Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі

Орындаған: ЭЛС-31 оқушысы

Тексерген: Ишангалиева Ж.С.

Орал 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І бөлім. Экономикалық өсуді жеделдету
1.1. Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігі
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
1.2. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-10
ІІ бөлім. Экономиканы дамытудағы өнеркәсіп салаларының рөлі
2.1. Өнеркәсіп және оның
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-
18
2.2. Өнеркәсіп құрылымы және орналасу
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... .19-22
ІІІ бөлім. Өнеркәсіп саласы ел экономикасының жетекші саласы
3.1. Қазақстанда нарықтық экономиканың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... .23-25
3.2. Республика өнеркәсібінің әлемдік
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру отандық
экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін
жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі
жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым
қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның
сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға
болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді
қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі
болып табылады.
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”
атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бәсеке қабілеттілік - Қазақстанның
әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті деген.
Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды
тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің
бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел
жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын
нығайту деген сөз. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін
жоғарылату мәселесі олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың
тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге
болады. Берілген жұмыстың өзектілігі одан әрі дамуы және бәсеке
қабілеттілігін арттыруы үшін айналым құралдарын тиімді басқару маңызды
қажеттілігіне айналған шағын және орта кәсіпорындар санының өсуімен
анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
- қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп
кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі
бағыттарын айқындау.
Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:
– қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін
арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;
– Экономиканы дамытушы өнеркәсіп салаларымен танысу.
– экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс
тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу.
І бөлім. Экономикалық өсуді жеделдету
1.1. Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігі арттыру
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:
бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни,
экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты
өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін
атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін
немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін
қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа
дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен
қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің
негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн
жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде
өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің
барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз
ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған
өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған
қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда
біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-
бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап
етеді.
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың
басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке
экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел
жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті
көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда,
бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына,
өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына
тәуелді болмай отығанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық
прогреске ынталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері
қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық
қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға
жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға,
біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде
мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.
Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен
ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау,
жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы
аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек.
Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне
қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір
жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне
байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан,
еңбек деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендеу барысын
жеңу.
Бұл аталған проблемаларға теориялық тұрғыдан айрықша мән берілуі тиіс.
Қазір, яғни әлеуметтік-экономиканың серпінді даму кезеңінде өндіріс
тиімділігін экономикалық жағынан ынталандыру, еңбектің сандық және сапалық
сипаттамаларын, макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесіндегі ынталандырудың
рөлін айқындау, еңбектің трансформациялануын жалпылау және нақтыланған
түрде зерделеу өте маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып отыр.

1.2. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген
ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында.
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер,
өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін
ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер,
ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын
болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық
ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-
инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін
еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты
жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте еңбекке ынталандыру мәнін анықтауда
ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде экономикалық мүддерлер,
қажеттілік, ынталандыру, материалдық ынталандыру, уәж, уәжділік
сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы
да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі
түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, ынталандыру категориясын
нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу
шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын
экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек,
ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке
талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, еңбекке ынталандыру
дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың
күшті құралы.
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең
мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты
еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі
үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру
дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен
пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік
жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің
жиынтығы.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің
ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын
қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық
бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму
барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті
дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік
қабілеті мен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда
жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар
жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін
ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен,
әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық
ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің
өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену)
процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері:
бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың
ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық
механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық.
Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық
және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз
ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен
тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы
жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған
байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың
объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің
төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген
құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға
негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім
шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі
ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына
қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал
ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы,
өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде,
пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң
шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру
механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде
ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың
негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге,
халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге
қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға
бағытталуы қажет.
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды
мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты
бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет
әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды
пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім
нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді,
инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен
байланыстылығын күшейте түседі.
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын
қажет етеді:
- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;
- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік
тарапынан қолдау;
- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық
нормативтермен қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін
инвестициялауды жетілдіру.

ІІ бөлім. Экономиканы дамытудағы өнеркәсіп салаларының рөлі
2.1. Өнеркәсіп және оның салалары
Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын
материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы
өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта
жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды
дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол
жеткізілген табыстарға байланысты.
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш
өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс
құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын
кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр
стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан
құралады:
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас,
тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа
жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық
шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама,
машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс
материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін
өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б.
Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы)
пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді.
Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік
тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық
тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім,
тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз,
тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн,
ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың
нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының
өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Химия өнеркәсібі - өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму
деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника
жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін
электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік
ерекшеліктері бар:
- алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
- құрылымы жағынан өте күрделі болуы;
- энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі;
- кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы;
- ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
- қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен
денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
- шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина
жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа
бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи
және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім
шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның кұрылымына тоқталайық.
Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс
(полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс
(бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке (резина) —
техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар,
сілтілер) өндірісі.
Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру
жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының
дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық
шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық
шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін,
өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі.
Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны
көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Дүние-
жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 34 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен
Жапония шығарады.
Жеңіл өнеркәсіп - өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда
өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе
елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның
дамуындағы басты фактордың бірі — сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы
онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады. Құрылымы
жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі
(мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу); жартылай дайын өнімдер
өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі); дайын өнімдер шығару (тігін
өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі
жедел қарқынмен дамуда.
Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі
өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзінде жетекші орынға Азия
елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан
жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды.
Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын
өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның
үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық
талшықтар өндірісінің 23 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы
аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр. Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның
меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс
Еуропа елдері мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты
қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы елтірі бұйымдары, сәндік киім-кешек,
қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.
Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс
істейтіндіктен, соңғы онжылдықта жасанды талшықтар үлесінің артуы
өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етті. FTP жетістіктерін
пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен жаңа индустриялы елдерде
тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда мұндай өндіріс
Қызылорда каласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды
талшықтарды араластыру аркылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады.
Жалпы алғанда, мақта маталарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан
дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғүрлым қымбат жүн маталарын тоқу
дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу
жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.
Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән.
Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар
қажеттілігінен әлденеше есе кеп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы
жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну
елдер бойынша айырмашылық жасайды. Батыс Еуропада қазіргі заманғы тамақ
өнеркәсібін аса сапалы жергілікті шикізатты өңдеу негізінде дайындалған
өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды. Жан
басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг).
Басқа аймақтардағы дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті
сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат
базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар. Балық
өнімдерін сыртқа сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбия, Индонезия,
Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка шайды; Үндістан,
Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.

Сонымен тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық)
ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті шикізат көзіне; екіншіден,
елдің даму деңгейіне байланысты азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкі
болуы; үшіншіден, жергілікті ұлттық (діни) әдет-ғұрыптарға байланысты
болады
Отын-энергетика кешені. Аталған кешен құрамына казіргі заманғы
шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.)
мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы
отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы
дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен
энергияға сұранысы арта түсті.
Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи
газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті
өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт
бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға
шықты.
Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай
алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы
өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер
стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп,
шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті
олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге
болады.
Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі
бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық
компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы
мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі
мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен
байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына
қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың
40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай
өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады
(2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай
өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін
мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы
елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың
(Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы
күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк
сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа
жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға
және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика
мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы
аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi туралы
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы
Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі
Американың экономикалық жүйесі
Пәндер