Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

«Қаржы» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары»

Орындаған: Тілепбергенова А. М.

Тексерген: Хасангалиева С. А.

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру.

2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиетер тізімі


Кіріспе

Агробизнес нарық экономикасының белді бөлігі. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы бизнесті ұйымдастырушы және әр түрлі аймақтарда соңғы он жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы артқан жұмыстардың барысына бақылау көрсетіп келеді. Курстық жұмысымның өзектілігі: Жалпы нарықтык экономикаға өту кезеңі бір орталыққа жүгіндірілген жүйе үстемелік еткен дәуірде (қоғамда), өндіріс пен мүліктің ортақтастырылу тенденциясының басым жағдайында өтуде. Экономика заңдылықтары теріске шығарылып, жеке меншік деген ұзын бос сөз деп бағаланып келді. Ұжымдық меншік жөніндегі ұғымдар мен қағидалар да қатты бұрмаланды. Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті ойдағыдай жолға қою, сөйтіп экономиканың әр түрлі саласында оның үлес салмағын арттыру, меншік иелерінің қалың қауымын құруды қамтамасыз ету көптеген нәтижелі жағдайлардың қалыптасуын қажет етеді атап көрсету.

Ауыл шаруашылығында негізгі бағыт-енбек өнімділігін арттыру, шаруашылықта пайдаланып отьгрған жерінің әр гектарына шаққандағы өнім мөлшерін көбейту. Мұның өзі, өз кезегінде, қазіргі аграрлық өнеркәсіп кешенінде тым нашарлап кеткен ескі материалдық-техникалық базаны жаңартуды, қалыпты жүргізіліп келе жатқан экономикалық реформанын шаруашылықты қарқынды жүргізуге тиісті мөлшерде қаржы жұмсауды қажет етеді. Міне осыны ескере отырып, өндірістік қызметпен айналысатын агробизнеске қатысушы ірі, орта және ұсақ кәсіпорындардың жәрдемімен, жеке заңды тұлғаларға жер телімдерін беру, сату, жалға беру туралы жер актілері, олардың жергілікті атқарушы органдарға тапсырган өтініштері бойынша ақысыз жүргізіледі.

1. Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру.

Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру экономикалық реформаның бірі. Өйткені, бұл бір жағынан реформаның объектісі ретінде өте күрделілігімен байланысты, екінші жағынан, салада шешімін таппай жинақталып қалған мәселелердің көпшілігінен ауырлау болса да, меншікті мемлекет Агробизнестің дамуы құрылымдағы жаңа меншік формаларының қатарына шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін, серіктестіктерін, шағын кәсіпорындар, жеке шаруа- қожалықтар немесе осы аталғандардың бірлескен ассоцациясын, әр түрлі ұжымдық кәсіпорындарды, акционерлік қоғам, басқа да қоғамдасқан шаруашылықтарды жатқызуға болады. Сайып келгенде, нарық жағдайында орындалған істің қорытындысында жекешелендірілген кәсіпорынның мүлкі еңбек ұжымының әр мүшесіне қаржылай немесе заттай (пай) үлеспен тиеді. Демек, іс-жүзінде бұл мәселеде жекешеленетін мүліктерді міндетті түрде ауыл шаруашылық өндірісіне пайдаланудың үлкен маңызы бар.

Агробизнесті дамытуға зиянды әсерін тигізіп, кедергі болып отырған факторлар аз емес, Олардың теріс әсерін төмендету, шаруашылықтардың өндірістік қызметі табысты болуы мына төмендегідей шаралармен жүзеге асырылуы қажет:

  • аса ірі құрылымдарды жеңіл басқарылатын көлемге дейін бөлшектеу(құрылтайшылар мен жұмыскерлердің саны, өндірілетін өнім, жер көлемімен себілетін дақылдар жиынтығы, мал басының саны бойьшша) ;
  • шағын орта бизнесті ұйымдастыруды ынталандыру мәселесі. Бұл үшінонымен айналысатын субъектілерге мемлекеттік тапсырыс беру тәртібінқолдауды ойластыру;
  • коммерциялық банктер мен басқа несие берушілер үшін жері және мүлік кешені бар тұрақты занды тұлғалар құру;

- салық салу жүйесін жеңілдету. Патент жолымен тағайындалатын салықтың мөлшері ауыпшаруашылығына пайдалы жердің сапасына
байланысты жерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүдделілікті арттырып,
шаруашылық субъектілерінің оның әрбір гектарынан өнімді көп алуларына
тікелей қолайлы жағдай жасау еді;

- мамандар мен басқарушыларды менеджмент пен агробизнестің қазіргі замандағы жаңа тәжірибелік түріне үйрету, маркетинг бойынша кеңес беру
қызметін көрсетумен қамтамасыз ету;

Сондықтан халық шағын агробизнесті дамытуға, көкөніс өсіруге барынша иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын дайындап, жариялап отырды.

Ауыл шаруашылығы жағдайында агробизнес кәсіпорнының мүлкін жекешелендірудің өзіндік әдістемелік және қолданбалы бағыттары бар:

  • ауыл шаруашылығы кәсіпорнын, жалгерлікке берген мүлкін сатып алу;
  • шаруашылық немесе жеке кәсіпорын мүлкін еңбек мүшелерініңсатып алу мүмкіндігі;

- кейбір кәсіпорынның мүлкін еңбек арқылы мүшелеріне, олардың үлесіне қарай тегін бөліп беру және кей жерлерде осы бағытты дұрыс бағалау.

Агробизнестік құрылымдардағы бизнесмендердін нарық жағдайында меншік формасының ең озық түрі болуының айғағы-зерттеу жұмысының негізгі объектісі болып алынды.

2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше „агроөнеркәсіптік кешен" атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс - несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шауашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетинггік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа. аукцион жүйелері және т. б) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалык, және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесініц экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жыддары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та III сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жумыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауылшаруа шылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия ел-дерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар ара-лығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың

негізгі бағыттары

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өидіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев „Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: „ . . . барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл ре-формалау келеді . . . ". „Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы" Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары „Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2006 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын" жасады.

Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды:

- егемен мемлекетті құру;

-материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;

-адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;

-жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажетсілігі;

-табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;

-аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;

-ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми түрғыдан объективті және қатаң түрде талданды.

Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.

Бұл Бағдарламаның орындалуы Республика агроөнеркәсіптік өидірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:

-материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;

-меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;

-шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен

ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;

-нарықтык, қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.

Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:

1) меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар

бағытына түзетулер енгізу;

2) агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту

мәселелерін жасау және жүзеге асыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні
Агробизнес туралы
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz