Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің топтастырылуы



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің топтастырылуы

Орындаған: А-201 топ студенті
Гизатова А.М.
Тексерген: Тулеуова А.Ф.

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
1.1. Ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..7

2.Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің топтастырылуы
2.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы және автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3. Электронды мұрағат автоматтандырылған ақпаратты жүйесін пайдаланудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты көптеген программалар дамып, өзінің қолданылу орнын кеңейте түсуде. Көптеген кәсіпорындардың, мекемелердің, жеке бизнестің ашылуы бізге деректер базасын қолдану аясын жоғарылатып, мәліметтер қорына деген сұранысты күннен-күнге көбейте түсуде. Сол себептен барлық деңгейдегі жеке бизнестердің қызметінде тек қана деректерді жинақтауға ғана көңіл бөлінбейді, сонымен қатар сыртқы органдар мен жеке тұлғаларға қажеттілігі бойынша түрлі мәліметтер беру.
Жыл сайын ғана емес, ай сайын меншік иелерінің қатары өсе түсуде. Олардың қатарының толығуы экономиканың сауығуына ықпалы зор. Ақпараттық процестерді автоматтандырусыз қазіргі барлық дерлік қаржылық, өнеркәсіптік, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін деректер базаларын пайдаланатын қолданбалы программалар - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады. Компьютерлік ақпараттық жүйесін кәсіпкерлік бизнеске енгізудің мақсаты қағаз құжаттардан құтылу емес - ешбір құқықтық күші болмайтын көптеген қосымша құжаттардың санын азайту, құжаттарды жүргізуде кертартпа әдістерден құтылу.
Ақпараттық процестер - электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, беру, пайдалану және тарату процестерi болып табылады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе мекемедегі құжаттар айналымына негізгі кері әсері бар болатын себептерден құтылуға, мәліметтерді іздеуге, өңдеуге кететін уақыт шығындарын кемітуге және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Кинопрокат қызметіне кері әсері бар болатын себептер:
- Кәсіпорындардың сыртқы мекемелер мен ғана емес өзара ішкі құрылымдары мен де жүргізілетін құжатар айналымы қол жазба қағаз құжаттар түрінде жүргізілуінің орын алуы;
- Ішкі аралық құжаттардың санының керексіз артық болуы, мысалға: түрлі папкалар, журналдар, өтініштер, бір мәліметерді қайта-қайта бірнеше аралық құжаттарға қажетсіз енгізілуі;
- Есептемелердің, тіркеу журналдардың басқа да құжаттардың қол жазба түрінде жүргізілуі құжаттардың баяу дайындалуына әкеледі де оның салдары ретінде көптеген қателердің болуы ықтималдығы артады (адамдық фактор).
Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік жүйесін құрудың кезеңдеріне сәйкес зерттелу облысына ақпараттық талдау жүргізгеннен кейін келесі адымда автоматтандырылған жүйенің (АЖ) ақпараттық қамтамасыздандырылуы жобаланады.

1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
1.1. Ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Ақпарат термині латынның "information" деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы " түсініктеме, баяндама ". Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік,сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Жүйе деп- әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (АЖ) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- Ақпараттық - анықтамалық жүйелер;
- Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
- Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты - қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (ААЖ) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз- қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жйынтығы түрінде ұсынамыз.

1.2.Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Автоматтандырылған жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырғаннан гөрі түрлі ақпараттық объекттердің жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпаратарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді. Бұл объекттерді автоматтандырылған жүйенің ақпараттық моделі деп атаймыз.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Автоматизированная информационная система) -- ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.
Жыл сайын ғана емес, ай сайын меншік иелерінің қатары өсе түсуде. Олардың қатарының толығуы экономиканың сауығуына ықпалы зор. Ақпараттық процестерді автоматтандырусыз қазіргі барлық дерлік қаржылық, өнеркәсіптік, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес десе де болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін деректер базаларын пайдаланатын қолданбалы программалар - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылады. Компьютерлік ақпараттық жүйесін кәсіпкерлік бизнеске енгізудің мақсаты қағаз құжаттардан құтылу емес - ешбір құқықтық күші болмайтын көптеген қосымша құжаттардың санын азайту, құжаттарды жүргізуде кертартпа әдістерден құтылу.
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі -- біртұтас "адам-машина" жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы. Ол жабдықтау және функционалдық жүйелерден тұрады. Жабдықтау жүйесіне: техникалық, математикалық, ақпараттық, ұйымдастыру жұмысы және мамандармен қамтамасыз ету жатады. Ал функционалдық жүйе есептеу, бақылау, жоспарлау және өндірістік шаруашылық қызметін басқару міндеттерін шешеді. БАЖ-дың негізгі буыны -- цифрлы ЭЕМ. Ол жүйенің басқа буындарымен байланыс арнасы арқылы қосылады. Ақпарат бұл арнамен басқарудың төмегі сатысынан жоғарғы сатысына қарай, ал тапсырмалар, бұйрықтар (командалар), нұсқаулар мен түзетулер, керісінше, жоғарғы сатыдан төменгі сатыға қарай беріледі. Басқарудың стратегиясына не мақсатына әсер ету, жүйені дамыту және жетілдіру процестері адамның тәжірибесі мен интуициясына негізделген жағдайда ғана БАЖ тиімді болып есептеледі. БАЖ-дың автоматты басқару жүйесінен ерекшелігі -- БАЖ-да адам автоматтардың жұмысын бақылаумен қатар басқару процесіне де белсенді түрде араласатындығы. БАЖ: объектілер БАЖ-ы және функционалды автоматтандырылған жүйе (мысалы, автоматтандырылған жобалау жүйесі, материалдық-техникалық жабдықтауды автоматтандыру жүйесі, т.б.) болып ажыратылады. БАЖ негізін зауыттың не өндірістің ақпараттық есептеу орталығы құрайды. Қазақстанның көптеген институттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БАЖ-дар құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе қазіргі кезде байланыс пен телекоммуникация бағыттарында да қолданыла бастады.
2.Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің топтастырылуы
2.1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру
Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі ғылым деп есептелмейді. Біз білгендей, әр ғылым дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар адамзатқа деген көмегі - адамзат қозғалысындағы біріңғай процестерді автоматтандыру. Жылдан жылға халық саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары өсіп келе жатыр. Адамзат 21-ғасырға ақпараттық технологиялармен бірге аттанады. Күнделікті өмірде жан жағыңа қарасаң, ақпараттық технологиялар элементтерін әрбір жерден көруге болады. Көшеде тұрған банкоматтар, сатушылар қолданатын компьютерлер, бұлар алғаш пайда болған ақпараттық технологиялар көріністері. Келе-келе бұндай ақпараттық технологиялар адамзат шаруашылығының әр саласына ене бастады. Алдымен интернет, көбімен бізге почта, кітапханаға баруды алмастырды, жазу редакторлары баспа машиналарын алмастырды, сызуды жобалау бағдарламалары үлкен парақтар мен сызғыштарды алмастырды. Ал ең дегенде үлкен жетістік ол - деректер қоры. Деректер қорылары үлкен-үлкен, талай шаршы метр алатын мұражайларды алмастырды. Бірақ бұл шешімдер тек жергілікті, локалды түрде ғана жауап бере алды. Үлкен жүйелерді автоматтандыратын қажеттілік пайда болды. Яғни кішкене ғана процесті бейнелейтін емес, сол процестерді жиып, бір-бірімен байланыстырып, орталықтан басқарылатын жүйелер жасау керек болды. Мысалға ондай жүйелердің ең жарқын көріністері: теміржол қозғалысын автоматтау, банктік жүйелер.
Қазірігі заман адамы өз өмірін компьютер қолдануынсыз сипаттай алмайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемде таралған ақпараттар легі тым үлкен. Сондықтанда кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыс жасау мақсатында деректерді басқару үлкен мәселе болып отыр. Бұл үшін кейбір ұйымдар папка толған шкафтар, ал көпшілігі үлкен көлемдегі деректерді жүйелеп, құрылымдап, және тиімді сақтайтын деректер қорының компьютерленген әдісін қалайды. Қазірдің өзінде үлкен қаржылық, өнеркәсіптік және сауда-саттық ұйымдарын деректер қорынсыз көзге елестету қиын. Себебі, олар деректер қорынсыз құйылып жатқан ақпарат тасқынына тұншығып қалушы еді.
Осы ақпараттарды компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген себептері бар. Қазіргі кезде ақпараттарды электронды есептеуіш машинада (ЭЕМ) файл түрінде сақтаған, қағаз түрінде сақтағаннан арзан. Деректер қоры қолданушыға ақпаратты сақтауға, жүйелеуге және тйімді түрде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клиентсервер технологиясын қолдану қаражат пен уақытты тиімді пайдаланып, керекті мәліметті уақытында алып отырады. Және ЭЕМ-де деректерді, сызуларды, суреттерді кез келген форматта сақтауға болады.
Жалпы деректерді өңдеу жүйесінің әкімшілігі дами отырып, автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) басқаруға көшеді.
Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) - ЭЕМ мен адамның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Ол келесі функцияларды іске асырады:
АЖО ЭЕМ-не шығарылатын ақпараттарды таныстыру формаларының жиынтығын жоғарлату мақсатында, түсті мониторлар, дыбыс сигналдары және сөйлеу сигналдарын жасау мен басқару амалдарымен қамтамасыз етілген.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру үшін деректер қоры қолданылады. Деректер қорымен жұмыс жасауда программа желілік тұрғыда болу керек. Осыған орай әртүрлі пайдаланушыларға рұқсат құқықтарының бөлінуі, қажетті қамсыздандыру, шек қоюлар және басқа ережелердің іске асырылуы деректер қорының сервер құралдары арқылы іске асады. Деректер қоры білім қорын жүйелендіру функциясын атқарады. Осы жүйелендіру негізінде жаңа білімдер пайда болады. Солай немесе керісінше болсын қандай да бір деректер қоры адамға өткен шақта болып өткен құбылыстарды сипаттауға және осы құбылытарға байланысты ақпараттар, білімдер негізінде келешекке белгілі шешім қабылдауға қызмет етеді.
Деректер қоры дегеніміз - бұл, бәрінен де бұрын, белгілері бойынша ізделетін мүмкіндіктерімен сипатталатын деректер обьектілерін сақтаушы, деректер қорымен сипатталатын пайда болушы құбылыстар немесе түсініктемелер.
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) - дегеніміз, деректер қорын құру, толтыру, жаңадан құру және өшірілуі үшін бағдарламалы құралдар.
Деректер қорын басқару жүйесі үш түрге анықтауға болады:
- дербес;
- мамандық;
- нақты тапсырыспен арнайы жасалатын.
Дербес деректер қорын басқару жүйесі қолданыстың тура белгіленген жағына ие емес, өмірдегі бар жағдайға ептелген және қолданушыдан арнайы білімді талап етеді. Маманды деректер қорын басқару жүйесі сияқты, универсалды өндірісті әріректей арзан, жеткілікті сенімді және жұмысқа жылдам дайын.
Маманды деректер қорын басқару жүйесі бухгалтерлік, банктық және тағы басқа жұмыстардағы деректерді басқару үшін құрылады.
Тапсырыспен жасалатын деректер қорын басқару жүйесі тапсырыс берушінің максималды дәрежеде жұмыс спецификасын есепке ала отырып жасалынады. Бұл жүйе аз емес мәнге ие шығындарды талап етеді және жұмысқа дайындалуы, жетілдіру жұмыстары да аз емес уақыт кезеңін алады, яғни бірнеше айдан бірнеше жалға дейін. Қолданушыдан маманды білімді талап етпейді.
Жалпы осы берілген жүйе құндылығы, оның сақтау және өзгертуі мүмкіншіліктерімен анықталады, сонымен қатар уақыт өте келе жаңа ақпараттарды енгізуге болады.
2.2. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы және автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.
Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында жұмыс станциясы кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.
Дүние жүзінде IBM PС архитектурасы бар маманданған ДК негізіндегі АЖО ең көп таралған.
АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде өзінің тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.
Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:
- Жүйелік;
- Икемділік
- Тұрақтылық;
- Нәтижелілік.
Көрсетілген түсініктердің мазмұнын түсіндірейік.
Жүйелілік. АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.
Икемділік. Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.
Тұрақтылық. Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.
Нәтижелік. АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.
АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.
Қазіргі уақытта осындай гибритті интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.
Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде Автоматтандыру Жүйесін Басқару (АЖБ) немесе АСУ маңызды құрылымдық біріктірілуі болып табылады. АЖО - бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады-әкімшілік, экономист, инженер, бақылаушы, жоспарлаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, кітапханашы, ұйымдастырушы, зерттеуші мұражай қызметкері.
Техникалық жүйе туралы жоғарыда аталған еді. Алдында көрсетілген АЖО-ны құратын техникалық жүйе тобына объектінің жады жүйесінде жұмыс істейтін басқа АЖО мен байланысы құралдары мен байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосу керек. Мәліметтік жүйеге, негізінен дискілік сақтағышта орналасқан локальді мәліметтер қорында сақталып мәліметтер массивтері жатады. Сондай-ақ бұған мәліметтер қорын басқару жүйесіде енгізілген.
Бағдарламалық қамтамасыздануда операциялық жүйелер, сервисті бағдарламалар, АЖО тағайындалуы бойынша орындалған арнайы мәселе класын шешуге бағытталған және локальдік ұстаным бойынша жасалған қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушының үлгі қалыпты бағдарламалары болады. Қажет етілген жағдайларда бағдарламалық қамтамасыздандыруға графикалық мәлімет пен жұмыс істеуге арналған бағдарлама пакеті қосылады.
АЖО-ның ұйымдастырушылық қамтамасызданудың мақсаты олардың қызметін ұйымдастыру, дамыту, кадрді даярлау және әкімшіліктендіру. Соңғысына жұмысты жоспарлау, жіктеу, бақылау, талдау, реттеу, АЖО-ны пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеу.
Егер АЖО құрылғысы өте қиын болса, ол пайдаланушы да арнайы дағдысы болмаса, онда пайдаланушыны оның негізгі автоматтанған жұмыс орнына бірте-бірте енгізе алатын арнайы оқу құралдарын қолдану мүмкін. АЖО қызметін жүзеге асырғанда (бұл оның функционалдануы деген сөз) ағымдағы қызметінің мақсатын, мәліметтік қажеттілігін, оның тарату процесстерін бейнелейтін әртүрлі шараларын анықтау тәсілдері қажет.
АЖО-ны жоспарлау тәсілдері оның қызмет ету тәсілдерімен байланыса алмайды, өйткені АЖО-ның қызметінің дамуы пайдаланушылардың өзі мен оның даму мүмкіндігін көздейді. АЖО-ның тілдік құралдары ақырғы (соңғы) пайдаланушы көз қарасы жағынан тәсілдік құралдарын тарату болып табылады, ол бағдарламалықтар пайдаланушының тілдік құралдарын таратуды және ақырғы пайдаланушыға барлық қажет етілген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
АЖО-ның тілдік құралдары пайдаланушы әрекетімен ДЭЕМ реакциясының бір мағыналық сәйкестігі үшін қажет. Оларсыз оқу процессі, диалогты жасау, қатені табу мен дұрыстау мүмкін емес. Бұндай тілдерді жасау қиындығы олар көбіне процедуралық емес болу керектігіне негізделеді. Егер процедуралық тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Бухгалтерлік қызмет
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Қоймалық есеп жүргізу ақпараттық жүйесін жасау
Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру
Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
Қонақ үйдегі автоматтық процесті брондау орны
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Пәндер