай, педагог – ғалымдардың еңбектерінде
экономикалық білім мен оның жүзеге асырылу жолдары терең зерттелген.
Еліміздегі орын алған әлеуметтік – экономикалық жағдай –
нарықтық экономиканың орын алуына байланысты педагогикалық орта мен
мектептер алдында жаңа мақсат немесе жаңа мәселе туындады – ол мектеп
түлектерін нарықтық экономика заңдарына, бүгінгі күннің талаптарына жауап
бере алатын етіп шығару.Осы жұмыстың басты бағдары экономикалық мәдениетті
қалыптастыру.
Қарапайым экономикалық білім жиынтығы балаларға тек ақпараттық
мән жағына ғана құнды емес, сонымен қоғамдағы адам ролі мен оның құқығын
түсіне білуге негіз болады. Экономикалық білім жас ұрпақтың адами
қасиеттерін қалыптастыруға көп мүмкіндіктер жасайды.Сонымен қатар
экономикалық білім балалардың демократия, құқықтық мемлекет, азаматтық
қоғам адам құқығы, бәсекелестік, нарық сияқты жалпы адамдық құндылықтарды
белсенді қабылдауына септігін тигізеді.
Экономикалық білім мен біліктіліктің негізі – экономикалық ойлау.
Бұл біліктілік, яғни экономикалық ойлау өмірге нақты жол ашуға үлкен көмек
тигізеді.

педагогикалық мүмкіндіктері
5 – 6 жастағы ересек топ балаларының бойында қалыптасуға тиісті
дағдылар:
1. Қоғамдық өмірге бейімделіп, үйінен алыс болғанда өздерін еркін
ұстай алуы;
2. Өз бетімен киіну, шешіну, аяқ киімін кию, киіміндегі түймелерді
салу, өз – өзіне қызмет ету;
3. Зерттеушілік, тәжірибе жасау әрекеті арқылы үлкендерге сұрақтар
қою;
4. Ойында қоршаған ортадан көргендерін ғана емес, оқылған шығарма
мен естігендерін бейнелеу;
5. Өзінің қобалжулары мен өзге адамдардың эмоционалдық қалпын
түсіну арқылы әрекет ету;
6. Балалардың ұсақ моторикасы дамуының нәтижесі ретіндегі жазу
дағдысы;
7. Мектепке даярлығына кепіл болатын – ұзақ уақыт бір орында
отырып, тыңдай алу дағдысы
Сонымен қатар ересек топ балаларының әлеуметтік өмірге қажетті
дағдыларын арттыру мақсатында түрлі ойындарды ойнату, ермексазбен жұмыс
жасату, сурет салдыру, қайшымен қию, жапсыру жұмыстарын жүргізу, қарапайым
еңбек әрекетіне араластыру аса маңызды болып келеді. Кітап оқып беру де
баланың тілін, ақыл – ойын, назарын, есте сақтауын дамытуда ерекше орын
алады.
Экономикалық әрекеттің мынадай түрлері белгілі:
- өндірушілік;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- аналитикалық;
- коммуникативті;
- қаржылық;
- менеджерлік;
- интеллектуалды.
Осы әрекеттің түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, адамның
экономикалық мәдениетінің дамуына қоятын арнайы талаптары болады.
Өндірушілік әрекет – экономикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде бір
жағынан, өндірістің әлеуметтік-экономикалық феномен ретіндегі рөліне
негізделеді. Екінші жағынан, ол өндірушінің экономикалық процесті (өндіріс,
тұтыну, коммерция және т.б.) өздігімен және ерікті түрде жүзеге асыратын,
ресурстардың барлық түрлерін қолданатын, барлық жауапкершілікті өзіне
жүктеп, тәуекелге қорықпай бара алатын, инновациялық шығармашылық әрекетпен
айналысатын және алдына “қолда барды өзгертіп, жақсартып, соңынан пайда
табу” мақсатын қойған экономиканың субъекті ретіндегі жеке қасиеттеріне
негізделеді[17].
С.Д. Ахапкин өндірушілікті қоғамға қажетті іскерлік жобаларды жүзеге
асыру, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және ерекше идеяларды
жүзеге асыруда тәуекелге бел буа білу, жауапкершілікті мойнына алу, жаңалық
ашуға тырысу және сол үшін әрекет ету, қолда барды өзгерту арқылы пайдаға
қол жеткізе білу деп түсінеді[30].
Иозеф Шумпетер өндірушілікті әрекет категориясына мүлдем
жақындатпайды. Оның пікірінше, өндірушілік алдына қойған басты мақсаты –
жаңа және ескі (жаңа тәсілмен) тауарларды жарыққа шығару үшін барынша және
әртүрлі мүмкіндіктерді қолдана отырып өндірісті реформалау және
революциялау, шикізаттың, тұрмыс рыногының жаңа қайнар көздерін табу болып
табылатын адамның іс-әрекеті деп түсінді. Өндірушілік – кез келген қоғамға
тән жалпы экономикалық әмбебап функция[31].
Ю.К.Васильев өндірушілік әрекет екі нұсқада көрінетінін айтады:
біріншісі – ойдан шығарылған және ойлап табылған жаңалықтарды өндірісті-
экономикалық жүзеге асыру; екіншісі – рыноктық жаңашылдық (рыноктың жаңа
сегменттері, қажеттілікті қалпына келтіру). Ол кәсіби әрекеттің бұл түрінің
мынадай айрықша белгілерін атап көрсетеді: қоғамның жаңа тауарлар мен
қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру немесе тауарлар мен қызметтер
рыногының сегменттерін кеңейту; халықты жұмысшы орындарын құру арқылы
жұмыспен қамту; пайда көру және оның негізінде өз капиталын жинақтау[32].
Осы тәсілдерді жалпылай келе, мынадай қорытынды шығаруға болады:
өндірушілік – жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу немесе зерттеу ғана
емес, адамның интеллектуалды-шығармашылық қабілеттері мен оның ішкі
тұлғалық қасиеттерін ашу.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық әрекет –өндіріс саласындағы өндірушілік
процестерді ұйымдастыру қабілетіне, өндірістік ұйымдастырушылық-
басқарушылық құрылымын құрастыру, еңбек процестерін жобалау және еңбек
нормасын, сонымен қатар, күнтізбелік-жоспарлық нормативтерді есептеу,
жылдам-өндірушілік жоспар құру және өндірістің барысын жылдам басқаруды
ұйымдастыруға негізделеді.
Аналитикалық әрекет – экономика субъектілерінің экономиканың объектісі
бойынша іскерлік операцияларды, мәселелерді шешу, ғылыми білім беру
мақсаттарын, шығармашылық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті
байланыстарды құру мақсатындағы іс-әрекеті. Бұл әрекет ауызша немесе
жазбаша, тікелей байланысты немесе жанама байланыс арқылы жүзеге асырылады.
Менеджерлік әрекет - өндірістің сыртқы және ішкі құрылымын құрумен
байланысты әрекет.
Экономикалық кәсіптің болашақ маманының қаржылық әрекеті – тұлғаның
қаржылық талдау және алдыңғы кезеңдердің мәліметтерін қолдану арқылы
өндірістің ағымдық әрекетін қалыптастыруға және басқарушылық шешім қабылдау
қабілеттерін, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық талдау нәтижелерінің негізінде нақтылы шаруашылық кезеңнің
төлемдік күнтізбесі құрастырылады. Бұл күнтізбеде кіріс және шығыс бөліктер
қамтылады, ол өз кезегінде нақтылы шаруашылық өндірістің болашақтағы
стратегиялық саясатын құруға мүмкіндік береді.
Интеллектуалды танымдық әрекет – экономикалық жағдайлардағы,
экономикалық фактілер мен құбылыстардың экономикалық шындықты тану процесі.
Сонымен, әрекеттің жоғарыда сөз етілген түрлері адамның интеллектуалды-
шығармашылық қабілеттеріне, оның тұлғалық қасиеттері мен әлеуметтік-
экономикалық білім мен дағдыларына сүйене отырып, бүгінгі таңда оның
экономикалық мәдениетінің деңгейлеріне деген жоғары талаптарын көрсетеді.
Экономикалық мәдениет жалпы мәдениеттің құрылымдық бөлшегі ретінде,
көпшілік мамандардың пікірінше, екі жақтан қарастырылуы керек. Әлеуметтік
жағынан, экономикалық мәдениет – қоғам өмірінің адамдардың мақсатты, тиімді
әлеуметтік-экономикалық әрекеттерінің және қазіргі қоғамда қалыптасқан
және көрінетін білімдері мен дағдылары, негізінде даму деңгейі.
К.Н.Панферов экономикалық тәрбие ұғымына анықтама беруде оның негізі –
тұлғаға экономикалық әрекет кезінде қажетті экономикалық ойлауының,
санасының, іс-әрекеті мен басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің
қалыптасуы деп түсіндіреді[34].
Біздің ойымызша, экономикалық мәдениеттің қалыптасуына деген мұндай
көзқарастарды “экономикалық даму” деп қабылдау керек. Өйткені, мәселе
адамның экономикалық білім мен дағдыны меңгеруі процесінде әлеуметтік-
тұлғалық өзгеруі туралы болып отыр.
Адамның экономикалық тәрбиесінің мазмұнына экономикалық тәрбиені
еңбекке, қоршаған ортаға, жекеменшік өніміне, құралдарға, табиғи
ресурстарға деген жауапкершілікті қатынасы деп ойлаймыз.
М.В.Тишкованың пікірінше, экономикалық тұрғыдан мәдениетті тұлғаны оның
экономикалық қасиеті ғана емес, басқа да қасиеттері: патриотизм,
адамзаттық, адамгершілік, заңға бағынушылық секілді қасиеттері сипаттауы
керек. Біз экономикалық мәдениеттің қалыптасуы баланың өзін - өзі тануы,
жалпы адамзаттық құндылықтарға деген терең құрметтің дамуы үшін маңызды деп
ойлаймыз. Сонымен қатар, экономикалық мәдениет экономикалық әрекеттің
адамгершілік-құндылықты уәждерін қалыптастырады (әлеуметтік жауапкершілік
уәжі, шығармашылық келісімділік уәжі, әлеуметтік-кәсіби мәртебеге қол
жеткізу уәждемесі).
Осылайша, жоғарыда сөз етілген көзқарастарды қарастыру “экономикалық
тәрбие” және “экономикалық білім” ұғымдарының арасында біршама
айырмашылықтардың болатынын дәлелдейді [35].
Экономикалық тәрбие жастардың экономикалық білімге, дағдыға, еңбеке,
қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыру және сол қатынастарды
экономикалық әрекет кезінде көрсету дегенді білдіретіні анықталды.
Экономикалық тәрбие баланың мынадай экономикалық тұрғыдан маңызды
қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты болуы керек: еңбексүйгіштік,
жауапкершілік, үнемшілдік, өздігімен әрекет ету. Бұл қасиеттер тұлғаның
экономикалық тәрбиеленуінің қалыптасу деңгейін бағалаудың критерийі болып
саналады (М.Ф.Антонов және т.б.) [36].
Бұл жұмысымызда “экономикалық тәрбие” ұғымын анықтауда біз
И.А. Клепач, В.Д. Попов, Л.Е. Энштейннің “экономикалық тәрбие – қоғамның
уақыттың экономикалық талаптарына сәйкес келетін ойлау, білім, дағды,
шеберлік әрекеттерінің қалыптастыру мақсатында адамға мақсатты жүйелі түрде
әсер ету, сонымен қатар тұлғаның экономикалық қарым-қатынас кезінде
көрінетін экономикалық тұрғыдан маңызды қасиеттерін қалыптастыру” деген
пікірлерімен келісеміз [37].
“Экономикалық білім” категориясы экономика саласында арнайы кәсіби
білім алумен тығыз байланысты. Бұл жағдайда адамның экономикалық
мәдениетінің қалыптасу процесі мақсатты, жоспарға сай, теориялық білім мен
практикалық дағдыны игерумен қатар жүргізіледі. Алайда, экономикалық
мәдениеттің дамуын адамның кәсіби іс-әрекетінің кез -келген саласындағы
бәсекеге қабілеттілінің маңызды бөлшегі ретінде қарастыратын болсақ,
экономикалық білім берудің қажеттілігі экономикалық мәдениетті
қалыптастырудың маңызды құралы болып саналатыны дау тудырмайды. Бұны
шетелдік білім беру жүйелерінің тәжірибелері де дәлелдейді.
Зерттеушілердің үшінші тобы экономикалық білім деп – балалар меңгеруі
тиіс білім, дағды және шеберлікті нақты атап көрсетеді: экономикалық
заңдылықтар мен категорияларды, еңбектің қоғамдағы рөлін, мемлекеттің
экономикалық саясатын білу, экономикалық есеп дағдыларын игеру,
экономикалық процестер мен құбылыстарды талдау, экономикалық әрекетті
ұйымдастыра білу (А.Ф. Аменд, В.А. Мясникова, И.А. Сасова) [51].
Көптеген жұмыстарда экономикалық мәдениеттің мазмұны - экономикалық
саладағы білім, дағды және шеберлік арқылы анықталады. Оларды игеру
“экономикалық білім” ұғымын айқындайды.
Осылайша, ғылыми әдебиеттерді талдау экономикалық мәдениеттің қоғамның
жалпы мәдениетінде және әрбір жеке тұлғаның мәдениетіндегі өзіндік орнының
маңызды екенін дәлелдеп көрсетті. Сонымен қатар, осы негізгі категорияларды
қарастыруға арналған жұмыстарды талдау “экономикалық мәдениет” ұғымын
айқындайды.
Экономикалық мәдениет дегеніміз – қарапайым шаруашылық, экономикалық
ойлаудың және Балалардың санасының дамуының экономикалық білім, тәрбие
және экономикалық іс- әрекет деңгейінің сандық ғана емес, сапалық
сипаттамасын айтамыз.

жағдайы және әдістемесі
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе
дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын
болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы
дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген
қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай -
қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты,
шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.
Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы
жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз
күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық
сипаттарға ие болады.
Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі
айтылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының
берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын
тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін
мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын, құралдарын
және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін
өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін
арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті
ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру,
ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып
көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім
алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді
қалыптастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану
арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшінші - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатынас
сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала
өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәніне ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа
алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді
қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар
зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары
сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез
сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық
сыныптарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды
біліп, орындап отыруы тиіс:
1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
керек
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден
түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.
4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын
қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана
білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым
сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны
тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен
бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер
бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер
айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды
қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да
тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған
ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты
жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, оқушының
жанына нұр құя білу ұстаз парызы деп ойлаймын. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы
келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы - оның шәкірттері білімді болып, ұстаз
сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс
істеуі керек. Тәрбиешініңнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің
көркемділігіне, біліктілігіне байланысты.
Ағартушы Ы. Алтынсарин "Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы
кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін
жеткізе білгені жөн" деген ойды айтқан.
Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы
балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін
түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды балабақшадан шыққаннан
кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу
керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып,
шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Осындай ойын түрлері имитациялық деп
аталады. Оқытудың имитациялық түрі арқылы оқушылардың білім сапасы мен
белгілі бір пән немесе тақырып бойынша дайындығын білуге болады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс -
әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына
түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын
қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс -
әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді
атқарады:
* Ойын сауық;
* Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
* Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
* Коррекциялық (өзін - өзі түзету);
* Әлеметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы
қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,
дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының
мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл - ой ойындарында
белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Балабақшада пайдаланылатын: ойын - сабақ,
ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік
ойындар, логикалык ойын есептер, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар баланы жан
- жақты дамытып, білімді толық игеруге көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қоладынылатын ойынның тағы бір түрі ол -
дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңызы балалардың ынта - ықыласын
есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - баланың танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
А) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз
ету;
В) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне
жеткізу;
Г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік
дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Ұлы Абайдың: Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама? деген пікірінен
бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бала-бақша балаларының
психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі
ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш.
Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы
балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы
мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н.
К. Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде
Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген.
Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа
пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің
талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Балалардың негізгі әрекеті - оқу, қарым - қатынас, ойын және еңбек
болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.
Оқу білім алу мен білік дағдысын қалыптастырса, қарым - қатынас бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс кабылдап, сонымен қатар жаңалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz