Тірі балықтарды су жолы көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 Тірі балықтарды су жолы көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2Тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3Тірі балықтарды тасымалдауға су жолы көлігін мал дәрігерлік-санитарлық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.4Тірі балықты тағайындалған жеріне жеткізгеннен кейін түсіру кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.5 Тірі балықты тасымалдағаннан кейін контейнерлерді ветеринарлық-санитарлық өндеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22 IV.Пайдаланылған әднбиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
V.Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық- санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік мал дәрігерлігінің мекемелерімен ұйымдары жүзеге асыратын мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың кешені.
Осыған орай, жануарларды кедендік тасымалдауды ұйымдастыруды жүргізу үшін келесілерді жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының кедендік іс заңдарын, ережесін, нұсқауын, құзіреттік мемелекеттік органмен шығарылған нұсқауларды, түрлі кедендік режимдегітірі балық, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу сұрақтарын; Қазақстан Республикасының 2002 жылы 10 шілдеде шыққан Ветеринария туралы заңын; ветеринария саласында құзіретті мемлекеттік органмен, аймақтың мемлекеттік ветеринариялық шекарадағы қадағалау және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тірі балықты өткізу сұрақтарымен айналысатын көліктегі ветеринарлық бақылау бекеттеріне арнайы шығарылған қаулы, басқа құжаттар мен ветеринариялық талаптар; мемлекеттік ветеринариялық қадағалауындағы балықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тірі балықты тасымалдау кезінде кедендік іс және ветеринария заңдарының сақталуына байланысты бақылау жүргізуі керек.
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық санитарлық қадағалау бұл мемлекттің ветеринарлық мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын мал дәрігерлік санитарлық шаралардың кешені.
Кемедегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып табылатындарының бірі, тірі балықтар болып табылады. Тірі балыты тасымалдау кезіндегі ережелерді мемлекеттік ветеринарлық инспектор Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дұрыс сақтауы қажет.
Тірі балықтарды тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдаумен байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қаралған тиісті ветеринарлық бақылау күзеттері іске асырылып жан-жақты қарастырылады және де мұқият тексергені абзал.
Кемелердегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып табылатындарының бірі, тірі балықтар. Тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі ережелерді мемлекеттік ветеринарлық инспектор Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дұрыс сақтауы қажет.
Тірі балықтарды тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдаумен байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қаралған тиісті мал дәрігерлік бақылау күзеттері іске асырылып жан-жақты қарастырылады және де мұқият тексергені абзал.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес су жолымен тасымалдағанда тек қана клиникалық сау тірі балықтар жіберіледі.
Тасымалданатын тірі балықтар жүктерінің бүтіндігін қамтамасыз ету, тасымалдау кезінде балықтар арасында жұқпалы ауруларынының шығуына және инфекциялық бастаманың таралуына жол бермеудегі барлық алдын алу жұмысы, жануарларды, тірі балықтарды жөнелтішу шаруашылықтармен кәсіпорындардан басталып тасымалдаудың технологиялық үлгісі кешенді түрде қаралуы тиіс.
Осы шаралардың тиімділігі, балықтардың шығарылатын жерінің эпизоотиялық сәттілігіне тасымалдаукемелерінің техникалық күйінің материалдық техникалық қамтылуына, суару пунктерінің жабдықталуына, көңді және кемелерді зарарсыздандыру технологиясының сақталуына, жолшыбай мал өлекселерін уақытылы түсіріп алуына байланысты болып келеді.
Курстық жұмыстың басты міндеттерінің бірі - тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі барлық ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап отыру.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Тірі балықтарды су жолы көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау
Қазіргі кезде балық шикізатының 90%-ы өндіріс орындарына тек қатырылған күйінде түседі. Тек қана ішкі қоймалардағы немесе жақын судағы балықтар тірі немесе жас күйінде жеткізіледі.
Балықты тірі күйінде тасымалдау, сақтау және өткізу үшін, ауаның, көмірқышқыл газының жетіспеуіне шыдамды балықтар алынады. Сазан, жайын, тұқы, амур, оңғақ, қаяз, шортан балықтары үлкен қалаларға тасымалдауға шыдамды келеді. Ал табан, көксерке, сүйрік, бахтах, бекіре, камбала және тісті балықтар алыс қалаларға тасымалдауға жарамсыз.
Балықтың анатомиялық құрылысы оларды суда тасымалдаған кезде маңызды орын алады. Мысалы, майшабақ тәрізді балықтар әлсіз қабықты болып келеді, сондықтан олар бір-бірімен соқтығысқаннан кейін қабықтарынан бірте-бірте айырылып, суды ластайды және тез өлуге бейім келеді. Көксерке және алабұға тәрізділердің бірнеше тікенді жүзу қанаттары бар, сондықтан оларды тығыз орналастырған кезде (посадка) ауырып, жарақаттанады.
Тасымалдау кезіндегі судың температурасы балықтың тірі болу жағдайына әсер етеді. Суық суда ауа оттегісі тез ериді, сондықтан балықтың тыныс алу жиілігі азаяды. Судың температурасының жоғарылауына байланысты оттегінің еру жағдайы төмендеп, ал балықтың оттегімен тыныс алуы жоғарылайды және тасымалдауды қиындатуға әкеліп соқтырады.
Балықтар өміршеңдігі кезінде суға көп мөлшерде шырыштарын бөледі. Олар түрлі қауіпті микроағзалардың дамуына қалыпты жағдай туғызады.
Су жолдарында балықтарды, тірі балықты баржаларда изотермиялық кемелерде тасымалдайды. Прорездерде орта есеппен 10 м3 суға 1т балық сыяды (1:10) суық суда жүру тығыздығы артып, жылы суда азаяды. Бұл кеменің қозғалыс жылдамдығы 3-4 кмсағ, жоғары жылдамдықта балықты тасымалда- ғанда балық су ағысы әсерінен жарақаттанады. Прорездерге балықты тиеу нормасы су температурасына және балықтың түріне байланысты.
Тірі балық баржалары ұзындығы бойынша (ұзындығы - 60м) прорездерден асып түседі. Баржаның ортасында су кірмейтін камералар орналасқан, олар баржаларды жүздіреді, ал олардың ортасында тірі балыққа арналған садкалар орналасқан. Садкалардың сыйымдылығы 100м3, 20 т балықты орналастыруға болады. Баржаларды буксирмен тартады.

1-кесте

Балық түрі

Су температурасы, ºC

18-24

12-18

0 - 10
Табан
40

90

165
сазан
130
190
215
жайын
90
145
270
көксерке
55
110
215

Изотермиялық тірі балықты кемелерде 30т балықты тиеуге болады. Әр 1м3 суға балық түріне байланысты: 30-40кг (ақсаха, бахтах), 140-160кг (сазан, мөңке, тұқы, оңғақ) балықтарын тиейді.
Көптеген қолданылатын контейнерлер - әмбебап құрылғы. Олар теңіз, өзен, темір жол және автокөліктермен (күрделі, орташа және аз тонналы контейнерлер) өнімдерді жалпы және жекелеп тасымалдау үшін қолданылады.
Әрдайым тасымалдау контейнерлерінің көлемі өседі. Шетел елдерінде изотермиялық суытылмаған және рефрижераторлы контейнерлерін, тез бұзылатын өнімдер үшін, кеңінен қолданылады.
Контейнерлердің басты кемшіліктерінің бірі, олардың болаттан жасалынған сыртқы беткейлерінің әрдайым коррозияға ұшырауы, осының нәтижесінде оларға үнемі мұқият болу, кей-кезде коррозияға қарсы арнайы шаралар жүргізу, яғни коррозияға қарсы мықты болатты, мысалы мырышты қабаттарды қолдану сияқты күтім керек.
Балықты тасымалдау үшін оларды алдын-ала дайындайды. Оларды дайындау садкаларға орналастырады. 5 тәулік ішінде желбіршектерімен тері қатпарын құмтап, тазалап, ішек-қарынын тағам қалдығынан тазартады, жүйке жүйесі нормаға келтіріледі. Балықтардың мекені су болғандықтан, суға келесідей талаптар қойылады: дәмі мен иісі, мөлдірлігі, түсі, оттегімен қанығуы, температура, қышқылдануы. Мысалы: батпақты су не тоған суы балықты алыс жерге тасымалдауға сай келмейді. Себебі, бұл судың құрамында өсімдіктекті еритін органикалық заттар көп болады, сондықтан да олар судың мөлдірлігіне, иісі мен дәміне, түсіне кері әсер етеді. Батпақты суда арнайы күкіртсутектің иісі бар. Суда күкірттісутектің (H2S) және (CH4) метанның бар болуы рұқсат етілмейді. Балықты тасымалдау үшін дихлорланған суды қолданады. Ондағы хлор мөлшері 0,5 мгл аспау керек. Судың қышқылдануы оның кірлену дәрежесін білдіреді.
Балықты ауланған жерден тасымалдау және өткізу үшін арбалы көлік (жылқы, есек) қолданады. Тасымалдау үшін сыйымдылығы -250-500 л ағаш, металл бөшкелерді, брезенттерді қолданады. Көлемі 250 л бөшкеге судың температурасы 10-12ºC-та, біржылдық тұқыларды тасымалдауға болады. Ал, 1м3 суда брезентті чандарда 500 кг - жыланбалық, табан, садақ балық, оңғақ, тұқыларды, 350-400 кг - табан, шортан, ал 200-250 кг - бахтах, албырт балықтарды тасымалдауға бола

2-Кесте. Тасымалдау кезіндегі судың шекті температурасы

Балық түрі
Су температурасы, ºC

Жазда


Көктемде, күзде
Қыста
Суық сүйетіндер
6-8

3-5

-
Жылу сүйетіндер
10-12


5-6
-
Барлық түрі
-

-
1-2

Тірі балықтарды жылдың барлық мерзімінде рефрижераторлы кемелерде тасымалдайды. Балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, қақталған, кепкен немесе маринадталған өнім түрінде тасымалдануға жіберіледі. Рефрижераторлы трюмдарда мұздатылған балықтың тұтастығын сақтау үшін үнемі төмен температура (шамамен -20°С) және өте жоғарғы салыстырмалы ауа ылғалдылығы (95-100%) сақталу керек. Сәл тұздалған балық өнімі үшін температура 0-3°С және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 90-95%, ысталған балық, температурасы 0-4°С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75-80% болуы керек.
Балықты негізгі тасымалдау қорабы түрі - жартылай мықты картон. Жәшік, қораптарының негізгі су өткізбейтін материалы екі қабатты гофринденген картон. Қораптың үстіңгі жағына сым, шпагат байланады.
Картон жәшіктерін әдеттегі тәртіппен таңбалайды. Әрбір балық өніміне тән тауар белгісін трафарет арқылы бояу салып, қағаздан жасалған белгі жабыстырады. Жәшіктегі таңба ашық көріну керек. Пішіні сурет, түс және шрифт бойынша ерекшеленетін белгілер бірдей тараға салынған балық өнімдерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Картон қорабы жүкті, әсіресе ашық теңізде арту операциясы кезінде астына төселетін материал болмаған жағдайда зақымдалуы мүмкін.
Жүкті әртүрлі зақымданудан сақтау үшін үстіне тақтай немесе брезент төсейді.
Температуралық режимнің бұзылуы өнімнің бұзылуына немесе тауарлық сапасының төмендеуіне әкеледі. Балық еру кезінде микроорганизмдерді өмір сүруі қалпына келіп, гидролиз; майлар тотығады, белоктардың денатуарациясы күшейеді, автолиз және басқа да үрдістердің болуымен сипатталады. Балық сапасына температура тербелісі әсер етеді, өнімде кристализация байқалып, босап, ұлпалардың бұзылуына әкеледі. Балықтың майының тотығуы оның тотықсыздануынан және кейбір бактерия түрлерінің өміршеңдігінің күшеюіменен сипатталады, ыдыраған балық майы ұшпалы май қышқылдарын қалыптастырады. Кебу нәтижесінде балық массасы төмендеп сапасы өзгереді. Кебу көлемінің ұлғаюына жабдықтау, салу үрдісі, трюмдерде балықтарды орналастыру, суыту жүйесі және тасымалдау ұзақтығы да әсер етеді.
Жазда температураны, ылғалдылықты қадағалап отыру керек. 35°С жоғары температурадағы ұн, иісі бар, зеңденген, ірі түйіршіктері бар болса, тасымалдануға жіберілмейді.
Рефрижераторлық емес әдеттегі кемелерді балық өнімдерін жыл мерзіміне қарай және рейстің ұзақтығын ескере келе тасымалдайды.
Мұндай кемелерде жылдың барлық мерзімінде кептірілген, қақталған, қатты тұздалған балықты, сонымен қатар сельд, металл тарадағы балық консервелерін, балықтардың техникалық майларын және теңіз жануарларын тасымалдайды.
Жылдың суық мерзімінде тұрақты минусты температурада әдеттегі кемелерде тұздалған және суық ысталған балықтарды тасымалдайды.
Қатты тұздалған, оның ішінде сельд балықтарды көлемі 250л бөшкелерде және массасы 70кг-қ жәшіктерде тасымалдайды. Қатты тұздалған балық құрамындағы тұз мөлшері 14%-н аспау керек. Жәшіктердің темір рента немесе сымдармен бекітеді.
Орташа тұздалған балықты көлемі 250л бөшкелерде тасымалдайды. Орташа тұздалған балық құрамындағы тұз мөлшері 11-14%.
Кептірілген және қақталған балықтарды желдеткіштері бар ағаш жәшіктерде, сонымен қатар тоқылған корзинада, салмағы 50кг-қ қатарда тасымалдайды. Бұл өнімдер салмағы 150кг дейін болады, ыдыс-қорап таза бөгде иіссіз, қаптар мықты шпагатпен тігіледі. Қақталған және суық ысталған өнімдерді 40-70кг-қ жәшіктерде тасымалдайды. Жәшіктер екі жағынан тегіс тақтаймен, металл лента немесе сыммен тартылған күйде дайындалады. Жәшік ішіне пергамент төселеді, жәшік қабырғаларында 3-4 дөңгелек кеңістіктер болады. Тірі балық және теңіз жануарларын көлемі 350л металл бөшкелерде немесе 250л мықты ағаш бөшкелерде тасымалдайды, іш жақтары май өткізбейтін құрылыммен жабылған, сонымен қатар герметикалық ыдыс-қораптар, яғни, бидан, бутули мықты ағаш жәшік немесе қораптарға салып тасымалдауға болады.
Әртүрлі балық уылдырықтарын ұсақ қаңылтыр немесе шыны жабдықтарда және бөшкелерде тасымалдайды. Мысалы, бекіре балықтарының түйіршікті уылдырығын 50л-к емен бөшкелерінде, ішкі жағы парафин, ал сыртын алиф қабатымен жабылған күйде тасымалдайды. Албырт (лосось) түйіршікті уылдырықты 100л бөшкелерде, ішінен парафинделген жағдайда тасымалдайды. Май, тұздықтарды тұздалған балық немесе басқа жүк майлармен бірге тасымалдауға болмайды, себебі ылғалданып қалуы мүмкін.

2.2 Тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау.
Тасымалдау кезінде қойылатын талаптар мен балықтың тірі қалу факторлары. Тасымалдауға дені сау, қозғалмалы, механикалық жарақатсыз, бүтін қабықты, ауру белгілері жоқ балықтар жіберіледі. Балықтарды тасымалдау ветеринарлық куәлік бар болған жағдайда рұқсат етіледі. Ауру балықтар, сонымен қатар, белгісіз, себепсіз өлген балықтар тасымалдауға жіберілмейді. Прорездерде, су қоймаларда инфекциялық аурулар таралған балықты тасымалдауға рұқсат етілмейді. Балық тасымалданған суды су қоймаларға құюға рұқсат етілмейді.
Тасымалдау кезінде балықтың өлімін туғызатын бірнеше фактор бар. Олар: балық түрі, анатомиялық құрылысы, жүзу тығыздығы, судың оттегімен қанығуы, тасымалдау мерзімі және ұзақтығы.
Балық және балық өнімдерін тасымалдауды бақылау. Балық және балық өнімдерін жылдың барлық мерзімінде рефрижераторлы кемелерде тасымалдайды. Балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, қақталған, кепкен немесе маринадталған өнім түрінде тасымалдануға жіберіледі.
Рефрижераторлы трюмдарда мұздатылған балықтың тұтастығын сақтау үшін үнемі төмен температура (шамамен -20°С) және өте жоғарғы салыстырмалы ауа ылғалдылығы (95-100%) сақталу керек. Сәл тұздалған балық өнімі үшін температура 0-3°С және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 90-95%, ысталған балық, температурасы 0-4°С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75-80% болуы керек
Адам денсаулығына қауіпті гельминттар табылған, улы балықтар, ауланған балықтар су түбі топырағымен немесе мұнай өнімдерімен контаминацияланған жағдайда осы Техникалық регламентте белгіленген тұтынушының денсаулығына қауіпті тағам шығару мүмкіндігінің алдын алатын шаралар қабылдануы тиіс;

Сурет-1 Тірі балық тасымалдайтын контейнерлер

Балықтың жасы ұлғайған сайын қажеттілігі азаяды. Сонымен тірі балықты тасымалдағанда, судың температурасы жеткіліктігі қажет, ол еріген су tº, жылжу жылдамдығы және тазалығына байланысты. Неғұрлым судың tº төмен болса, соғұрлым онда 02 жақсы ериді. 0º tº бір литр суда максимум 14,56 мг. 02 , 25 tº текқана 8,26 мг. 5 tº көлік жүрген кезде 1 л суға бір сағатта 11 мг 0º түседі. Балық пен судың қатынасы 1,5, бұл мөлшер жеткілікті.
Температура жоғарылаған сайын тыныс алуға жұмсалуы ұлғаяды, ал суға түсуі азаяды. Мысалы: tº 10 º 1 литр суда бір сағатта 5 мг түседі. Су қамтамасыз етіліп отырмаса, онда балық пен су арасындағы қатынасы 1:10 - аз мөлшерде қабылдайтын балықтарға, ал көп мөлшерде қабылдайтын балықтарда бұл 1:25, 1:60 сәйкес. Көлік тұрған кезде су араласпайды, суға отегінің келуі күрт азаяды.

Сақтауға және кемелерге қойылтын қауіпсіздік талаптары:
Арнайы сақтау шарттары бар балықты сақтауға арналған үй-жайлар мен жабдықтар, осы өнімдерді сақтау шартын бақылайтын бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталуы тиіс. Температура көрсеткіштерін жазып отыратын термометр орнату ұсынылады.
Тірі балықты тасымалдау санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары берген санитарлық паспорты бар арнайы жабдықталған көлік құралдарымен жүзеге асырылады.

Көлік құралдарына мынадай талаптар қойылады:
Тірі балықпен жанасатын кеменің ішкі беті немесе кез келген басқа бөліктері өнімнің қауіпсіздігіне және тұтынушының денсаулығына әсер етпейтін материалдардан жасалады және тегіс, жеңіл тазаланатын және дизенфекциялануы тиіс; Кемелер өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталып, сұйықтықтың дренажын болдырмау үшін су өткізбейтін болуы тиіс.бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталуы тиіс.
Қажеттілігіне карай тиеу арасында кемелерге және контейнерлерге тазалау және дезинфекциялау жүргізілуі тиіс.
Тірі балық оның тіршілігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталынып, сату мерзіміне шек қойылмауы тиіс. Ыдыстар судың сапасын өзгертпейтін материалдардан жасалуы тиіс.
Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Сақтау үшін осы Техникалық регламенттің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келетін және қауіпсіздікпен қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттары бар (ветеринариялық сертификат, гигиеналық қорытынды, тауарлық-ілеспе құжаттама) балық және балық өнімдері қабылданады.
Тірі балықты сақтау кеміргіштердің, құстардың, жәндіктердің кіруін болдырмайтын арнайы бөлінген, осы мақсатқа жабдықталған, жабық, таза, осы өнімнің сақтау шарттарын бақылау үшін арнайы өлшеу-бақылау құралдарымен жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
Сақтау кезінде тірі балықты су және кәріз құбырларының, жылыту құралдарының жанында, тікелей еденде, сондай-ақ қойма үй-жайларынан тыс жерде жиып қоюға жол берілмейді.
Өнімді сақтауға арналған үй-жайларда, соның ішінде тоңазытқыш камераларда үнемі механикалық тазалау, жуу, дезинфекция, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар жүргізілуі тиіс.

Тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ауру тірі балықтарды
анықтаған кездегі іс-шаралар
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің арасынан (тиеу, түсіру кезінде, жүру жолында) ауру тірі балықтар, сондай-ақ тірі балықтардың өлекселері анықталған кезде Инспекторлар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) партияның қалған балықтарын бөліп алады. Бұл жөнінде тиісті аумақтың Инспекторларына, сондай-ақ тірі балықтар партиясының шыққан аумағының Инспекторына, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосына хабарлайды.
Барлық жағдайларда ауру тірі балықтар анықталған кезде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
Жүру жолында немесе тірі балықтарды түсіру орнында өлекселер табылған кезде олардың иесі (жолсерік) өлім-жітімнің себебі туралы қорытынды негізінде тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) шаралар қабылдайтын ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жақындағы аумақтық бөлімшесіне жүгінеді.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер бөгелудің немесе алынудың барлық жағдайларында Инспектор жүк жөнелтушінің (жүк қабылдаушының) қатысуымен акт жасайды. Актіде қабылданған шектеулердің себептерін (анықталған ауруды), сондай-ақ жүргізілген және жүзеге асырылуға жататын шектеу, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және эпизоотияға қарсы іс-шараларды көрсетеді. Актінің бір данасы акті жасалған орын бойынша Инспекторға, екіншісі - жүк жөнелтушіге (жүк қабылдаушыға) немесе жүктің құжаттарына қоса
Су кемелеріментірі балықтарды тасымалдауға күні бүрін дайындайды. Тірі балықты орналастыру үшін арнайы жабдықталған контейнерлерді пайдаланады. Көліктегі ветеринарлық қадағалау бөлімі бак пен су құбырының санитарлық жағдайына ерекше назар аудара отырып,бұл кемелермен тауарлы жанды балықтар, әсіресе жұқпалы аурумен қызылшамен зардаптаған балықтар тасымалданды ма, әлде жоқ па, соны анықтайды.Балықтарды тиеуге белгіленген кемелер жуылып, дезинфекцияланады және қайта екінші рет шайылған болу керек. Жүк жіберушінің тасымалдауға берілген жанды балықтың әрбір партиясына 1 үлгілі мал дәрігерлік куәлігі болуы керек.Тасымалдауға тек қана механикалық зақымданудан сау, денесінде өңез буылтығынсыз қабыршақты және тері жабыны, жүзу қанаттары бүтін әрі таза, көздеріне зақым келмеген, дене ісігінсіз, дене бетінде жұқа қабатты кілегейі бар балық жіберіледі.Көліктегі мал дәрігерлік-санитарлық қдағалау, қызметкерлері: балықтарда құрсақ ісінуінің, теріде ойық жаралардың болмауын, желбезектің ақ және сұр түске боялуын, жүзу қанаттары мен желбезекте қөптеген ұсақ ақ нүктелердің болмауын балықтың ауру екендігін көрсететін т.б. басқа белгілерін бақылап отырады. Егерде тиеуге ұсынылған балық партиясында жоғарыда аталған аурудың 1 ғана белгісі байқалса, дәл диагнозы анықталғанша барлық балық партиясы тасымалға жіберілмейді.Тасымалдауға ұсынылған тірі балықты,жұқпалы аурулардан сәттілігіне қарамастан,міндетті түрде 5% -ті тұз ерітіндісімен ваннада өңдейді. Егер жолшыбай тасымалдау кезінде балықтың арасынан жұқпалы ауру байқалса онда оны әрі қарай тасымалдайды, алкемеден түсіргенде, сол орнында оны тиісті комисиялық акт құра отырып, оларды арнайы суатқа орналастырады. Балықтарды тасымалдауға арналған бакті сумен толтыру үшін қажетті су таза болу керек және ережеге сай, толтыруға қажет су, балықты аулаған суатынан әкелінуі тиіс. Судағы оттегінің мөлшері балықтар үшін орташа есеппен 5-8 мгл құрау керек. Балықты тасымалдау үшін хлорланған суды пайдалануға тыйым салынады. Кейбір төтенше жағдайда тек ауаны үрлеу жолымен суды мұқият тазартқанда ғана немесе хлордың форсунка арқылы тозаңдануы толықтай жойылғанға дейін жүргізілгенде осындай суды пайдалануға болады. Су реакциясы бейтарап немсе әлсәз сілтілі болу керек. Сумен бакты толтыруды былай жүргізі керек.Балықты тиегеннен кейін шамамен бактың 15 бөлігі бос болуы қажет,тірі балықтың 1 кг салмағына шаққанда шамамен 15 л-лен 35 л-ге дейін су керек. Тірі балықты тасымалдағанда судың қолайлы температурасы салқын сүйгіш балықтар үшін жазда 6°-8°C, жылы сүйгіш балықтар үшін 10°-12°C болуы тиіс. Су температурасы төмендегенде жылытады. Балықтың жолшыбай күйін бақылап, жауап беретін- жүк жіберуші. Тағайындалған жерде тірі балықты арнайы осы балықтарды тасымалдауға жабдықталған автокөліктерге түсіреді. Балық тасымалдауынан босаған суды суаттарға ағызып жіберуге тыйым салынады.

Сурет-2. Тірі балық тасымалдайтын контейнер

2.3 Тірі балықтарды тасымалдауға су жолы көлігін ветеринарлық санитарлық өңдеу
Инфекциялық аурулардың алдын алу және күресу үшін дезинфекция маңызды рөл атқарады. Дезинфекция сөзі латын тілінде infectio және француз тілінде des -жою сөздерінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда дезинфекция сөзі жұқтырудан сақтау деген мағынаны білдіреді. Дезинфекцияның мақсаты - тек патогенді микроорганизмдерді жою. Осымен дезинфекция залалсыздандырудан ажыратылады, стерилизация жүргізгенде, патогенді микроорганизмдермен бірге басқа да микроорганизмдер жойылады. Дезинфекциялық шараларды өткізгенде, инфекция қоздырғыштарының ерекшелігін, олардың тұрақтылығын білу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Темір жолдармен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық –санитарлық бақылау
Теміржол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринариялық -санитариялық бақылау
Әуе көліктерімен тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау
Кептірілген терілерді тасымалдау
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізі
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Пәндер