Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университеті
Экономи және менеджмент
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Орындаған: Баймукашев Ж.И.
Тексерген: Алатаев Е.С.
Орал, 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстан Республикасындағы автомобильдерінің пайда болуы мен
даму тарихы
1.1 ҚР автомобильдерінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 ҚР автомобильдерінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Авто көліктерді өндіріс кәсіп орындарында пайдалану тиімділігі
2.1 Автомобильдерді өндірістік кәсіпорындарда пайдалану деңгейі ... ... ... ...16
2.2 Автокөліктерді өндірістік кәсіпорындарда пайдалану әдістері ... ... ... ... ..21
3. Автокөліктерді пайдаланудың әдістерін арттырудың жолдары
3.1 Экономикадағы автокөлік ағынын тиімді басқаруды жетілдіру ... ... ... ... 27
3.2 Автокөліктер инфравқұрылымын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады.Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде - бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде - бір ауыр жұмыс істелмейді.иСондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Тақырыптың өзектілігі. Еуразия континентінің ортасында Еуропаның үлкен динамикалық тұрғысындағы нарық дамуында орналасқан Қазақстан Республикасы-ның экономикасы Шығыстың және Оңтүстік-Шығыс Азияның транзиттік мүмкіндіктерін тиімдіпайдалануымен ерекшеленген мем-лекет. Үлкен аймақты еліміздің (2720 000 шаршыкм) Ұлттық Автокөлік жүйесі даму үстінде және жергілікті халықтың тығыздығы-ның мөлшері = 1 шаршыкм 6-адам.
Қазақстан Республикасының транспорттық кешені Темір жол, Әуе, Теңіз және өзен, Құбыр және т.б. қатысатын түрлерін қамтиды. Бұл кешендегі қызметтердің барлығы нарықтық қатынастың еркін түрінде өтіп отырады. Ал, 1990-1999жж арасында барлық Автокөлік түрлері-мен жүк тасымалдау 2,5 есеге, жүк алмасу 3,5 есеге, жолаушылар тасы-малдау 5 есеге қысқартылды. Кейінгі кезде осы бағыттардағы беталыс өсіп келе жатыр.
1990 жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып ел болғанда экономикамыз оның ішінде көліктік қызмет көрсету сала-лары көп тоқырауға ұшырағаны белгілі. Сол кездерде ұжымдық шаруашылықтар таратылып, соның әсерінен еш тоқтамсыз жұмыс істеп тұрған көліктік ұйымдар өз жұмыстарын өзгеріссіз ұстап қала алмады. КСРО кезінде Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы Қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл Әлемге танымал Ұлы Жібек жолы көп бөлігін басып өткен.
Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады.
Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі транспотр құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, Автомобиль көлігі Су және Темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Кәзіргі уақытта Автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы Дүниежүзілік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады. Енді осы тақырыпқа жұмысымда кеңірек дәлірек мәліметтер бере кетсем.
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел -- тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Автокөліктерді таңдау ұтымды пайдалу әдісі.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасындағы автомобильдерінің пайда болуы мен даму тарихы туралы пайдалану саласы туралы және экономикасы туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақстан Республикасындағы автомобильдерінің пайда
болуы мен даму тарихы
1.1 ҚР автомобильдерінің пайда болуы
Автомобиль (гр. αὐτο -- өздігінен және лат. mobilis -- қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.
Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 кмсағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.
Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.
XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.
Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.
Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар Форд-Т моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.
20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.
Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.
Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.
1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады.
2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.
3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.
4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.
1.2 ҚР автомобильдерінің даму тарихы
Ағымдағы жылдың ақпанындағы қатынасы бойынша нарықтың өсу қарқыны наурызда сол деңгейде сақталды, ал өткен жылдың төмен көрсеткіштерінің фонында дилерлердің сатылымдары екі еселіден артық көрсеткішті көрсетті. Айдың қорытындылары бойынша ресми дилерлермен 2 524 жеңіл және жеңіл саудалық автокөліктер өткізілген немесе 2011ж. ақпанына қарағанда 18,5% артық. 2010 ж. наурызына қатынасы бойынша өтім 2,3 есе өскен.
Қаңтар-наурыздағы тоқсандық сатылымдар өткен жылдың IV тоқсанындағы көлемдерге біраз кем түсіп, 6 337 жеңіл және жеңіл саудалықавтокөліктерді құрады. Алайда бір жылдық мерзімнің нәтижелеріне қатынасы бойынша сегмент 75,54% өсті. Осы өсімнің 70% астамы ресейлік және қазақстандық авто өнеркәсіптің өніміне келеді.
ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР СЕГМЕНТІ
Жолаушылар автокөлігінің сегменті есептік кезеңде нарықтың жалпы динамикасынан ауытқыған жоқ. Наурызда 2 068 жеңіл жаңа автокөліксатылған болатын, бұл ақпандағы көрсеткіштен 17,9% асады және өткен жылдың наурызындағы өтімнен 74,68% артық.
І тоқсанның көрсеткіштері бойынша қазақстандық нарықта 5 272 жеңіл автокөлік өткізілген. Осылайша, бір жылдық мерзім көрсеткішінің қатынасы бойынша 74,69% жетті. Lada, Toyota, Nissan, Chevrolet және KIA брендтері осы өсімнің жаңа драйверлері болды.
Маркалар кесігіндегі сегменттің құрылымы
Бюджеттік сегменттің автокөліктеріне артқан сұраныс, Қазақстанда және Ресейде шығарылатын Lada автокөліктері сатылымдарының үш еседен артық өсімін бейнелейді. 2011 ж. I тоқсанында марка біріншілікті сақтап қана қоймай, сондай-ақ республикадағы барлық жеңіл автокөліктердің үштен бірінен артығын қамтамасыз етті. 2011 ж. қаңтар-наурызында 1 833 бірлік сатылған немесе бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,25 есе көп.
Қазақстандық нарықтың №2 маркасының Toyota дилерлерімен 840 жолаушы автокөліктері өткізілген. Жапон бренді сатылымдарының өсімі сондай-ақ сесті болды: өткен жылғы нәтижеге 137% артық.
Бірінші үштік бойынша көршілермен салыстырғанда UZ-Daewoo өнімін өткізу тоқсанның нәтижелері бойынша теріс динамикамен жабылды: өткен жылдың нәтижесінен 16,39% кем. Жылдың басынан елде 449 өзбек автосы тіркелген болатын.
Ағымдағы жылдың ақпанынан бастап, рейтингтің 4-ші жолын Nissan бренді алады, олардың орындары бекітілуін жалғастыруда. Марканы сату жылдың басынан 340 бірлікке жетті.
Nissan сияқты танымалдықтың үш еселі өсіміне 2010 ж. қаңтар-наурызындағы қатынас бойынша өскемендік жинақтың Chevrolet үлгі қатары ұсынылды. Өткізілген 337 автокөлік американдық маркаға жеңіл автокөліктер сегментінде бестселлерлердің арасында 5-ші орынды қамтамасыз етті.
Өткен жылдағы Mitsubishi күміс жүлдегер, бұрынғыдай кері территорияда қалады. І тоқсанның нәтижелері бойынша Қазақстанда марканың сатылуы 223 бірлікті құрап, 60% отырды.
Бір жылдың ішінде 21-ден 7-ші жолға KIA маркасы көтерілді, оның өтімі 2011 ж. қаңтар-наурызында 188 пара-пар. АЗИЯ АВТО өскемендік зауытының осы брендтің автокөліктерін шығаруды меңгеруі, мұндай динамиканың себебі болды.
Ульянов автозауытының жеңіл жол таңдамайтындарының өтімі үш есеге өсті - 155 бірлікке дейін. Шамамен жартысына Hyundai жеңіл үлгілерінің сатылымдары өсті (І тоқсанның қорытындылары бойынша 160 бірл.). Skoda Қазақстанда құрастырылған автокөліктер жетекшілерінің ондығын 132 бірлік көрсеткішімен тұйықтайды - өткен жылдың І тоқсанындағыға қарағанда үш есе көп.
Премиум-класс брендінің сегменті есептік кезеңде өткен жылғы сатымылдарға 69,17% қосып, тұтастай алғанда тәжірибе жүзінде нарыққа пропорционал өсті. Люкс маркаларының өрісінде жетекші орынды бұрынғыдай жапондық Lexus (94 сатылған ак) алады.
Қазақстан Республикасының президенті 2012 жылдың 27 қаңтарында жолдаған Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты атты дәстүрлі Жолдауында он бағыт бойынша тапсырмалар берді. Оның ішінде, маңызды бағыттардың бірі - көлік-коммуникациялық кешенінің алдына үлкен міндеттер қойды.
Қазақстан Республиканың аумағында автомобиль жолдары желісінда автокөлік ағындарының салыстырмалы жағдайда төмен тығыздығы, автомобиль көлігімен тасымалдау ара қашықтығының алыстығы, автожолдардың қанағаттанарлық дәрежесінің жеткіліксіздігі көлік шығыстарының өсуіне және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, көлік ағындарын ғылыми зерттеулерге негізделе отырып тиімді басқаруды қажет етеді.
Халықаралық көлік дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және дамытуды мемлекеттің аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет.
Автокөлік құралдары санының жылдан жылға қарқынды өсуі жағдайында автокөліктермен жолаушылар және жүк тасымалдау ағындарын тиімді басқаруды жетілдіру мәселесінің алға қойылуы бүгінгі күнгі ұлттық экономикадағы көлік кешені рөлінің арта түсуіне әкелді. Сондықтан, автокөлік ағынын тиімді басқаруды экономикалық жетілдіру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Халық шаруашылығының материалдық өндіріс саласы және өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым субъектісі ретінде көлік нарықтық экономиканың тиімді қалыптасуына елеулі әсер етеді. Көлік кешеніндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайының нашарлауына ел экономикасының жүк қалыптастырушы салаларындағы өндірістің құлдырауы; отын-энергетикалық ресурстар бағасын қалыптастырудағы либерализация; салық жүктемесі деңгейіні жоғары болуы; қатал бәсеке күресіне мүлдем дайын болмау, менеджмент деңгейінің төмендігі әсер етуі мүмкін.
2011 ж. I тоқсанының қорытындылары бойынша Ресей мен Қазақстанның территориясында өндірілген бестселлерлердің TOP-20-да үлгілердің саны бірінші рет теңестірілді. Егер бір жыл бұрын, қазақстандық нарық таңдаулыларының жиырмалығынан тек 2 үлгі ғана елдің ішінде шығарылған болса (ресейлік авто өндіріске 4 үлгі келді), онда бүгін Кедендік одақтың әр екі елінің авто өндірушілерімен 6 үлгімен ұсынылған. Қазақстанда шығарылған барлық 6 автокөліктің АЗИЯ АВТО зауытымен жасалғандығын айта кеткен жөн.
Үлгі-жетекшілердің бірінші төрттігі Lada маркасымен басып алынған. Аса көп сатылатын үлгі болып, аса қымбат емес - Lada 2107 (562 өткізілген автокөлік) қалады. Өскеменде құрастырылған Lada 4x4 есебінде 428 сатып алу-сату шарттары бар. Lada Priora - 412, Lada Samara - 352 сату фактісі.
Өткен жылғы жетекші - өзбек UZ-Daewoo Nexia - сы 5-ші жолға жылжытылған (314 ак). C-класының басқа седаны екі орынға төмен түсті - Toyota Corolla (198 ак). Осы уақытта 7-ші және 8-ші орынды алған Toyota - ның Land Cruiser Prado (187 бірл.) және Land Cruiser 200 (155 бірл.) жол таңдамайтындарының жұбы өз орындарын айтарлықтай жақсартты. Өткен жылмен қатынасы бойынша плюсте артынан ерген Toyota Camry (137 бірл.) бар.
Өзінің 10-шы орнында Daewoo Matiz (135 бірл.) қалды. UAZ Hunter есебінде 133 сатылған автокөлік бар. Рейтингтің бірден 12-ші орнын жаңадан келген KIA Cerato (95 бірл.) алды. Үшінші ондықтан ресейлік Chevrolet Niva (94 бірл.) көтерілді. 92 авто нәтижесімен 14-ші жолды Nissan Qashqai және Toyota Rav4 паркетниктері бөледі.
АЗИЯ АВТО зауытымен өткен жылы ұсынылған седан Chevrolet Cruze (89 бірл.) және SUV KIA Sorento (86 бірл.) - қазақстандық жаңадан шыққан автокөліктер айналым алады. Қаңтар-наурызда олар 15-ші және 16-шы орынды сәйкесінше алды. Жуық нәтижемен (84 бірл.) тоқсанды сондай-ақ Өскеменде өндірілетін седан Skoda Octavia аяқтады. 74 сатылған автокөлік және Mitsubishi Lancer X және Nissan Almera Classic - те 18-ші жол.
ВАЗ-дың Lada Kalina №19 (69 бірл.) астында белгіленді. Соңында қазақстандық нарықтың TOP-20 бестселлерлерін жергілікті құрастырылған тағы да бір автокөлік - Chevrolet Lacetti (І тоқсанда 67 сатылым) тұйықтайды.
ЖЕҢІЛ САУДАЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СЕГМЕНТІ
Ағымдағы жылдың ақпанынан ГАЗ маркасының өнімін жеткізуді күшейтудің және өткен жылдың басындағы төмен сатылымдардың есебінен наурыздың қорытындылары бойынша LCV сегментіндегі өтім нәтиженің екі еселенгенін көрсетті. Есептік айда ресми дилерлермен жеңіл саудалық техниканың 456 бірлігі өткізілген, ол бір жыл бұрынғы сатылымдардан 109,17% жоғары және ағымдағы жылдың ақпанындағы қорытындылардан 21,28% артық. LCV сатылымдары 2011 ж. бірінші үш айында 1 065 бірлікті құрады немесе 2010 ж. ұқсас кезеңінен 79,9%жоғары.

Өткен жылдағыдай 2011 ж. І тоқсанының қорытындылары бойынша ең көп сатылатын марка UAZ болды. Өткен жылдың қарапайым өтімінің фонында Ульянов автозауыты сатылымдарды 2,43 есе арттырды, саудалық техниканың 460 бірлігіне дейін. Горьков зауытының дилері үш айдың қорытындысы бойынша 357 автокөлік өткізіп, 2011 ж. наурызында қаңтарда байқалған ұсыныстың тапшылығын жекелеп өтеді, ол 2010 жылдың нәтижесінен 51,27% жоғары.
Volkswagen сауда автокөліктерінің сатылымдары екі еседен артыққа өсті, жылдың басынан дилермен 84 бірлік өткізілген. Сегментке 4-ші орынға Isuzu маркасының саудалық техникасы шықты (49 бірл.). Есептік кезеңде белгілі өсімді сондай-ақ Hyundai (30 бірл. бір жыл бұрынғыдан 3 қарсы) және ИЖ (28 бірл. 2010 ж. І тоқсандағы нөлдік сатылымдарға қарсы) маркаларының өкілдері көрсетті.
Қазақстандық нарықтағы аса табысты БИПЭК АВТО автокөлік тобы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша тәжірибе жүзінде өзінің үлесін екі еселеді: 45,24% қарсы 24,85% жыл бұрын. Осы динамиканың негізгі факторы болып, холдингпен ұсынылған ресей өндірушілері автокөліктеріне сұраныстың өсуі және өскемендік АЗИЯ АВТО зауытының негізінде шетел маркаларының жаңа үлгілерін өзіндік өндіруді іске қосу болды.
2010 ж. тамызынан орташа 10% жоғары деңгейде өзінің нарықтық үлесін Астана Моторс ҚМК ұстайды. Басқа бір қатар ойыншылардың әлсіреуі компанияға І тоқсаннның қорытындылары бойынша 11,99% үлеспен қазақстандық авторетейлерлердің топ-парағында 2-ші орынды алуға мүмкіндік берді.
Ресейлік саудалық техника сатылымдарының Вираж автосалондары жеісінде біраз төмендеуі 2010 ж. қаңтар-наурызында үлестің 12,08%-нан есептік кезеңде 10,57% дейін қысқаруына әкелді.
Ірі құлау Меркур Авто жағдайында ағымдағы жылдың басында белгіленді: компанияның нарықтық үлесі жылдың ішінде 24,82%-дан 8,25%дейін үш есе қысқарды. Mitsubishi және UZ-Daewoo маркалары сатылымдарының қысқаруы ең алдымен оған себеп болды. Нәтижесінде топ 2-шіден 4-ші орынға ауысты.
Аталмыш маркалар бойынша нарықтың үлестің бөлігін Меркур Авто-дан нарықтың 5% айтарлықтай тұрақты ұстаушысы болған Аллюр Авто тобы алды. 2011 ж. I тоқсанын дилерлік бестіктің соңғы қатысушысы 5,81% үлеспен аяқтады.
ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ӨНДІРІСІ
2011 ж. І тоқсанында республиканың территорисында 1 241 жеңіл автокөлік өндірілген болатын, бұл 6,46 есе өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен асады. 2011 ж. қаңтар-наурызының қорытындылары бойынша АЗИЯ АВТО АҚ (Өскемен қ.) үлесіне KIA, Chevrolet, Lada және Skoda маркаларының 1 237 шығарылған автокөліктері келді. Агромашхолдинг Казахстан АҚ (Қостанай қ.) негізінде жылдың басынан SsangYong маркасының 4 автокөлігі өндірілген болатын.
Қазақстан өндірісінің жеңіл автокөліктерін сату 2011 ж. ақпанында 1 034 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,62 есе артық.Жаңа жеңіл және жеңіл саудалық автокөліктердің нарығындағы қазақстан өндірісі автокөліктерінің үлесі 2010 ж. І тоқсанында 7,92% - дан 2011 ж. ұқсас кезеңінде 16,32% дейін өсті. Сол көрсеткіш жеңіл саудалық автокөліктерді сатуды есепке алусыз 9,48% - дан 19,61% - ға өскен.
Аталмыш шолу таныстырушылық сипатқа ие, бұқаралық ақпарат құралдарына және мүдделі тұлғалардың кең ауқымына бағытталған. Компания ақпаратты пайдаланудың салдарынан келтірілген шығынға немесе залалға жауапты емес.
Шолуда келтірілген бағалар, шығу мерзіміне сәйкес келеді және ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Материалды дайындаған кезде, кәсіби бірлестіктердің компания-мүшелерінің және олардың құрамына кірмейтін нарық қатысушыларының нәтижелері есепке алынбаған. ТМД және ҚР-дағы алыс шетел елдері авто өндірушілерінің, компания-дилерлердің, жол полициясы органдарының ресми өкілдерінің статистикалық есебінің мәліметтері пайдаланылған.
Тұтастай немесе жекелеп шолуды жаңғырту ақпарат көзін міндетті көрсеткен кезде ғана мүмкін.

2.1 Автомобильдерді өндірістік кәсіпорындарда пайдалану деңгейі
Автокөлік кешені саласының негізгі құжаттары болып Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымның даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-ииновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналаған стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан-2020 стратегиялық даму бағдарламалары мен 2001 жылы 17 шілдедегі Автомобильжолдары туралы ҚР Заңы болып табылады.
Автокөлік нарығы өзге көлік түрлерінің нарығына қарағанда бәсекеге қабілетті. Вагондардың жеткіліксіздігі автокөлік иелеріне тапсырысты ұлғайтады және автотасымалдауға жұмыс істейді. Жүк тасымалы (2012 жылы бұл көрсеткіш 25,3%) мен 90% жолаушыларды тасымалдау автокөлікке тиесілі. Сарапшылардың болжамы бойынша автокөліктің жүкайналымы 2015 жылға қарай 32% дейін өсу болжануда. Автокөлік пен автожол Қазақстандағы көптеген аймақтардың негізгі қатынас жолы болып табылады. Қазақстан Республикасының авктокөлік кешенін автокөлік жүйесіне интеграциялануы белгіленген. Еліміз арқылы жүзеге асырылатын транзиттік ағын нәтижесінде Қазақстан тарапынан кедендік бақылаулар мен өтудегі үрдістің қиындықтары мен негізделмеген тоқтақтаулары туралы бірқатар мәселелер туындайды. Халықаралық қатаң бәсекелестікке негізделген автокөлік кешені секторын сипаттайтын транзитті тасымалдаға тарифтті реттеудің сәйкес келмеуі ең икемді мемлекеттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz