Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Орындаған:Ғфрифуллин Т.Е ЭЛС-31
оқушысы
Тексерген: Ишангалиева Ж.С.
Орал 2012
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І бөлім. Экономиканы дамытудағы өнеркәсіп салаларының рөлі
1.1. Өнеркәсіп және оның салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 6
1.2. Экономиканың дамуындағы өнеркәсіптердің рөлі ... ... ... ... ... ... ...7-8
ІІ бөлім. Өнеркәсіптің салалары және олардың экономикадағы рөлі
2.1. Өнеркәсіптің жетекші салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-15
2.2. Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары ... ... ... ... ... .16-19
ІІІ бөлім. Қазақстандағы өнеркәсіптердің ел экономикасының
дамуындағы рөлі
3.1. Ел экономикасының даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-24
3.2. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың
даму деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-30
Пайдаланылған әдебиеттер тізім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және
әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы
жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының
өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.
Кәсіпорынның айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру отандық
экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін
жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі
жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым
қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның
сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға
болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді
қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі
болып табылады.
Берілген жұмыстың өзектілігі одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін
арттыруы үшін айналым құралдарын тиімді басқару маңызды қажеттілігіне
айналған шағын және орта кәсіпорындар санының өсуімен анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
- қоғамдағы өндіріс тиімділігін ынталандыруды зерттеу, өнеркәсіп
кәсіпорындарындағы тиімділікті экономикалық ынталандырудың негізгі
бағыттарын айқындау.
Осы мақсатқа сай, жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылды:
– қазіргі экономикалық ғылым тұрғысынан өндіріс тиімділігін
арттыруды ынталандырудың мазмұны мен табиғатын зерделеу;
– Экономиканы дамытушы өнеркәсіп салаларымен танысу.
– экономикалық ынталандырудың басқару жүйесіндегі өндіріс
тиімділігін арттырудағы орны мен рөлін негіздеу.

1.1. Өнеркәсіп және оның салалары
Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын
материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы
өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта
жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды
дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол
жеткізілген табыстарға байланысты.
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш
өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс
құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын
кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр
стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан
құралады:
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас,
тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа
жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық
шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама,
машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс
материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін
өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б.
Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы)
пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді.
Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік
тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық
тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім,
тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз,
тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн,
ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың
нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының
өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Химия өнеркәсібі - өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму
деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника
жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін
электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік
ерекшеліктері бар:
- алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
- құрылымы жағынан өте күрделі болуы;
- энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі;
- кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы;
- ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы;
- қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен
денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы;
- шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина
жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
1.2. Экономиканың дамуындағы өнеркәсіптердің рөлі
Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық
мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген
жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық
мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын
орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық
ұстаным – экономиканың дамуын интенсивті, индустриалды-инновациялық
факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен
оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы
қажет.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек,
экономиканы дамыту ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни
еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің
өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену)
процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері:
бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың
ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық
механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық.
Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық
және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз
ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен
тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы
жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған
байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың
объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің
төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген
құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға
негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім
шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі
ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына
қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал
ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы,
өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде,
пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң
шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру
механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде
ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың
негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім
нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді,
инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен
байланыстылығын күшейте түседі.
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын
қажет етеді:
- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;
- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік
тарапынан қолдау;
- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық
нормативтермен қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін
инвестициялауды жетілдіру.

2.1. Өнеркәсіптің жетекші салалары
Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономиканың алға
басуы соған байланысты. Өнеркөсіптің дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды
ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету
саласының даму деңгейіне де үлкен өсер етеді.
Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа
бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи
және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім
шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның кұрылымына тоқталайық.
Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс
(полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс
(бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке (резина) —
техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар,
сілтілер) өндірісі.
Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру
жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының
дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық
шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық
шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін,
өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі.
Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны
көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Дүние-
жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 34 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен
Жапония шығарады.
Жеңіл өнеркәсіп - өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда
өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе
елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның
дамуындағы басты фактордың бірі — сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы
онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады. Құрылымы
жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі
(мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу); жартылай дайын өнімдер
өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі); дайын өнімдер шығару (тігін
өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі
жедел қарқынмен дамуда.
Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі
өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзінде жетекші орынға Азия
елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан
жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды.
Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын
өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның
үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық
талшықтар өндірісінің 23 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы
аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр. Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның
меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс
Еуропа елдері мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты
қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы елтірі бұйымдары, сәндік киім-кешек,
қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.
Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс
істейтіндіктен, соңғы онжылдықта жасанды талшықтар үлесінің артуы
өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етті. FTP жетістіктерін
пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен жаңа индустриялы елдерде
тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда мұндай өндіріс
Қызылорда каласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды
талшықтарды араластыру аркылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады.
Жалпы алғанда, мақта маталарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан
дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғүрлым қымбат жүн маталарын тоқу
дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу
жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.
Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән.
Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар
қажеттілігінен әлденеше есе кеп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы
жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну
елдер бойынша айырмашылық жасайды. Батыс Еуропада қазіргі заманғы тамақ
өнеркәсібін аса сапалы жергілікті шикізатты өңдеу негізінде дайындалған
өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды. Жан
басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг).
Басқа аймақтардағы дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті
сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат
базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар. Балық
өнімдерін сыртқа сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбия, Индонезия,
Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка шайды; Үндістан,
Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.
Сонымен тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық)
ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті шикізат көзіне; екіншіден,
елдің даму деңгейіне байланысты азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкі
болуы; үшіншіден, жергілікті ұлттық (діни) әдет-ғұрыптарға байланысты
болады
Отын-энергетика кешені. Аталған кешен құрамына казіргі заманғы
шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.)
мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы
отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы
дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен
энергияға сұранысы арта түсті.
Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи
газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті
өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт
бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға
шықты.
Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай
алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы
өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер
стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп,
шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті
олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге
болады.
Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі
бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық
компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы
мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі
мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен
байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына
қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың
40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай
өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады
(2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай
өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін
мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы
елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың
(Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы
күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк
сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа
жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға
және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика
мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы
аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр
арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген
мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар
500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде.
1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың
т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска
жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай
ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған
мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе
аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-
ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға
жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне
қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың
жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде
өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ,
ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
Газ өнеркәсібі. Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан
бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты.
Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ
энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот
тыңайткыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды
кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері
мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней,
Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ
кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден
астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-
энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы
дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен
АҚШ-тың үлесіне тиесілі (40-сызбанұскаға қараңдар). Қазақстанда 2008 жылы
32,9 млрд м3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден
келеді.
Көмір өнеркәсібі. Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны
бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің
отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50—60-жылдары
мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап,
көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап
мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен
орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру
географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты
өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір
өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір
өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа
шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса,
импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.
Электр энергетикасы. Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді,
экологиялық жағынан қауіпсіз әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын
өндіру үшін алуан түрлі минералды шикізат, су және атом энергиясы
пайдаланылады. Минералды отынмен жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС)
шикізат көздерінде және ірі тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы
электр энергиясының өндірісіндегі үлесі — 63%. Су электрстансылары (СЭС)
дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 15-ін береді. Су энергиясы
ресурстары, негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық
игерілмей келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы,
Африкада 5%-ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен
Ресей алдыңғы орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша
Норвегия басымдылық көрсетеді.
Атом электрстансылары. Атом электрстансыларының (АЭС) да маңызы артып
келеді. Олар дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда
80%-ын береді. Соңғы кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия
көздерінен (жел, гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды.
Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның
көрсеткіші 14 есе артты. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне
тиесілі болды (41-сызбанұсқаға қараңдар).
Қазақстанда 2008 жылы 80,3 млрд кВтсағ, яғни жан басына шаққанда
4959 кВтсағ электр энергиясы өндірілді.
2.2. Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін
өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық
экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана
емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz