Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Білім берудегі жобалау технологиясы

1. 1. Жобалап оқыту технологиясының тарихы . . . 5

1. 2 Жобалау әдісі педагогикалық инновацияларды енгізу мен өңдеу тәсілі . . . 12

2. Ағылшын тілі сабағында жобалау технологиясын қолдану ерекшелігі

2. 1 Ағылшын тілі сабағында жобалау-бағдарлау технологиясы арқылы тұлға-тұлғалық қатынастарды дамыту . . . 18

2. 2 Шетел тілі сабағында жобалау технологиясын пайдалану . . . 24

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет. Оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын агық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыпиасуына бейімдеу қажет.

Шетел тілі пәнінің оқыту мақсаты - ортадан жоғары деңгей бойынша шет тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға тілдік қатынасты игерту. Шетел тілі пәндері басқа да жалпы білім беретін пәндер сияқты тәрбиелік, білімдік басқа да маңызды міндеттер атқарады. Оқушыларға шет тілінде оқуды, жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды үйреткенде, біз оларға басқа халықтың мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Жалпы орта білім беретін білім алу мекемелерінің басты міндеті - білімді, дарынды, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесін, сол сияқты қоғам мүддесін қорғауға дайын тұлға қалыптастру болып табылады. Білім алу мекемесінің мықты білім деңгейін меңгеру, өзінің қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болу, қоғамдық өмірге бейімделу ынтасы зор. Білім алу мекемесі дегеніміз уақытында кешенді тәрбие жұмысын қамтамасыз етуге міндетті. Нарық талабы Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесін реформалауды, оның басқару жүйесін модернизациялауды талап етеді. Бұл жерде шешімін таппай жатқан көптеген ғылыми-теориялық және тәжірибелік міндеттер. Қазіргі жағдайда жеке тұлғаның өздігінен әрекет етуі мен субъективтілігінің басым болуы білім парадигмасының шеңберінен шығуды талап етеді. Осыған байланысты білім алушы үшін білім, білік, дағдыны мақсатты меңгеруден өзінің мүмкіндігін пайдалану мен қоғам өміріне белсене араласуы үшін ақпаратты өздігінен іздеу, талдау, тиімді қолдану біліктілігін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туындайды.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңлық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learninq» - бірге үйрену деген мағананы білдіреді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат- оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Жобалау технологиясының негізінде- оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Зерттеу мақсаты : білім беру үрдісінде жобалау әдісін қолдану тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • жобалау технологиясының тарихы туралы;
  • жобалау технологиясының ерекшеліктері мен тиімділігі туралы;
  • әдебиет сабағында жобалау әдісін қолдану ерекшелігі туралы түсінік беру.

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Білім берудегі жобалау технологиясы

1. 1. Жобалап оқыту технологиясының тарихы

Европа тілдерінде «жоба» сөзі латын тілінен алынып, projectus «алдыға лақтырылған» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс - әрекет жоба жасауға әкеледі. Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің түсінігі терминологияда «проблема» сөзімен тығыз байланыста болады. Жоба проблема ретінде шығармашылықтың шынайы жағдайын жасауы мүмкін, онда адам идеялардың жаршысы, жүзеге асырушысы. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.

Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы.

Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи , және оқушысы У. Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасынұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Жобалап оқыту технологиясы орыс педагогтарының да назарын аударған.

Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С. Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды. Кейін Совет үкіметі тұсында бұл әдіс кең қолданылған, бірақ қалай пайдалану керек екендігі аяғына дейін ойланып, ұйымдастырылмады. 1917 жылы жас совет үкіметінің өз проблемалары: экспроприация, индустриализация, коллективизация… болды. 1931 жылы ЦК ВКП(б) қаулысымен жобалап оқыту технологиясы сынға алынып, қолдануға тиым салынған. Уақыт өте келе жоба әдісі кейбір эволюцияға ұшырады, бірақ оның мәні өзгермей қалды.

Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба әдісі белсенді әрі жетістікпен АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерландия және т. б, көптеген елдерде нақты проблеманы шешуде қолданылып, теориялық білім мен оның практикада қолданылуын қамтамасыз етті. Жоба әдісі басқа әдістер сияқты оқытудың көптеген әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асуы мүмкін, cоның ішінде жаңа ақпараттық технологияны қолдануға да болады. Оған: компьютерлік телекоммуникация, электрондық база мәліметі, виртуальды библиотека, мультимедиялық құралдар, аудио- және видеоконференциялар т. б. Сондықтан жоба әдісі бүгінде екінші рет өмірге қайта келді десек болады.

Оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіру, жақсы психологиялық жағдай жасау, ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында проект әдістемесін қолдануға қажет. Бұл жобада мұғалімдерді қызықтыратыны - оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Проект түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы аталмыш жұмыс белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан проект тәсілі бойынша іске асыруға болады. Сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникатівтік істерін дамыта алады.

Жоба - бұл нәтижелі қызмет. Оқушылар жобалау қызметін атқара отырып, нақты нәтиже алады және оны көпшілікке ұсынады. Жобаны орындау мақсаты- қарым - қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істегенде, оқушылар ақпарат жинайды. әр түрлі ғылыми, бұқаралық жазбаларды қолданады. Комьпютермен ғаламторда жұмыс істеуге, ақпарат іздеуге үйренеді. Жобаны қорғау барысында оқушылар өздері дайындаған коллаждарды, бейне фильмдерді, әр түрлі кестелерді пайдаланады. Бара - бара ғаламторда өз сайттарын ашып, жобаларын көпшілікке ұсынуға болады.

Жобаны орындауда оқушыларға талап қойылады: өз ынтасымен, ықласымен, өз бетімен, шығармашылық сезіммен мәселені шешу. Ал оның жобалық қызметі өнімді жұмыс болып табылады.

Жобаның бірнеше түрлері бар: зерттеушілік, шығармашылық, рөлдік ойын, практикалық. Ұзақтылығы жағынан да жобалар әртүрлі болуы мүмкін: қысқа мерзімді (бір, екі сабақ), орташа( жұмадан айға дейін), ұзақ мерзімді ( айдан бірнеше айға дейін) .

Қатысушы саны да әртүрлі болуы мүмкін: жекелей, топпен, жұппен.

Жобалау технология бойынша оқушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды. Мысалы: доклад, реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау (ұйымдастырылған жоба) ; шағын қойылымдар, концерттер дайындау (проект - инсценировка) ; жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру (проект - выставка) ; жоба бойынша видеофильм түсіру (проект - видеофильм) ; компьютерді қолданып, видеоклип, слайд, музыкамен сүйемелдеу (проект - мультимедийный) .

Жобалау проекті қолданғанда, мұғалімнің де, оқушының да өз қызметі бар. Қызметтер толық орындалмаса, проект өз нәтижесіне жетпейді.

Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрейік:

Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті: -Оқушы- оқыту субъектісі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: -Жеке тұлғаға қарай бағыттылғын ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
Оқушының іс-әрекеті: -Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.
Мұғалімнің іс-әрекеті: -Бағыт- бағдар беруші, кеңесші.
Оқушының іс-әрекеті: -Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.
Мұғалімнің іс-әрекеті: -Оқытушының жетістігін құптаушы.
Оқушының іс-әрекеті: -Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.
Мұғалімнің іс-әрекеті: - Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
Оқушының іс-әрекеті: -Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.
Мұғалімнің іс-әрекеті: -Мақсаттарға жетелеуші.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысы кезеңдері

Жұмыс

тың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.
Оқушылардың іс-әрекеті.
Жоба жұмысы кезеңдері: 1. Дайындық кезеңі
Жұмыстың мазмұны.: Жоба тақырыбын анықтау.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.:

Бір бағыт төңірегінде оқушаларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топ

тағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Оқушылардың іс-әрекеті.: Әр оқушы өмірлік өз тәжрибесіне(егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.
Жоба жұмысы кезеңдері: 2. Жоспарлау.
Жұмыстың мазмұны.: Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.: Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылыау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша күнделігін көрсетеді.
Оқушылардың іс-әрекеті.: Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді
Жоба жұмысы кезеңдері: 3. Зерттеу жұмысы.
Жұмыстың мазмұны.: Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негігі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.: Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.
Оқушылардың іс-әрекеті.: Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.
Жоба жұмысы кезеңдері: 4. Нәтижені талқылау.
Жұмыстың мазмұны.: Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.: Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-видиотехниканы жабдықтайды.
Оқушылардың іс-әрекеті.: Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
Жоба жұмысы кезеңдері: 5. Жұмыстардың тұсау кесері.
Жұмыстың мазмұны.:
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.: Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың іс-әрекеті.: Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.
Жоба жұмысы кезеңдері: 6. Бағалау және жоспарлау.
Жұмыстың мазмұны.:
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізі іс-әрекеттері.: Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.
Оқушылардың іс-әрекеті.: Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.

Жоба жұмысының қорытындысы- жазбаша немесе ауызша есеп. Мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.

1. 2 Жобалау әдісі педагогикалық инновацияларды енгізу

мен өңдеу тәсілі

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыталуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам алабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару педагогтың қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білімстандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда педаготар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін дәріс барысында пайдалана отырып дәрістің сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге ауын, шешімдерін күтеміз», - дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткенғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. МасыроваР. ЛинчевскаяТ - «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңама, , ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея».

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау барысында алда тұрған міндеттерді шешудің бірден-бір жолы сабақта жобалау әдісін қолдану керектігіне тоқталмас бұрын, жобалау әдісінің тарихына қысқаша шолу жасайық.

Жобалау - «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т. б.

Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп - сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Мектеп мұғалімдерінің арасында жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т. б тіркестер қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазір мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде белгілі ғалымдардың қатысуымен өткізілетін конференцияларда келелі мәселелердің шешілу жолдары туралы ойларын ортаға салып, көпшілікті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.

Жобалау әдісі 20 ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс.

Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды - жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.

Танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак мектептен тыс кезде өмір мен ойлауды, әрекет пен білімді, мектеп пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак «жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде»қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісініңерекшебелгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шеуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық үрдіс деңгейіне түсіп кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды.

Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде (Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко 1969. ) бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды.

Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді.

Жобалау идеялары Еуропада алпысыншы, жетпісінші жылдары «баламалы мектеп» немесе баламалы оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.

Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды.

Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде 20 ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалау мен шығармашылық
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Жобалау әдісі
Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудегі коммуникативтік әдіс
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz