Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Шетел тілдері кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2016 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шет тілдерін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдер
1.1 Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Интерактивті құралдарды шет тілі сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі
2.1 Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану процесі ... ... ... ..16
2.2 Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикалық білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жоғары білім беруді дамыту үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибе жинақталған бай педагогикалық, психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, келер ұрпаққа заман талабына сай сапалы инновациялық білім беру. Қазіргі кездегі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Мемлекеттіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - біздің негізгі мәселеміз. Инновациялық үрдістің негізгі - жаңалықтары қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой -өрісін, дүниетанымын, сана-сезімін дамытады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Мысалы, білім саласын ақпараттандырудың, компьтерлендірудің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, В. М. Монахов, А. П. Ершов еңбектерінде, оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі В. А. Каймин, Ю. С. Брановский, Н. В.Василенко еңбектерінде қарастырылған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Ж. А. Қараев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова, К. Т. Искакова, Б. А. Досжанов, Н. И. Аманжолова, т.б. зерттеулер жүргізді [1. 4].
Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі - мультимедиялық технологияларды оқыту процесінде пайдалану болып отыр. Бүгінде еліміздің барлық білім беру ошақтары инновациялық, техникалық құралдармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылып, компьютерлер интернет жүйесіне қосылып, интерактивті тақталар беріліп, электронды оқулықтар саны күн санап көбейіп келеді. Осыған орай оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін студенттердің бір мәселені бірігіп шешуде өз бетінше белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге баса назар аударуда.
"Интерактивтік" деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Зерттеудің нысаны: ағылшын тілін оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану процесі.
Зерттеу пәні: ағылшын тілін оқыту процесін жетілдіруді қамтамасыз ететін мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау жолдары.
Зерттеудің мақсаты: мектепте ағылшын тілін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: шетел тілін оқыту процесінде интерактивті тақтаны қолдану тиімділігін көрсету; мектепте ағылшын тілін оқытуда интерактивті тақтаны қолданудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: шетел тілін оқытуда мультимедиялық технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі ашып көрсетілсе, оқытудың теориялық және практикалық деңгейін интерактивті тақта арқылы көтеру жолдары айқындалса, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны көрсетілді; мультимедиялық технологиялардың әдістемелік, ұйымдастырушылық, педагогикалық ерекшеліктері талданды; мектепте интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі айқындалды; интерактивті тақтамен оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері анықталды.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану
ХХІ ғасыр - озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Білім берудің жүйесінің қай саласы болмасын осы технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Осы мақсатта еліміздің болашағы үшін осы мүмкіндікті қалай пайдалану, қоғамды ақпараттандыруды қолға алуда. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім берудің жүйесінің негізі - мектеп болғандақтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.
Сөздіктерде Технология деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция - осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы [2. 151].
Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады [3. 42]. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы білім алушылардың қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру
болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, оқытудың ақпаратттық технологиясы термині педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілері және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады.
Оқу процесін жаңа ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру компьютерлік технология терминін ақпараттық технология түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.
Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.
Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе [4. 19]
Педагогикалық-әдістемелік оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек: психологиялық - аталған бағдарлама оқу барысында қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендетеді ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма; педагогикалық - бағдарлама қаншалықты көлемді педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педагогикалық іс-әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалық көрсете алады; әдістемелік - бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе; ұйымдастырушылық - компьютерді және жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде беріле ме және т.б. Осы жайттардың басын ашып құрастырау өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді [5. 151].
Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуеметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын
тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады [6. 42].
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы; тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу; лингвистикалық білім көлемінің артуы; тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы; ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
Компьютерлік оқытуда қолдану әсіресе шет тіліне үйретуде ағылшын тілінен оқу материалдарын дайындау тәсілдерін өзгертті. Жаңа технологиялар әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі - білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық - коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады [7. 5].
Заман талабына сай технологияларды ауқымы кең, түрлеріде күн өткен сайын дамып, өзгеріп отырады. Ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологияларды қолдану барысында жеткен нәтижелер төмендегідей: түрлі техникалық құралдарды пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа белсенді қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың; оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың; оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен білім беру жүйесін жаңа технологиялардың алатын орны орасан зор. Осы технологиялардың көмегімен мұғалім аз күш жұмсап, көп сапалы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алды. Ол үшін мұғалім жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін шебер, жүйелі қолдана біліп, өз білімділігімен, шеберлігімен бала жүрегінің кілт таба білу керек.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингофонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Мұндай инновациялық құралдарды оқу процесіне енгізбес бұрын, мектеп мұғалімдерін арнайы компьютерлік курстарға жіберіп, инновациялық жаңа технологиялармен танысып, меңгергендігі жөнінде сертификат алуына жағдай жасалды.
Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішіндегі ACTIVboard интерактивті тақта революциялық жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білімің болып, инновациялық құрал-жабдықтарды қолдана білу шеберлігіңіз жетіп жатыр. Ең алдымен интерактивті тақтамен танысып алайық.
Интерактив сөзі ағылшынның interact сөзінен шыққан, inter - өзара, act - іс - қимыл жасау. Интерактивті - біреумен (мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог, әңгіме кезінде бір - бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе компьютер арқылы, интерактивті тақтаны колданып электронды оқулықпен оқыту болып табылады [8. 5].
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Оқушыларлың шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады; оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады; әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісі сабақтарда жиі қолданылады.
1.2 Интерактивті құралдарды шет тілі сабағында қолдану
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады [10. 14].
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің төртбұрыш объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office - нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай
мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады тік төртбұрыш объектісін жылжыту немесе жою арқылы және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру [11. 3].
Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash - анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге;
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қа-рым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту маз-мұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) дамытады. Оларға өзара мәдени қарым -қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптас-тыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; интернет-сайттары, басқа да құ-ралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады; интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады; мұғалімнің, оқушының да
белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор. 3) Уақыт ұтымдығы. Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.
Бүгінде білім беру ұйымдарында мұғалімдер компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтынын ұғынатын кез келді. Жаңа ақпараттық құралдар оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. Қазірге қоғамдық өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеруді мектеп ұстаздары, басшылары жүйелі түрде жүргізулері керек. Компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім берудің ақпараттандырылуын дамыту қажет.
2. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны
пайдаланудың тиімділігі
2.1 Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану процесі
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары білім беруді дамыту үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды , ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі таңда шетел тілін оқыту жүйесі жан-жақты дамып,талап күшейіп келеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу -әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты.Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс екендігін баса айтып өткен. Бұл шетел тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үлкен дайындықпен , жаңаша әдіс-тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен ізденіс үстінде сабақты түрлендіріп отыруы қажет. Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздардың белсенділігіне,білім деңгейіне, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингафонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Бұл дегеніміз оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып,тілді өз дәрежесінде меңгеруге көмектеседі.
Осы жаңа технологиялардың ішіндегі интерактивті тақта революциялық жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны комьпютерлік білімің болып,инновациялық құрал-жабдықтарды қолдана білу шеберлігіңіз жетіп жатыр.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. [1]
Көптеген жаңа технологияларды ағылшын тілі сабағында жиі қолданамыз Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның ағылшын тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz